13.9 Өзге де тоқыма бұйымдарын өндіру
Бұл топқа киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдары, кілемдер мен кілем бұйымдарын, жіптер, енсіз маталар, өңделген маталар және т.б. сияқты тоқыма бұйымдарын өндіру кіреді.
13.91 Тоқылған және трикотаж жаймаларды өндіру
13.91.1 Тоқылған және трикотаж жаймаларды өндіру және өңдеу
Бұл ішкі класқа:
- тоқылған немесе тоқыма жаймаларды: ворс, түкті орамалдарды, рашель-машиналарда немесе сол сияқты станоктарда шығарылған тор немесе шілтер маталар, өзге де тоқылған немесе трикотаж маталар өндіру және өңдеу кіреді
Бұл ішкі класқа:
- рашель-машиналарда немесе сол сияқты басқа тоқыма станоктарында шығарылған тор немесе шілтер маталар өндіру, (13.99.1 қараңыз)
- тоқылған және трикотаж киімдерді өндіру кірмейді, (14.39.0 қараңыз)
13.91.2 Жасанды жүн өндіру
Бұл ішкі класқа:
- жасанды тоқыма жүнін өндіру кіреді
13.92 Киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын өндіру
13.92.0 Киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын өндіру
Бұл ішкі класқа:
- тоқылған немесе трикотаж жаймалардан жасалғандарды қоса, кез келген тоқыма материалынан дайын бұйымдарды өндіру: жамылғыны қоса, көрпе, төсек-орын, асхана, туалет немесе ас үй жаймаларын, сырып тігілген көрпе, мамық көрпе, диван жастықтарын, пуфиктер,ұйықтауға арналған қап және т.б.
- шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы дайын тоқыма бұйымдарын өндіру: перделер, төсек-орын жамылғысы, жиһаз немесе жабдықтарға арналған тыстар және т.б.; брезенттер, тенттер, кемпинг керек-жарақтары, парустар, күннің көзінен қорғайтын бастырмалар, автомобилдерге, техникаға немесе жиһазға арналған тыстар және т.б.; жалаулар, тулар, және т.б.; жалаушалар, шаң сүртуге арналған шүберектер, ас үй орамалы, және осы сияқты бұйымдар, құтқару жилеттері, парашюттер және т.б. кіреді
Бұл ішкі класқа сондай-ақ:
- электркөрпелерге арналған тоқыма бөліктерін өндіру
- қолдан жасалған гобелендер өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- техникалық мақсаттағы тоқыма бұйымдарын өндіру кірмейді, (13.96.0 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |