20.6 Жасанды және синтетикалық талшықтар өндіру
20.60 Жасанды және синтетикалық талшықтар өндіру
20.60.0 Жасанды және синтетикалық талшықтар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- синтетикалық немесе жасанды талшықтардан бума өндіру
- кардтық тарау, тарақпен тарау процестерінен немесе иіруге дайындаудың басқа процестерінен өтпеген синтетикалық немесе жасанды штапель талшықтарды өндіру
- аса берік иірімжіпті қоса алғанда, синтетикалық немесе жасанды иірімжіптер өндіру
- синтетикалық немесе жасанды моножіптер немесе жолақтар өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- синтетикалық немесе жасанды талшықтарды иіру, (13.10.8 қараңыз)
- жасанды штапельді иірілген жіп өндіру кірмейді, (13.10.8 қараңыз)
21 Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру
Бұл бөлімге негізгі фармацевтік өнімдер мен фармацевтік препараттарды өндіру, медициналық химиялық және өсімдік препараттарын өндіру кіреді.
21.1 Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндіру
21.10 Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндіру
21.10.0 Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндіру
Бұл ішкі класқа:
- дәрілік заттарды өндіру үшін пайдаланылатын фармацевтикалық субстанциялар: антибиотиктер, негізгі витаминдер, салицилла және O-ацетилсалицилла қышқылдары және т.б. өндіру
- қанды өңдеу кіреді
Бұл ішкі класқа сондай-ақ:
- химиялық таза қант өндіру
- темірді өңдеу және темірден сығындылар өндіру кіреді
21.2 Фармацевтикалық препараттар мен медициналық материалдар өндіру
21.20 Фармацевтикалық препараттар мен медициналық материалдар өндіру
21.20.1 Фармацевтикалық препараттар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- дәрілік заттарды: иммундық сарысу және қанның басқа құраушыларын; вакциналар; гомеопатикалық препаратты қоса әр түрлі дәрілер өндіру
- сыртқа қолдануға арналған химиялық жүктілікке қарсы құралдар мен гормон жүктілікке қарсы құралдар өндіру
- жүктілікті тексеру тестін қоса, медициналық диагностикалық препараттар өндіру
- радиоактивті диагностикалық заттар өндіру
- биотехнология базасына фармацевтикалық препараттар өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа сондай-ақ:
- мақта, дәкеден жасалған таңғыш, дәке, дәкелік таңғыш, бандаж және т.б. сияқты медициналық таңу материалдарын өндіру
- фармацевтикалық препараттарды әзірлеуге арналған өсімдік өнімдерін дайындау (ұсақтау, сұрыптау, үгу) кіреді
Бұл ішкі класқа:
- шөп тұнбаларын өндіру (жалбыздан, нарқайсардан, түймедақтан және т.б.), (10.83.0 қараңыз)
- тығындау материалдары мен стоматологиялық цемент өндіру, (32.50.1 қараңыз)
- суйек тінін қалпына келтіруге арналған цементтерді өндіру, (32.50.1 қараңыз)
- хирургиялық салфеткаларды өндіру, (32.50.3 қараңыз)
- фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату, (46.46 қараңыз)
- фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату, (47.73 қараңыз)
- фармацевтикалық және өсімдік препараттарын зерттеу және әзірлеу, (72.1 қараңыз)
- фармацевтикалық препараттарды буып-түю қаптау бойынша көрсетілетін қызметтер кірмейді, (82.92.0 қараңыз)
21.20.2 Ветеринарияға арналған дәрілік препараттарды өндіру
Достарыңызбен бөлісу: |