23.7 Тасты кесу, өңдеу және әрлеу
23.70 Тасты кесу, өңдеу және әрлеу
23.70.0 Тасты кесу, өңдеу және әрлеу
Бұл ішкі класқа:
- құрылыста, ескерткіштерді дайындау, жол жабыны жаппа материалы ретінде және т.б. пайдалану үшін тас кесу, өңдеу жіне әрлеу
- тастан жиһаз заттарын өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- карьерлерде жүзеге асырылатын қызметті, мысалы, тасты ірілеп өңдеу, (08.11.1 қараңыз)
- диірмен тасын, түрпітасты және осыған ұқсас бұйымдар өндіру кірмейді, (23.9 қараңыз)
23.9 Түрпілі бұйымдар және өзге бейметалл минералды өнімдер өндіру
Осы топқа өзге де бейметалл минералды өнімдер өндіру кіреді.
23.91 Түрпілі бұйымдар өндіру
23.91.0 Түрпілі бұйымдар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- жұмсақ негізіндегі түрпілі бұйымдарды қоса, диірмен тастарын, қайрайтын немесе жылтырататын тастар және табиғи немесе жасанды үрпілі бұйымдарды өндіру (мысалы, егеуқұм қағазы) кіреді
23.99 Басқа топқа енгізілмеген өзге де бейметалл минералды өнімдер өндіру
23.99.1 Асбест техникалық бұйымдарды өндіру
Бұл ішкі класқа:
- минералды заттардың немесе целлюлозаның және олардан өңделмеген бұйымдар негізінде фрикциялық материалдар өндіру кіреді
23.99.2 Минералды оқшаулағыш материалдар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- минералды оқшаулау материалдар: қожмақта, минералды силикатты мақталар және минералды мақтаның осыған ұқсас түрлерін; қатпарланған вермикулит, кепкен балшық және осыған ұқсас жылу, дыбыс өткізбейтін және дыбыс сіңіретін материалдар өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- шынымақта және одан тоқылмаған бұйымдар өндіру кірмейді, (23.14.0 қараңыз)
23.99.3 Жұмсақ жабындық және гидрооқшаулауғыш материалдар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- жұмсақ жабынды материалдарды: рубероидты, пергаминды, толды және т.б. өндіру
- гидрооқшаулауғышты материалдарды: пороизолды, изолды және т.б. өндіру кіреді
23.99.4 Табиғи кеуекті толтырғыштарды өңдеу және жасандыларын өндіру
Бұл ішкі класқа:
- табиғи кеуекті толтырғыштарды өңдеу және жасандыларын өндіру: керамзит, аглопорит, ісінген перлит, шувинит, кеуек және т.б. кіреді
23.99.5 Битумнан және ұқсас материалдардан өнімдерді өндіру
Бұл ішкі класқа:
- табиғи асфальттан, битумнан және осыған ұқсас материалдардан бұйымдар, мысалы, көмір асфальт құмы, асфальт және битум негізінде байланыстырғыш заттар, мұнай битумы және т.б.:
- жол жабындыларға пайдаланылатын битумдық қоспалар
- қадыптау материалдар ретінде және нақыштауға пайдаланылатын асфальт және битуминоздық мастиктер
- битумнан және ұқсас материалдардан жасалған және өзге де өнімдерді өндіру кіреді
23.99.6 Бейметалл кендерден бұйымдар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- түрлі минералдық заттардан жасалған бұйымдар: өңделген слюда және слюдадан, шымтезектен, графиттен (электртехникада пайдаланатынан басқа) және т.б өндіру
- көміртекті және графитті талшықтарын және олардан өнімдерді өндіру (электродтар мен электр өнімдерінен басқа)
- жасанды корунд өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- графиттен электродтар өндіру, (27.90.1 қараңыз)
- көмір немесе графит төсемдерді өндіру кірмейді, (28.29.9 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |