24.3 Бастапқы өңдеу арқылы өзге де болат бұйымдар өндіру
Осы топқа өңдеудің салқын тәсілімен өзге де болат бұйымдарды өндіру кіреді.
24.31 Салқындай сымдау
24.31.0 Салқындай сымдау
Бұл ішкі класқа:
- салқындай сымдаумен, қалыптаумен және тазалаумен болат шыбықтар (өзектер) және профильдер өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- сым өндіру кірмейді, (24.34.0 қараңыз)
Таспаларды және енсіз жолақтарды суықтай илемдеу
24.32.0 Таспаларды және енсіз жолақтарды суықтай илемдеу
Бұл ішкі класқа:
- жазық ыстықтай илемделген бұйымдардан немесе болат шыбықтан суықтай екінші рет илемдеу арқылы ені кем дегенде 600 мм орамдар немесе таспалар түрінде жабыны бар немесе жабынсыз жазық илемделген болат бұйымдар өндіру кіреді
Суықтай қалыптау немесе ию
24.33.0 Суықтай қалыптау немесе ию
Бұл ішкі класқа:
- илемдеу орнағында суықтай қалыптау немесе жазық болат илемнен профиль илемдеу орнағында ию арқылы ашық профильдер өндіру
- суықтай қалыптау немесе июмен болаттан қырлы табақтар және сэндвич-панельдер өндіру кіреді
24.34 Суықтай сымдау арқылы сымдар өндіру
24.34.0 Суықтай сымдау арқылы сымдар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- жұқа болат шыбықтардан суықтай сымдау әдісімен болат сымдар өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- тұтас қимамен болат шыбықтар мен профильдерді созу, (24.31.0 қараңыз)
- сымнан бұйымдар өндіру кірмейді, (25.93.1 қараңыз)
24.4 Негізгі асыл және түсті металдар өндіру
24.41 Асыл (бағалы) металдар өндіру
24.41.0 Асыл (бағалы) металдар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- өңделген немесе өңделмеген асыл (бағалы) металдарды: кен мен сафтан алынған алтын, күміс, платина және т.б. өндіру және тазалау
- асыл (бағалы) металл қорытпаларын өндіру
- асыл (бағалы) металдардан жартылай дайын фабрикаттар өндіру
- асыл емес (бағалы емес) металдарды күміспен қаптау
- асыл емес (бағалы емес) металдарды немесе күмісті алтынмен қаптау
- алтын, күміс немесе асыл емес (бағалы емес) металдарды платина немесе платина тобына жататын металдармен қаптау кіреді
Бұл ішкі класқа сондай-ақ:
- сымдаумен асыл (бағалы) металдардан сым өндіру
- асыл (бағалы) металдардан жұқалтыр өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- түсті металдар құю, (24.53.0, 24.54.0 қараңыз)
- асыл (бағалы) металдардан зергерлік бұйымдар өндіру кірмейді, (32.12.0 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |