і-қосымша
"Жойылып кеткендер" - EXTINCT (EX)
Таксонның соңғы дарағы өлгендігіне ешқандай негізделген күмән болмаған кезде ол «Жойылып кеткен» болып табылады. Таксонның белгілі және/немесе болжамды мекендеу орындарын лайықты уақытта (тәулік, маусым, жыл) оның табиғи ареалы шегінде тиянақты зерделеу кезінде оның бірде-бір дарағы анықталмаса, ол «Жойылып кеткен» болып танылады. Зерттеудің уақыт параметрлері бойынша таксонның өмір сүру цикліне және биологиялық нысанына сәйкес келуі тиіс.
"Жабайы табиғатта жойылып кеткендер" - EXTINCT IN THE WILD (EW)
Таксон мәдениетте еріктен тыс жағдайларда немесе бұрынғы ареалынан тыс жасанды қауымдастық (немесе қауымдастықтар) түрінде ғана сақталғаны белгілі болса, ол «Жабайы табиғатта жойылып кеткен» болып табылады. Таксонның белгілі және/немесе болжамды мекендеу орындарын лайықты уақытта (тәулік, маусым, жыл) оның табиғи ареалы шегінде тиянақты зерделеу кезінде оның бірде-бір дарағы анықталмаса, ол «Жабайы табиғатта жойылып кеткен» болып табылады. Зерттеудің уақыт параметрлері бойынша таксонның өмір сүру цикліне және биологиялық нысанына сәйкес келуі тиіс.
"ӨТЕ ҚИЫН ЖАҒДАЙДА тұрғандар" - CRITICALLY ENDANGERED (CR)
Таксон «өте қиын жағдайда тұрғандар» санаты өлшемшарттарының (А – Е) қандайда бірі бойынша ең жоғары айқындықпен көрсетілгенде «өте қиын жағдайда тұрған» болып табылады және сондықтан да жабайы табиғатта жойылып кетудің төтенше жоғары тәуекелі алдында тұрған болып қаралады.
"Қауіпті жағдайда тұрғандар" - ENDANGERED (EN)
Таксон «Қауіпті жағдайда тұрғандар» санаты өлшемшарттарының (А – Е) қандайда бірі бойынша ең жоғары айқындықпен көрсетілгенде «Қауіпті жағдайда тұрған» болып табылады және сондықтан да жабайы табиғатта жойылып кетудің аса жоғары тәуекелі алдында тұрған болып қаралады.
"ОСАЛДАР" - VULNERABLE (VU)
Таксон «Осалдар» санаты өлшемшарттарының (А – Е) қандайда бірі бойынша ең жоғары айқындықпен көрсетілген «Осал» болып табылады және сондықтан да жабайы табиғатта жойылып кетудің жоғары тәуекелі алдында тұрған болып қаралады.
"Қауіп төнетінге жақын жағдайда тұрғандар" - NEAR THREATENED (NT)
Таксон өлшемшарттары бойынша бағаланған және қазіргі уақытта «өте қиын жағдайда тұрған», «Қауіпті жағдайда тұрған» немесе «Осал» болып санатталмаған, алайда осыған жақын болған немесе жақын келешекте қауіптің қандайда бір санатына жатқызылуы ықтималдығы болған кезде ол «Қауіп төнетінге жақын жағдайда тұрған» болып табылады.
"МЕЙЛІНШЕ аз алаңдаушылық тудыратындар" - LEAST CONCERN (LC)
Таксон өлшемшарттар бойынша бағаланған және «өте қиын жағдайда тұрған», «Қауіпті жағдайда тұрған», «Осал» немесе «Қауіп төнетінге жақын жағдайда тұрған» болып санатталмаған кезде ол «мейлінше аз алаңдаушылықты туындататын» болып табылады. Бұл санатқа кең таралған және саны көп нөмері таксондар да жатқызылады.
"Деректердің жетіспеушілігі" - DATA DEFICIENT (DD)
Таксон санномері және/немесе ареалы жағдайы туралы қолда бар ақпарат жойылып кету тәуекелін тікелей немесе жанама бағалау үшін барибар болмаған кезде ол «Деректердің жетіспеушілігі» санатына жатқызылады. Бұл санаттың таксоны жақсы зерттелген, ал оның биологиясы жақсы белгілі, алайда оның көптігі және/немесе таралуы бойынша бағалау үшін қажетті деректер жеткіліксіз болуы мүмкін. «Деректердің жетіспеуі» санаты жойылып кету қауіпі санаты болып табылмайды. Таксонды бұл санатқа енгізу ақпараттың көбірек талап етілетіндігін көрсетеді және болашақтағы зерттеулер оны жойылып кету қауіпі санаттарының біріне жатқызуға мүмкіндік жасай алатындығы танылады. Мұнда барлық қолда бар деректерді мейлінше толық көлемде пайдалану аса маңызды. Көптеген жағдайларда «Деректердің жетіспеушілігі» санаты мен жойылып кету қауіпінің санаттары арасындағы таңдау кезінде ерекше тиянақтылық таныту қажет. Егер, мысалы, таксонның ареалы едәуір шектелген деп болжамдалатын болса және таксонды соңғы анықтау сәтінен елеулі уақыт кезеңі өтсе, онда оған қауіп төнген жағдай мәртебесін беру ақталған болуы мүмкін.
"бағаланбағандар" - NOT EVALUATED (NE)
Таксон өлшемшарттар бойынша бағаланбаған кезде ол «Бағаланбаған» болып есептеледі.
іі-қосымша КТЕҚА тізіміне енгізудің жалпы өлшемшарты
A. Ауданды таңдау өлшемшарты:
-
КТЕҚА тізіміне енгізу үшін кез келген аудан Хаттаманың 9-бабының 1-бабында көрсетілген жалпы өлшемдердің кем дегенде біреуіне жауап беруі тиіс. Кейбір жағдайларда бір аудан бірнеше жалпы өлшемшартқа жауап беруі мүмкін және мұндай жағдайлар ауданды Тізімге енгізу пайдасында дәйлдерді күшейтеді.
-
Тізімге енгізілген аудандардың жалпы санына немесе кез келген Тарап оған енгізуге ұсына алатын аудандар санына қандайда бір шектеулер қойылмайды. Соған қарамастан Тараптар аудандар ғылыми негізде таңдалатынымен және Тізімге олардың сапалық сипаттамаларына сәйкес енгізілетіндігімен келіседі, осыған байланысты олар Хаттамада тізілген талаптарға және осы өлшемшарттарға жауап беруі тиіс.
-
Уағдаласушы Тараптар ұлттық әкімшілік мәртебенің негіз қалаушы өлшемшарттарымен қатар олар КТЕҚА тізіміне енгізу үшін объектілерді таңдаудың мынадай өлшемдерін басшылыққа алатындығымен келіседі.
a) Жалпы әлемдік маңыздылығы:
Объекті тиісті биографиялық өңірге тән табиғи немесе практикалық табиғи экожүйенің ерекше назарға алуға болатын үлгісі болып табылады; ол сирек кездесетін, осал немесе жойылып кету қауіпі төнген өсімдіктер немесе жануарлар түрлерінің немесе кіші түрлерінің жеткілікті түрден үлкен тобының не қандайда бір осындай бір немесе осындай бірнеше түрдегі дарақтарының елеулі санының өмірлік әрекетін қолдайды; оның өзінің флорасы мен фаунасының сапасына және айырмашылықты ерекшеліктеріне өңірдің генетикалық және экологиялық әртүрлілігін қолдау үшін ерекше құндылығы бар; оның өзінің биологиялық циклінің маңызды сатысында тұрған өсімдіктердің немесе жануарлардың мекендеу орны ретінде ерекше құндылығы бар; тұрақты негізде онда 20 мың дарақ су құстары мекендейді; тұрақты негізде онда су құстарының бір түрі немесе кіші түрі қауымдастығының 1 %-ы мекендейді;
b) Өңірлік құндылығы:
Объектіде өңірлік деңгейде құндылығы бар және Каспий теңізінің өңірі және оның биологиялық әртүрлілігі үшін едәуір тән болып табылады;
c) Ұлттық мәртебесі:
Объектіде ұлттық қорғалатын ауданның әкімшілік мәртебесі, қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген табиғат қорғау шаралары және басқару жоспары бар;
d) Бірегейлігі:
Оның аумағында бірегей немесе сирек кездесетін экожүйелер және/немесе сирек кездесетін, жойылу қауіпі төніп тұрған немесе эндемикалық түрлер орналасқан;
e) Табиғи маңыздылығы:
Объекті экологиялық жүйелер, қауымдастықтар типтері немесе мекендеу орындары немесе өзге табиғи сипаттамалар үшін едәуір тән болып табылады;
f) Биологиялық әртүрлілігі:
Объектіде түрлер, қауымдастықтар, мекендеу орындары немесе экожүйелер әртүрлілігінің жоғары дәрежесі бар;
g) Басқарылатын антропогендік стресс факторлары:
Антропогендік сипаттағы стресс факторларының әсер ету деңгейі төмен объектілерге таңдау беріледі;
h) Басқарылатын табиғи стресс факторлары:
Табиғи стресс факторларының әсер ету деңгейі төмен объектілерге таңдау беріледі;
i) Бастапқы деректердің қол жетімдігі және жеткіліктігі:
Объект туралы ақпараттың аздаған кемшіліктері бар және шынайы бастапқы деректердің белгілі көлемі бар;
j) Мәдени маңыздылығы:
Объекті жергілікті халықтың әл-ауқатын қолдайтын экологиялық қауіпсіз дәстүрлі, табиғатпен біріккен қызмет түрлерінің бар болуына байланысты мәдени мұра көзқарасына тән құндылыққа ие;
k) Ғылыми, білім беру және эстетикалық құндылығы:
Объектіде ғылыми, білім беру немесе эстетикалық құндылығы бар және оның ғылыми, білім беру немесе эстетикалық құндылығының тікелей азаюына қауіп жоқ;
l) Азаматтық қоғамның қатысуы:
Қорғалатын ауданды жоспарлау және басқару процесіне халық, әсіресе жергілікті қоғамдастықтар тартылған және белсенді қатысуда;
B. КТЕҚА тізіміне енгізудің өлшемшарты
Уағдаласушы Тараптар оларды КТЕҚА тізіміне енгізу ұсынылатын аудандарды дамытуды жоспарлау және басқару бойынша мынадай шараларды қабылдауға келіседі:
-
табиғат қорғау, әлеуметтік-экономикалық және мәдени аспектілерді қоса алғанда, қажетті бастапқы деректерді және ақпаратта анықталған кемшіліктердің орнын толтыру жоспарын ұсыну;
-
Табиғат қорғау және басқару іс-шараларының жоспары шеңберінде айқын белгіленген қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарды ұсыну;
-
әртүрлі мүдделі тараптардың құзыретті органы(органдары) және қатысу нысандары туралы тиісті ақпарат ұсыну;
-
ҚОӘБ-ны қоса алғанда, түрлердің, қоғамдастықтардың, экожүйелердің немесе мекендеу орындарының табиғат қорғау мәртебесіне не КТЕҚА тізіміне енгізу ұсынылатын ауданның мәдени және эстетикалық құндылығына кері әсерін тигізуі мүмкін ластанудың алдын алу, барлық ластану көздерін бақылау және әсерін төмендету үшін шараларды жүзеге асыру;
-
осы Хаттаманың ережелерін орындау үшін, ең алдымен кез келген түрлердің жерсінуіне және қайта жерсінуіне байланысты толық ауқымды ынтымақтастық;
-
КТЕҚА тізіміне енгізу үшін ауданда басқару жоспары болуы тиіс. Мұндай басқару жоспарының негізгі ережелері ауданды Тізімге енгізу сәтіне қалыптастырылуы тиіс және оларды қолдану бұдан кейін дереу басталуы тиіс. Егжей-тегжейлі басқару жоспары Тізімге енгізу күнінен бастап үш жыл ішінде ұсынылуы тиіс. Осы міндеттемені орындамау объектіні Тізімнен алып тастауға себеп болуы мүмкін;
-
әрбір ауданды реттейтін нормативтік актілердің мәтіндерінде оларды КТЕҚА тізіміне енгізу ұсынылатын аудандардағы әкімшілік басқаруға және табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға қатысты өкілеттіктер мен жауапкершілік айқын белгіленуі тиіс;
-
КТЕҚА тізіміне енгізу үшін қорғалатын ауданда осы қорғалатын ауданды құру мақсаттарына қайшы келуі мүмкін қызметтің алдын алу және/немесе бақылау үшін жеткілікті өкілеттіктері, сондай-ақ қаражаты мен кадр ресурстары бар басқарушы орган болуы тиіс;
-
КТЕҚА тізіміне енгізу үшін ауданда мониторинг бағдарламасы болуы тиіс. Бағдарлама оларды қажеттілігіне қарай тиісті түрде бейімдеу үшін ауданның жағдайларын және эволюциясын, сондай-ақ қолданылатын табиғат қорғау және басқару шараларының тиімділігін бағалауды жүргізуге мүмкіндік беретін осы ауданның мәнді параметрлерінің белгілі мөлшерін анықтау мен мониторингін өзіне қамтуы тиіс. Ауданды КТЕҚА тізіміне енгізу күнінен бастап оның мониторингі туралы есептер ұдайы ұсынылады.
C. Қорғау, жоспарлау және басқару жөніндегі шараларды жүзеге асыру
1. Қорғау және басқару бойынша мақсаттар әрбір объектіге қатысты құжаттарда айқын белгіленуі және КТЕҚА тізімін қайта қарау барысында қабылданған шаралардың жеткіліктілігін және оларды жүзеге асыру тиімділігін бағалау үшін негіз болуы тиіс.
2. Әрбір ауданға қолданылатын қорғау, жоспарлау және басқару бойынша шаралар осы объекті үшін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада басқару бойынша жоспарда белгіленген оның табиғатын қорғау және басқару бойынша мақсаттарға қол жеткізу үшін жеткілікті болуы және атап айтқанда, ол үшін қауіп төндіретін факторларды ескеруі тиіс.
3. Қорғау, жоспарлау және басқару жөніндегі шаралар табиғи орта элементтерінің, сондай-ақ әрбір ауданды сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық және мәдени факторлар білімдеріне негізделуі қажет. Негізін құрайтын білімдер аз болған кезде КТЕҚА тізіміне енгізуге мақұлдаған аудан жетіспейтін деректерді және ақпаратты жинауға белсенді бастамашылық етуі тиіс.
4. Әрбір қорғалатын объектінің айырмашылқты сипаттамаларына қатысты КТЕҚА бойынша табиғат қорғау шаралары мынадай негізгі аспектілерді ескеруі тиіс:
a) ауданның тұтастығына тікелей немесе жанама залал келтіруі мүмкін қалдықтармен өзге материалдардың тасталуын реттейтін нормаларды қатаңдату;
b) кез келген флора мен фауна түрлерінің ауданға жерсінуін немесе қайта жерсінуін реттейтін нормаларды қатаңдату;
c) түрлерге зиян келтіруі немесе теңгерімін бұзуы не экожүйелердің немесе түрлердің табиғат қорғау мәртебесіне қауіп төндіруі не ауданның табиғи, мәдени немесе эстетикалық сипаттамаларына залал келтіруі мүмкін кез келген қызметті немесе іс-әрекеттерді реттеу;
d) осы ауданды қоршаған аймақтарды реттеу.
5. Осы Хаттамаға сәйкес объектінің мониторингісі мен жағдайын бағалау бойынша ұдайы есеп беру тапсырылып, басқару жоспарына тиісті түзетілер енгізілуі тиіс.
6. Осы өлшемшарттарға сәйкес болмау КТЕҚА тізімінен алып тастауға әкелуі мүмкін.
Д-ҚОСЫМШАСЫ
жоба
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2011 жылғы
«__» _____№__қаулысымен
бекітілген
Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияны орындау бойынша ұлттық іс-қимыл жоспары
Астана, 2011 жыл
Ұлттық іс-қимыл жоспарының паспорты
Ұлттық жоспардың атауы
|
Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияны орындау бойынша ұлттық іс-қимыл жоспары
|
Ұлттық жоспарды әзірлеудің негізі
|
2011 жылдың 10-12 тамыз Ақтау қаласында (Қазақстан) өткен Тегеран конвенциясына тараптардың конференцияның үшiншi сессиясындағы каспий маңындағы елдердiң қоршаған ортасының министрларының мәлімдемесі
|
Ұлттық жоспарды әзірлеуші
|
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгі
|
Ұлттық жоспардың мақсаты
|
Ұлттық жоспарының мақсаты Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің және оған қосылатын аймақтардың экологиялық қауіпсіздігін халықтың қауiпсiз өмір сүруін және теңіздің сирек кездесетiн биологиялық ресурстарын сақтауды мүмкін ететін қоршаған орта сапасының нормативтеріне қол жеткізу арқылы қамтамасыз ету болып табылады.
|
Ұлттық жоспардың міндеттері
|
КҰІЖ мақсаттарына мынадай приоритетті бағыттарға күш-жігерді шоғырландыру арқылы қол жеткізіледі:
1. Ластану тәуекелiн төмендету және Каспий теңiзi экожүйесiнің күйiн жақсарту үшiн негiз қалау:
- Каспий теңізін жер үсту көздерінен ластануын болдырмау және азайту;
- теңіздің мұнаймен ластануын және теңіз ортасының кемелерден ластануын болдырмау және азайту;
- Каспий теңізінің тиімді мониторинг және бақылау жүйесін құру.
2. Каспий теңізінің және оның жағалауының биологиялық ландшафттық әр түрлiлiгiн сақтау және тиімді пайдалану үшiн негіз қалау:
- азғынданған су және жағалаудағы экожүйелерді, жайылу және балықтардың уылдырық шашатын жерлерiн, сондай-ақ кәсiпшiлiк жануарлардың мекендеу орындарын қалпына келтiру;
- Каспий теңізінің және оның жағалауының биологиялық ландшафттық әр түрлiлiгiн және оның биологиялық ресурстарын сақтау мен балансты пайдаланудың тиімді жүйесін кұру;
- Каспий теңізінің және оның жағалауының биологиялық ландшафттық әртүрлілігінің мониторингі жүйесін жетілдіру.
3. Каспий теңізінің жағалау аумағын кешенді және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету:
- Каспий теңізінің жағалау аумағын кешенді және орнықты пайдаланудың шарттарын жақсарту;
- азғынданған жағалаудағы аумақтарды қалпына келтiру.
4. Каспий теңізінің қоршаған ортасын басқаруға жағалау аумағындағы жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз ету:
- нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
- азматтық қоғамды ақпараттандыруды күшейту;
- Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғаудағы азаматтық белсенділікті ынталандыру;
- Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау мен қалпына келтіру үшін азаматтық қоғамның әлеуетін жетілдіру.
|
Қаржыландыру көздері
|
Жоспардың iске асыруына республикалық және каспий маңындағы Қазақстан облыстарының жергiлiктi бюджеттерiнен қаражаттарды ерекшелеу, сонымен бiрге халықаралық донорлық ұйымдардың құралы талап етедi.
|
Жоспарланған нәтижелері
|
Экологиялық ахуалды ұлттық жоспардың iске асыруы және бiрқалыпты дамуға каспий маңындағы Қазақстан облыстарының өткелiмен қамтамасыз етуге тұрақтандыруға мүмкiндiк бередi.
|
Іске асыру мерзімі
|
2012 - 2020 жж
|
Мазмұн
бет.
Кіріспе
|
6
|
1.
|
Ағымдағы экологиялық проблемалар
|
8
|
|
1.1.
|
Атмосфералық ауаның ластануы
|
8
|
|
|
1.1.1.
|
Алауларда жолсерiк газдың өртеуi
|
8
|
|
|
1.1.2.
|
Кесек-кесек күкiрттiң жинауы
|
8
|
|
|
1.1.3.
|
Радиоактивтi қалдықтардың шаңдануының мәселелерi
|
9
|
|
1.2.
|
Су қорларының ластануы
|
9
|
|
|
1.2.1.
|
Теңiздiң мұнаймен ластануы
|
9
|
|
|
1.2.2.
|
Шiрiк арқалықтың сарқынды суларын тұндырғыш»
|
10
|
|
|
1.2.3.
|
Өзеннiң сулардың ластайтын заттарының тасымалдауы
|
10
|
|
1.3.
|
Топырақтың ластануы
|
11
|
|
|
1.3.1.
|
Мұнай қоймаларының мәселесi
|
11
|
|
|
1.3.2.
|
умақтардың мазутталғандығын мәселе
|
11
|
|
1.4.
|
Биоалуандылықтың қысқаруы
|
11
|
|
|
1.4.1.
|
Кәсiпшiлiк биоресурстар қорының азаюы
|
11
|
|
|
1.4.2.
|
Браконьерлiк
|
12
|
|
|
1.4.3.
|
Бөгде түрлердiң кіруі
|
12
|
|
1.5.
|
Жағалаудағы аймақтың бiрқалыпты дамуының мәселелерi
|
12
|
|
|
1.5.1.
|
Каспийды деңгейдiң жоғарылатуының негативтi әсерi
|
12
|
|
|
1.5.2.
|
Шөлейттену
|
13
|
|
|
1.5.3.
|
Техногендi жер сiлкiнулердi пайда болуды дабылды жоғарылатуы
|
13
|
2.
|
Экологиялық мәселелердiң себептi-тергеулi талдауы
|
14
|
|
2.1.
|
Қирату және жағалаудағы аймақтың азып-тозуының басқы себептер
|
14
|
|
2.2.
|
Каспий теңiзiнiң ластануының басқы себептерi
|
14
|
|
2.3.
|
Биоалуандылықтың қысқартуының басқы себептерi
|
14
|
|
2.4.
|
Каспий теңiзiнiң ластануын техникалық себептері
|
15
|
3.
|
Әрекеттердің мақсаты және басым бағыттары
|
16
|
4.
|
Шаралар
|
18
|
|
4.1.
|
Басым бағыт - Каспий теңiзiнiң экосистемасының күйiн жақсарту үшiн ластануды белгi және негiздiң жасауы төмендету
|
18
|
|
|
4.1.1.
|
Каспий теңiзiнiң теңiз ортасының жер бетiндегi көздерден ластанудан қорғау және төмендетуi
|
18
|
|
|
4.1.2.
|
Мұнайды теңiздiң ластануын сақтап қалу және төмендету, сонымен бiрге теңiздің ортасының кемелерден ластануы
|
19
|
|
|
4.1.3.
|
Бақылаудың тиiмдi жүйе және Каспий теңiзiнiң теңiздегi ортасының ластануын бақылаудың жасауы
|
20
|
|
4.2.
|
Сақтау және Каспий теңiзiнiң биологиялық және көрiнiс әр түрлiлiгiнiң баланс жасалған қолдануы және оның жағалаудағы аймағы үшiн негiздердiң жасауы
|
21
|
|
|
4.2.1.
|
Нашарлалған су және жағалаудағы экосистемалар, жайып семiртудiң орындары және балықтардың уылдырық шашатын жерлерiнiң қалпына келтiруi, сонымен бiрге кәсiпшiлiк малдардың тұрықтары
|
21
|
|
|
4.2.2.
|
Сақтау және Каспий теңiзi, оның жағалаудағы аймағының биологиялық және көрiнiс әр түрлiлiгiнiң биологиялық қорларының баланс жасалған қолдануы үшiн тиiмдi жүйенiң жасауы
|
22
|
|
|
4.2.3.
|
Каспий теңiзiнiң биологиялық және көрiнiс әр түрлiлiгi және оның жағалаудағы аймағының барлауын жүйенiң әбден жетiлдiруi
|
22
|
|
4.3.
|
Каспий теңiзiнiң жағалаудағы аймағының кешендi және орнықты қолдануының қамтамасыз ету
|
23
|
|
|
4.3.1.
|
Каспий теңiзiнiң жағалаудағы аймағының кешендi және орнықты қолдануы бойынша шарттардың жақсартуы
|
23
|
|
|
4.3.2.
|
Нашарлалған жағалаудағы аумақтардың қалпына келтiруi
|
23
|
|
4.4.
|
Каспий теңiзiнiң қоршаған ортасын басқарудағы жағалаудағы аймақтың тұрғынының қатысуын қамтамасыз ету
|
23
|
|
|
4.4.1.
|
Нормативтiк - заңға сүйенген базасының әбден жетiлдiру
|
23
|
|
|
4.4.2.
|
Азаматтық қоғамның хабарлы болуын жоғарылату
|
24
|
|
|
4.4.3.
|
Каспий теңiзi бойынша табиғи ортаны қорғау қызметiндегi азаматтық белсендiлiгiнiң ынталандыруы
|
24
|
|
|
4.4.4.
|
Қорғауға және Каспий теңiзiнiң қоршаған ортасының қалпына келтiруiндегi азаматтық қоғамның потенциалының ұзартуы
|
24
|
5.
|
Қаржыландыру көздер
|
25
|
6.
|
Күтiлетiн нәтижелер
|
25
|
Достарыңызбен бөлісу: |