Азақстан республикасының Қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі «еуразия су орталығЫ» Ғылыми-өндірістік бірлестік» акционерлік қОҒамы


IV-бөлім Түрлерді және қорғалатын аудандарды қорғау және сақтау құралдары және қойылатын талаптар



бет11/16
Дата14.06.2016
өлшемі1.19 Mb.
#134779
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

IV-бөлім Түрлерді және қорғалатын аудандарды қорғау және сақтау құралдары және қойылатын талаптар

12-бап. Теңіздің жақын орналасуы әсерінен құрлықты басқару шеңберінде биологиялық әртүрлілікті сақтау


Конвенцияның 15-бабына сәйкес Уағдаласушы Тараптар биологиялық әртүрлілікті сақтаудың тетігін жасау мақсатында теңіздің жақын орналасуы әсерінен құрлықты басқарудың ұлттық стратегияларын және жоспарларын әзірлеу және қабылдау бойынша шараларды қабылдайды. Осындай ұлттық стратегиялар мен жоспарларды қолдану бойынша талаптар:

  1. Ұлттық және/немесе өңірлік даму жоспарларына биологиялық әртүрлілікті сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға қатысты ережелерді енгізуді;



  1. Осы Хаттаманың 3-бабына сәйкес биологиялық ресурстарды көп мақсатты пайдалануды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кешенді басқару қағидаттарын іске асыруды;



  1. Теңіз деңгейінің ауытқуларына байланысты жағалау маңы экожүйелерінің табиғи өзгермелілігін еспеке алуды көздейді.


13-бап. Биологиялық әртүрлілікті сақтау шеңберінде қоршаған ортаға әсерді бағалау


Уағдаласушы Тараптар Конвенцияның 17-бабына сәйкес Каспий теңізінің
теңіз ортасындағы биологиялық әртүрлілікке кері әсердің алдын алу және
төмендету құралы ретінде қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімдерін
қолданады.

14-бап. Генетикалық ресурстарға қолжетімділік


  1. Уағдаласушы Тараптардың олардың табиғат ресурстарына егеменді құқықтарын мойындауға байланысты генетикалық ресурстарға қолжетімділікті анықтау құқығы ұлттық үкіметтерге тиесілі және ұлттық заңнамамен реттеледі.



  1. Ұлттық заңнаманы назарға ала отырып, әрбір Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тараптардың экологиялық қауіпсіз пайдалануы мақсатында генетикалық ресурстарға қолжетімділікті жеңілдету үшін жағдай жасауға және осы Хаттаманың мақсатына қайшы келетін шектеулер қоймауға ұмтылыс жасайды.



  1. Осы Хаттаманың мақсаттары үшін Уағдаласушы Тарап ұсынатын генетикалық ресурстарға мұндай ресурстардың жасалған Елдері болып табылатын Уағдаласушы Тараптар не бұл ресурстарды осы Хаттамаға сәйкес алған Уағдаласушы Тараптардың ресурстары ғана жатқызылады.



  1. Генетикалық ресурстарға қолжетімділік ол ұсынылған жағдайда осы баптың ережелеріне сәйкес өзара келісілген шарттармен қамтамасыз етіледі. Мұндай шарттар:



    1. дауларды реттеуді;

    2. пайдаларды бөлу шарттарын;

    3. егер мүмкін болса, үшінші тараптардың одан әрі пайдалану шарттарын;
      және

    4. жағдайға қарай ниеттерді, өзгерту шарттарын қамтуы мүмкін.



  1. Генетикалық ресурстарға қолжеткізілетін мұндай ресурстарды ұсынатын Уағдаласушы тарап өзгеше шешпесе, бұл Уағдаласушы Тараптың алдын ала негізделген келісімінің негізінде реттеледі.



  1. Әрбір Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тараптар ұсынған генетикалық ресурстарға негізделген ғылыми зерттеулерді олардың толық қатысуы кезінде және бұл мүмкін болған кезде, мұндай Уағдаласушы Тараптарда дайындауға және жүргізуге ұмтылыс жасайды.


15-бап. Технологияға қол жеткізу және оны беру




  1. Әрбір Уағдаласушы Тарап осы баптың ережелеріне сәйкес биологиялық әртүрлілікті сақтауға қатысы бар технологияларды басқа Уағдаласушы Тараптарға ұсынуға және/немесе қолжетімділікті және оларды сақтау мен орнықты пайдалануға қатысты немесе генетикалық ресурстарды пайдалануды көздейтін және қоршаған ортаға елеулі залал келтірмейтін технологияларды оларға беруді міндеттенеді.



  1. Осы баптың 1-тармағында аталған технологияға қол жеткізу және оны басқа Уағдаласушы Тараптарға беру егер өзара уағдаластыққа қол жеткізілсе, әділ және қолайлы, соның ішінде, жеңілдік және неғұрлым қолайлы шарттарда жүзеге асырылады және/немесе қамтамасыз етіледі.



  1. Әрбір Уағдаласушы Тарап генетикалық ресурстар ұсынатын Уағдаласушы Тараптарға қолданылатын халықаралық шарттарға сәйкес, сондай-ақ осы баптың 4 және 5-тармақтарына сәйкес патенттермен және басқа да зияткерлік меншік құқықтарымен қорғалған технологияны қоса алғанда, осы ресурстарды пайдалануды көздейтін технологияға қолжетімділікті қамтамасыз ету және осы технологияны өзара келісілген шарттарда беру үшін тиісті заңнамалық, әкімшілік немесе саяси шаралар қабылдайды.



  1. Әрбір Уағдаласушы Тарап осы баптың 1-тармағында аталған технологияны Уағдаласушы Тараптардың үкіметтік мекемелерінің де, жеке секторының да мүдделерінде бірлесе әзірлеуге қолжетімділікті және беруге жеке сектордың жәрдемдесуі үшін тиісті заңнамалық, әкімшілік немесе саяси шараларды қабылдайды.



  1. Уағдаласушы Тараптар патенттер және басқа зияткерлік меншік құқықтары осы Хаттаманы жүзеге асыруға ықпал ете алатындығын мойындай отырып, осы құқықтар оның мақсаттарына ықпал етуін және қайшы келмеуін қамтамасыз ету мақсатында ұлттық заңнамасын және қолданылатын халықаралық шарттарды басшылыққа ала отырып, осы салада ынтымақтастық жасайды.


16-бап. Ғылыми-техникалық ынтымақтастық және көмек


1. Уағдаласушы Тараптар биологиялық әртүрлілікті сақтау және биологиялық ресурстарды орнықты және ұтымды пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа тиісті ұлттық және халықаралық мекемелер арқылы ықпал етуге міндеттенеді.

2. Әрбір Уағдаласушы Тарап осы Хаттаманың жүзеге асыру кезінде басқа Уағдаласушы Тараптармен бірге ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа ықпал етеді. Адами және институционалдық әлеуетті дамытуға, ғылыми зерттеулер бағдарламаларына және мониторинг әзірлеуге, сондай-ақ стандарттау рәсімдеріне және мұндай ынтымақтастыққа ықпал етудің басшылық қағидаттарына ерекше назар аударылуы тиіс.

3. Уағдаласушы Тараптар осы Хаттаманың мақсаттарына қол жеткізуге ұмтылыс жасай отырып, дәстүрлі технологияларды қоса алғанда, технологияларды әзірлеу мен пайдалану саласында ынтымақтастық жасайды. Бұл үшін Уағдаласушы Тараптар ынтымақтастық жасауға кадрларды даярлау және сарапшылармен алмасу арқылы да ықпал етеді.

4. Уағдаласушы Тараптар өзара уағдаластыққа қол жеткен жағдайда осы Хаттаманың мақсаттарын іске асыру үшін қажетті технологияларды әзірлеу бойынша бірлескен жобаларды және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын жүзеге асыруға және бірлескен кәсіпорындарды ұйымдастыруға ықпал етеді.


17-бап. Ақпарат алмасу


Уағдаласушы Тараптар:

  1. Барлық жалпы қолжетімді көздерден биологиялық әртүрлілікті сақтауға және биологиялық ресурстарды орнықты және ұтымды пайдалануға қатысты ақпаратты алмасуға жәрдемдесу үшін тиісті шараларды қабылдайды. Мұндай ақпаратты алмасу техникалық, ғылыми және әлеуметтік-экономикалық зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ кадрларды даярлау туралы және дәстүрлі білімдер туралы ақпаратты қамтиды;



  1. Жинақталған тәжірибені және орын алған проблемаларды қоса алғанда, қорғалатын аудандардың және жойылып кету қауіпі төніп тұрған түрлердің сипаттамаларына қатысты ақпаратты алмасады;



  1. Қорғалатын аудандардың экожүйелеріне немесе жойылып кету қауіпі төніп тұрған түрлердің аман қалуына қауіп төндіруі мүмкін кез келген жағдай туралы оған қатысы болуы мүмкін басқа Уағдаласушы Тараптарды және Хатшылықты мүмкіндігінше жедел хабардар етеді.


18-бап. Экологиялық білім беру және жұртшылықтың хабардарлығын арттыру


Уағдаласушы Тараптар:

  1. жойылып кету қауіпі төніп тұрған түрлердің жай-күйін және қорғалатын аудандар мәртебесін беруді, олардың сипаттамаларын, мәнін және қолданылатын нормаларды тиісті түрде жария етеді;

  2. қорғалатын аудандардың және жойылып кету қауіпі төніп тұрған түрлердің маңыздылығы және осалдығы туралы, сондай-ақ табиғат қорғау бағдарламаларын жүзеге асыру барысында алынған ғылыми білімдер туралы жұртшылықты хабардар ету бойынша шараларды қабылдайды. Мұндай ақпаратқа жұртшылыққа білім беру және хабардар ету бағдарламаларына да қосқан жөн;

  3. қорғалатын аудандарды және жойылып кету қауіпі төніп тұрған түрлерді қорғауға қажетті іс-шараларға жұртшылықтың және табиғат қорғау ұйымдарының қатысуын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды;

  4. жағдайларға қарай басқа Уағдаласушы Тараптармен және құзыретті ұлттық және халықаралық ұйымдармен биологиялық әртүрлілікті сақтау және иологиялық ресурстарды орнықты және ұтымды пайдалану саласында білім беру бағдарламаларын және жұртшылықты хабардар ету бағдарламаларын әзірлеуде ынтымақтастық жасайды.

19-бап. Уағдаласушы Тараптардың баяндамалары




  1. Әрбір Уағдаласушы Тарап Хатшылыққа осы Хаттаманың ережелерінің орындалу туралы, атап айтқанда:



  1. жойылып кету қауіпі төніп тұрған түрлерді, сондай-ақ бөгде түрлерді қоса алғанда, биологиялық әртүрліліктің;



  1. мекендеу орындарының;



  1. КТЕҚА тізіміне енгізілген қорғалатын аудандар және олардың мәртебесін өзгертудің;



  1. қоршаған ортаны қорғау саласында білім беру бағдарламаларын іске асыру және жұртшылықты ақпараттандыру жай-күйі туралы баяндаманы ұсынады.



  1. Баяндаманың форматы және ақпаратты ұсыну рәсімі Уағдаласушы Тараптар конференциясымен келісіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет