Қазақстан республикасының ОҚу-ағарту министрлігі орта білім беру комитеті



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата23.04.2024
өлшемі0.72 Mb.
#499627
1   2   3   4   5   6   7
ИМП аттестации каз0409093851 (5)

МАҢЫЗДЫ! 
Білім 
беру 
ұйымының 
әкімшілігі 
аттестатталушының 
құжаттары 
тапсырылғанға 
дейін 
құжаттаманың толық, дұрыс жиналуына жауапты болады

Білім беру ұйымының әкімшілігі педагогпен бірлесіп, педагогтің 
біліктілігі мен кәсіби даярлығына қойылатын талаптарға сәйкес 
аттестатталатын 
педагогтің 
аттестаттау 
кезеңіндегі 
құжаттарын, 
әдістемелік материалдарын, педагогикалық ресурстарын электрондық 
форматта жинауды жүргізеді. 
Жинау 
үшін 
қажет 
құжаттардың 
тізбесі 
осы 
бұйрықтың
8-
қосымшасының 8- тармағында көрсетілген.
2-
ҚАДАМ. Аттестаттау органдары бірінші басшысының бұйрығымен 
бекітілген 
Қағидалардың 
2-тарауының 
1-параграфының
32-39-
тармақтарына сәйкес аттестаттау комиссияларын (бұдан әрі -
Аттестаттау комиссиясы) құру: 
1) білім беру ұйымдарында: «педагог-модератор»;
2) ауданның (қаланың), облыстық маңызы бар қаланың білім беруді 
басқару органында: «педагог-сарапшы», «үшінші санаттағы басшы 
орынбасары», «екінші санаттағы басшы орынбасары», «үшінші 
санаттағы басшы», «екінші санаттағы басшы»;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың 
білім беруді басқару органында: «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» 
(әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін), «бірінші 
санаттағы басшы орынбасары», «бірінші санаттағы басшы»; 
4) 
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың 
білім беруді басқару органында, ведомстволық бағыныстағы (облыстық 
білім беру ұйымдары, білім, спорт, мәдениет басқармасының 
органдарына ведомстволық бағынысты) білім беру ұйымдары мен 
әдістемелік кабинеттер (орталықтар) үшін: «педагог-сарапшы», «педагог-
зерттеуші», «үшінші санаттағы басшы орынбасары», «екінші санаттағы 
басшы орынбасары», «бірінші санаттағы басшы орынбасары», «үшінші 
санаттағы басшы», «екінші санаттағы басшы», «бірінші санаттағы 
басшы»; 
5) 
ҚР Оқу-ағарту министрлігінде:

«педагог-шебер»; 

салалық бағыныстағы білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер 
(орталықтар) 
үшін 
(оқу-ағарту, 
спорт, 
мәдениет, 
қорғаныс 
министрліктеріне ведомстволық бағынысты республикалық білім беру 



ұйымдары және т. б.) үшін: «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», 
«үшінші санаттағы басшы орынбасары», «екінші санаттағы басшы 
орынбасары», «бірінші санаттағы басшы орынбасары», «үшінші 
санаттағы басшы», «екінші санаттағы басшы», «бірінші санаттағы 
басшы». 
Комиссия құрамы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі 
№ 72 бұйрығы (ҚР ӘМ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу 
тізілімінде 2024 жылғы 2 сәуірде № 34217 болып тіркелген) ресми 
жарияланғаннан кейінгі күннен бастап ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 
дейін аттестаттаушы органның бірінші басшысының бұйрығымен 
бекітіледі. Комиссия ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жұмыс 
жасайды. Өкілеттік мерзімі құрамды бекіту туралы бұйрық шығарылған 
күннен бастап бір жылды құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет