9-
ҚАДАМ. Біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік беру.
10-
ҚАДАМ. 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап берілген (расталған)
біліктілік санаты үшін педагогтерге бұйрық
негізінде қосымша ақыны
жүзеге асыру.
КЕЙБІР НОРМАЛАР БОЙЫНША ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР
1. Қағидалардағы негізгі өзгерістердің бірі – барлық деңгейдегі
педагогтер үшін ПББ тапсыру кезінде сұрақтардың бірдей саны - 50
сұрақ, оның ішінде пәндік білім 30 сұрақ, оқыту әдістемесі бойынша 20
сұрақ.
Жаңа Қағидаларда сұрақтардың жалпы саны пайыздық көрсеткішпен
есептеледі. «Педагог-модератор» санатына үміткерлер үшін шекті деңгей
кемінде 60%, педагог-сарапшылар үшін - 70%, педагог-зерттеушілер үшін
– 80% және педагог-шеберлер үшін 90% құрайды.
2.
2024 жылы аттестаттау кезеңі аяқталатын әдіскерлерге, білім беру
ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының
орынбасарларына аттестаттау кезеңінің мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін
өзгеруіне байланысты олардың біліктілік санаттары 2 жылға ұзартылады.
3.
Білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар)
басшылары,
басшы
орынбасарлары
лауазымға
тағайындалған
мерзімнен үш жылдан кейін аттестаттауға қатыса алады.
4. 2024-
2027 жылдардың екінші жартыжылдығында аттестаттау
кезеңі аяқталатын педагогтерге біліктілік санаты келесі күнтізбелік
жылдың қыркүйегіне дейін ұзартылады.
5
. 30 (отыз) және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар барлық
лауазымдағы
педагогтердің
қызметінің
нәтижелерін
кешенді
қорытындылау кезінде біліктілік санатын
растау кезінде ПББ-ден өту
талап етілмейді. Бұл норма ескі форматтағы санаты бар (І, ІІ және
жоғары) педагогтерге де қолданылады. Бұл жерде педагогтің қосымша
мамандықтар бойынша бейіні ескеріледі (қос
дипломы немесе қайта
даярлықтан өткені).
6.
2023 жылы өткен тестілеу сертификаттарының мерзімі 2024 жылға
жарамды және ағымдағы жылы аттестаттау кезіне жарамды болып
табылады.
7.
ПББ кезінде түрлі бұзушылықтарға жол берген педагогтерді
тестілеуден шеттету мерзімі 5 жылдан 1 жылға дейін қысқартылды.
Алдыңғы жылдарда бұзушылық жасап
шеттетілген педагогтердің
9
бұзушылық туралы актісінің күші жойылады және педагог ағымдағы
жылы тестілеуге қатысуға мүмкіндігі болады.
8.
Ескі форматтағы санаты бар педагогтерге биыл жаңа жүйеге
көшуге толық мүмкіндік беріледі.
9
. Ағымдағы жылдан бастап аттестаттау жылына бір рет қана
өткізілетін болады.
10
. Педагог-модератордың біліктілік санатын беру/растау
туралы
шешімді білім беру ұйымдары, сарапшыға – аудандық/қалалық білім
бөлімдері, зерттеушіге –
білім басқармалары, ал шеберге – ҚР Оқу-
ағарту министрлігінің аттестаттау комиссиялары қабылдайды.
11.
Төтенше жағдай жарияланған өңірлердегі (Абай, Ақтөбе, Ақмола,
Атырау, Батыс Қазақстан,
Қостанай, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар,
Солтүстік Қазақстан және т.б. облыстар) аттестаттау
кезеңі келіп тұрған
педагогтер үшін аттестаттаудан және тестілеуден өту мерзімдері кейінге
шегеріледі, өткізілу уақыты қосымша хабарланады.
12. Су тасқыны салдарынан үй-жайынан айырылған педагогтердің
аттестаттаудан өту мерзімі 1 жылға шегеріледі (келісімдері бойынша),
ағымдағы біліктілік санаты сақталады. Осыған орай, білім басқармалары
заңдарда қаралған тәртіппен тиісті құжаттарды жинақтап, арнайы бұйрық
дайындаулары тиіс.