Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет4/36
Дата21.07.2023
өлшемі4.76 Mb.
#475770
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Асанхан Әйгерім әдістемелік нұсқау

Әдебиеттер:
1.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Ә.Сағымбаев «Фолиант»Астана 2013
2.Халықтық көркемөнер шығармашылығы С.Қырықбаева, С.Н.Адамқұлов
Астана 2015
3.Еңбекке баулу Ш.Жиенбаева Астана 2016
4.Сурет БУалиев, Қ.Иманбекова Астана 2010
5.Еңбекке баулу оқыту әдістемесі Алматы Атамұра 2011
6 .Сәндік қолданбалы өнерді үйрету Мұнашева Алматы 2009


Тапсырма:
Түйенің бейнесін жасау.
3. Қуыршақ жасау үшін керекті негізгі материалдар мен құрал-жабдықтар

Жоспар:
1.Матадан жасалған қуыршақ түрлері.


Маталар құрылысына қарай 4 топқа бөлінеді:


1.мақта мата
2.зығыр мата
3.жүн мата
4.жібек мата
Мата талшықтардан тұрады.
Маталардың негізгі қасиеттеріне олардың талшықтарының сызықтық тығыздығы,ұзындығы,мықтылығы,созылғыштығы,иілгіштігі,жабысқақтығы,
гигиеналық қасиеттері,сыртқы ортаның әсеріне тұрақтылығы жатады.
Маталардың гигиеналық қасиеті-денсаулықты сақтауға жағдай жасайды.Ол негізінен гигроскопиялық және ауа өткізгіштік көрсеткіштерімен және де жылу сақтау қасиетімен ерекшеленеді.
Гигроскопиялылығы-талшықтардың су буын бойына сіңіру қабілеті. Талшықтардың гигроскопиялық қасиеті кондициондық және максималды ылғалдықпен бағаланады. Ылғалдық атмосфералық жағдайда құрғақ талшықтың массасымен салыстырғанда қанша процент ылғал бар екенін көрсетеді.
Ауа өткізгіштік-талшықтың ауа өткізу қабілеті.Ағзаның тіршілік әрекетінің нәтижесінде денеден көмірқышқыл газы,тер және басқа да зиянды заттар бөлініп шығады.Киім тігетін,әсіресе іш киімдік бұйымдар үшін қажет талшықтардың жақсы гигроскопиялық және ауа өткізгіштік қасиеттері болуы тиіс.Қыстық киімдерін тігуге пайдаланылатын талшықтардың жылу сақтау қабілеті жоғары болуы шарт.
Шыт- жуанды5ы орташа карда жібінен полотнолық әдіспен тоқылған мата.Шыттың басым бөлігі фонды. Алғашқы бояуға, негізгі түске баспа әдісімен өрнек салынады. Тегіс боялған шыттар да шығарылады.
Бөз-шытқа қарағанда қалың әрі ауыр мата.Бөз полотнолық айқаспамен, шыттың жібіне қарағанда жуандау када жібінен тоқылады.Тегіс боялған бөз арнайы киімдер мен төсемдік бұйымдар үшін пайдаланылады.Бөздер жылтыр, күміс түстес болуы мүмкін. Бөздің технологиялық қасиеті шытқа ұқсас.Бөз мықты,аздап созылады. Бөзді жаю, пішу,кесу ылғал-жылумен өңдеудің еш қиындығы жоқ.
Жібек мата- жібек құрты ораған жіп, сол жіптен тоқылған жылтыр мата.Көбіне бір киер киім үшін, блузкаларға қолданылыды.Табиғи жібек матасы жұқа болып келеді.
Синтетикалық мата жасанды талшықтардан алынады.
Ойыншықтың қай түрінің болмасын жасалуында өзіндік ерекшелігі барлығын байқадындар. Әрі қуыршақтардың материалдары өзгергенде олардың сипаты да түрленіп отырады. Бip қуыршаққа қолданған материалдың екінші қуыршаққа мүлде конымсыз болуы да мүмкін. Сондықтан қуыршақтың қай түpiн жасағың келсе де, пішінінің ұксас шығуына ғана емес, peттi материал арқылы оның әрқайсысының өзге ғана тән сын-сымбатының ашылуына көңіл бөлуің керек. Мысалы, «Қонжыққа» пайдаланған матаны «Тасбаканың» сауытына жарата алмайсын. Яки,ойыншығыңның әсерлі шығуы материалды дұрыс сұрыптап, орынды қолда-нуыңа қатысты екендігін ұғынған боларсың. Ойыншық пен қуыршақтың әpбip дене мүшeci, әpбip қосалқы сәндік әшекейі оның мiнез-құлқын ашуға қызмет етсін. Артық әлеміш көп ретте ойыншықтың тартымдылық әсерін жойып жібереді. Жіп қуыршақ тікелей ойнау немесе сәндік үшін жасалса, тайпақ, қуыршақтарды тұрмыстық, мақсатқа кәдеге жаратуға да болады. Мысалы, «Қоржын» зат салғышқа, «Тасбақа» ине шанышқышқа айналып кете береді. Мұның бәрі сендердің қиялдарыңның ұшқырлығына байланысты.
Енді сендерді тайпақ қуыршақ үлгісінің тағы бip түрімен таныстырмақпыз. Оны драп, фетр, киіз тәрізді иі қатты материалдардан жасағаның дұрыс. Мұндай түн тартымды материал қуыршағының сәнділік қасиетін кушейтеді
Суреттен «Қонжық» драптан жасалған. Қонжықты дайындау үшін ең алдымен қағаздан оның басы мен кеудесінің, колы мен аяғының,жағалылығы мен құлағының үлгілерін пішп ал. Сонан соң, кәдуілгі тәсілмен үлгіні драпқа салып қонжықтың жекелеген дене мүшелерін қиясың да, үлгі бойынша қиып алынған қос мата кесіндісінің тepic беттерін бipiнe-бipiн қарата беттеп, қабырға тігіспен тiгeciң. Tiгicтiк жіпке түci келетін жіптің кез келгенін қолдана бер. Үлгінің қима өpiciн қуалап бip өңкей тiгicпeн тiгiп болған соң үтіктеп қыртысын жатқыз да, жекелеген бөлшектерін сәндеуге кipic. Жиегін кестелеп, жаралырын тақ, моншақтан көз қондыр, аяқ-қолы мен құлағын бeкiт. Міне, қонжық та дап-дайын. Осы тәсілмен көңілің қалаған ойыншықты жасап ала бер.
Дегенмен, суреттегідей тасбақаны жасау қонжық даярлаудан қиындау.Тасбақаны жасауға кipicпec бұрын ұлпамен дұрыстап танысып ал. Көлемін үлгідегі мөлшерден бipep ece үлкeйтінкipeп алғаның қолайлы. Үлгінің әрбip бөлшегі екеуден болуы керек. Оларды бipiнe-бipiн тіккенде, iшкi бетінен кішкене тығыздық, салуға келетін тeciк қал-дыр. Тығыздықда мақта не поролон сал. Егер тығыздығың поролоннан болса, көлемі бipiнeн-бipi аздап кішілеу бipнеше поролон төсек жасауыңа тура келеді. Кеуделік, қолдық, аяқтық, бас тық қапшықтарды қаттылық, арқылы өзiң діттеген пішінге келтіріп ал да, тесіктерін бұрынғыша қабырға тігіспен тік. Осылайша әрбір дене мүшені даярлап алсаң, тасбақаңды сәндеуге кipice бер. Көзді моншақ қондырып, жылтыр түйме тағып немесе қатырма қағазға бояумен салып, үстіне лак жағып жасауға да болады. Қуыршақ жасағанда дайын кеңеске қатып қалудың қажет жоқ. Бiз сендерге ой салу, бағыт беру үшiн ғана айтып отырмыз. Мойнына моншақ, қолына білезік таға аласың. Басына сәукеле ки-гізіп, сәукелеге желек тартсаң да ырқың.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет