Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет5/36
Дата21.07.2023
өлшемі4.76 Mb.
#475770
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Асанхан Әйгерім әдістемелік нұсқау

Әдебиеттер:
1.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Ә.Сағымбаев «Фолиант»Астана 2013
2.Халықтық көркемөнер шығармашылығы С.Қырықбаева, С.Н.Адамқұлов
Астана 2015
3.Еңбекке баулу Ш.Жиенбаева Астана 2016
4.Сурет БУалиев, Қ.Иманбекова Астана 2010
5.Еңбекке баулу оқыту әдістемесі Алматы Атамұра 2011
6.Сәндік қолданбалы өнерді үйрету Мұнашева Алматы 2009



Тапсырма: Матадан түрлі ойыншық түрін тігу.


4.Қуыршақтың жіптен жасалатын түрлері.

Жоспар:
1.Жіптен қуыршақ жасау тәсілінің реті


Талшық деп ұзындығы көлденеңінен көп есе артық иілгіш,жіңішке әрі мықты материалды айтады.Тоқыма талшық деп иірме жіптерді,маталарды, басқа да мата материалдарын жасауға пайдаланатын талшықтарды айтады.Ұзына бойына ажырамайтын дара талшықтар қарапайым деп аталады.Ұзына бойына бірімен-бірі байланысқан қарапайым (мақта,жүн) талшықтар техникалық немесе құрама (зығыр,кендір) деп аталады.Ұзындығы ондаған,жүздеген метр болатын талшықтар жіп деп аталады.Жіптер қарапайым және құрама болып бөлінеді.Қарапайым жіп (моножіп) –ұзына бойына үзілмейтін,бөлінбейтін жалғыз,дара жіп.Құрама жіп ұзына бойына өзара байланысқан қарапайым жіптерден тұрады.
Барлық талшықтар таза (табиғи)және химиялық болып үлкен екі топқа бөлінеді.Табиғатта кездесетін талшықтарды табиғи деп, ал зауытта өндіріліп алынатындарды химиялық дейді.Өсімдік тектес (целлюлоза-мақта,зығыр, кендір),мал тектес (жүн, таза жібек) және минерал тектестер (асбест) табиғи талшықтарға жатады.
Ойыншыктын ең оңай жасауға болатын үлгісінің бірі — жіп қуыршақ. Оған жіптің барлық түрін пайдалануға болады. Қолайлысы жүннен иірілген арқаулық, түрлік жіптер мен мақта жіптер. Жіп қуыршақтың тұтас тұркы шағын болғаны дұрыс. мысалы, 10 см. Жасау тәсілін толық меңгерген соң, көлемін кішірейтіп,үлкейту қиын емес. Керекті зат-тарыңды жинақтап алған болсаң, кәне, жасап көрелік.
Қолыңа ені 10 см қатырма қағаз қиып ал да, оны жуандау жіппен ора. Оны келептеу дейді. Орам саны артқан сайын келептің көлемі қалыңдан түсетіні белгілі. Келептің көлемі бармақ мөлшеріне келгенде,бел ортасынан қайшымен қида. 12-суреттегідей етіп бүкте. Сонан сон. келептелген қиындыны жоғарғы бүкпеден сәл төменірек жерден басқа түсті жіппен күрмеп байла. Байлаған соң келептің жоғарғы жағы дөнгеленіп шыға келеді, бүл — қуыршақ басы.
Онан соң шашақтын қос бүйірінен қуыр-шақтың басымен мөлшерлегенде оның қолының жуандығының шамасындай жіпті бөліп аласың да, жалпы келеп ұзындығының орта тұсынан қиясын. Сөйтесін де, киылған ұштан сәл жоғарылау түйін байлайсың. Бұл, әрине, қол. Мұндай тәсіл де бар. Ол үшін әуелгіден бөтен түсті жіптен бұрынғыдан жіңішкелеу әрі қысқалау келеп жасаймыз да, әдепкі келептің үстінен 13-суреттегідей ретпен, мойыннан айқастыра келіп белден байлайсың. Сосын, төгілме етектің сыртқы жібінен ішкі жібін тең бөліп. сырткы жіптерді тізеліктің үстінен кесесің. Енді қайшыға ілікпеген ішкі жіптерді екіге тең етіп топтап, тобық тұсынан бусаң, бұрынғы жай шашақ белдемше киген шалбарлы қызға айналып шыға келеді.
Шалбар балағын тобық тұсынан бусаң, туфлилі қызға айналады. Қуыршаққа тұлым немесе қос не үш таспалы шаш өрімін шығару үшін тағы да кара түсті жіп келеп-теу керек. Келепті қалай тұлымға, қалай шаш өріміне
айналдыру тәсілін 11 -ші және 13-інші суреттерге қарасаң түсінесің. Ал, сол 11-суретте күрмеп, ілмелеп байлау тәсілдерін және қазықбау шалуды көрсетіп отырмыз Жіп қуыршағыңды сәндей түсу үшін оған кәдімгідей,бет-әлпет жасауыңа болады. Олай еткің келсе, қуыршақтың бетінің көлеміне сәйкес қағазды. дөңгелентіп ойып аласың да оған көз, мұрын, қас, қабақ, ауыздың суретін саласың да, ретті орнына желімдей қоясың. Мұны азырқансаң, қуыршағыңды үлде мен бүлдеге орау өз еркің.
Әсемдеу қолдағы,бар материалдың мүмкіндігіне байланысты. Егер қуыршағыңның қарапайым болғанын қаласаң, сулы бояулармен (акварель, гуашь) үстіне сурет салуға келетін матадан алжапқыш жасасаң жаман көрінбейді. Алжапқышқа салатын өрнегің көрнекті шығу үшін шым-шытырық шытырман ою үлгісіне әуес болудың қажеті шамалы. Алайда, ойыңа келген өрнекті сала салмай, мүмкіндігінше, атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүрлі ою үлгілеріне тоқтағаның жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет