7.Шар пішінді жіп қуыршақ.
Жоспар:
1.Жіптен шар пішіндес дөңгелек жасау тәсілінің реті.
Талшық деп ұзындығы көлденеңінен көп есе артық иілгіш,жіңішке әрі мықты материалды айтады.Тоқыма талшық деп иірме жіптерді,маталарды, басқа да мата материалдарын жасауға пайдаланатын талшықтарды айтады.Ұзына бойына ажырамайтын дара талшықтар қарапайым деп аталады.Ұзына бойына бірімен-бірі байланысқан қарапайым (мақта,жүн) талшықтар техникалық немесе құрама (зығыр,кендір) деп аталады.Ұзындығы ондаған,жүздеген метр болатын талшықтар жіп деп аталады.Жіптер қарапайым және құрама болып бөлінеді.Қарапайым жіп (моножіп) –ұзына бойына үзілмейтін,бөлінбейтін жалғыз,дара жіп.Құрама жіп ұзына бойына өзара байланысқан қарапайым жіптерден тұрады.
Барлық талшықтар таза (табиғи)және химиялық болып үлкен екі топқа бөлінеді.Табиғатта кездесетін талшықтарды табиғи деп, ал зауытта өндіріліп алынатындарды химиялық дейді.Өсімдік тектес (целлюлоза-мақта,зығыр, кендір),мал тектес (жүн, таза жібек) және минерал тектестер (асбест) табиғи талшықтарға жатады.
Маталардың негізгі қасиеттеріне олардың талшықтарының сызықтық тығыздығы,ұзындығы,мықтылығы,созылғыштығы,иілгіштігі,жабысқақтығы,
гигиеналық қасиеттері,сыртқы ортаның әсеріне тұрақтылығы жатады.
Шар пішінді жіп суыртпағы қуыршақтың кеудесін, басын дайындау қажет. Қиялың ұшқыр болса, жіп шардың өзін тікелей қуыршаққа айналдырып жібересің.
Яки, оған шамалы өзгеріс ендірсең қауын, қарбыз, алма, доп, қозы,балық, балык, кірпі, қоян, балапан болып шыға келеді.
Ол үшін жіптің кажетті түстерінің үйлесімді реңін және оның қосымша сәнділік құлпырымын табуды алдын ала ойластырғаның жөн.
Қане, жіп шардан жасалатын қуыршақтың қарапайым түрін жасап көрелік. Қолайлысы, сурет бойыншы үлгі болар. Суреттен қып-қызыл алманы көріп отырсыңдар. Оны жасау үшін екі түсті жіп керек. Бірі - қызыл, екіншісі -сары. Қағаздан жасалған дөңгелек қос шығыршықтың біреуін қызыл,енді біреуін сары жіппен ораймыз. Ал онан арғы тәсілдің бәрі жіптен шар жасау әдісінен еш айырмасы жоқ. Нәтижесінде бір бүйірі қызара бөртіп піскен алма болады да шыға келеді.
Балық жасау алма жасаудан қиындау. Себебі ол жіп шардан өзге бірнеше
Косалқы бөлшектер жасауды кажет етеді. Балықтың қаңатын, құйрығын ашық түсті бояумен боялған қағаздан алдын ала жасап алу керек те, сонан соң барып оны шар пішінді жіп негізге желімдеу кажет. Сонда бұл кәдімгі балық боп шығады. Қуыршақтың тартымды көрінуі үшін қосалқы бөлшектерді матадан қиюға да болады. Ал егер оны суреттегі «Алтын балыққа» айналдырғың келсе, шығыршықтың өн бойына негізгі рең беретін түсті сары жіптен төгу керек те, әрі оның дене мүшелерінің түрін де жалқын түске орайластырған дұрыс. Онан кейін көзіне моншақ қондырып, мұрты мен кірпігіне жез сым тағып жіберсең, кәдімгі алтын балық болып шыға келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |