Тапсырма:
Қатырма қағаздан ойыншықтар желімдеп жасау.
Әдебиеттер:
1.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Ә.Сағымбаев «Фолиант»Астана 2013
2.Халықтық көркемөнер шығармашылығы С.Қырықбаева, С.Н.Адамқұлов
Астана 2015
3.Еңбекке баулу Ш.Жиенбаева Астана 2016
4.Сурет БУалиев, Қ.Иманбекова Астана 2010
5.Еңбекке баулу оқыту әдістемесі Алматы Атамұра 2011
6.Сәндік қолданбалы өнерді үйрету Мұнашева Алматы 2009
15.Ермексазбен ойыншықтар жасау.
Жоспар:
1.«Тасбақа», «Қоңыр аю» бейнесін жасау.
Ермексаздың пластилинің иілімділік мүмкіндігі аз. Ол алдын ала қыздыруды қажет етеді, сонымен бір мезгілде қатты қыздырылған ол өзінің созылымдылығын жоғалтады, қолға жабысып, жағымсыз тері сезу түйсіктерін туғызады. Мектепке дейінгі балалар пластилинмен негізінен топ сабақтарынан тыс кезде жұмыс істейді.
Саздан, тастан, сүйектен, мүйізден мүсін жасау палеолит және неолит дәуірінде пайда болды. Жасалу әдісі өте қарапайым болғанымен, ежелгі мүсіндер алғашқы қоғам адамдарының еңбегін, наным-сенімін көрсетеді, әрі олардың байқампаздық қабілетін аңғартады. Кейнгі неолит және энолит дәуірінде керамикалық мүсіншілер, қола және онан бергі дәуірлерде тас мүсіндер (кемптртас, балбал, вишаптар), қола, күміс, алтыннан жасалған мүсіндік туындылар пайда болды.
Қазақ жерінен табылған керамикалық мүсіншілер палеолит және эномит дәуіріне дами бастаған мүсін өнері б.з.б. ғ.э. мен б.з. б.э. аралығындағы байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері кезінде едәіур жетістіктерге жетті. Осы кезеңде ағаш ұқсату, сүйек ұқсату, бедерлеу өнері, көркем құйма, қақтау, жұмырлау кең етек алды. Діни сана-сенімге, фантастикалық құрылымдағы мүсіндік бейнелер осы жанрдың қазақ топырағындағы дамулы кезеңін көрсетеді. 6-7 ғасырдағы байырғы түрік өнері тұсында өнердің басқа түрлерімен қатар тас безеу өнері дамыды. Тас мүсіндер тарихта болған адамдарды еске түсіру үшін жасалған жеке кісінің бейнесі ретінде қашалды. Мүсін өнерінің бұл түрі түркі қағандығы мен қанат жасайды. Мүсін тастардың ішінде киелі саналған аңдардың, ата-баба және аруақтардың мүсіндерімен бірге реалистік тұрғыда жасалған қыз-келіншектердің мүсіндік портреттері де кезігеді. Ұлы Октябрь революциясынан кейін Қазақстанда төл профессионал мүсіншілер өсіп жетілді. Х.С. Наурызбаев Абай, Шоқан, Амангелді, Жамбыл мүсіндерін жасады. Кейінгі жылдары жас мүсіншілер Т. Досмағамбетов, Б. Төлеков, Е. Молданиязов, В. Рахманов, С. Мергенов осы салада еңбек етуде.
«Қонжық» драптан жасалған. Қонжықты дайындау үшін ең алдымен қағаздан оның басы мен кеудесінің, колы мен аяғының,жағалылығы мен құлағының үлгілерін пішп ал. Сонан соң, кәдуілгі тәсілмен үлгіні драпқа салып қонжықтың жекелеген дене мүшелерін қиясың да, үлгі бойынша қиып алынған қос мата кесіндісінің тepic беттерін бipiнe-бipiн қарата беттеп, қабырға тігіспен тiгeciң. Tiгicтiк жіпке түci келетін жіптің кез келгенін қолдана бер. Үлгінің қима өpiciн қуалап бip өңкей тiгicпeн тiгiп болған соң үтіктеп қыртысын жатқыз да, жекелеген бөлшектерін сәндеуге кipic. Жиегін кестелеп, жаралырын тақ, моншақтан көз қондыр, аяқ-қолы мен құлағын бeкiт. Міне, қонжық та дап-дайын. Осы тәсілмен көңілің қалаған ойыншықты жасап ала бер.
Дегенмен, тасбақаны жасау қонжық даярлаудан қиындау.Тасбақаны жасауға кipicпec бұрын дайындау үлпамен дұрыстап танысып ал. Көлемін үлгідегі мөлшерден бipep ece үлкeйтінкipeп алғаның қолайлы. Үлгінің әрбip бөлшегі екеуден болуы керек. Оларды бipiнe-бipiн тіккенде, iшкi бетінен кішкене тығыздық, салуға келетін тeciк қал-дыр. Тығыздықда мақта не поролон сал. Егер тығыздығың поролоннан болса, көлемі бipiнeн-бipi аздап кішілеу бipнеше поролон төсек жасауыңа тура келеді. Кеуделік, қолдық, аяқтық, бас тық қапшықтарды қаттылық, арқылы өзiң діттеген пішінге келтіріп ал да, тесіктерін бұрынғыша қабырға тігіспен тік. Осылайша әрбір дене мүшені даярлап алсаң, тасбақаңды сәндеуге кipice бер. Көзді моншақ қондырып, жылтыр түйме тағып немесе қатырма қағазға бояумен салып, үстіне лак жағып жасауға да болады. Қуыршақ жасағанда дайын кеңеске қатып қалудың қажет жоқ. Бiз сендерге ой салу, бағыт беру үшiн ғана айтып отырмыз. Мойнына моншақ, қолына білезік таға аласың. Басына сәукеле кигізіп, сәукелеге желек тартсаң да ырқың.
Достарыңызбен бөлісу: |