Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы


Сазбалшықтан жасалатын ойыншық түрі



бет10/36
Дата21.07.2023
өлшемі4.76 Mb.
#475770
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36
Асанхан Әйгерім әдістемелік нұсқау

9.Сазбалшықтан жасалатын ойыншық түрі.

Жоспар:
1.Саздан тұрпатталған жан-жануарлардың бейнесін жасау


Көкөніс пен жемістерді бір-бірімен салыстыра отырып, олардың үлкендігін, көлемін және түстерін біледі.


Енді тақтадағы ілініп тұрған көкөністер мен жеміс-жидектердің суреттеріне қарап мүсіндеуге кіріседі. Сәбізді мүсіндегенде оның түсін, үлкендігін, оның қалай өсетіндігін оқушылар жақсы түсінеді.
Енді сәбіз бен алманы, өрікті салыстырып үлкендіктеріне қарап мүсіндейді. Алма үлкен шар болса, өрікті кішкентай шар сияқты етіп мүсіндеп, олардың ерекше бөлшектерін жасап, жұмыстарын бітіреді.
Оқушылар мүсіндеу жұмыстарында тазалық-гигиеналық талаптарды бұлжытпай орындауға дағдыланады, материалдарды үнемдеп қолданып, артық бөлшектерін қорапқа салады. Сабақ қорытылып, көкөніс пен жеміс деген не екенін, олар қайда өсетінін оқушылар жақсы түсінеді.
Сабақ соңында олар тек көкөніс пен жемістерді біліп қоймай, өздері оларды сазбалшық пен ермек саздан жасап үйренеді.
Байқағанымыздай, берілген бағдарлама басқа пәндерге арналып жасалған бағдарламалар сияқты, бірізділік, жүйелілік принциптерінің негізінде, балалардың жас ерекшелік қасиеттерін есепке ала отырып жасалған.
Кез-келген еңбектің түріне арналған қауіпсіздік және гигиеналық ережелер болады. Оларды сақтау міндетті. Себебі, берілген ережелер сақталмаған жағдайда адамның өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан, балаларды қауіпсіздік және гигиеналық ережелерді сақтауға кңшкентайынан бастап дағдыландыру керек.
Біз кез-келген сабақтың әдістемесінен білеміз оқушыға білім беруде көрнекі құралдардың маңызы зор. Бұл орайда еңбек сабағы да тыс қалмаған. Сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың көмегімен оқушылардың зейіні қалыптасады, қызығушылығы артады, берілген бұйымның құрылысын көзбен көреді, осыдан келіп оқушының дүниетанымы, эстетикалық талғамы, шығармашылығы дамиды.
Біріншісі- түрлі түсті қағаздан жасалған қалпақ, стақан және ойыншықтар және оларды ою-өрнектермен әшекейлеу. Екіншісі -сазбалшықтан жеміс-жидектерді мүсіндеу болатын. Осы сабақ жоспарларында еңбек сабағын жүргізудің нақты әдіс-тәсілдері көрсетілген.
Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты қасиеттерін түсінуге, сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы балалардың қызығушылығын оятук, сабақта әр түрлі бұйымдар жасата отырып, оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілетін, идеясын дамыта алу міндеті тұр.
Әдебиеттер:
1.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Ә.Сағымбаев «Фолиант»Астана 2013
2.Халықтық көркемөнер шығармашылығы С.Қырықбаева, С.Н.Адамқұлов
Астана 2015
3.Еңбекке баулу Ш.Жиенбаева Астана 2016
4.Сурет БУалиев, Қ.Иманбекова Астана 2010
5.Еңбекке баулу оқыту әдістемесі Алматы Атамұра 2011
6.Сәндік қолданбалы өнерді үйрету Мұнашева Алматы 2009




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет