Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет1/36
Дата21.07.2023
өлшемі4.76 Mb.
#475770
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Асанхан Әйгерім әдістемелік нұсқау


Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Шымкент қаласының білім басқармасы
«Отырар» колледжі
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығына арналған


«Ойыншық дайындау, сурет салу және мүсіндеу» пәнінен


Әдістемелік нұсқаулық

Шымкент 2022




«Отырар» колледжі әдістемелік кеңес отырысының № ____ «_____» _____2022 жылғы шешімімен бекітілген.
Әдістемелік кеңес төрағасы __________ Рыскулова С. А
«Педагогика және психология» пәндер бірлестігінде талқыланып, әдістемелік кеңеске ұсынылды. Оқыту бағдарламасы «Ойыншық дайындау,сурет салу және мүсіндеу»
пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде дайындалды.
Хаттама № _____ «_____» _______ 2022 ж.
ПЦК төрағасы: __________ Бердикулова А
Құрастырған: ____________ Әбзел Л. Т.
____________ Асанхан А.
«Ойыншық дайындау, сурет салу және мүсіндеу» пәні бойынша

Кіріспе

Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқау «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы студенттеріне арналған. «Ойыншық дайындау,сурет салу,мүсіндеу» пәні бойынша оқу жоспары мен оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес құрастырылған.


Онда мектеп жасына дейінгі балаларды ойыншық дайындау,сурет салу, мүсіндеудің алуан түрлі іс-әрекетіне үйрету және оған басшылық жасаудың негізгі әдістері мен тәсілдері қарастырылып,үйретудің міндеттері мен мазмұнын таныстыруды көздейді.
Студенттің мәдени деңгейін арттыру,оның ой-өрісін кеңейту үшін пәнді оқып үйренудің үлкен маңызы бар.

- пәнді меңгеру студентке мектеп жасына дейінгі балармен жұмыс жүргізу әдістемесін


терең игеруге көмектеседі
-студенттің әрбір өнердің әсерлі құралдарының ерекшеліктерін білуі балаға түсініксіз
мәселені анықтауға көмектеседі
-баланың жеке ерекшелігін білу сурет салу, мүсін жасауға үйрету жұмыстарын жүргізуді
дұрыс құруға негіз болады
-пәнді оқып үйренуде жеке бастың мақсаттылық,табандылық, еңбек сүйгіштік қасиеттері
қалыптасады

Әдістемелік кешеннің басты мақсаты- түрлі материалдармен жұмыс істеуде шеберлік пен дағдыларды меңгерту.Осы пәнді оқып үйрену балабақшада мектепке дейінгі тәрбие жұмыстарын ойдағыдай жүргізуге көмектеседі.


Курс ойлауды жандандырып, балалар творчествосының алуан түрлі көріністерін бақылап, түсіндіруге, балалар дамуындағы заңдылықтарды белгілеуге және осының негізінде тәрбиелеу мен үйретудің әдістері мен тәсілдерін оджан әрі жақсарту үшін қорытынды шығаруға үйретеді.
Оқу-әдістемелік кешен «Ойыншық дайындау, сурет салу және мүсіндеу» курс бағдарламасына негізделіп әзірленген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет