10.Табиғи материалдардан ойыншық жасау.
Жоспар:
1.Сабаннан ойыншық жасау.
Табиғи материал түрлерімен таныстыру және онымен жұмыс істеп, қолды жаттықтыру жұмыстары олардың еңбекке деген ынтасын,қызығушылығын арттырады.Оқушыларға ұсынылатын материалды көру,тану, пайымдау, қажетті деп санау,шешім қабылдау,бөлшектерді құрастыра білу сияқты тапсырмалар олардың табиғи дамуына ықпал жасайтын тәрбие көзі екендігі белгілі.Сондықтан мұғалім оқушылардың ойыншық дайындаудағы алғашқы қадамын табиғи материал түрлерін өңдеу технологиясын танып білуінен бастайды.Мысалы,шағын ғана табиғи материалды көріп,сабақта пішін жасауға ыңғайлы екен деп,сыныпқа әкелгенінің өзі бағдармалық жүйеге енгізу оқушыларджың техникалық және көркем құрастыру қабілеттілігін арттыра түседі.Ал мұғалім оқушының таңдаған материалын, одан қандай бұйым құрастырғысы келетінін анықтап, жұмысты орындау кезінде оқушы әрекектін ыждағаттылықпен қадағалауы тиіс.
Оқушыларды табиғи материалмен таныстыру әдістемесінде ең алдымен жергілікті жердегі бала назарына көп түсетін ағаш немесе өсімдік түрлерінен алынатын материалдар туралы оқушы танымының өсе бастағанын,зеректігін, байқағыштығын, еңбекке деген ынтасы мен ықыласының бар екендігін,еңбектенуге бейімделе бастағанын көрсетеді.Сондықтан табиғи материалдан пішіндер құрастыру,композициялық жұмыстарды құрастыруды сабақтағы тәрбие процесіне, теориялық түсініктемелер беріледі.Оларға жинаған табиғи материалдарды тазалап,шағын пішіндерді құрастырып үйренеді.Оқушылармен жүргізілетін жұмыс кезінде сұхбатта табиғатты қорғау,материалды тиімді пайдалану және оны сақтай білу,экология тақырыбында әңгіме қозғауға боладытабиғи материал түрлерімен таныстыру және онымен жұмыс істеп, қолды жаттықтыру жұмыстары олардың еңбекке деген ынтасын,қызығушылығын арттырады.Оқушыларға ұсынылатын материалды көру,тану, пайымдау, қажетті деп санау,шешім қабылдау,бөлшектерді құрастыра білу сияқты тапсырмалар олардың табиғи дамуына ықпал жасайтын тәрбие көзі екендігі белгілі.Сондықтан мұғалім оқушылардың ойыншық дайындаудағы алғашқы қадамын табиғи материал түрлерін өңдеу технологиясын танып білуінен бастайды.Мысалы,шағын ғана табиғи материалды көріп,сабақта пішін жасауға ыңғайлы екен деп,сыныпқа әкелгенінің өзі бағдармалық жүйеге енгізу оқушыларджың техникалық және көркем құрастыру қабілеттілігін арттыра түседі.Ал мұғалім оқушының таңдаған материалын, одан қандай бұйым құрастырғысы келетінін анықтап, жұмысты орындау кезінде оқушы әрекектін ыждағаттылықпен қадағалауы тиіс.
Оқушыларды табиғи материалмен таныстыру әдістемесінде ең алдымен жергілікті жердегі бала назарына көп түсетін ағаш немесе өсімдік түрлерінен алынатын материалдар туралы оқушы танымының өсе бастағанын,зеректігін, байқағыштығын, еңбекке деген ынтасы мен ықыласының бар екендігін,еңбектенуге бейімделе бастағанын көрсетеді.Сондықтан табиғи материалдан пішіндер құрастыру,композициялық жұмыстарды құрастыруды сабақтағы тәрбие процесіне, теориялық түсініктемелер беріледі.Оларға жинаған табиғи материалдарды тазалап,шағын пішіндерді құрастырып үйренеді.Оқушылармен жүргізілетін жұмыс кезінде сұхбатта табиғатты қорғау,материалды тиімді пайдалану және оны сақтай білу,экология тақырыбында әңгіме қозғауға болады.
Табиғи материалдардың көптеген түpi бар: ағаштың қабығы,6ұталары, кептірілген жапырақтары, кептірілген гүл,жаңғақтың сырты допырақ т.б.
Панно қоғaмдық ,мәдени орындары үшін , көркемдеу үшін жасалған өнер туындысы.
Оқушыларға жыл мезгілдері туралы,оның ішінде күз туралы толығырақ мағлұмат беріп,күз айларында болатын табиғаттағы өзгерістерді байқауға баулу керек. Дәнді дақылдарды жинап алып,оларды іске асырудың тәсілдері мен амалдарын түсіндіру қажет.Содан соң панно қалай жасалатынын,ол үшін панноға қажетті материалдардың болуын ұғындырған жөн. Мұғалім композицицянының суретін қатты қағазға салдырады. Панноны табиғи материалдан жасау үшін ең алдымен материалдарды іріктеп дайындап алады.Осыдан кейін оқушылар өз ойлары мен талғамдарына ерік беріп табиғи материалдармен безендіруді бастайды. Панноны оқулықта көрсетілген материалдардан ғана емес басқа да қосымша материалмен көркемдеуге болады. Ең бастысы,панно тартымды, әрі қызықты болуы керек.Панно жасау үшін материал ретінде –жұмыртқа қабығын пайдалануға болады.Жұмыртқаның түсі ақ,қоңыр болып келеді.Ал оның қабығының қолданбалы қолөнерге пайдасы көп.Ол үшін жұмыртқа қабықтарын жуып,тазалап,кептіреді. Кепкеннен кейін оларды акварель бояуымен түрлі-түсті бояуға бояйды.Бояуы кепкеннен кейін жұмыртқа қабықтарын кескішпен ұсақтап бөледі.Осылайша жұмыртқа қабығынан ерекше әсем панно жасауға болады.
Бүгінгі сабақта табиғи материалмен, яғни сазбен панно жасаймыз.
Панно жапсырмалау техникасы арқылы орындалады. Ол үшін сендерге сабан, қатырма қағаз, желім ПВА,жұқа калька қағазы, қылқалам, сызғыш қажет болады. Егер де paмaғa салынатын панно керек болса, 30x50 өлшемді рамасы, қара шыт мата,әйнек және лак қажет болады.
Панносы орындау үшін aлғaшындa паннода көрсетілген мазмұнды сурет бейнесін, калька қaғaзғa салып алады. Ал сабанды ыстық cyғa салып, булап, оны eкіге жарып,үтіктепг калька қағазына желiмдейді .Желiм жақсы кепкен соң, калька қағазына желімдеген сабан салынып сызық бойынша қиып алынады.
Қатырма қатты қағаздың бетіне қара матаны 30x50 см етіп өлшемдерді тарттырып желімдейді. Дайын болған панноның бетіне лак жағып, әуелі кептіреміз, содан кейін бетін әйнекпен, paмaғa салып артына шеге ілетін ілмек жасалынады.
Достарыңызбен бөлісу: |