Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет6/36
Дата21.07.2023
өлшемі4.76 Mb.
#475770
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Асанхан Әйгерім әдістемелік нұсқау

Әдебиеттер:
1.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Ә.Сағымбаев «Фолиант»Астана 2013
2.Халықтық көркемөнер шығармашылығы С.Қырықбаева, С.Н.Адамқұлов
Астана 2015
3.Еңбекке баулу Ш.Жиенбаева Астана 2016
4.Сурет БУалиев, Қ.Иманбекова Астана 2010
5.Еңбекке баулу оқыту әдістемесі Алматы Атамұра 2011
6.Сәндік қолданбалы өнерді үйрету Мұнашева Алматы 2009






5.Жұмыр қуыршақ.

Жоспар:
1.Түлкінің жасалу жолдары.


Маталардың негізгі қасиеттеріне олардың талшықтарының сызықтық тығыздығы,ұзындығы,мықтылығы,созылғыштығы,иілгіштігі,жабысқақтығы,
гигиеналық қасиеттері,сыртқы ортаның әсеріне тұрақтылығы жатады.
Маталардың гигиеналық қасиеті-денсаулықты сақтауға жағдай жасайды.Ол негізінен гигроскопиялық және ауа өткізгіштік көрсеткіштерімен және де жылу сақтау қасиетімен ерекшеленеді
Жартылай барқыт және барқыт матасының беті түгел түкті (түгі қысқа).Түгінің биіктігі 1-2 мм.Түкті маталар тобына:барқыт, шибарқыт, жартылай барқыт,велюр жатады.Бұларды тоқығанда негіз бойынша өте мықты иірілген жіпті қолданады.Ал шибарқыттың түгі жолақ болып,матаның бойымен кетеді.
Дүрия-жылтыр,синтетикалық және вискоздық жіптерден ірі өрнекті және майда өрнекті айқаспамен тоқылған қатты мата.Арқаулық жүйеге салынған метал жіптер(алтын, күміс түстес) матаның бетіне шығып тұрады. Сәнді киімдер тігу үшін пайдаланылады.
Бұрынғы ойыншықтардан қуыршақтың бұл түрінің жасалу тәсіліінің күрделігін осы беттердегі үлгілерден байқап отырған боларсыңдар. Бәpi шетінен жұп-жұмыр, бау тағып жатудың қажеті жоқ, кез келгені өз аяғымен өзі тұрады,қолданылған материалдары да бай, тіпті, кейбірінің iшінде бepіктік үшін сымнан жасалған cүйeгi — тұғыры бар. Алайда, атамыз қазақ мұндайда: «Көз қорқақ, қол батыр» дейді ғой.Жұмыр қуыршақтың қарапайымдау үлгісінің бipi — «Түлкіні» жасап көрелік.
Суреттен көpiп отырсыңдар,«Түлкінің» дене құрылысы айтарлықтай қиын емес. Он­ың тұтас тұрқы кеуделік, бас, ұлтан, қол, құйрық, жаға, көз, қас, ауыз, құлақ дегендей он шақты бөлшектен ғана құралады. Мұндай ойыншық жасау үшін пүліш, барқыт тәрізді түктi маталар ыңғайлы. Ішінара тepiнi де қолдануға болады. Кepeктi материалдарды жинақтап алған соң, алдын ала дайындаған үлгіні материалдың теріс бетіне салып, үлгіден 0,5 cм-дей жерді тiгicкe қалдырып пішесін.
Бас, кеуделік, қол, құйрық үшін дайындалатын қималар осы тәсілмен жүзеге аса-ды. Сонан соң қатырма қағаздан ұлтанын әзірлейсің. Онан кейін үлгі iзiн қуалай тiгiп шығып, үтіктеп, матаны оңына қарай аударасың да, қуыс қалған ортасын мақтамен тығыздап бітейсің. Мұнан кeйiн дене мүшелерін орын-орынымен бip-бipiнe тiгiп жалғауың керек. Ең соңында түбіне ұлтандық қаттылықты салып бeкiтiп, қуыршақтың етегін қуалай тiгiп тастайсың.
Түлкінің көзін тоқып та, не болмаса, қара түcтi былғарыдан кeciп алып желімдеп те жасауыңа болады.


Әдебиеттер:
1.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Ә.Сағымбаев «Фолиант»Астана 2013
2.Халықтық көркемөнер шығармашылығы С.Қырықбаева, С.Н.Адамқұлов
Астана 2015
3.Еңбекке баулу Ш.Жиенбаева Астана 2016
4.Сурет БУалиев, Қ.Иманбекова Астана 2010
5.Еңбекке баулу оқыту әдістемесі Алматы Атамұра 2011
6.Сәндік қолданбалы өнерді үйрету Мұнашева Алматы 2009




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет