Қазақстан Республикасының Президентінің Н



бет5/38
Дата17.11.2022
өлшемі5.31 Mb.
#465107
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
357843 (1)

Айналмалы бұрғылау. Айналмалы бұрғылау кезінде жынысты бұзу бір уақытта бірлескен түрде қашауға жүктелу мен айналдыру моментінің әсер етуімен жүреді. Қашаудың жүктелуінің әсер етуінің әсерінен қашау жынысқа енеді, ал айналдыру моментінің әсерімен оны майдалап жонады.
Бұрғылаудың екі әдісі бар - роторлық және түптік қозғалтқыштарды пайдаланумен (турбобур және электробур).
Роторлық бұрғылау кезінде (2 сурет) қуат қозғалтқыштардан 11 шығырарқылы мұнара ортасында 19 ұңғыма сағасының үстіне орнатылған роторға 4 — айналдыру механизміне беріледі. Ротор қашауы 1 бар бұрғылау бағанын айналдырады. Бұрғылау бағанасы жетектік құбырдан 5 және ауыстырғыш 3 арқылы оған бекітілген бұрғылау құбырларынан 2 тұрады.
Түптік қозғалтқышпен бұрғылау кезінде қашау 1 білікке бекітілген, ал бұрғылау бағанасы қозғалтқыштың 18 қаңқасына. Қозғалтқыштың жұмысы кезінде оның білігі және қашау айналады, ал бұрғылау бағанасы, шарт бойынша, ротормен айналмайды.
Сәйкесінше, роторлық бұрғылау кезінде қашаудың жынысқа енуі айналмалы бұрғылау бағанасының ұңғымасының осінің айналасында жүруі кезінде жүреді, ал түптік қозғалтқышпен бұрғылау кезінде - айналмайтын бұрғылау бағанасы.
Айналмалы бұрғылаудың сипаттық ерекшелігі - ұңғыманы сумен немесе қашаудың түпте жұмыс істеу уақытында арнайы дайындалған сұйықпен шаю. Ол үшін қозғалтқыштардан жұмысқа келтірілетін екі бұрғылау сорабының 12 көмегімен (бір немесе үштен жиі) шаю сұйығы мұнараның 19 оң бұрышында орнатылған құбырөткізгішке 16 тұрақ құбырға айдалады, кейіннен иілмелі бұрғылау шлангына 17, ұршыққа 6 және бұрғылау бағанасына барады. Қашауға жетіп, шаю сұйығы онда бар саңылау арқылы өтіп, сақиналық кеңістік арқылы ұңғыма қыбырғасы мен бұрғылау бағанасы арқылы бетке көтеріледі. Бұл жерде науаларда 15 және тазалау механизмдерінде (суретте көрсетілмеген) шаю сұйығы бұрғыланған жыныстан тазаланады, кейіннен бұрғылау сораптарының қабылдау ыдыстарына 14 түседі де, қайтадан ұңғымаға айдалады.
Кронблоктан, тәлдік жүйеден 8, ілмектен 9 тұратын полиспасталық жүйеге ілінген бұрғылау бағанасының ұңғымасының тереңдетілу мөлшеріне қарай ұңғымаға беріледі.
Жетектік құбыр 5 роторға 4 кіргеннен кейін барлық ұзындық бойынша шығырды қосады, бұрғылау бағанасын жетектік құбырдың ұзындығына көтереді және бұрғылау бағанасын элеватордың немесе ротордың үстеліндегі сынаның көмегімен іледі. Кейіннен жетектік құбырды 5 ұршықпен 6 бірге бұрап алып, ұзындығы жетектік құбырдың ұзындығымен бірдей болатын аз ғана иілген ұңғымаға алдын ала орнатылған шегендеу бағанасына түсіреді. Бұл ұңғыма ортадан оның аяғына дейінгі қашықтықта мұнараның оң жақ бұрышында бұрғыланады.

1 — қашау; 2 — бұрғылау құбырлары; 3 — өткізгіш; 4— ротор; 5жетектік құбыр; 6 — ұршық; 7 — ілгек; 8 — тәлдік блок; 9 — тәлдік арқан; 10 — шығыр; 11 — шығыр мен ротор қозғалтқышы; 12 — бұрғылау сорабы; 13 — сорап қозғалтқышы; 14 — қабылдау ыдысы; 15 — науа; 16 — айдау құбырөткізгіші; 17 — бұрғылау шлангы; 18 — түптік қозғалтқыш (роторлық бұрғылауда пайдаланылмайды); 19 —мұнара; 20 — шегендеу құбырлары; 21 — шегендеу құбырларының айналасындағы цемент қабуы; 22 — шахталық бағыт


Сурет 2 - Электробұрғының көмегімен, турбиналық және роторлық әдіспен ұңғыманы бұрғылау үшін орнату






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет