Ұңғыманы бұрғылаудың негізгі тәсілдері
Ұңғымаларды бұрғылау әдістері тау жынысына әсер ету сипатына қарай топтастырылады: механикалық, термиялық, физико-химиялық, электрлік, т.с.с. Бірақ кәсіптік қолданыста тек тау жынысының механикалық бұзылуын қамтамасыз ететін бұрғылау әдістері пайдаланылады. Басқа бұрғылау әдістері зерттемелік өңдеудің деңгейінен шыққан жоқ.
Тау жынысына механикалық әсер етумен байланысты ұңғымаларды бұрғылау әдісі адамның күшін (қолмен бұрғылау) пайдаланумен, немесе қозғалтқыштарды (механикалық бұрғылау) пайдаланумен іске асырылады.
Қолмен бұрғылауды негізінде инженерлі-геологиялық зерттеулердежәне аз ғана тереңдікте (20-30м-ге дейін) үлкен емес диаметрде (100-200мм) ұңғымаларды бұрғылаған кезде соменқамтамасыз ету мәселесін шешкен кезде пайдаланады.
Қозғалтқыштардың энергиясын пайдаланумен механикалық бұрғылаудың екі түрі кең тараған – соққылық және айналмалы.
Соққылық бұрғылау. Соққылық бұрғылаудың әртүрлі түрлерінен тек қана соққылық-арқанды пайдаланылады (1-ші сурет).
Бұрғылау құрылғысы қашаудан 1, соққлық шлангадан 2 және арқандық құлыптан 3 тұрады. Ол мачтаның 12 блогы арқылы лақтырылатын арқанға 4 ілінеді, реттегіштің 6 керу ролигі 7, қосымша ролик 8. Арқан бұрғылау қондырғысының барабанына 11 толтырады. Шестернялар 10 айналған кезде шатун 9 қайтымды-түсу әрекетін жасап көтеріліп, реттеу рамасын 6 түсіреді. Раманы түсірген кезде керу ролигі 10 арқанды кереді және оқпан үстіндегі бұрғылау құрылғысын көтереді. Раманы көтерген кезде арқан түсіріледі, қашау түпке беріледі және жынысты бұзады. Ұңғыманы тереңдету мөлшеріне қарай арқын созылады (барабаннан 11 бұралады).
Сурет 1 - Соққылық-арқанды бұрғылау сұлбасы
Ұңғыманың соққылық бұрғылануы кезінде, шарт бойынша, сұйықпен толтырылмайды. Сондықтан жыныстың бұзылуының алдын алу үшін оның қабырғасынан ұңғымаға металл шегендеу құбырларынан тұратын резьбаның немесе пісірудің көмегімен біріктірілген шегендеу бағанасын түсіреді. Ұңғыманың тереңдетілу мөлшеріне қарай шегендеу бағанасын түпке қарай жылжытады және периодты түрде бір құбырға ұзартады.
Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау кезінде ТМД-да соққылық әдіс пайдаланылмайды. Бірақ оны суды алу үшін ұңғыманың өтуі кезінде пайдаланады, сонымен қатар көмір және таурудалы өндірісте (желдету сағалары және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |