Бақылау сұрақтары
1. Қашаудың түрлері?
2. Керн алу арқылы бұрғылауға арналған қашаулар?
3. Арнайы қолданылатын құралдар атаңыз?
4. Калибратор не үшін қолданылады?
Әдебиеттер
1. Жантасов М.Қ., Шуханова Ж.К., Шегенова Г.К., Усманова Н.А. «Бұрғылау жабдықтары мен мұнайгаз құрылыстарын монтаждау және пайдалану» пәнінен электрондық оқу әдістемелік кешені.- Шымкент. М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012. - 13 Мб.
2. Голубев В.Г., Жантасов М.К., Колесников А.С. Основы технологии и техники бурения. Электронное учебное пособие.- Шымкент: Южно-Казахстанский государственный университет им. М.Ауэзова, 2016. -192 с.
3. Жантасов М.Қ. Бұрғылау қондырғылары мен мұнараларын монтаждау және пайдалану: Оқу құралы. – Шымкент: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2011.- 100 б.
4. Жантасов М.Қ., Шуханова Ж.К., Шегенова Г.К., Усманова Н.А. «Бұрғылау қондырғыларын және мұнайгаз құрылыстарын монтаждау және пайдалану» пәнінен электрондық дәрістер жинағы.- Шымкент. М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012. - 13 Мб.
5. Лекцияның тақырыбы. 1. Мұнай мен газға терең бұрғылау үшін бұрғылау қондырғылары, олардың негізгі сипаттамалары мен жіктемесі. Бұрғылау қондырғысының жетектері. 2. Айналмалы бұрғылау мен түсіріп-көтеру операцияларына арналған құрал-жабдықтар. Бұрғылау қондырғысы циркуляциялық кешенінің құрал-жабдықтары 3. Қарсы шығарып тастау кұрал-жабдықтары.
Бұрғы қондырғыларын топтастыру
Бұрғылау қондырғылары номинальді және максималді жүк көтерілімділігімен сипатталады. Номинальді жүк көтерімділік – бұл бұрғылау қондырғысының бұрғылау процесі технологиясымен байланысты пайда болған жүктемелі, негізгі жүктемені қабылдай алуы. Ол ең үлкен бұрғылау тізбегінің салмағынан ілмектегі жүктемеге сай болуы қажет және бұрғылау тереңдігін анықтайды.
Максималды жүк көтерімділігі – қондырғының ретсіз және керексіз жүктемелерін, мысалы шегендеу тізбегін түсіргенде, тізбек қармап қалғандағы жүктемені қабылдай алу қабілеттілігі.
Бұрғылау қондырғысын классификациялау кезінде, бекітілген номиналға сай Н 900-66, оның номиналды жүккөтерімділігі қабылданады. Осыған сай барлық бұрғылау қондырғылары 5 негізгі топтарға бөлінеді: БУ-50 , БУ-80 , БУ-125 , БУ-200 және БУ-250.
Бұрғылау қондырғысының әрбір тобы жүккөтерімділігін ерекшеленетін типтерге бөлінеді. Белгілі топпен типтегі бұрғылау қондырғысын қолдану басты ұңғыманы бұрғылау тереңдігіне байланысты.
Қазіргі заманғы бұрғылау қондырғысы күрделі агрегаттар кешенінен тұрады. Бұрғылау қондырғы және оның жеке агрегаттарының қуаты ұңғыма конструкциясынан бұрғылау тәсілімен тереңдігіне байланысты.
1 - кронблок, 2 - мұнара, 3 - мұнараның полотьелер, 4 - тәл арқаны, 5 - тәл блогы, 6 - ілмек, 7 - ұршық, 8 - бұрғылау кезеңі, 9 – тәл арқаның тыныштандырушы, 10 - автоматты бұрғылау кілті, 11 - подсвечник, 12 - ротор, 13 - шығыр, 14 - беріліс қорабы, 15 - қиғаш беріліс, 16 - күштік агрегаттар, 17 - компрессорлы станция, 18 - циркуляциялық жүйе, 19 - бұрғылау сорап, 20 - манифольд, 21 - күштік агрегаттардың қосатын редукторы, 22 - қашау өтімін реттеу, 23 - гидродинамикалық төсегіш, 24 - гидроциклондар, 25 - дірілдіелек, 26 - шығыр блогының негізі, 27 - қабылдау көпірлері мен төсемдері, 28 - консольді-бұрандалы кран.
Сурет 9 – Бұрғылау қондырғының компоновкасы мен құрамы
Достарыңызбен бөлісу: |