Қазақстан Республикасының Президентінің Н



бет3/38
Дата17.11.2022
өлшемі5.31 Mb.
#465107
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
357843 (1)

Іздестіру ұңғымалары параметрлік бұрғылаудың және жаңа аудандарда мұнай және газ шөгінділерінің болу немесе болмауын анықтау үшін геофизикалық жұмыстардың берілгендері бойынша жобаланады. Ұңғымаларды өткізу кезінде мүмкін өнімділік жиегінің шөгінде және стратиграфиялық бөлімнің шекарасында керннің толық жиналуы, сонымен қатар салалық-геофизикалық зерттеулер жиынтығын жүргізу мен мүмкін өнімділік жиекті байқау қарастырылады. Іздеу ұңғымаларын бұрғылау кезінде С1және С2 категориялардың қорлары анықталуы мүмкін.
Барлау ұңғымалары іздеу бұрғылауы кезінде олардың мұнайгаздылығын анықталғаннан кейін аймақтарда бұрғыланады. Бірінші деңгейде (алдынала барлау) мұндай ұңғымаларды бұрғылау мақсаты - олардың барлауының экономикалық мақсаты жайында технико-экономикалық баяндамаларын (ТЭБ) құрастыру. ТЭБ-ті бекіткеннен кейін екінші деңгейдің мақсаты (бөлшектік барлау) - (А + В + С) өндірістік категорияларының қорын дайындау және кенорынның (шөгіндінің) өндірілуінің жобасын тұрғызу үшін берілгендерді жинау.
Барлау ұңғымаларын бұрғылау кезінде өнімділік шөгінде кернді жинау, салалық-геофизикалық жиынтығын жүргізу, сонымен қатар жақтық грунтпен кернді жинау мен алдын-ала пайдаланудан тұратын жиекетерді байқау қарастырылған.
Өндіріске ендірілетін кенорындарда өнімділік барлау ұңғымалары пайдалану қорына беріледі.
Пайдалану ұңғымалар мұнай және газ кенорындарының өңделу жобасына сәйкес бұрғыланады. Бұл категорияға сонымен қатар айдау, бағалау, бақылау және пьезометриялық ұңғымалар кіреді. Пайдалану ұңғымалар өңделетін шөгіндіден мұнай мен газды алу үшін арналған; айдау – өнімділік қабатқа суды, газды және ауаны айдау үшін арналған; бағалау – өнімділік жиектердің коллекторларын бағалау үшін; бақылау және пьезометриялық – ұңғыманы пайдалану процесінде мұнайгаз жанасуының, қысымның өзгеруін жүйелі түрде бақылау үшін арналған.
Арнайы ұңғымалар. Мұнай және газ өндірісінде сонымен қатар кәсіптік суларды лақтыруға, мұнай мен газдардың ашық фонтандарын жоюға, жерасты суқойнауларына арналған құрылымды дайындауға және оларға газды айдауға, техникалық суларды барлау мен алуға арналған арнайы ұңғымалар бұрғыланады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет