Қазақстан Республикасының Президентінің Н



бет33/38
Дата17.11.2022
өлшемі5.31 Mb.
#465107
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
357843 (1)

Бақылау сұрақтары
1. Шаю ерітіндісінің өнім беруші қабатқа ықпалы?
2. Шаю сұйықтығының негізгі функциясы?
3. Өнімді кеніштерге кіру әдістемелері?
4. Ұңғыма түбінің конструкция схемасы?

Әдебиеттер
1. Жантасов М.К., Колдасова А.С., Янгибаев Б.А. Электронный учебно-методический комплекс по дисциплине «Основы нефтегазового дела». – Шымкент. ЮКГУ им.М.Ауезова, 2012. - 13 Мб.
2. Жантасов М.Қ., Шуханова Ж.К., Шегенова Г.К., Усманова Н.А. «Бұрғылау жабдықтары мен мұнайгаз құрылыстарын монтаждау және пайдалану» пәнінен электрондық оқу әдістемелік кешені.- Шымкент. М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012. - 13 Мб.
3. Жантасов М.Қ., Колдасова А.С., Янгибаев Б.А. «Мұнайгаз ісінің негіздері» пәнінен электрондық дәрістер жинағы.- Шымкент. М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012. - 7,85 Мб.
4. Жантасов М.К., Колдасова А.С., Янгибаев Б.А. Электронный конспект лекций по дисциплине «Основы нефтегазового дела». – Шымкент. ЮКГУ им.М.Ауезова, 2012. - 5,14 Мб.


13 Лекцияның тақырыбы. 1. Перспективалы горизонттарды сынамалау технологиясы 2. Ұңғымаларды бекітудің мақсаты мен тәсілдері. Ұңғыма конструкциясын жобалау принциптері.

Қабатты сынау мұнайгаз қабатындағы өнім интервалының шегін анықтау, оның мұнайгаз қанықтылығын, сонымен қатар қабат қысымының шамасы және температурасы; мұнай және газды барлау ұңғымасында бұрғылау процесінде шегенді бағананы түсіруге дейін жүргізілген. Ұңғамының қабат орналасқан тереңдігіне бірінші болып кабель-арқанды түсіреді және арнайы сырғымалы механизмі бар пакер элементі ұңғыма қабырғасына қысылады.


Клапанды ашқаннан кейін қабат түбінен сынама жинағыш сыйымдылыққа сұйықтық құйылады. Сынама жинағыш толғаннан кейін сынама беткейге көтеріледі және алынған сынамадан талдау жасайды. Беткеймен электр байланыстар процесті бақылауға көмектеседі. Беткеймен электр байланысы процесті бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жер бетіндегі аппараттарына өлшенген параметрлерді (қысым, температура) өткізеді. Кабель-арқанды қолдану түсудің үлкен жылдамдығын және жабдықтың көтеруін қамтамасыз етеді. ТМД-да қабатты ОПК және ОПТ типті каротажды сынамалар қолданады, соңғысы терең ұңғымаға (7000м дейін) арналған. Бірақ каротажды сынамалар 6-8 л қабат флюидін алуға ғана мүмкіндік береді. Сонымен қатар оларды қолданар алдында ұңғыманы бұрғылауды тоқтатады, ал бұрғылау жабдықтарын жоғарыға шығарады.


1 - кабель; 2 - басы; 3 - баллон; 4 – башмакты нығыздаушы; 5 – рычагті лампа.


Сурет 25 - ОПТ-7-10 типті сынамамен қабатты сынау

Бұрғылау құралын жоғарыға көтермей ақ шығару сынаманың көмегімен жүреді, сныма жинағышты бұрғылау құбырына лақтырады. Бұл жағдайда ұңғымаға бұрғылау құралын түсіру кезінде қашау үстіне гидравликалық пакер орналастырады және қабатты ашу бұрғылау кезіндегідей жүргізіледі. Сосын бұрғылау бағанасына сынама жинағышты лақтырады, ол бұрғылау құбырының ішінде пайда болған қысымның әсерінен пакердің ішкі қимасын бекітеді. Ұңғыманың құбыр аралық кеңістігі жабыла бастайды, сынама жинағыш клапаны ашылады.





I - сынамажинағыш, II – гидравликалық пакер, III - қашау; 1 - секциялық баллон; 2 - дроссель; 3 - қабылдағыш клапан; 4 - жоғарғы клапан; 5 - гидравликалық пакерэлементі; 6 – терең тіркеуші манометр; 7 – төменгі клапан; 8 - сүзгі.


Сурет 26 - ОПБ типті сынамамен қабатты сынау


Алғашқы ашу кезінде физика-химиялықжәне физика-механикалық әсердің нәтижесінен ұңғыма аймағындағы жыныс коллекторларының сүзгі-сыйымдылық қаситеі өзгереді.
Ұңғыма аймағына физика-химиялық әсердің болуы шаю сұйықтығының сүзгісі бар қабат флюидінің және тау жыныстарының әсерлеcуінен болады.
өнім горизонтына физика-химиялық әсер келесі факторлардан болады:

  • өнім қабатын бұрғылау нәтижесінде тау массивін түсіру;

  • шаю сұйықтығының өзгеретін қысымға қарсы бағанасы;

  • бұрғыланған тау жыныстарының бөлшектері және шаю сұйықтығының дисперсті фазасының кеуекті кеңестігінің кольматациясы;

  • ұңғыма айналасындағы аймақта температура режимінің өзгеруі;

  • қозғалмалы бұрғылау жабдығымен бұрғыланған қабаттың тау жыныстарына гидродинамикалық және механикалық әсері.

  • Осының нәтижесінен ұңғыма аймағында қабатты біріншілік ашуда физика-химиялық процестің болуы физика-механикалық әсердің нәтижесінен болады. Мысалы, жыныс-коллектордың шаю сұйықтығының сүзгімен әсері, репрессияның әсерінен шыққан кеуекті кеңістіктің ішіне енгенуінен болады.

Бұрғылау процесінде бір-бірінен литологиялық қасиеті бойынша, физика-механикалық қасиетімен, қаныққан дәрежесімен және қаныққан сұйықтық түрімен, қабат қысымының аномалды коэффициентімен ерекшеленетін тау жыныстарын ашады. Тұрақты, мысалы карбонатты тау жыныстары ұңғыма оқпанында ұзақ уақыт бекітілмесе, тұрақсыз тау жыныстары кездеседі; мұндай тау жыныстары оңай төгіледі, бұзылады. Тұрақсыз тау жыныстары терең емес, тектоникасы бұзылған ацмақта кездеседі. Ұғыма қабырғаларының тұрақтылығы бұзылуын болдырмау үшін, онығ оқпанын беріктеу керек.
Өткізгіш тау жыныстарының қабат қысымының аномалды коэффициенті әртүрлі болады. Бұрғылау процесінде әртүрлі аномалды коэффициентті өткізгіш тау жыныстарының қабаты ашылса, аномалды коэффициенті жоғары қабаттан аномалды коэффициенті төмен қабатқа ұңғыма оқпаны арқылы қабат сұйықтығының ағуы пайдаболады. Бұндай ағыстар болмау керек, себебі табиғи энергияны шығындайды, аномалды коэффициенті төмен қабаттардың коллекторлық қасиеті бұзылады. Ағындар грифоннның пайда болуына, ашық фонтандау, қабатты артизанды және емдік сумен ластауға, ұңғыма жабдықтарының коррозиялануына, кейде ұңғыманы жоғалтуға әкеледі. Осыны болдырмау үшін өткізшігтік қабаттарды бір-бірінен бөлектейді.
Пайдалану ұңғымасында қабат қысымын өнім қабатынан ашық беткейге тасымалдауға, ал айдау ұңғымасында – жұмысшы сұйықтықты ашық беткейден өткізгіштік қабатқа тасымалдауға берік және герметикалық каналды талап етеді, ол көптеген ондаған жылдар бойы қызмет етуі керек. Оған арнайы тізбек құбырлар канал бола алады.
Беріктеудің негізгі мақсаты: а) сұйықтықты тасымалдау үшін герметикалық және ұзақ жұмыс жасайтын каналдарды құру; б) ұңғыманың қабырғаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету; в) қабат сұйықтығының ағысын болдырмау; г) ұңғыма сағасын берік беріктеу жағдайын жасау.
Беріктеудің кең тараған әдісі ұңғымаға тау жыныстары мен құбырлар арасында берік және герметикалық байланысты құрып және уақыт өте қатайтатын заттарды шегендеу құбырының тізбегімен түсіру. Ұңғыма оқпанының бөлек бөліктерін уақытша беріктеу үшін цементті көпірлер құрастырады немесе ұңғыма қабырғаларын арнайы химиялық заттармен өңдейді.
Ұңғыма конструкциясының сенімділігінен ұңғыма оқпанының беріктелген бөлігінің техникалық күйі айтылады, осы арқылы бірнеше технологиялық операциялар комплексін жүргізуге болады. Сонымен қатар ұңғыма конструкциясы келесі талаптарға сәйкес болу керек:
- пайдалану тізбегінің оптималды диаметрін таңдау арқылы пайдалану процесінде өнім аймағында қабат энергиясын максималды қолдану;
- тиімді қондырғыны, оптималды әдістерді және пайдалау режимін қолдану, қабат қысымын ұстрау және қабаттың мұнай бергіштігін жоғарлатудың тағы басқа әдістерін қолдану;
- ұңғыманы пайдалану және құрылысының барлық этаптарында қауіпсіз жұмыс жасау жағдайы;
- қоршаған ортаны қорғау жағдайы: ұңғыманы бекіту беріктігі есебінен, шегенді тізбектің герметикалдығы, сонымен қатарфлюид құрамдас аймақтарды бір-бірінен ажырату;
Осы көрсетілген талаптарды орындау арқылы бұрғылау процесінде техника-экономикалық көрсеткіштері жоғарлайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет