«Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу»



жүктеу 0.58 Mb.
бет1/3
Дата01.07.2016
өлшемі0.58 Mb.
  1   2   3


Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер Министрінің


міндетін атқарушының

2015 жылғы «8» мамырдағы

№ 11-1-2/177 бұйрығына

4 - қосымша



«Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап:

баланың тууын тіркеу – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

әкелікті анықтау, бала асырап алуды, атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді тіркеу – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, мерзім күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін;

неке қиюды және бұзуды тіркеу – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, мерзім күнтізбелік
30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін;

қайтыс болуды тіркеу – 5 (екі) жұмыс күні ішінде.

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік).

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген консулдық алым мөлшерлемелері бойынша ақылы негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі.

Консулдық алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз түрде екінші дәрежелі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет:



  1. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестірілген адамдарға;

  2. Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСРО) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;

  3. 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;

  4. мүгедектерге, сондай-ақ бала жасынан мүгедек балалардың ата-аналарының біреуіне;

  5. қорғаншыларға (қамқоршыларға);

  6. мемлекеттік ұйымдарға – туу туралы куәлікті қайта ресімдеуге және беруге;

  7. азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателіктерге байланысты туу туралы, қайтыс болу туралы, әкелікті анықтау туралы, бала асырап алу туралы куәліктерді өзгертуге, қосымша жазбалар енгізуге, қалпына келтіруге және түзетуге;

  8. туыстарының қайтыс болғаны туралы куәліктерді қайта ресімдеуге немесе бұрын берілгенді ауыстыруға;

  9. бала асырап алуға байланысты туу және әкелікті анықтау туралы қайталама куәліктерді беру тегін көрсетеледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызмет алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) баланың тууын тіркеу үшін екі ай ішінде, ал өлі бала туылған жағдайда туған сәтінен бастап бес тәуліктен кешіктірмей:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

ата-анасының жеке басын куәландырған құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);

ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);

туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі;

ата-аналарының немесе мүдделі тұлғалардың өтініш беру мүмкіндігі болмаған жағдайда өкілдің өкілеттігін растайтын құжат;

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:

ата-анасының еркін нысандағы жазбаша түсініктемесі;

туу туралы медициналық анықтамасы;

тиісті әкімшілік аумақтық бірлік органының туу туралы актілік жазбаның болмауы туралы хабарламасы;

баланың денсаулығы туралы оның тұрғылықты жері бойынша медициналық құжаты;

2) ата-анасының бірлескен өтініші бойынша әкелікті анықтауды тіркеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);

ата-анасының жеке басын куәландырған құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

3) сот шешімінің негізінде әкелікті анықтауды тіркеу кезінде:

еркін нысанда жасалған өтініш;

көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің жеке басын куәландырған құжат;

әкелікті анықтау туралы сот шешімінің уәкілетті орган куәландырған көшірмесі,

баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);

көрсетілетін қызметті алушының атынан өкілдік ететін жеке тұлғаның атына нотариат куәландырған сенімхат (түпнұсқасы);

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

4) бала асырап алуды тіркеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

бала асырап алушылардың жеке басын куәландырған құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);

бала асырап алу туралы сот шешімінің уәкілетті орган куәландырған көшірмесі;

баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);

бала асырап алушылардың неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

5) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

некеге тұратын (ерлі-зайыптылыққа) адамдардың жеке басын куәландырған құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);

некеге тұратын (ерлі-зайыптылыққа) адамдардың құқықтық қабілеттілігі туралы уәкілетті органдар беретін анықтамалар;

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, баланың тууы, тараптардың біреуінің өміріне ықтимал қаупі және басқа да ерекше жағдайларда) некеге тұратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қалауы бойынша неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу өтінішті берген күні жүзеге асырылады.

Заңнамада белгіленген мерзімді қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде қосымша растайтын құжат ұсынылады.

Егер неке жасына толмаған адамдар некеге тұрса (ерлі-зайыпты болса), некеге тұратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімдері қосымша ұсынылады;

6) кәмелеттік жасқа толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың ортақ келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

көрсетілетін қызметті алушылардың жеке басын куәландырған құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);

неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

7) сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

көрсетілетін қызметті алушылардың жеке басын куәландырған құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);

некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу жөніндегі сот шешімінің уәкілетті орган куәландырған көшірмесі;

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

8) белгіленген тәртіппен сот шешімінің негізінде хабар-ошарсыз кеткен, жүйке ауруынан немесе ақыл-есiнiң кемістiгiнен әрекетке қабілетсіз деп танылған не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырған құжат (тұпнұсқасы және көшірмесі);

сот шешімі немесе сот үкімінің уәкілетті орган куәландырған көшірмесі;

неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

9) атын, әкесінің атын және тегін өзгертуді тіркеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);

егер мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);

егер көрсетілетін қызметті алушының кәмелеттік жасқа толмаған балалары болса, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың туу туралы куәліктері (түпнұсқасы және көшірмесі);

егер азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінде тіркелсе, бала асырап алу туралы куәлік немесе әкелікті анықтау туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);

егер көрсетілетін қызметті алушы некенің (ерлі-зайыптылығы) бұзылуына байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, неке бұзу (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);

мөлшері 3х4 см екі түрлі түсті фотосурет;

көрсетілетін қызметті алушының атын, әкесінің атын және тегін өзгерту себептерін түсіндіре отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаяны;

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі (әскери қызметшілерге – жеке басын куәландыратын құжат, ал он алты жасқа толған және паспорт алмаған адамдарға – туу туралы куәлік);

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

10) қайтыс болуды тіркеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

қайтыс болу фактісін растайтын құжат (түпнұсқа);

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.



3. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол немесе пошта арқылы жазбаша түрде қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілген қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, почта мекенжайы шығыс нөмірі және уақыты көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қол таңбасы болу керек.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады..

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет – ресурсында орналастырылған.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет – ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі - 1414, 8 800 080 77777.

«Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша
Қазақстан Республикасының шетелдегі

азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу үшін алынатын консулдық алым мөлшерлемесінің көлемі



Р/с




Ел

Консулдық іс-әрекеттің атауы және консулдық алым








Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу және неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік беру

Тууды, әке болуды анықтауды, бала асырап алуды тіркеу және тиісті куәліктерді беру

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу және неке (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік беру

1

2

3

4

5

1.

Америка Құрама Штаттары

30 АҚШ доллары

20 АҚШ доллары

60 АҚШ доллары

2.


Канада

60 АҚШ доллары

50 АҚШ доллары

60 АҚШ доллары

3.

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі

30 ағылшын фунт сткрлингі

20 ағылшын фунт сткрлингі

50 ағылшын фунт сткрлингі

4.

Бельгия Корольдігі

45 евро

40 евро

45 евро

5.

Француз Республикасы

30 евро

30 евро

50 евро

6.

Германия Федеративтік Республикасы

50 евро

7 евро

60 евро

7.

Аустрия Республикасы

25 евро

15 евро

45 евро

8.

Швейцария Конфедерациясы

60

швейцариялық
франк

50

швейцариялық
франк

60

швейцариялық
франк

9.

Италия Республикасы

30 евро

25 евро

30 евро

10.

Испания Корольдігі

15 евро

15 евро

25 евро

11.

Венгерия Республикасы

20 евро

20 евро

30 евро

12.

Чех Республикасы

40 евро

40 евро

40 евро

13.

Литва Республикасы

20 евро

20 евро

45 евро

14.

Түркия Республикасы

30 АҚШ доллары

20 АҚШ доллары

30 АҚШ доллары

15.

Нидерланды Корольдігі

20 евро

20 евро

50 евро

16.

Хорватия Республикасы

25 евро

15 евро

35 евро

17.

Грекия Республикасы

25 евро

15 евро

25 евро

18.

Румыния

30 евро

20 евро

40 евро

19.

Болгария Республикасы

30 евро

25 евро

60 евро

20.

Норвегия Корольдігі

22 евро

15 евро

37 евро

21.

Грузия

30 АҚШ доллары

20 АҚШ доллары

50 АҚШ доллары

22.

Мысыр Араб Республикасы

20 АҚШ доллары

10 АҚШ доллары

30 АҚШ доллары

23.

Израиль Мемлекеті


20 АҚШ доллары

10 АҚШ доллары

30 АҚШ доллары

24.

Біріккен Араб Әмірліктері

30 АҚШ доллары

20 АҚШ доллары

40 АҚШ доллары

25.

Сауд Арабия Корольдігі

60 АҚШ доллары

10 АҚШ доллары

60 АҚШ доллары

26.

Қатар Мемлекеті

30 АҚШ доллары

20 АҚШ доллары

30 АҚШ доллары

27.

Иордания Хашимит Корольдігі

30

АҚШ доллары

20

АҚШ доллары

30

АҚШ доллары

28.

Иран Ислам Республикасы

30

АҚШ доллары

20

АҚШ доллары

50

АҚШ доллары

29.

Пәкістан Ислам Республикасы

30

АҚШ доллары

15

АҚШ доллары

40

АҚШ доллары

30.

Ауғанстан Ислам Республикасы

25

АҚШ доллары

15

АҚШ доллары

30

АҚШ доллары

31.

Үндістан Республикасы

15

АҚШ доллары

10

АҚШ доллары

30

АҚШ доллары

32.

Қытай Халық Республикасы

30

АҚШ доллары

20

АҚШ доллары

60

АҚШ доллары

33.

Малайзия

50 АҚШ доллары

50 АҚШ доллары

60 АҚШ доллары

34.

Корея Республикасы


30

АҚШ доллары

30

АҚШ доллары

30

АҚШ доллары

35.

Жапония


30

АҚШ доллары

20

АҚШ доллары

60

АҚШ доллары

36.

Моңғолия

30

АҚШ доллары

10

АҚШ доллары

40

АҚШ доллары

37.

Сингапур Республикасы


20

АҚШ доллары

15

АҚШ доллары

40

АҚШ доллары

38.

Ливан Республикасы


20

АҚШ доллары

10

АҚШ доллары

30

АҚШ доллары

39.

Либия Араб Социалистік Халық Жамахириясы

20

АҚШ доллары

10

АҚШ доллары

50

АҚШ доллары

40.

Таиланд Корольдігі

50

АҚШ доллары

10

АҚШ доллары

50

АҚШ доллары

41.

Ресей Федерациясы

30

АҚШ доллары

20

АҚШ доллары

50

АҚШ доллары

42.

Украина


30

АҚШ доллары

20

АҚШ доллары

40

АҚШ доллары



43.

Беларусь Республикасы


30

АҚШ доллары

10

АҚШ доллары

40

АҚШ доллары

44.

Өзбекстан Республикасы


20

АҚШ доллары

20

АҚШ доллары

30

АҚШ доллары

45.

Қырғыз Республикасы


15

АҚШ доллары

10

АҚШ доллары

30

АҚШ доллары

46.

Түрікменстан


20

АҚШ доллары

15

АҚШ доллары

30

АҚШ доллары

47.

Тәжікстан Республикасы

15

АҚШ доллары

10

АҚШ доллары

30

АҚШ доллары

48.

Әзербайжан Республикасы

20

АҚШ доллары

10

АҚШ доллары

30

АҚШ доллары

49.

Армения Республикасы

30

АҚШ доллары

20

АҚШ доллары

60

АҚШ доллары

50.


Оман сұлтандағы

30

АҚШ доллары

20

АҚШ доллары

40

АҚШ доллары

51.

Бразилия Федеративтік Республикасы

30

АҚШ доллары

20

АҚШ доллары

60

АҚШ доллары

52.


Индонезия Республикасы

50

АҚШ доллары

50

АҚШ доллары

50

АҚШ доллары

53.


Финляндия Республикасы

20 евро

20 евро

45 евро

54.


Куба

30

АҚШ доллары

20

АҚШ доллары

30

АҚШ доллары

55.


Польша

20 евро

15 евро

25 евро
  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет