Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің, теңізде жүзу кітапшасының, дипломдарды растаудың үлгісін, оларды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасын бекіту туралы



бет3/7
Дата07.07.2016
өлшемі437 Kb.
#183310
1   2   3   4   5   6   7
қаулысымен

бекітілген

 

 

Дипломды растау үлгісі

 

Қазақстан Республикасының

Елтаңбасы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

 

1995 ЖЫЛҒЫ ТҮЗЕТУЛЕРІМЕН

1978 ЖЫЛҒЫ ТЕҢІЗШІЛЕР

ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ДИПЛОМДАУ

ЖӘНЕ ВАХТАНЫ АТҚАРУ

ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

КОНВЕНЦИЯНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

НЕГІЗІНДЕ ДИПЛОМДЫ ТАНУДЫ

КУӘЛАНДЫРАТЫН РАСТАУ

ENDORSEMENTS ATTESTING THE ISSUE OF A CERTIFICATE UNDER THE PROVISIONS OF THE INTERNATIONAL CONVENTION

ON STANDARDS OF TRAINING, CERTIFICATION AND

WATCHKEEPING FOR

SEAFARERS, 1978, AS AMENDED

I№ 1995

 

_________________ портының теңіз әкімшілігі (иесінің тегі) _______________________ уәкілетті органы (мемлекет) берген немесе оның атынан берілген № ___ дипломды жоғарыда көрсетілген түзетулерімен Конвенцияның I/10 ережесінің талаптарына сәйкес куәландырады және заңды иесіне төмендегі функцияларды көрсетілген деңгейде __________ дейінгі немесе екінші жағында көрсетілуі мүмкін осы растаудың қолданылу мерзімінің ұзартылуы өткен күнге дейін кез келген көрсетілген шектеулер ескеріле отырып орындауға рұқсат етіледі.

he administration of port ______________ certifies that Certificate № ________. issued to __________________________ by or on behalf of the Government of _____________________ is duly recognized in accordance with the provisions of regulation I/10 of the above Convention, as amended, and the lawful holder is authorized to perform the following functions, at the levels specified, subject to any limitations indicated until ____________________ or until the date of expiry of any extension of the validity of this endorsement as may be shown overleaf:

 

ФУНКЦИЯЛАР FUNCTION

ДЕҢГЕЙ

LEVEL

ШЕКТЕУЛЕР (егер бар болса)

LIMITATIONS APPLYING (if any)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы растаудың заңды иесі мынадай лауазымда немесе кемелердің экипаждарын қауіпсіз жинақтауға қатысты Қазақстан Республикасының қолданылатын талаптарында көрсетілген лауазымдарда қызмет ете алады:

The lawful holder of this endorsement may serve in the following capacity or capacities specified in the applicable safe manning requirements of the Republic of Kazakhstan.

 

ЛАУАЗЫМ /

CAPACITY

ШЕКТЕУЛЕР (егер бар болса)

LIMITATIONS APPLYING (if any)

 

 

 

 

 

 

 

растау / Endorsement № _________________________

берілген (күні) / issued on __________________________

Тиісті түрде уәкілеттік берілген

лауазымды адамның қолы /

______________ Signature of duly authorized official

(М.О.)                    Тиісті түрде уәкілеттік берілген

(Official Seal)                лауазымды адамның тегі /

______________ Name of duly authorized official

 

Осы растаудың түпнұсқасы Конвенцияның I/2 ережесінің 9-тармағына сәйкес кемеде болуы тиіс.

The original of this endorsement must be kept available in accordance with Regulation I/2 paragraph 9 of the Convention while serving on a ship.

 

Диплом иесінің туған күні / Date of birth of the holder of certificate________________

Подпись владельца диплома / Signature of the certificate________________________

 

Диплом иесінің фотосуреті/

Photograph of the holder of the certificat

 

Өлшемі

3 х 4 см




 

Осы растаудың қолданылу мерзімі ___ ұзартылған / The validity of this endorsement is hereby extended until ____________

 

____________________________

Тиісті түрде уәкілеттік берілген лауазымды адамның

қолы / Signature of duly authorized official

(М.О.)

(Official Seal)

____________________________

Тиісті түрде уәкілеттік берілген лауазымды адамның тегі/

Name of duly authorized official

 

Ұзарту мерзімі / Еxtension date _____________________

 

Осы растаудың қолданылу мерзімі ___ ұзартылған / The validity of this endorsement is hereby extended until ____________

 

_____________________________

Тиісті түрде уәкілеттік берілген лауазымды адамның қолы/

Signature of duly authorized official

(М.О.)               

(Official Seal)       

____________________________

Тиісті түрде уәкілеттік берілген лауазымды адамның тегі/

Name of duly authorized official

 

Ұзарту мерзімі / Еxtension date _____________________

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2011 жылғы 14 шілдедегі

797 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою

қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 2002 жылғы 17 қаңтардағы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-тармағы 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін (бұдан әрі - ТЖК) ресімдеу, беру және қолдану тәртібін айқындайды.

2. ТЖК теңіз кемесі (әскери кемені қоспағанда) бортында оның экипажының, сондай-ақ сауда мақсатында теңізде жүзу мақсаты үшін пайдаланылатын аралас (өзен-теңіз) жүзу кемесі құрамында кез келген ретте жұмыс істейтін оның иесінің тұлғасын куәландыратын құжат болып табылады және 1958 жылғы Теңізшілердің жеке куәлігі туралы конвенцияны қайта қарайтын Конвенцияға (№ 185 конвенция) сәйкес қолданылады.

3. ТЖК кеме бортында жүзу практикасын өту үшін кемеге жіберілген оқу орындарының оқушыларын қоса алғанда, кез келген ретте жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.

ТЖК сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіркелген кемеде жұмыс істеу үшін жалданған шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.

ТЖК бес жыл мерзімге беріледі.

4. Жазбаша келісіммен және сақтау мақсатында ол кеме капитанында сақталған жағдайды қоспағанда, ТЖК әрқашан оның иесінде болады.

5. Кемеден шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды шығарған жағдайда ТЖК бір күнтізбелік ай ішінде оны алған жеріне тапсырылады.

6. ТЖК-ні ресімдеу мен беруді Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органымен келісім бойынша сауда мақсатында теңізде жүзу саласында уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі - Порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі - ПТӘ) жүзеге асырады.



 

 

2. ТЖК-ні ресімдеу тәртібі



 

7. ТЖК-ні ресімдеу үшін өтініш беруші ПТӘ-ге мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТЖК беру туралы өтініш-сауалнама (бұдан әрі - өтініш-сауалнама);



2) тұлғаны куәландыратын негізгі құжат (Қазақстан Республикасы азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға);

3) тұрған орны немесе уақытша тұрған орны бойынша тіркеу туралы анықтама;

4) өтініш беруші кеме бортында оның экипажы құрамында кез келген ретте жұмыс істейтінін растайтын құжат (жоқ болған жағдайда дипломдар, маманның арнайы дайындық деңгейін, сондай-ақ өтініш берушінің денсаулық жағдайын растайтын біліктілік және арнайы куәліктер қабылданады);

5) оның еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек кітапшасы, одан үзінді, жұмыс орнынан анықтама, кемеде жүру кітапшасы).

8. Жеке тұлғаны куәландыратын құжат ретінде келесі құжаттар ұсынылады:



1) Қазақстан Республикасының азаматтарына - Қазақстан Республикасы азаматының жеке тұлғасын куәландыратын құжат;

2) шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына - Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесінде консулдық есепке қойылуы туралы таңбасы бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке тұлғасын куәландыратын паспорт;

3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтарына - тұру орны бойынша тіркелумен Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхат және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жеке куәлігі ретінде мақұлданатын азаматтығы мемлекеті берген өтініш берушінің жеке тұлғасын куәландыратын құжат;

4) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға - тұру орны бойынша тіркелумен Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхат.

Жеке тұлғаны куәландыратын құжаттармен бірге өтініш беруші олардың көшірмелерін ұсынады. Салыстырудан кейін құжаттардың түпнұсқалары олардың иесіне қайтарылады.

9. Кемеде өтініш берушінің жұмысын растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген және осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес капитанды және экипаж мүшелерін жалдауға құқығы бар кеме иесінің ұсынысы;

2) кемеде өтініш берушінің айналысатын қызметі туралы жазу бар теңізде жүзу кітапшасы (бір мезгілде оның көшірмесімен);

3) Қазақстан Республикасының портынан шығатын кеменің кемелік рөлі (ерекше жағдайда, рейске шығатын кеме экипажының мүшесін ауыстыру қажет кезде).

Аталған құжаттармен бірге өтініш беруші олардың көшірмелерін ұсынады. Салыстырудан кейін құжаттардың түпнұсқалары олардың иесіне қайтарылады.

10. ТЖК беруге арналған құжаттарды ПТӘ-ге ұсынуды өтініш беруші жеке жүзеге асырады.

ТЖК ресімдеу және беру мерзімі, өтініш берушінің құжаттарын қабылдаған сәттен бастап, осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген үш күнтізбелік айдан аспайды.

11. Құжаттарды қабылдаған кезде ПТӘ қызметкері өтініш беруші тұлғасының ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді.

12. ТЖК ресімдеу, беру және бақылау жүйесінің үйлестіру орталығына (бұдан әрі - үйлестіру орталығы) құқық беру үшін шет мемлекеттердің иммиграциялық билік органдарының және басқа да құзыретті органдарының сұрау салуы бойынша теңізшінің портында кеме тұрған мемлекетке немесе транзитпен өту мемлекетіне шығу (кіру) мәселесін шешу үшін оның биометрикалық деректерін жібереді, өтініш беруші өтініш-сауалнамадағы теңізшінің жеке куәлігін ресімдеу барысында алынған биометрикалық деректердің шаблонын оның мүддесінде орындауға арналған рұқсатқа қол қояды.

13. Өтініш-сауалнамаға өтініш беруші өтініш-сауалнаманы қабылдаған ПТӘ қызметкерінің қатысуымен қол қояды.

14. Өтініш-сауалнама берілген ТЖК туралы деректер оған енгізілгеннен кейін сканерленеді және ПТӘ электрондық дерекқорында, ал өтініш-сауалнаманың телнұсқасы ПТӘ-нің арнайы ісінде сақталады.

15. Өтініш берушінің құжаттарын қабылдау аяқталған соң цифрлық камераны пайдалану арқылы оны суретке түсіру және арнайы сканерді пайдаланып, қол саусақтарының таңбасын алу жүргізіледі.

16. Өтініш берушіден қабылданған өтініш-сауалнама және құжаттар көшірмесі көрсетілген құжаттарды қабылдаған ПТӘ-де тиісті есепке алынуға жатады. Құжаттарды қабылдау аяқталған соң өтініш берушіге осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес қолхат-хабарлама беріледі.

17. ПТӘ-ге ТЖК беру туралы шешім қабылдау үшін өтініш берушінің тұлғасын және ТЖК беру үшін мынадай негіздер болуын тексеру жүзеге асырылады:



1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхат және азаматтығы (бодандығы) мемлекеті берген өтініш берушінің жеке тұлғасын куәландыратын құжат негізінде;

3) өтініш берушінің кемеде жұмыс істейтінін растайтын құжаттар;

4) өтініш берушіде қолданылу мерзімі өтпеген біреуден астам ТЖК-нің болмауы;

5) ТЖК беруді ұлттық қауіпсіздік органымен келісу.

18. ТЖК-ні ресімдеуді ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу өтініш-сауалнаманы пошта арқылы немесе жабық байланыс арнасы болған кезде - электрондық цифрлық қол қоюды пайдалана отырып, деректер берудің ведомствоаралық желісі бойынша жүргізіледі.

19. ТЖК-ні келісу кезінде ұлттық қауіпсіздік органы келісім туралы белгісі бар өтініш-сауалнаманы жібереді немесе жабық байланыс арнасы болған кезде - электрондық цифрлық қол қоюды пайдалана отырып, деректер берудің ведомствоаралық желісі бойынша келісім туралы ақпарат жібереді.

Өтініш берушіге қатысты электрондық цифрлық қол қоюды пайдалана отырып, деректер берудің ведомствоаралық желісі бойынша келісуге кедергі келтіретін жағдайлар анықталған кезде ұлттық қауіпсіздік органы бұл туралы ПТӘ-ге жазбаша түрде немесе электрондық цифрлық қол қоюды пайдалана отырып, деректер берудің ведомствоаралық желісі бойынша хабарлайды. Бұл ретте өтініш-сауалнама ПТӘ-ге қайтарылмайды.

20. Келісімге жіберілетін өтініш-сауалнамаларды тіркеу осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес ТЖК беруді келісу журналында жүргізіледі. Дәл осы журналға келісу нәтижелері жазылады.

21. Осы Қағиданың 7-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша ПТӘ қызметкері осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес ТЖК беру және ресімдеу үшін негіздердің болуын тексеру нәтижелері туралы жазбаша қорытынды дайындайды, онда ТЖК ресімдеу және беру үшін негіздер бар екендігі туралы немесе көрсетілген негіздердің жоқтығы туралы тексеріс нәтижелерін келтіреді.

22. Көрсетілген қорытынды өтініш берушінің құжаттарымен бірге ТЖК ресімдеу туралы шешім шығаруға уәкілеттік берілген ПТӘ қызметкеріне қарау үшін беріледі, ол ТЖК беру үшін негіздер болуын тексерудің толықтығына көз жеткізгеннен кейін ТЖК ресімдеу туралы шешім шығарады және құжатты ТЖК толтыруға жауапты қызметкерге береді.

23. Осы Қағиданың 17-тармағында көрсетілген (өтініш берушінің кемедегі жұмысын растайтын құжаттан басқа) ТЖК беру үшін негіздерді тексерудің теріс жағдайында ТЖК ресімделмейді. Бұл жағдайда өтініш берушіге осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес ТЖК беру үшін негіз жоқтығы туралы хабарлама хат береді, онда ТЖК беру үшін кедергі болатын негіз және ТЖК беруден бас тарту туралы шешімнің тіркеу нөмірі көрсетіледі.

24. Тексерудің оң нәтижесі және кемедегі жұмысын растайтын, осы Қағиданың 9-тармағында айтылған құжаттардың бірі өтініш берушіде болмаған жағдайда өтініш берушіге ТЖК беру туралы анықтама мен ПТӘ растаған ресімделген ТЖК бет жағының көшірмесі беріледі.

ТЖК ресімдеу туралы анықтама өтініш берушіге осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес ТЖК беру журналына қол қойғыза отырып беріледі. Бұл ретте ТЖК (ол берілгенге дейін) ресімдеу туралы ақпарат үйлестіру орталығына жіберілмейді. ТЖК-ні ресімдеу және ТЖК-ні ресімдеу туралы анықтаманы беру туралы деректер ПТӘ-нің электрондық дерекқорларында сақталады.

25. ТЖК-ні ресімдеу мыналарды қамтиды: техникалық құралдарды пайдалану арқылы ТЖК бланкілерін толтыру, осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес ТЖК ресімдеу туралы анықтаманы және ПТӘ растаған ТЖК бет жағының көшірмесін өтініш берушіге беру.



26. ТЖК бланкілерін толтыру былайша жүзеге асырылады:

1) ТЖК иесінің тегі, аты, әкесінің аты мемлекеттік тілде бас әріптермен көрсетіледі.»/»белгісі арқылы бас әріппен тегі және латын алфавитінің белгілерін пайдаланумен аты көрсетіледі;

2) «Жынысы» бағаны: «М» - ер адамдар үшін, «Ғ» - әйел адамдар үшін;

3) «Азаматтығы/Nationality» бағаны;

Қазақстан Республикасы азаматтары үшін - «Қазақстан/Kazakhstan»;

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтары үшін азаматтығы»/»белгісі арқылы орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі;

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар үшін «азаматтығы жоқ/statless» деп көрсетіледі;

4) «Туған күні», «Берілген күні» және «Қолданылу мерзімі» деген бағандарда күндер араб цифрларымен мынадай жүйелікпен көрсетіледі: күні/айы/жылы (күні мен айы екі таңбалы, ал жылы төрт таңбалы болып жазылады, мысалы: 23/02/2011);

5) «Туған жері» деген бағанда ТЖК иесі туған республиканың, облыстың, қаланың атауы көрсетіледі. Жазу Қазақстан Республикасының аумағында тұлғасын куәландыратын құжатта көрсетілген ТЖК иесінің туған жері туралы деректер негізінде жүргізіледі.

ТЖК иесі туған мемлекетті көрсету кезінде»/»белгі арқылы мемлекеттің аббревиатурасы ағылшын тілінде немесе оның атауы көрсетіледі.

6) «Ерекше белгілер/Special physical characteristics» деген бағанда тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ТЖК иесінің кез келген ерекше белгілері көрсетіледі, олар ағылшын тілінде»/»белгісі арқылы көрсетіледі;

7) «Беруге рұқсат ету /Authorized by» деген бағанда ТЖК беруге рұқсат еткен адамның лауазымы, аты-жөні және тегі көрсетіледі, ағылшын тілінде лауазымы»/»белгі арқылы көрсетіледі, мысалы: «Ақтау» порты капитаны/Harbor master «Aktau»;

8) «Қолы /Signature» деген бағанда ТЖК беруге рұқсат еткен лауазымды адамның қолы қойылады;

9) «Құжат берген мекеменің мекенжайы /Authority address» деген бағанда ТЖК берген мекеменің атауы көрсетіледі, оның пошталық мекенжайы, телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы ағылшын тілінде»/»белгі арқылы белгіленеді;

10) «Үйлестіру орталығы /Focal point» деген бағанда үйлестіру орталығының телефон нөмірі, электрондық поштасы және Интернет-ресурсының мекенжайы көрсетіледі;

11) Өтініш берушінің фотосуреті мен жеке қолы мекеменің техникалық құралдарын пайдалана отырып, ТЖК-ге енгізіледі. Бұл ретте өтініш берушінің қолы өтініш-сауалнамадағы қолынан сканерленеді.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет