Ќазаќстан республикасыныѕ


Әртараптандыру тәуекел деңгейін төмендету әдісі ретінде



бет46/62
Дата20.10.2022
өлшемі0.87 Mb.
#463062
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   62
ОҚӘ Кәсіпкерлік қызмет негіздері пәні бойынша

Әртараптандыру тәуекел деңгейін төмендету әдісі ретінде.


Өз қызметінде кәсіпкер әртараптандырудың келесідей типтерін қолдана алады:
1) Шоғырланған әртараптандыру – техникалық және маркетингтік көзқарастан кәсіпорыннан шығарылатын өнімге ұқсас болатын өз номенклатурасын толтыру. Мысалы, құрылыс кәсіпорындары үшін, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыспен қатар – коттедждер, гараждар, саяжайдағы үйлер, сауда павильондарының құрылысы, күрделі және ағымдық жөндеу. Әртараптандырудың бұл түрі өндіріс профилін өзгертпейтін болғандықтан, қызмет үрдісіне біршама қосымша салымдарды талап етпейді.
2) Көлденең әртараптандыру – кәсіпорынның негізгі қызметіне байланысты болмайтын қызметтермен және өнімдерімен өз ассортиментін ұлғайту арқылы, сонымен қатар, тұтынушылардың қызығушылығын тудыратын қызмет жүйесі.
3) Конгломератты (латенттік) әртараптандыру – кәсіпорын қолданатын технологияға, қызмет ету аяларына және қазіргі өндіріліп жатқан тауарларына ешқандай қатысы жоқ жаңа өнім өндіру арқылы өз ассортиментін кеңейту. Тәжірибеде көбінесе көлденең әртараптандыруды қолдану жиі кездестіріледі.
Әртараптандыру әдісі өндірістік, коммерциялық және инвестициялық тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде кәсіпорындардың көпшілігінде конгломератты әртараптандыру қолданылады. Бұл механизм, ең алдымен тәуекелдердің жүйелік емес түрлерінің теріс қаржылық салдарын болдырмау үшін қолданылады. Сонымен қатар, ол белгілі бір дәрежеде жүйелік тәуекелдердің жеке түрлерін төмендетуге мүмкіндік береді. Әртараптандыру механизмінің іс-әрекет ету қағидасы шоғырлануға бөгет болатын тәуекелдерді таратуға негізделген.
Әртараптандыру механизмін жалпы сипаттай отырып, ескеретін жайт, ол жеке тәуекелдердің теріс салдарын төмендетуге әсер етеді. Жүйелік емес топтың кешенді тәуекелдерін болдырмауда сөзсіз тиімділікті қамтамасыз ете отырып, ол жүйелік тәуекелдердің, ең алдымен инфляциялық және салықтық тәуекелдерді болдырмауға септігін тигізбейді. Сондықтан, кәсіпорында бұл механизмді қолдану шектеулі сипатқа ие. Сонымен қатар, тәжірибеде жүзінде әртараптандыру тәуекелді тек төмендетпей, көбейтеді. Тәуекелдің көбеюі кәсіпкер өз қаражаттарын, оның білімі мен басқарушылық қабілеттері шектеулі болатын қызмет аясына салған жағдайда болады. Бұл жағдайда қызметтің басқа аяларынан алынатын пайдалар есебінен, зиян әкелетін қызмет аясын қолдауды болғызбау керек. Өйткені мұндай тәжірибе барлық пайданы зиянды салаға жұмсалуына әкелуі мүмкін.
Демек, әртараптандыру – бұл негізгі қызметпен байланысты емес, белгілі бір жобаларға салымдарды салудан түсетін табыс алуға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару әдісі. Әртараптандыруды қолдану, кәсіпорынды банкроттықтан құтқаруға және ары қарай өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді.
Тәуекелді төмендетудің келесі әдісі сақтандыру болып табылады. Өз кезегінде сақтандыру тәуекелді төмендетуге қойылатын идеалды жағдайларға жауап береді. Өйткені шығындарды жабу үшін қажетті ресурстарды, кәсіпкерлік фирмалар бизнес ішіндегі басқа ресурстарды қоспағанда, сақтандыру ұйымдарынан тез алады.
Сақтандыру үшін төленетін сақтандыру жарналары (сақтандыру сыйақылары) есебінен қалыптасатын, ақшалай қорлар есебінен белгілі бір жағдайлар (сақтандыру жағдайлары) болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау бойынша өзара қатынастарын сипаттайды. Және де мұнда, кәсіпкердің потенциалды сақтандыру мүддесі тәуекелдің максималды мүмкін болатын шамасын жабуға қол жеткізумен байланысты. Бірақ, сақтандырушы, жауапкершілікті қабылдау туралы мәселені шешу барысында ең алдымен, сақтандырушының еркіне байланысты болмайтын сақтандыру жағдайының ықтималды сипатынан шығуы керек. Ішкі тәуекелдер әрқашанда бұл талаптарға жауап бере бермейді. Сәйкесінше, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында бірінші кезекте сыртқы тәуекелдер сақтандырылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет