Сақтандыруды жүзеге асыру тиімділігі деп, үрдіске қатысатын екі тарап – сақтандырушы мен сақтандырылушы - келісім жасалмаған кездегі жағдаймен салыстырғанда, сақтандыру келісімін жасаған жағдайда экономикалық тиімділікке қол жеткізеді.
Сақтандырылушының экономикалық тиімділігінің мәні – бизнес пайдалылығы мен қорлардың айналымы төмендейтіндіктен, сақтандыру жарналарын төлеуге біршама қаражаттарды бөлмеу және күтпеген жағдайларда пайда болған зияндардың орнын толтыру үшін ақшалай қаражаттардың қосымша көзін қамтамасыз етуде.
Сақтандырушыға төленген жарналар есебінен сақтандырылушы өзіне кәсіпкерлік қызмет барысында катастрофалық зияндар пайда болған жағдайда өз тұрақтылығының қосымша кепілдігін қамтамасыз етеді.
Кәсіпкерлік тәуекелдерді басқару, сонымен қатар күтпеген жағдай пайда болған пайдадан кәсіпкерлік фирманың арнайы резервтік қорын (тәуекел қорын) құру өзін –өзі сақтандыру құралдары есебінен жүргізілуі мүмкін. Кәсіпкерлік тәуекелдерді болдырмаудың бұл бағытының механизмі, тәуекел контрагенттерінің іс-әрекеттерімен байланысты емес. Сонымен қатар, өзін-өзі сақтандырудың натуралды нысаны болуы мүмкін. Өзін-өзі сақтандыру қоры өнім барысында уақытша қиындықтарды жеңіп шығуға мүмкіндік береді.
Өзін-өзі сақтандыру, сақтандырылатын мүліктің құны кәсіпкерліктің барлық мүліктік және қаржылық көрсеткіштерімен салыстырғанда онша үлкен емес болған жағдайда қолданылады. Шындығында, ірі кәсіпкерлік фирмаға сақтандыру компаниясы арқылы онша қымбат емес құрал-жабдықты кездейсоқ бүлінуден сақтау тиімсіз. Өзін-өзі сақтандыру шығындардың ықтималдылығы аз болған жағдайда да маңызға ие болады.
Тәуекелді басқарудың көптеген әдістері тек өзара толықтырушы ғана емес, сонымен қатар нақты жағдайдан шыға отырып, баламалы болып табылғандықтан, әрбір кәсіпорын экономикалық көзқарас тұрғысына ең оңтайлы әдісті таңдап алуы керек.
Өзін – өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Кәсіпкерлік тәуекел пайда болуының негізгі объективті белгілерін атап өтіңіз.
Тәуекелдердің негізгі жіктемелік белгілерін атап өтіңіз .
Кәсіпкерлік тәуекелді сапалық және сандық бағалау.
Кәсіпкерлік тәуекелді басқару үрдісі қандай сатылардан тұрады?
Кәсіпкерлік тәуекелдің деңгейіне қандай факторлар әсер етеді?
Кәсіпкерлік тәуекелді болдырмау механизмі қандай?
Тәуекелдерді болдырмау бағыты ретінде одан қашу мен лимиттеу әдістемесі.
Тәуекелді төмендету әдісі ретіндегі әртараптандырудың мәні неде?
Сақтандыру - тәуекелді төмендету әдісі ретінде?
Өзін – өзі сақтандыруды кәсіпкерлік тәуекелдерді басқару тәсіліне жатқызуға бола ма?
Достарыңызбен бөлісу: |