Ќазаќстан республикасыныѕ



бет60/62
Дата20.10.2022
өлшемі0.87 Mb.
#463062
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
ОҚӘ Кәсіпкерлік қызмет негіздері пәні бойынша

Персоналды жоспарлауда, оның жағдайына байланыссыз, үш бағыт бөлініп көрсетілуі мүмкін:

    1. Құрылымдық белгісі бойынша жоспарлау – еңбек бөлінісіне негізделген өндірістік үрдісті жоспарлау; жұмыс күшін пайдалану бойынша негізгі ережелер анықталады. Мұнда, сөз ең алдымен жеке жұмыс орындарының қалай құрылатындығы, жеке қызметкерге сұраныстың түсу тәртібін және жеке қызметкерлер арасындағы ұтымды ынтымақтастыққа қалай қол жеткізуде болатындығы туралы болып отыр.

    2. Жеке жоспарлау – бұл жағдайда жоспарлау объектісі болып, жұмысшылар тобы емес тек жеке қызметкер алынады. Персоналды жеке түрде жоспарлау әдісі келесі жағдайларға байланысты болады:

– қызметкер, машинаға қарағанда икемді, себебі ол қосымша ақпарат алу немесе тәжірибе жинақтау нәтижесінде өз қабілетін дамытады;
– кәсіпорынның басқарушылық иерархиясындағы мүмкіндік болатын лауазымдардың саны үнемі азайып отырады. Сондықтан да болашақта қажет болатын персоналды жоспарлаудың мақсаты әрбір лауазымға қажетті қызметкерді ұсыну болып табылады.

    1. Ұжымдық жоспарлау – жоспарлаудың барысында бірінші кезекке ұжымның жеке мүшесі емес, барлық қызметкерлер немесе олардың жеке топтары шығады. Жоспарлау әдіс емес, персоналды басқару функциясы болып табылады. Ол жұмыс берушілер мен жұмыс алушылардың мүдделерін сәйкестендіру бағыты бойынша қызметтік жүзеге асыру үшін жүргізіледі.

Ұйымдастырушылық құралдарды қолдану барысында ең алдымен қызметкерлердің жеке тұлға болып табылатындығын ескеру керек. Ал мотивация мен біліктілікке келетін болсақ, ұйымдастырушылық құралдар еңбек үрдісі барысында қызметкерлердің мінез – құлқының ерекшеліктерін ескере отырып, оларды кәсіпорын мүдделеріне қарай «бағыттау» керек. Қызметкерлерден басқа, персоналға қатысты стратегиялық басқарудың объектілері, персонал құрылымы, еңбек жағдайлары және т.б. болып табылады. Персонал құрылымын ортамерзімді және ұзақмерзімді басқару кезінде құрылым тиімділігіне әсер етпейтін көптеген факторлардың үйлесімділігін анықтау қажет.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:



  1. Кәсіпкерлік қызметті кадрмен қамтамасыз етудің мәні неде?

  2. Еңбек ұжымын басқаруда қандай әдістер қолданылады?

  3. Ұйымдастырушылық-әкімшілік әдістер басқарылушы объектке қандай әсерін тиігізеді?

  4. Персоналды басқарудың экономикалық әдістерінің мәні неде?



1. Кәсіпкерлік ұйымның өз атынан және жеке меншіктегі мүліктік жауапкершілігімен дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлға ретінде қызмет ететін кәсіпкерлік ұйымдардың объективті рөліне негізделген функциясы:
1) жалпыэкономикалық
2) материалдық
3) технологиялық
4) басқарушылық
5) жаңашылдық
2.Кәсіпкерліктің ұдайы өндіріс қарқынының шектеулі ресурстарын тиімді пайдалануға негізделген функциясы:
1) ресурстық
2) жалпыэкономикалық
3) әлеуметтік
4) ұйымдастырушылық
5) инновациялық
3. Кәсіпкерлік жүйесінде әрбір қабілетті тұлғаның іс – әрекет жүргізуші ретінде, өзінің дара қабілеттері мен мүмкіндіктерін көрсетуге деген мүмкіндігімен сипатталатын функциясы:
1) әлеуметтік
2) экономикалық
3) интеллектуалдық
4) шығармашылық
5) саяси
4. Кәсіпкерлермен өз ісін ұйымдастыру туралы өз бетінше шешім қабылдауында, кәсіпкерлік басқаруды қалыптастыруда байқалатын функциясы:
1) ұйымдастырушылық
2) басқарушылық
3) қаржылық
4) адами
5) тұлғалық
5. Кәсіпкер идеясын жүзеге асырушы ретінде кәсіпкерлік үрдіс субъектілерінің тобына жататын қызметкер:
1) жалдамалы
2) үйде жұмыс істейтін
3) клерк
4) үй қызметкері
5) мүлдем жоқ
6. Кәсіпкерлікте кәсіби табысқа қол жеткізуді көздейтін барлық адамдар басшылыққа алуға міндетті, кәсіпкерліктің негізін құраушы элементтері:
1) кәсіпкерлік қағидалары
2) кәсіпкерлік әдістері
3) кәсіпкерлік функциялары
4) кәсіпкерлік критерийлері
5) кәсіпкерлік мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет