Жұмыстың транстік әдістері.
Сананың өзгерген күйі,транс түсінігі. Транс жағдайына ену және одан шығу Клиентпен транс және медитациялық жұмыс әдістері. Эриксон гипнозы. Клиентпен жұмыстың эзотерикалық элементтері. Аутотренинг.
Психологиялық кеңес беруде жүйелі бағыт
Трансактілі анализ.
Психологиялық кеңес берудегі трансактілі анализ.Э.Берн-бағыттың негізін қалаушы. Негізгі түсініктер; эго жағдайлар («Ата-ана»; «ересек»; «бала»),трансакция, трансакция түрлері, ерте қабылданған шешім және алдын-ала болжау, сипау, ойындар, өмірлік сценарий, ерте қабылданған шешімдерді қарастыру және сценарийдің шегінен шығу. Кеңес беру процесі; мақсаты, кеңес берушінің ролі және қызметі, клиенттің өзара әрекеттесуі, кеңес беруші техникалары және жүргізілу барысы. Бағыттың бағалауы, жетістіктері және шектеулері.
Трансактілік анализ
Теория
Трансактілік анализ – Эрик Берн жасаған топтық және тұлғалық өсудің психотерапевтік әдіс. Берннің теориясы тұлға құрылымын талдауына негізделіп жасалған. ТА басты мақсаты тұлғалық өзгерістерге бағытталған. ТА теориясының негізінде бірнеше басты ойлар жатыр.
Эго – қалпы модельі. ТА негізі эго – қалпы модельі болып табылады. Эго – қалпы – бұл қазіргі уақыттағы біздің тұлғамыздың көріну тәсілі, ал бұл тәсіл қылық-әрекеттің, ойлардың, сезімдердің тәсілдерінің бір-бірімен байланысып бірігуі. Бұл модель үш әртүрлі эго – қалпын сипаттайды.гер мен «қазір және осында» деген принцип ұстансам, бүкіл ересек адам потенциялын қолдансам, онда мен Ересек эго – қалпында болғаным. Кейде мен өзімді ата-анамды немесе ата-анамдай қабылдайтын басқа адамдар тәрізді ұстаймын, ойлаймын. Бұл жағдайда мен Ата-ана эго – қалпында боламын. Кейде мен балалық шақтағы сезімдерге, ойларға, қылық-әрекеттке ораламын. Бұл жағдайда мен Бала эго – қалпында боламын.
Осылай біз тұлғаның үшмүшелі эго – қалпын аламыз.
Бұл модель тұлғаның қылық-әрекеттің, ойлардың, сезімдердің арасындағы нақты байланысты анықтауға көмектеседі.
Құрылымдық модель әр эго – қалып нені білдіретінін крсетеді.
Функционалды модель
Мұндағы ҚА – қадағалаушы ата-ана; ТА – тәрбиелеуші ата-ана; ББ – бейімделген бала; ЕБ – еркін бала; Е – ересек.
Достарыңызбен бөлісу: |