Бейімделген Бала және Еркін Бала. Ересек адам бола тұра мен кейде, ата-анамның үмітін ақтау үшін бала кезімдегідей әрекеттерді істеймін. Бұлай істеген кезде мен бейімделген бала эго – қалпында боламын.
Кейде балалық шағымда ата-анама айтқанына қайшы әрекеттер істейтінмін. Бұнда мен ата-анамының үміттеріне бейімделмейтінмін, керісінше қарсы шығатынмын. Мен өзімді өз қалауым бойынша ұстайтынмын. Бұл жағдайда мен еркін бала эго – қалпында боламын
Позитивті және негативті Еркін Бала. Кейде балалық әрекеттерім пайдалы болады, сондықтан оны позитивті, ал керісінше пайдасыз болса, негативті деп атаймыз.
Қадағалаушы Ата-ана және Тәрбиелеуші Ата-ана. Мен бала болған кезімде менің ата-анам мені басқарып, қадағалайтын, олар маған не істеу керек, не істемеу керектігін айтып отыратын. Егер мен осылай әрекет етсем, ата-анамды қайталасам, онда мен Қадағалаушы эго – қалпында болғаным.
Ал керісінше менің ата-анам мені қорғаштап, аялады.. мысалы, мен құлап қалдым да, тіземді ауыртып алдым. Егер мен осындай қылық әркет көрсетсем, онда мен Тәрбиелеуші (қамқоршы) эго – қалпында болғаным.
Біз эго – қалпының функцияларын екі жақты қарастырдық.
Позитивті және негативті Қадағалаушы және Тәрбиелеуші Ата-ана. Позитивті қадағалаушы тип адамның қамын, денсаулығын ойлауға бағытталған, алнегативті қадағалаушы басқа ата-аналық қалыптардан бас тартатын, басқа адамдарды мойындамайтын тип. Позитивті тәрбиелеуші ата-ана қамқор болады, көмек береді, көмек көрсетіп жатқан адамды силайды. Негативті тәрбиелеуші басым боу позициядан көмек көрсетеді де, басқа адамдарды мойындамайды.
Ересек. Кез келген әрекет егер «қазір және осында» жағдайына реакциясы болса, онда ол ересек әрекет ретінде сипатталады.
Джек Дюсей эго – қалпын сипаттайтын интуитивті тәсіл жасады, оны эгограмма деп атады. Дюсей константтылық болжауын ұсынды: «Бір эго – қалпы ұлғайған кезде, компенсация үшін басқалары кішірейу керек. Психологиялық энергия бөлінісінің өзгеруі кезінде жалпы энергия мөлшері бір қалыпта болады».
Функционалды модель көріп тұрған қылық-әрекет тәсілдерді классификациялайды, ал құрылымдық модель – есте қалғандылық пен стратегиялар.
Эрик Берн эго – қалпын танудың төрт тәсілін келтіреді: қылық-әрекет диагнозы, әлеуеметтік диагноз, тарихи диагноз, феноменалогиялық диагноз.
Қылық-әрекеттік диагнозда адамның қылық- әрекетін бақылау арқылы біз оның қандай эго – қалпында тұрғаны туралы қорытынды жасаймыз. Бақылау кезінде сөздерді, дауыс ырғағын, қимылдарды, дене тұрысын, бет әлпетін естіп-көре аламыз.
Әлеуеметтік диагнозда мен өзімнің қандай эго – қалпында тұрғанымды басқа адамның қандай эго – қалпында тұрып менімен байланыс жасап тұрғаны арқылы біле аламын.
Тарихи диагнозда біз адамның бала кезнде қандай болғаны туралы сұрақ қоямыз. Біз оның ата-анасы және парентальді тұлғалар жайлы сұраймыз.
Осы барлық төрт диагноз түрінде қолдану керек.
Кейде эго – қалыптарды қате қабылдауымыз мүмкін, бала эго – қалпын ата-ана эго – қалпы, ата-ана эго – қалпын ересек т.с.с. бұл жағдайды контоминдалған («ластанған») дейді.
Берн бойынша адамдар бірнеше эго – қалыптарын қоса алады.
Трансаккциялар. Коммуникация болғанда трансакцияда болады. Коммуникацияның бастамасын стимул, ал жауапты – реакция. Берн бойынша, транакция «әлеуеметтік өзара әрекет етудің негізгі единицасы».
Параллельді (толықтырушы) трансакциялар – трансакционды векторлар бір-біріне параллель, ал олар реакция көзі болып табылатын эго – қалпына бағытталғанды білдіреді.
С
Р
Мұндағы А – Б, Б – А параллельді трансакция: С – стимул; Р – реакция.
С
Р
Мұндағы ЕБ – ТА, ТА – ЕБ параллельді трансакция: С – стимул; Р – реакция.
Достарыңызбен бөлісу: |