КАРЛ ГУСТАВ ЮНГ: ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ
Юнгтің психоанализді қайта жасаудың нәтижесінде білімнің әр түрлі аумағынан (психология, философия, астрология, археология, мифология, теология, әдебиет) күделі ойлардың кешені пайда болды. Бұндай интеллектуалды ізденудің кең ауқымдығы және оған қоса оңай емес Юнгтің авторлық стилі оның психологиялық теориялар ішінен түсінуге ең қиыны деп те айтуға болады.
Жеке тұлғаның құрылымы:
Юнг жанды (Юнг теориясында бұған жеке тұлға термині аналогты) үш бөлек, бірақ өзара әрекеттесетін құрылымдардан тұрады деген: эго, жеке санасыздық және ұжымдық санасыздық.
Эго сана аумағының өзегі болып табылады. Сонымен қоса ол physhe компоненті де болады. Эго біздің саналылығымыздың негізі ретінде қызмет атқарады, оның арқасында біз өзіміздің күнделікті саналылық әрекеінің нәтижесін көруге қабілеттіміз.
Жеке санасыздыққа белгілі бір уақыт кезеңінде санадан өткізілген, бірақ қазір басылып тасталынған немесе ұмытылған конфликтілер мен есте қалған нәрселер жатады. Юнг жеке санасыздыққа индивидуумның өзі өткен жеке тәжірибесінен немесе тұқымқуалаушылық тәжірибесінен шығарылған эмоционалды зарядталған ойлар, сезімдер және есте қалулар жиынтықтары немесе комплекстер кіреді деген. Юнг түсінігі бойынша, күнделікті тақырыптар аясындағы бұл комплекстер индивиуумның қылық-әрекетіне өте күшті әсер тигізуі мүмкін. Мысалы үшін: билік комплексіндегі адамдар билік тақырыбымен тікелей немесе жанама байланысқан іскерлікке аса көп психикалық енергиясын кетіруі мүмкін. Белгілі бір уақытта құралып, комплекстер адамның қылық-әрекетіне не оның әлемге деген көзқарасына әсер ете бастайды. Юнг жеке санасыздық материалы әрбір адамдарда әр түрлі және көбінесе санадан өткізуге болады деген. Нәтижесінде комплекстер компоненттері немесе бүкіл комплекстің өзі санадан өткізілуі және индивидуумның өміріне тым үлкен әсер етуі мүмкін.
Ақырында, Юнг жеке тұлғаның құрылымындағы аса терең деңгей бар екені туралы ой қозғады, оны ұжымдық санасыздық деп атады. Ұжымдық санасыздық дегеніміз – біздің адам тәріздес ата-бабамыздың және бүкіл адамзат есіндегі латенттік іздердің сақталынған орны. Ұжымдық санасыздықта адамдарға жалпы және біздің эмоционалды өткеніміздің нәтижесі болып табылатын ойлар мен сезімдер бейнеленген.
Осылайша, ұжымдық санасыздық мазмұны тұқымқуалаушылық арқылы жасалынып, бүкіл адамзатқа бірдей. Ұжымдық санасыздық концепциясы Юнг пен Фрейд арасындағы айырмашылықтың негізгі себебі болып табылады.
Архетиптер.
Юнг ұжымдық санасыздық аса күшті біріншілік психикалық образдардан, демекші архетиптерден тұрады деген гипотезаны айтты. Архетиптер – адамдардың белгілі бір болған жағдай немесе нәрсеге деген қабылдаулары, сезімдері және реакциялары алғышарт болып табылатын туа біткен идеялар мен есте қалулар. Ал шынында болса, олар – сол қызметтегі есте қалулар мен образдар емес, көбінесе алғышарт болып табылатын факторлар екен. Осы факторлардың әсерінен адам өз қылық-әркетінде белгілі бір объектіге не жағдайға деген қабылдауы, ойлауы және әрекеітнің әмбебап моделін жасайды. Туа біткен болып мұнда нақты ситуациялардағы эмоционалды, когнитивті және қылық-әрекетік реакциялар тенденциясы болып табылады – мысалы, ата-анамен, сүйікті адаммен, белгісіз адаммен, жылан немесе өліммен күтпеген кездесі кезінде.
Юнг әрбір архетип сәйкес объекті мен ситуациялар қабылдауындағы белгілі бір ой мен сезім типінің көрінісі тенденциясымен байланысқан деп санаған. Архетиптік образдар мен идеялар түс көру кезінде жиі кездеседі, сонымен қоса олардың сурет салу, әдебиет және дін салаларында символдар түрінде кездесетіні аз емес. Әр түрлі мәдениетке тән символдардың керемет ұқсастығы байқалады, себебі олар адамзатқа жалпы архетиптерге тірледеі. Юнг архетиптік символдарды түсіну оған пациеттің түстерінің анализін жасауға септігін тигізеді деп санаған.
Эго-бағыттылық.
Юнгтің психологияға енгізген ең белгілі жаңалығы болып, оның басты екі бағыт немесе өмірлік ұстанымды жасап шығаруы жатады: экстраверсия және интроверсия. Юнг теориясына сәйкес, аталған бағдарлаудың екеуі де адамдарда бір уақытта өмір сүреді, бірақ біреуі басым болады.
Экстраверттік ұстанымда сыртқы әлемге (басқа адамдарға және заттарға) деген қызығушылық бағыты көрінеді. Экстраверт үнемі қозғалыста, ашық болады, қарым-қатынастарды тез жасайды, сыртқы факторлар ол үшін итеруші күш болып табылады.
Интроверт, керісінше, өз ойлары, сезімі мен тәжірибесінің ішкі әлеміне кіріп кеткендей. Ол бақылаушы, ұстамды, жалғыздыққа ұмтылады, объектіден алыстауы мүмкін, оның қызығушылықтары өз-өзіне бағытталған. Юнгіге сәйкес, таза түрде экстраверттік және интроверттік ұстаным болмайды. Көбінесе олардың екеуі де болады және олар бір-біріне оппозициялы қатынаста болады: егер де біреуі басым және рационалды болса, екіншісі көмекші және рационалды болып табылады.
Эго-бағдарлаудың басым және көмекші комбинациялары нәтижесінде қылы-әрекет моделі белгілі және алдын ала болжанған жеке тұлғалар қалыптасады.
Психологиялық функциялар.
Юнг экстраверт және интроверт концепцияларын жасап шығарғаннан кейін адамдардың әлемге деген қатынасын әлі де түсіну жеткіліксі деген қорытындыға келді. Сондықтан ол өз типологиясын кеңейтіп, психологиялық функцияларды қосты. Ол белгілеген 4 негізгі функциялар – бұл ойлау, түйсік, сезім және интуиция.
Ойлау мен сезімді Юнг рационалды функциялар қатарына жатқызды, себебі олар өмірлік тәжірибе туралы түсініктерді құруға қатысады. Ойланатын тип белгілі бір заттың құндылығы туралы логика мен аргументтерді пайдалана түсінеді. Ал ойлауға қарама-қарсы функция – сезім – бізді шындық туралы ұнамды және ұнамсыз эмоциялар тілінде хабарлайды.
Қарама-қарсы функциялардың екінші тобы – түйсік пен интуицияны Юнг иррационалды деп атады, себебі ол пассивті түрде сыртқы (түйсік) немесе ішкі (интуиция) әлемдегі болып жатқан организмдерді тіркеп, оларды бағаламайды және олардың мағынасын түсіндірмейді. Түйсік сыртқы әлемнің тікелей, бағаланбайтын реалды қабылдау көрінісі болып табылады. Керісінше, интуиция болып жатқан тәжірибенің санасыз түрде қабылдаумен сипатталады.
Әрбір адам барлық осы психологиялық 4 функциямен бөленген. Бірақ жеке тұлға бағдарлауының (экстраверсия және интроверсия) біреуінің басымдылығы саналы болатындай, рационалды-иррационалды топтың ішіндегі бір функциясы ғана басым болады. Ал басқа функциялар санасыздық сипатта болып, адам қылық-әрекетінің регуляциясында көмекші роль атқарады. Функциялардың әрқайсысы басым болуы мүмкін.
Эго-бағдарлаудың екі түрі мен 4 психологиялық функциялар өзара әрекеттесе, жеке тұлғаның 8 түрлі типі құралады.
Жеке тұлға дамуы.
Юнг жеке тұлға дамуын динамикалық процесс, бүкіл өмір бойындағы эволюция ретінде қарастырған. Ол балалық шақтағы әлеуметтендіру туралы ештеңе айтқан жоқ. Юнгтің көзқарасы бойынша, адам әрдайым жаңа дағдыларға ие болады, жаңа мақсаттарға жетеді және өзін толықтай реализациялайды.
Юнгіге сәйкес ақырғы өмірлік мақсат – бұл «Меннің» толықтай реализациясы, яғни қайталанбас және толық индивидуумның қалыптасуы. Әрбір адам дамуы бұл бағытта қайталанбайды, ол өмір бойы созылып, индивидуация атты процесте болады. Индивидуация - өзара қарама-қарсы әрекеттес жеке тұлғалық ішкі күштер мен тенденциялар интеграциясының динамикасының және эволюциясының процесі. Өзінің ақырғы көрінісінде индивидуация адамның қайталанбас психикалық шындығының саналы реализациясын, толықтай дамуын және жеке тұлғаның өзегі болып, көптеген қарама-қарсы қасиеттерді теңестіреді. Индивидуацияның жүзеге асырылуының қорытындысы болып өзін-өзі реализациялау жатады.
Қорытынды.
Фрейдтің теориясынан шеттеліп, Юнг біздің жеке тұлға құрылымы және мазмұны туралы түсінігімізді байытты. Оның ұжымдық санасыздық және архетиптер туралы концепциясы түсінуге қиын және эмпирикалық тексеруге жатпаса да, ол көп адамдарды қызықтырады.
Юнг жасап шығарған концепциялары, сіңірген еңбегі өте зор: оның 2 эго-бағдарлау теориясы (экстраверт және интроверт), онымен қатар жетекші 4 психологиялық функция теорияларының жеке тұлғаның қалыптасуын анықтаудағы маңызы орасан зор.
Юнг Альфред Адлер, Карен Хорни т.б. ғалымдармен қоса алғаш болып Фрейдтің психодинамикалық теориясын қайта қарастырып, өзінің тәуелсіз концепциясын жасап шығарды.
Сонымен қатар Юнг алғаш рет жеке тұлға дамуына діни, рухани тәжірибенің ұнамды әсері туралы да айтты. Осыдан біз оны персонологиядағы гуманистік бағыттың бастаушысы дейміз.
Дегенмен, Юнг теориясы болжамдар деңгейінен жоғары көтерілмейді екені анық (басқа теориялардың көбі сияқты), себебі оның негізгі гипотезаларын күрделі тексеру мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |