14-бап. Азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құзыреті
Қорғаныс министрлігі:
уәкілетті органды, ал жергілікті әскери басқару органдары арқылы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін жауынгерлік дайындықтың тиісті деңгейіне келтіру туралы, сондай-ақ жұмылдыруды жариялау туралы хабардар етеді;
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары негізінде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс жүйесіне азаматтарды міндетті әскери қызметке шақыруды, сондай-ақ жұмылдыру бойынша шақыруды жүзеге асырады;
қазіргі зақым келтіру құралдарын қолдану салдарынан халықты және аумақты қорғау жөнінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі міндеттерді шешу кезінде уәкілетті органмен өзара іс-әрекет жасайды.
15-бап. Азаматтық қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті ауқымдағы тиісті аумақта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алуға және оларды жоюға жауапкершілік тартады.
2. Азаматтық қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктеріне:
1) халық пен ұйымдарды азаматтық қорғау саласындағы ақпараттандыру;
2) өз құзыреті шегінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдар салдарынан зардап шеккен азаматтар мен қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және объектілерге келтірілген зиянды өтеу;
3) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін, олардың материалдық-техникалық жабдықтандыруын ұйымдастыру;
4) қауіпті өндірістік факторлардың адам денсаулығына зиян әсер етуі жағдайында күштер, құралдар мен ресурстарды қолдана отырып, оларды оқшаулау, адамдардың өмірін құтқару, олардың денсаулығын, құқықтары мен мүдделерін, меншігін қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша қажетті көмек көрсету;
5) азаматтық қорғаудың басқару жүйесін, күштері мен құралдарын құру және оларды үнемі әзірлік жағдайында ұстап тұру;
6) азаматтық қорғау құралымдарын даярлауды ұйымдастыру;
7) апаттарды, төтенше ахуалдарды тергеуге қатысу;
8) азаматтық қорғаныс, төтенше ахуалдардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жергілікті бюджеттің атқарылуын бекітілген бюджет нысаналарына сәйкес қамтамасыз ету;
9) төтенше ахуалдар салдарының жойылуынан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
10) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғауға басшылықты жүзеге асыру;
11) азаматтық қорғаныс мүлігінің көлемін айқындау және оларды жинақтау, сақтау, жаңартып отыру және әзірлік жағдайында ұстау жөніндегі қажетті шаралар қабылдау;
12) уәкілетті органмен келісу бойынша азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының талаптарын, өрт және өнеркәсіптік, сейсмикалық, тасқынға қарсы, сел, көшкін және сырғыма қауіпсіздігі шараларын, пайдалы қазбаларды өндіріп шығаруды дамытудың болашағы және оның геологиялық құрылымдар тұрақтылығына әсерін қамтамасыз ете отырып, аумақтарды салуды жоспарлау, ғимараттар мен құрылыстарды салу және қолданысқа тапсыру;
13) кен өндірілетін аудандарда ғимараттар мен құрылыстардың беріктілігі мен орнықтылығын арттыру;
14) хабардар ету мен ақпараттандырудың техникалық құралдарын орналастыруды ұйымдастыру;
15) «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі мен азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі кіші жүйелерінің аудандардың, қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың авариялық қызметтері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
16) төтенше ахуалдарда халықтың тіршілігін қамтамасыз ету;
17) жергілікті ауқымдағы төтенше ахуалдардың салдарын жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын бекіту;
18) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет құрылмаған елді мекендердегі өрттерді сөндіру;
19) жергілікті атқарушы органдардың төтенше резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алуға және оларды жоюға қаражат бөлу;
20) аудандық хабардар ету жүйесін құрып, тұрақты әзірлікте ұстау
21) төтенше ахуалдарды болдырмау, адамдардың өмірін құтқару және денсаулығын сақтау, материалдық және мәдени құндылықтарды қорғау, сондай-ақ төтенше ахуалдар салдарын жою және олардан болатын залалды азайту бойынша шараларды әзірлеу және қабылдау кіреді;
3. Қазақстан Республикасының аумағында халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерінің дербес шешілуін қамтамасыз ететін жергілікті өзiн-өзi басқарудың төтенше ахуалдар салдарының алдын алуға және оларды жоюға қатысуына жол беріледі. Жергілікті өзiн-өзi басқару органдарының ұйымдастыру және қызметінің тәртібін заңда белгіленген шекте азаматтардың өздері айқындайды.
4. Жергілікті өкілдік органдар олардың бұзылуы әкімшілік жауапкершілікті көздейтін төтенше ахуалдар кезінде қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, олардың алдын алу және жоюды қамтамасыз ету жөніндегі қағиданы қабылдайды.
16-бап. Ұйымның құқықтары мен міндеттері
-
Ұйым:
-
азаматтық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар енгізуге;
2) оның объектілерінде болған авариялардың және өрттердің себептері мен мән-жайларын анықтау жөнінде жұмыстар жүргізуге;
3) заңнамада белгіленген шекте азаматтық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік және экономикалық ынталандыру шараларын белгілеуге;
4) азаматтық қорғау мәселелері жөнінде ақпарат алуға;
5) өз қаражаты есебінен қамсыздандырып отырған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті заңда белгіленген тәртіпте құру, қайта құру және жоюға, сондай-ақ мұндай қызметті шарт негізінде қызметтестікке тартуға;
6) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді бағалауды жүргізуге;
7) белгіленген тәртіпте мемлекеттік билік және басқару органдарынан, кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан төтенше ахуалдар көздері мен оларды жою шаралары туралы ақпарат алуға құқылы.
2. Ұйым:
1) азаматтық қорғау талаптарын сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік инспекторлармен берілген азаматтық қорғау саласындағы талаптардың бұзушылықтарын жою жөніндегі нұсқаманы орындауға;
2) өнеркәсіптік және өрт сөндіру қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға;
3) өртке қарсы насихат жүргізуге, сондай-ақ өрт сөндіру қауіпсіздігі шараларына өз қызметкерлерін оқытуға;
4) өртке қарсы қызметтің құрылуы міндетті ұйымдар мен объектілерде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті, соның ішінде шарт негізінде жұмыс істейтін осындай қызметтерді құруға және оларды өз қаражаты есебінен қамсыздандыруға;
5) өрт сөндіру жүйелері мен құралдарын жарамды күйінде ұстауға, олардың мақсатсыз пайдаланылуына жол бермеуге;
6) өрттерді сөндіру, олардың пайда болуы мен дамуының себептері мен шарттарын анықтау кезінде, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына және өрттердің пайда болуына кінәлі тұлғаларды анықтау кезінде өртке қарсы қызметке көмек көрсетуге;
7) өртті анықтап табу және сөндірудің автоматты құралдарын ендіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
8) Үкіметпен белгіленген тәртіпте ұйымдардың аумақтарындағы өрттерді сөндіру кезінде қажетті күштер мен құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ өрттерді сөндіру жөніндегі іс-әрекеттерді орындауға қатысушы өртке қарсы қызметтің бөлімшелері және өрт сөндіруге жұмылдырылған күштер үшін азық-түлік және демалу орындарын ұсынуға;
9) өрттерді сөндіру, аварияларды жою кезінде, олардың пайда болуы мен дамуының себептері мен шарттарын анықтауға, сондай-ақ өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзуға және өрттер мен авариялардың пайда болуына кінәлі тұлғаларды анықтап табуға көмек көрсетуге, заңда белгіленген тәртіпте ұйымдар аумақтарында азаматтық қорғау органдары бөлімшелерінің өз қызметтік міндеттерін жүзеге асыра алуын қамтамасыз етуге;
10) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жағдайы туралы, оның ішінде шығарылған өнімінің өрт қауіпсіздігі туралы, сондай-ақ олардың аумақтарында болған өрттер, авариялар мен олардың салдары туралы мәліметтерді және құжаттарды ұсынуға;
11) пайда болған өрттер, өртке қарсы қорғау жүйелері мен құралдарының ақаулықтары туралы, жолдар мен кіреберістер жағдайының өзгерістері туралы өртке қарсы қызметке шұғыл түрде хабарлауға;
12) белгіленген тәртіпте ақпарат ұсынуға, қызметкерлерді және халықты төтенше ахуалдардың пайда болу қаупі туралы немесе пайда болуы туралы хабардар етуге;
13) заңда көзделген жағдайларда қызметкерлерге және өзге азаматтарға төтенше ахуалдардың салдарынан келтірілген залалды өтеуді қамтамасыз етуге, төтенше ахуалдар салдарын жоюдан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, азаматтар мен ұйымдардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар өткізуге;
14) жұмыскерлер мен өндірістік және әлеуметтік мақсаттағы объектілерді төтенше ахуалдардан қорғау жөніндегі қажетті шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға;
қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын аттестатталған, жобалық және басқа да мердігерлік ұйымдар:
1) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуы үшін өндірістік бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
3) заңнамада белгіленген мерзімде ғимараттардың өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізуге, тау жұмысын дамыту жоспарларын келісуге, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын құрылыс және техникалық құрылғылардың, материалдардың диагностикасын, сынағын, жарамды-жарамсыздығын куәландыруды жүргізуге;
4) техникалық құрылғыларды, материалдарды пайдаланудың нормативтік мерзімі аяқталғаннан кейін олардың одан әрі қауіпсіз пайдаланылу мерзімін айқындау үшін сараптама жүргізуге;
5) белгіленген талаптарға сәйкес қауіпті өндірістік объектілерде лауазымды тұлғалар мен қызметшілердің жұмыс істеуіне рұқсат беруге;
6) қауіпті өндірістік объектілерге бөтен адамдардың кіруіне жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдауға;
7) авариялардың, инциденттердің пайда болу себептеріне талдау жүргізуге, қауіпті өндірістік факторлардың және олардың салдарының денсаулыққа зиянды әсер етуінің алдын алуға және жоюға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға;
8) авариялар және қауіпті өндірістік факторлардың пайда болуы туралы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшесін, жергілікті мемлекеттік басқару органдарын, халықты және қызметкерлерді шұғыл хабардар етуге;
9) авариялар, инциденттер есебін жүргізуге;
10) қауіпті өндірістік объектінің қаржылық-экономикалық қызметінің жоспарларын әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған шығындарды қарастыруға;
11) қауіпті өндірістік факторлардың, жарақаттанудың және кәсіби аурудың зиянды әсері туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ақпаратты ұсынуға;
12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты декларациялауға жататын қауіпті өндірістік объектiлер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға;
13) мемлекеттік инспекторды қорғау, қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етуге және қауіпті өндірістік объектілерде өз міндеттерін орындау кезінде өзге көмек көрсетуге;
14) пайдаланудың нормативтік мерзімі аяқталған техникалық құрылғылардың, материалдардың уақытылы жаңартылуын қамтамасыз етуге;
15) осы Заңда белгіленген қауіпті өндірістік объектілерді декларациялауға;
16) белгіленген заңнама нормаларына сәйкес қауіпті өндірістік объектінің қызметкерлері штатының жасақталуын қамтамасыз етуге;
17) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы қызметкерлердің дайындығын, қайта даярлығын, біліктілігін арттыруды және білімін тексеруді қамтамасыз етуге;
18) өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясына сараптама жүргізуді қамтамасыз етуге;
19) объектілі кәсіби авариялық қызметтерді және құралымдарды құру және/немесе кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерімен және құралымдарымен оларға қызмет көрсету жөнінде шарт жасасуға;
Бұл ретте тек геологиялық барлау жұмыстары (көмірсутегі шикізатын геологиялық барлауды қоспағанда); бұрғылау жарылыс жұмыстарын жүргізусіз жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша тау жұмыстары жүргізіліп жатқан; жүк көтергіш механизмдері пайдаланылатын қауіпті өндірістік объектілер кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерімен және құралымдарымен қызмет көрсету туралы шарт жасасуға және/немесе объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын құруға міндетті емес;
20) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін қауіпті заттардың тасымалданатыны туралы үш тәулік ішінде жазбаша хабардар етуге;
21) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қауіпті өндірістік объектілерді есепке қоюды, есептен шығаруды жүзеге асыруға;
22) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторымен немесе оның орынбасарларымен қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңартуға, консервациялауға және жоюға жобалық құжаттаманы келісуге;
23) қауіпті өндірістік объектілерді пайдалануға енгізу кезінде уәкілетті органның мемлекеттік инспекторының қатысуымен қабылдау сынақтарын жүргізуге;
24) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жиынтықтылаумен, қажетті техникамен, жабдықпен, сақтандыру және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ете отырып, объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын әзірлікте ұстап тұруға;
25) қауіпті өндірістік объектілерде болуы мүмкін аварияларды және олардың салдарын оқшаулау және жою бойынша іс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға;
26) болуы мүмкін авариялардың, инциденттердің салдарын оқшаулау және жою үшін материалдық және қаржы ресурстары қорларының бар болуы;
27) қауіпті өндірістік объектілерде авариялар, инциденттер болған жағдайда бақылау, хабардар ету, байланыс және әрекеттерді қолдау жүйелерін құруға және олардың тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етуге;
28) қауіпті өндірістік объектілерде аварияның, инциденттің болуы кезінде қызметкерлерді азаматтық қорғау және жасалынатын іс-әрекеттер жөнінде оқытуды жүзеге асыруға;
29) жергілікті хабардар ету жүйелерін құруға және оларды үнемі әзірлікте ұстап отыруға (қауіпті болуы ықтимал объектілер үшін жергілікті хабардар ету жүйесін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің диспетчерлік пунктіне техникалық қосу міндетті болып табылады);
азаматтық қорғаныс жөніндегі санатқа жататын объектілер иелері:
1) азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлеуге және оларды іске асыру бойынша басшылық етуді жүзеге асыруға;
2) объектілі сипаттағы төтенше ахуалдардың салдарын жою жөніндегі іс-әрекеттер жоспарларын әзірлеуге және бекітуге;
3) әскери қақтығыстарды жүргізу кезінде жұмыскерлер мен объектілерді қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
4) қызметкерлерді азаматтық қорғаныс бойынша оқытуды жүзеге асыруға;
5) ұжымдық және жеке қорғану құралдарын құруға және оларды үнемі әзірлік жағдайында ұстап тұруға;
6) өз объектілерінде авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыруға міндетті.
3. Өрт қауіпсіздігі мен өрт сөндіруді қамтамасыз ету ұйымдар басшыларына жүктеледі.
17-бап. Азаматтық қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктердің құзыреті
Қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының заңнамасына және олардың жарғыларына сәйкес азаматтық қорғау, халықты, қоршаған орта мен объектілерді қорғау іс-шараларына қатыса алады.
Қоғамдық бірлестіктердің төтенше ахуалдардың салдарын жою жөніндегі қатысушыларының мемлекеттік аттестаттауын растайтын арнайы дайындығы болуы тиіс.
Қоғамдық бірлестіктер азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды жүзеге асыра алады.
Қоғамдық бірлестіктер республикалық, облыстық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарға төтенше ахуалдардан зардап шеккен халықтың зілзаладан кейін қалпына келтірілуіне және шұғыл гуманитарлық көмек көрсетуіне жәрдемдесуі мүмкін.
Қоғамдық бірлестіктер өздерінің зілзаладан кейін қалпына келтіру көмегі мен шұғыл көмек көрсету жөніндегі қызметін уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен үйлестіруі тиіс, олардың іс-қимылдары төтенше ахуалдар туындаған жағдайда олардың салдарын жою жөніндегі тиісті іс-қимылдар жоспарларында көрсетілуі керек.
18-бап. Азаматтық қорғау саласындағы жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттері
1. Жеке тұлғалар:
1) олар ұшырауы мүмкін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардың қауіпті факторларының пайда болу қаупі және қажетті қауіпсіздік шаралары туралы хабардар болуға;
2) азаматтарды, объектілерді төтенше ахуалдардан және олардың салдарынан қорғау мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және жергілікті басқару органдарына жеке жүгінуге, жеке және ұжымдық өтініштерді жіберуге;
3) төтенше ахуалдардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларға қатысуға, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын, азаматтық қорғауға арналған басқа мүлікті пайдалануға;
4) қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте төтенше ахуалдар, өрт салдарынан олардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтелуіне;
5) азаматтық қорғауды қамтамасыз етуге қатысуға;
6) төтенше ахуалдар туындаған жағдайда өмірінің, денсаулығының және жеке мүлкінің қорғалуына;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарақаттануына немесе ауруына байланысты еңбекке қабілеттілігінен айрылған, асыраушысынан айрылған, жарақаттануынан немесе ауруынан қаза тапқан немесе қайтыс болған жағдайда, егер олар төтенше ахуалдарды жою жөніндегі міндеттерді орындау салдарынан болса, әлеуметтік қамсыздандырылуға;
8) сотқа техногендік сипаттағы төтенше ахуалдар салдарынан олардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтеу туралы талап-арыз қоюға құқылы.
2. Жеке тұлғалар:
1) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2) төтенше ахуалдардың туындауына әкеп соқтыруы мүмкін авариялар, табиғи құбылыстар қаупі туралы тиісті органдарды хабардар етуге;
3) «Барлықтарыңыздың назарына!» дабылы бойынша іс-қимыл тәртібін білуге және орындауға;
4) азаматтық қорғау жөніндегі оқудан өтуге;
5) тұрмыста және күнделікті еңбек және шаруашылық қызметте қауіпсіздік шараларын сақтауға, төтенше ахуалдардың туындауына әкеп соғуы мүмкін өндірістік және технологиялық тәртіптің, қауіпсіздік талаптарының бұзылуына жол бермеуге;
6) өндірістік қауіпті объектілердегі авариялардың, инциденттердің себептерін тексеру кезінде, сондай-ақ өртке қарсы қызметке өрттерді сөндіру кезінде ықпал етуге;
7) азаматтық қорғау органдарының ұйғарымдарын және өзге заңды талаптарын орындауға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте азаматтық қорғау органдарына оларға тиісті өндірістік, шаруашылық, тұрғын және өзге үй-жайлар мен құрылыстарға азаматтық қорғау саласындағы бақылау мақсатында зерттеу және тексеріс жүргізу мүмкіндігін ұсынуға;
9) төтенше ахуалдар салдарын жою бойынша өткізілетін оқу-жаттығуларға және жаттығуларға қатысуға, халық пен объектілерді қорғау құралдарында құнтты қарауға міндетті.
3. Қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істейтін жеке тұлғалар:
1) өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
2) ұйым әкімшілігін қауіпті өндірістік объектідегі авариялар, инциденттер туралы шұғыл хабардар етуге, өрттердің болуын анықтаған жағдайда ол туралы өртке қарсы қызметті хабардар етуге;
3) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытудан өтуге және нұсқау алуға, қайта даярлықтан, білім тексерісінен өтуге;
4) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың, инциденттердің себептерін анықтауға, сондай-ақ өртті сөндіру кезінде өртке қарсы қызметке көмек көрсетуге;
5) азаматтық қорғау органдарының нұсқамаларын және өзге заңды талаптарын орындауға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте азаматтық қорғау саласын бақылау мақсатында азаматтық қорғау органдарына өздеріне тиесілі өндірістік, шаруашылық, тұрғын үйді және өзге үй-жайлар мен құрылыстарды зерттеуге және тексеруге ұсынуға міндетті.
4. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар азаматтық қорғау саласында Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен міндеттерге ие болады.
4-бөлім. Азаматтық қорғау саласындағы
мемлекеттік бақылау және қадағалау
19-бап. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың түрлері мен міндеттері
-
Азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтау мақсатында азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
-
Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалаудың түрлері:
азаматтық қорғаныс саласындағы іс-шаралардың орындалуын бақылау;
өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау;
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алу және салдарын жою саласындағы бақылау;
қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы бақылау болып бөлінеді.
-
Азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудың міндеті халықты, аумақтар мен объектiлерді қазіргі зақым келтіру құралдарынан қорғауға бағытталған нормативтік құқықтық актілердің орындалуын тексеру болып табылады.
-
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылаудың міндеті субъектілерді құқықтық мәртебесіне, меншік нысанына және қызмет түрлеріне қарамастан осы Заң нормалары талаптарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, тек Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының сақталуын анықтау мақсатында тексерулерді жүзеге асыру болып табылады.
-
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың, инциденттердің нәтижесінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың персоналға, халыққа зиянды әсерінің алдын алуға бағытталған.
6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы бақылаудың міндеті халықты, аумақтар мен объектілерді төтенше ахуалдардан қорғауға бағытталған нормативтік құқықтық актілердің орындалуын тексеру болып табылады.
7. Қызметтері үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін міндетті сақтандыру саласындағы бақылаудың міндеті объектілер иелерінің міндетті сақтандыру шарттарын жасасуын тексеру болып табылады.
8. Шахталардың, кеніштердің, кен қазбаларының жерасты құрылыстарында, ашық көмір разрездерінде, мемлекеттік орман қорының аумағында, сондай-ақ әуе, ішкі су және теміржол көлігінде өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылауды Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті органдары жүзеге асырады.
9. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының дипломатиялық мекемелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі өзге де өкілдіктерінің өрт қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
20-бап. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар
-
Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға:
азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторлары – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі ведомстволарының басшылары;
азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі ведомстволары басшыларының орынбасарлары;
азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік инспекторлары – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі ведомстволарының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мамандары;
азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторлары – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары;
азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың, аудандардың мемлекеттік инспекторлары – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мамандары жатады.
2. Мемлекеттік инспекторға уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте бірыңғай үлгідегі куәлік, нөмірлік мөртабан, төс белгісі және пломбир беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |