2-бап. Азаматтық қорғау туралы заңнама
1. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасы Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге нормативтiк құқықтық актiлерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасында көзделгеннен өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-тарау. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі
3-бап. Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері мен қағидаттары
1. Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері:
-
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алу
және олардың салдарын жою;
2) халықты және объектiлердi қорғау;
3) төтенше ахуалдар туындағанда авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу арқылы адамдарды құтқару және эвакуациялау;
4) азаматтық қорғау күштерін құру, оларды даярлау және төтенше ахуалдар кезінде іс-қимылдарға тұрақты әзірлікте ұстау;
5) орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар мамандарын даярлау және халықты оқыту;
-
табиғи және техногендік сипаттағы қауіпті факторлардың, қазіргі зақым келтіру құралдарының ықпал ету әсерін жою, төмендету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу;
-
азаматтық қорғаныстың қорғау құрылыстары, жеке қорғану құралдарының қорлары және басқа да мүліктің қажетті қорын жинақтау және әзірлікте ұстау;
-
адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіп және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимыл тәртібі туралы халықты, орталық және жергілікті атқарушы органдарды хабардар ету;
-
радиоактивті, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымданудан, эпизотийден және эпифитотийден азық-түлікті, су көздерін (шаруашылық - ауыз су мақсаттары үшін су жинау орындары), тамақ өнімдерін, жемшөпті, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау;
-
өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-
хабардар ету және байланыс жүйелерін ұйымдастыру, дамыту және тұрақты әзірлікте ұстау;
12) қауіпті факторлардың зақымдау әсерін төмендету немесе жою бойынша іс-шаралардың мониторингін жасау, оларды әзірлеу және іске асыру болып табылады.
2. Азаматтық қорғаудың негізгі қағидаттары:
1) аумақтық-салалық қағидат бойынша ұйымдастыру;
2) азаматтық қорғау күштері мен құралдарының төтенше ахуалдарға жедел ден қоюға, азаматтық қорғанысқа және авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге, зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге тұрақты әзірлігі;
3) халықты бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше ахуалдардың қаупі және туындау жағдайларындағы іс-қимылдарға үйрету;
4) жариялылық және халық пен ұйымдарды болжанып отырған және пайда болған төтенше ахуалдар, олардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шаралар туралы хабардар ету;
5) авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізген кезде ақталған тәуекел және қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4-бап. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі
1. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық және салалық кіші жүйелерден тұрады.
Аумақтық кіші жүйелер олардың аумақтары шегінде азаматтық қорғаныстың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алу және олардың салдарын жоюдың іс-шараларын орындау үшін облыстық, қалалық және аудандық деңгейде құрылады және осы аумақтардың әкімшілік-аумақтық бөлінуіне сәйкес келетін бөлімдерінен тұрады.
Салалық кіші жүйелерді олардың мемлекеттік реттеу және бақылау саласында азаматтық қорғау іс-шараларын орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін орталық атқарушы органдар құрады.
2. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің үш деңгейі бар: республикалық, аумақтық және объектілік. Әр деңгейге:
үйлестіруші органдар – төтенше ахуалдар жөніндегі комиссиялар;
азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдары;
күнделікті басқару органдары – басқару пункттері, жедел-кезекші қызметтері;
күштер мен құралдар;
байланыс, хабардар ету және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері кіреді.
-
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесіне басшылықты:
1) республикалық (мемлекеттік) деңгейде:
Қазақстан Республикасының Үкіметі;
азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган;
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары;
2) аумақтық деңгейде:
жергілікті атқарушы органдар;
уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері;
-
объектілік деңгейде:
ұйымның басшылары жүзеге асырады.
-
Халықты, объектілер мен аумақтарды қорғаудың өзекті мәселелері мен міндеттерін шешу, төтенше ахуалдардан төнген қауіп-қатерді және залалды азайту бойынша олардың алдын алу және оларды жою жүйесіндегі мемлекеттік басқару мемлекеттік биліктің барлық деңгейі мен тармақтарын қатыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Бейбіт уақытта азаматтық қорғау жүйесінің жұмыс істеуінің мынадай режимдері белгіленеді:
-
күнделікті қызмет режимі – өндірістік-өнеркәсіптік қызмет, сондай-ақ төтенше ахуалдардың туындау қаупінің жоқтығымен сипатталатын ведомстволық бағынысты аумақта радиациялық, химиялық, биологиялық, сейсмикалық, гидрометеорологиялық, эпидемиологиялық, эпизоотиялық, эпифитотиялық қауіпсіздік кезінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің, оның аумақтық және функционалдық кіші жүйесінің жұмыс істеу тәртібі.
Күнделікті қызмет режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс-шараларды жүргізеді:
төтенше ахуалдарды болжау;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардан халықты, объектілерді және аумақтарды қорғау туралы ақпаратты белгіленген тәртіпте жинақтау, өңдеу және алмасу;
төтенше ахуалдардың алдын алу бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру;
азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің іс-қимылдарын жоспарлау, олардың қызметін дайындауды және қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
халықты төтенше ахуалдардағы іс-қимылдарға даярлау;
азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау;
төтенше ахуалдар салдарын жою үшін материалдық ресурстар резервтерін құруға, орналастыруға, сақтауға, толықтыруға басшылық ету;
өз өкілеттігі шегінде азаматтық қорғау саласында мемлекеттік сараптама және бақылау жүргізу;
2) жоғары дайындық режимі – төтенше ахуалдардың туындау қаупі кезінде енгізілетін азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің, оның жекелеген кіші жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі.
Жоғары дайындық режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс-шараларды жүргізеді:
төтенше ахуалдардың туындауын және олардың салдарын болжау;
қажет болған кезде басқару пункттерінде азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары мен күштерінің басшылары мен лауазымды тұлғаларының тәулік бойы кезекшілігін енгізу;
болжанатын төтенше ахуалдар туралы мәліметтерді жинақтау, өңдеу және азаматтық қорғаудың басқару органдарына және күштеріне беру, олардан қорғану тәсілдері туралы мемлекеттік билік органдары мен халықты хабардар ету;
төтенше ахуалдар туындауының алдын алу және оларды жою, олар туындаған жағдайда залал мен шығындар мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше ахуалдарда объектілердің беріктілігін арттыру және жұмыс істеу қауіпсіздігі бойынша жедел шараларды қабылдау;
төтенше ахуалдар салдарын жою үшін құрылған материалдық ресурстардың қажетті резервін толтыру;
қажет болған жағдайда эвакуациялау іс-шараларын жүргізу;
3) төтенше ахуал режимі – төтенше ахуал туындаған және оның салдарын жою кезінде енгізілетін азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеу тәртібі.
Төтенше ахуал режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс-шараларды жүргізеді:
туындаған төтенше ахуалдардың дамуын және олардың салдарын болжау;
төтенше ахуалдардың туындауы және олардың салдары туралы орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар басшыларын, сондай-ақ халықты хабардар ету;
төтенше ахуалдардан халықты және аумақтарды қорғау бойынша іс-шараларды жүргізу;
төтенше ахуалдар салдарын жою және азаматтық қорғау күштері мен құралдарының іс-қимылдарын жан-жақты қамтамасыз ету, оларды жүргізу барысында қоғамдық тәртіпті ұстау, сондай-ақ қажет болған жағдайда туындаған төтенше ахуалдардың салдарын жоюға белгіленген тәртіпте ішкі істер органдарын, қоғамдық ұйымдар мен халықты тарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
төтенше ахуал аймағындағы жағдай мен оны жою бойынша жұмыстарды жүргізу барысы туралы ақпаратты үздіксіз жинақтау, талдау және алмасу;
төтенше ахуалдарды жою және оның салдары мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың үздіксіз өзара іс-қимылын ұйымдастыру және қолдау;
төтенше ахуалдарда халықтың тіршілігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізу.
5-бап. Азаматтық қорғаудың хабардар ету жүйесі
1. Хабардар ету жүйелері:
1) республикалық деңгейде – республикалық хабардар ету жүйесі (Қазақстан Республикасының аумағында);
2) аумақтық деңгейде – облыстық хабардар ету жүйесі (Қазақстан Республикасының облысы немесе республикалық маңызы бар қаласы аумағында);
3) жергілікті деңгейде – аудандық хабардар ету жүйесі (облыс ауданы, қала аумағында, адамдар жаппай жиналатын орындарда);
4) объектілік деңгейде – жергілікті хабардар ету жүйесі құрылады.
2. Хабардар ету жүйелері барлық деңгейлердегі бірігуі тиіс.
3. Хабардар ету жүйелерін құру және жұмылдыруға тұрақты әзірлікте ұстау азаматтық қорғауды дайындау және жүргізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алу және оларды жою жөніндегі тиісті аумақтарда (объектілерде) өз өкілеттігі мен міндеттері шегінде мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер жүргізетін іс-шаралар кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады.
4. Хабардар ету жүйесі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардың туындау қаупі кезінде, соғыс қимылдарын жүргізу немесе осы қимылдардың салдарынан пайда болған қауіптер туралы басқару органдары мен халыққа ақпаратты және хабардар ету дабылдарын уақытылы жеткізуді қамтамасыз етуге арналған.
-
Республикалық хабардар ету жүйесінің негізгі міндеті ақпараттар мен хабардар ету дабылдарын:
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына;
Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарына;
уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне – облыстар және қалалардың төтенше жағдайлар департаменттеріне (бұдан әрі – уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі) жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Республикалық хабардар ету жүйесін тұрақты әзірлікте ұстауға уәкілетті орган жауап береді.
-
Облыстық хабардар ету жүйесінің негізгі міндеті ақпараттар мен хабардар ету дабылдарын:
Қазақстан Республикасы облысының азаматтық қорғаудың басшылық құрамына және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйелеріне;
қалалар мен аудандардың төтенше жағдайлар басқармаларына;
халықты және аумақтарды төтенше ахуалдардан қорғау және (немесе) жергілікті өзін-өзі басқару органдары жанындағы азаматтық қорғау саласындағы міндеттерді шешетін арнайы уәкілетті органдарға;
жергілікті атқарушы органдардың кезекші-диспетчерлік қызметтеріне;
облыс аумағында төтенше ахуалдардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдары үшін тағайындалған және бөлінген (тартылған) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің арнайы дайындалған күштері мен құралдарына;
қаупі ықтимал объектілер мен адамдар жаппай жиналатын объектілерді пайдаланатын ұйымдардың кезекші-диспетчерлік қызметтеріне;
Қазақстан Республикасының тиісті облысының орталығы, қалалары, аудандық орталықтары аумағында тұрып жатқан халыққа жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Облыстық хабардар ету жүйесін тұрақты әзірлікте ұстауға уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жауап береді.
-
Аудандық хабардар ету жүйесінің негізгі міндеті ақпараттар мен хабардар ету дабылдарын:
азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйесінің, жергілікті атқарушы органдар бөлімінің басшылық құрамдарына;
аудан аумағында төтенше ахуалдардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдары үшін тағайындалған және бөлінген (тартылған) арнайы дайындалған күштері мен құралдарына;
қаупі ықтимал өндірістік объектілер мен адамдар жаппай жиналатын объектілерді пайдаланатын ұйымдардың кезекші-диспетчерлік қызметтеріне;
тиісті аудан аумағында тұрып жатқан халыққа жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Аудандық хабардар ету жүйесін тұрақты әзірлікте ұстауға жергілікті атқарушы органдардың басшылары жауап береді.
4) Хабардар етудің жергілікті жүйесінің негізгі міндеті ақпараттар мен хабардар ету дабылдарын:
қаупі ықтимал объектілер мен азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің объектілік бөлімі пайдаланатын ұйымдардың азаматтық қорғау басшылық құрамына;
объектілік авариялық-құтқару, оның ішінде мамандандырылған құралымдарына;
қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым персоналына;
хабардар етудің жергілікті жүйесінің іс-қимылы аймағында орналасқан ұйымдар басшылары мен кезекші-диспетчерлік қызметтеріне;
хабардар етудің жергілікті жүйесінің іс-қимылы аймағында тұрып жатқан халыққа және адамдар жаппай жиналатын объектідегі азаматтарға жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Хабардар етудің жергілікті жүйесін тұрақты әзірлікте ұстауға объектіні пайдаланатын ұйымның басшысы жауап береді.
-
Мемлекеттік басқару органдары мен халықты хабардар етудің негізгі тәсілі – байланыс операторларының, телерадиохабарлаудың және байланыс пен хабардар етудің ведомстволық объектілік желілерінің телекоммуникациялық желілері арқылы ақпаратты және хабардар ету дабылдарын беру.
-
Хабардар ету жүйелерін жұмылдыруға:
республикалық хабардар ету жүйесі – жаһандық төтенше ахуалдар кезінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі – Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығы және өңірлік төтенше ахуалдар, толық техникалық тексеріс кезінде, Азаматтық қорғаныс бойынша техникалық тексерістер мен оқу-жаттығуларды өткізген кезде уәкілетті орган басшысы;
облыстық хабардар ету жүйесі – жергілікті төтенше ахуалдар кезінде облыстардың, қалалардың әкімдері, Азаматтық қорғаныс бойынша техникалық тексерістер мен оқу-жаттығуларды өткізген кезде уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
аудандық хабардар ету жүйесі – жергілікті төтенше ахуалдар кезінде аудан және ауылдық (селолық) округ әкімдері, Азаматтық қорғаныс бойынша техникалық тексерістер мен оқу-жаттығуларды өткізген кезде уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
хабардар етудің жергілікті жүйесі – объектіні пайдаланатын ұйымның басшысы өкім береді.
7. Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары ақпаратты немесе хабардар ету дабылдарын қабылдап, олардың алынғанын растайды, алынған ақпаратты немесе хабардар ету дабылдарын белгіленген тәртіпте дереу азаматтық қорғаудың басқару органдарына, күштері мен құралдарына жеткізеді.
6-бап. «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі
1. Жеке және қоғамдық қауіпсіздікті, азаматтар мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, табиғи және техногендік сипаттағы қатерлерге, терроризм актілеріне қарсы әрекет ету, сондай-ақ шұғыл жедел қызметтерді шақыру тәсілін үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасы аумағында шұғыл жедел қызметтерін шақырту үшін «112» бірыңғай нөмірі белгіленеді.
2. Уәкілетті орган «112» бірыңғай нөмірі арқылы шұғыл жедел қызметтерді шақыруды қамтамасыз ету жүйесін құру, дамыту және пайдалану бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары мен жергілікті атқарушы органдар жүргізетін жұмыстардың үйлестірушісі болып табылады.
3. «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
1) халық пен ұйымдарды адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп және қалыптасқан жағдайда іс-қимыл тәртібі туралы хабардар ету;
2) халықтан және ұйымдардан табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардың туындау қаупі немесе фактісі туралы ақпаратты қамтитын кез келген төтенше оқиғалар (өрттерді қоса алғанда) туралы хабарлама қабылдау;
3) түскен ақпараттың дұрыстығын тексеру және талдау, оны құзыретіне қабылданған хабарламаға жедел ден қою кіретін кезекші-диспетчерлік қызметке жеткізу;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдар туралы мәліметтерді өңдеу және талдау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдарға жедел ден қоюға тартылатын өзара әрекет етуші (бағынысты) кезекші-диспетчерлік қызметтерді нақтылау, оларды жоғары дәрежедегі әзірлік жағдайына көшірілуі туралы хабардар ету;
5) өрттер, авариялар, дүлей зілзалалар мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардың салдарын оқшаулау және жою жөніндегі міндеттерді тұрақты әзірліктегі күштердің назарына жеткізу, қажетті шұғыл шаралар мен шешімдерді қабылдау (жоғары тұрған орган белгілеген өкілеттіктер шегінде);
6) өзара әрекет етуші кезекші-диспетчерлік қызметтерден қоршаған ортаның мониторинг жүйелерін (авариялардың автоматтандырылған бақылау жүйесін және қаупі ықтимал және халықты тіршілікпен қамтамасыз ету объектілерінің ықпалдастырылған автоматтандырылған жүйесін, өрт және өрт сөндіру-күзету автоматты дабылдарының және басқа жүйелерін) жинау және оларға табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардың туындау қаупі немесе фактісі, қалыптасқан жағдайы мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдарды жою бойынша күштер мен құралдардың іс-қимылы туралы ақпаратты назарына жеткізу;
7) азаматтық қорғаудың хабардар ету жүйесін қолдану әзірлігін бақылау, жоспарлы техникалық тексерулер жүргізу;
8) «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі тәулік бойы жұмыс істейді, тиісті өкілеттіктері бар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардың қаупі немесе туындауы туралы мәліметтерді алғаннан кейін оны болдырмау немесе жою бойынша шұғыл іс-қимыл жасауға дереу кіріседі;
9) «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің жедел кезекшісінің адамдарды қорғау және құтқару бойынша дербес шешім қабылдау құқығы бар (өз өкілеттіктері шегінде), егер де туындаған жағдай аудан және қала, аудандық және қалалық қызметтер басшыларымен шұғыл іс-қимылдарды жасау бойынша келісуге мүмкіндік бермесе, адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды қорғау және құтқару бойынша қажетті шаралардың уақытылы қабылдануы үшін жауапкершілік тартады.
4. Ақпаратты жедел алу және ұсыну мақсатында «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі басқа мемлекеттік органдардың ақпарат жүйелерімен ықпалдастырылады.
7-бап. Төтенше ахуалдардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар
1. Төтенше ахуалдар жөніндегі комиссиялар консультативтік-кеңестік органдар болып табылады және азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу жөнінде ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылады.
Төтенше ахуалдар жөніндегі комиссиялар азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің республикалық, аумақтық деңгейлерінде құрылады.
Республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен консультативтік-кеңестік орган болып табылатын және авариялармен, апаттармен, дүлей және өзге зілзалалармен шартталған төтенше ахуалдардың алдын алу және оларды жою саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүргізуге ұсыныстар әзірлеу мақсатындағы Төтенше ахуалдардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құрылады.
Аумақтық деңгейде облыстардың, қалалардың, аудандардың төтенше ахуалдар жөніндегі комиссиялар құрылымы мен құрамы, сондай-ақ олар туралы ережелер тиісті жергілікті атқарушы органдар шешімдерімен айқындалады.
2. Төтенше ахуалдар жөніндегі комиссиялар өз өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының министрліктерімен, өзге орталық және жергілікті атқарушы органдарымен, кәсіпорындарымен, мекемелерімен және ұйымдарымен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасай отырып, жүзеге асырады.
3. Төтенше ахуалдар жөніндегі комиссиялардың негізгі міндеттері:
1) азаматтық қорғауды жетілдіру және одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын айқындау;
2) бейбіт және соғыс уақытында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, халық пен аумақты төтенше ахуалдардан қорғауға бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге шаралар жүйесін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
3) азаматтық қорғау күштері мен құралдарын құру және дамыту саласында бірыңғай техникалық саясатты жүргізу;
4) авариялар, апаттар, дүлей зілзалалар және өзге апаттар нәтижесінде зардап шеккен азаматтарды, төтенше ахуалдар салдарын жоюға қатысқан адамдарды әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғау, медициналық оңалту мәселелері бойынша министрліктердің, өзге орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметтерін үйлестіру болып табылады.
4. Төтенше ахуалдар жөніндегі комиссиялар:
1) азаматтық қорғау саласындағы министрліктер, өзге орталық және жергілікті атқарушы органдар, ғылыми, қоғамдық ұйымдар және бірлестіктер іс-қимылдарын үйлестіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
2) төтенше ахуалдардың алдын алу және оларды жою саласындағы іс-шараларға қатысты мәселелер бойынша министрліктер, өзге орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен лауазымды тұлғаларын тыңдауға;
3) Төтенше ахуалдар жөніндегі комиссия жұмысына қажетті олардың қызметі бойынша министрліктерден, өзге орталық және жергілікті атқарушы органдардан, ұйымдардан ақпаратты сұратуға;
4) азаматтық қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды министрліктердің, өзге орталық және жергілікті атқарушы органдардың орындауына талдау жүргізуге;
5) азаматтық қорғау мәселелері бойынша талдау, сараптама және басқа да жұмыстарды орындау үшін Қазақстан Республикасының кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдары мамандарын (олардың басшыларымен келісу бойынша) тартуға құқылы.
8-бап. Азаматтық қорғау қызметтері
1. Азаматтық қорғаудың арнайы іс-шараларын орындауды және осы мақсатта күштер мен құралдарды дайындауды қамтамасыз ету үшін азаматтық қорғаудың республикалық, облыстық, аудандық, қалалық қызметтері құрылады.
2. Қызметтері олардың негізінде құрылған азаматтық қорғаудың басқару органдары басқару пункттерінің, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарының мақсатына сәйкес іс-қимылдар жасауға әзірлігін қамтамасыз етеді.
3. Эвакуациялық іс-шараларды орындауды ұйымдастыру мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда эвакуациялық, эвакуациялық қабылдау комиссиялары және эвакуациялық органдар құрылады.
9-бап. Азаматтық қорғау құралымдары
1. Азаматтық қорғау құралымдары соғыс және бейбіт уақытта авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған.
2. Азаматтық қорғау құралымдары орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылады.
3. Азаматтық қорғау құралымдарына І, ІІ, ІІІ топ мүгедектерін, жүкті әйелдерді, сегіз жасқа дейінгі баласы бар әйелдерді және соғыс уақытында – жұмылдыру ұйғарымы бар әскери міндеттілерді қоспағанда, еңбекке қабілетті ерлер мен әйелдер қабылданады.
10-бап. Уәкілетті органның білім беру ұйымдары
Уәкілетті органның білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын мамандықтар бойынша жоғары білімі бар мамандарды даярлау және азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің біліктіліктерін арттыру мақсатында құрылады.
Уәкілетті органның білім беру ұйымының басты міндеттері:
1) азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің кәсіби өсуі және біліктіліктерін арттыру үшін жағдай жасау;
2) азаматтық қорғау органдары үшін мамандарды даярлау;
3) мамандар даярлау бейініне сәйкес қызметті жетілдірудің өзекті проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, зерттеулердің алынған нәтижелерін оқу процесіне және практикаға ендіру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |