Қазақстан республикасының заңЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



бет4/7
Дата20.06.2016
өлшемі0.67 Mb.
#149326
1   2   3   4   5   6   7
§ 2 параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«§ 2. Жеке практикамен айналысудан түсетін табыс»;

  1. 181 және 182-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«181-бап. Жалпы ережелер

  1. Жеке практикамен айналысудан түсетін табысқа:

  1. жекеше нотариустың табысы;

  2. жеке сот орындаушысының табысы;

  3. адвокаттың табысы;

  4. кәсіби медиатордың табысы жатады.

2. Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың қызметтеріне ақы төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдаған жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор кепіл сомасы қол қойылған көрсетілген қызметтер актісінде көрсетілген осындай қызметтің көрсетілу күнінен бастап табыс деп танылады.

3. Осы параграфтың мақсатында қызметтік іссапарлар кезінде шегерімге жататын өтемақыларға:



1) жол жүру мен броньға (оның ішінде құнының төлену фактісін растайтын құжат болған кезде электрондық билетке) жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттар негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, іссапарға баратын жерге жетуге және кері қайтуға іс жүзінде жүргізілген шығыстар;

2) тұрғын үй-жайды жалдауға және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға іс жүзінде жүргізілген шығыстар;

3) іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде – іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар жатады.

Іссапарда болу уақыты:

қызметкерді іссапарға жіберу туралы салық төлеушінің бұйрығы немесе жазбаша өкімі;

жол жүруді растайтын құжаттарда көрсетілген, іссапар орнына кету күні мен кері қайтып келу күнін негізге ала отырып, іссапар күндерінің саны негізінде айқындалады.

4. Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың амортизациялық аударымдарды есептеуі салық кезеңінің соңында активтер құнының 25 пайызы мөлшерінде жүргізіледі.

5. Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың активтері 2018 жылдың 1 қаңтарынан кейін сатып алынған және жеке практика қызметін көрсету жөніндегі қызметте пайдаланылатын:



  1. компьютерлер, ноутбуктер, мониторлар, проекторлар;

  2. басып шығару, алдын-ала қарау, көшірме жасау, факспен жіберуге арналған құрылғылар;

  3. сейфтер болып танылады.

Салық кезеңінің соңында осы тармақта көрсетілген активтердің құны:

активті сатып алу құны

қосу

салық кезеңі ішінде жұмсалған активтерді сүйемелдеуге, жөндеуге және пайдалануға шығыстардың сомасы,

алу


алдыңғы салық кезеңінде есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы ретінде айқындалады.

182-бап. Жекеше нотариустың табысы

1. Жекеше нотариустың салық кезеңі ішіндегі табысы мынадай тәртіппен айқындалады:

нотариаттық қызметті жүзеге асырудан алуға жататын (алынған) табыстары,

алу


жекеше нотариустың кәсіби шегерімдері.

  1. Жекеше нотариус қызметін жүзеге асырудан түскен табыстарға:

  1. нотариаттық іс-әрекеттерге ақы төлеу түріндегі табыс;

2) жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттерді жасау кезіндегі құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтерге ақы төлеу түріндегі табыс;

3) нотариаттық әрекеттерді жасау кезінде алынуға жататын (алынған) өзге де табыстар жатады.

3. Жекеше нотариус осы баптың 4-тармағында көзделген шығыстар бойынша кәсіби шегерімдерді бір мезгілде мынадай:

1) жекеше нотариус қызметін жүзеге асырудан табыс алуға байланысты жүргізілген;

2) құжаттамалық расталған;

3) жекеше нотариустың салықтық тізілімінде көрсетілген шарттарға сәйкес келгенде қолдануға құқылы.

4. Жекеше нотариустың кәсіби шегерімдеріне:

1) кеңсе тауарларын сатып алуға шығыстар;

2) жекеше нотариус қызметін көрсету үшін үй-жайды жалға алу (жалдау) бойынша шығыстар;

3) осы Кодекстің 181-бабы 4-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;

4) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктің, ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;

5) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша қызметкерлердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың есептелген табыстары;

6) осы Кодекстің 100-бабы 14-1-тармағында және 114-бабында көзделген шығыстар;

7) қызметтік іссапар кезіндегі өтемақылар;

8) қызметкерлердің бір жыл ішіндегі орташа тізімдік санына сүйене отырып, бір қызметкерге республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіш шегінде нотариат палаталарына енгізілетін мүшелік жарналар;

9) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруға шығыстар жатады.»;



  1. мынадай мазмұндағы 182-1, 182-2 және 182-3-баптармен толықтырылсын:

«182-1-бап. Жеке сот орындаушысының табысы

1. Жеке сот орындаушысының салық кезеңі ішіндегі табысы мынадай тәртіппен айқындалады:

жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) табыстар,

алу


жеке сот орындаушысының кәсіби шегерімдері.

  1. Жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асырудан түскен табыстарға:

  1. жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу;

2) атқарушылық іс-әрекеттерді жасау бойынша шығыстарды, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен өтеу;

3) сот орындаушысы қызметін жүзеге асыру кезінде алынуға жататын (алынған) басқа да табыстар жатады.

3. Жеке сот орындаушысы осы баптың 4-тармағында көзделген шығыстар бойынша кәсіби шегерімдерді бір мезгілде мынадай:

1) жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асырудан алуға байланысты жүргізілген;

2) құжаттамалық расталған;

3) жеке сот орындаушысының салықтық тізілімдерінде көрсетілген шарттарға сәйкес келгенде қолдануға құқылы.

4. Жеке сот орындаушысының кәсіби шегерімдеріне:

1) кеңсе тауарларын сатып алуға шығыстар;

2) жеке сот орындаушысы қызметін көрсету үшін үй-жайды жалға алу (жалдау) бойынша шығыстар;

3) осы Кодекстің 181-бабының 4-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;

4) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктің, ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;

5) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша қызметкерлердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың есептелген табыстары;

6) осы Кодекстің 100-бабының 14-1-тармағында және 114-бабында көзделген шығыстар;

7) қызметтік іссапар кезіндегі өтемақылар;

8) қызметкерлердің бір жыл ішіндегі орташа тізімдік санына сүйене отырып, бір қызметкерге республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіш шегінде жеке сот орындаушыларының алқасына енгізілетін мүшелік жарналар;

9) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша шығыстар;

10) осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көзделмеген, атқарушылық іс-әрекеттерді жасау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелген шығыстар жатады.

182-2-бап. Адвокаттың табысы

1. Адвокаттың салық кезеңі ішіндегі табысы мынадай тәртіппен айқындалады:

адвокат қызметін жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) табыстары,

алу

адвокаттың кәсіби шегерімдері.



2. Адвокат қызметін жүзеге асырудан түскен табыстарға:

1) адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу;

2) қорғау және өкілдік етумен, құқықтық ақпараттандырумен және құқықтық консультация берумен байланысты шығыстарды, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен өтеу;

3) адвокат қызметін жүзеге асыру кезінде алынуға жататын (алынған) басқа да табыстар жатады.

3. Адвокат осы баптың 4-тармағында көзделген шығыстар бойынша кәсіби шегерімдерді бір мезгілде мынадай:

1) адвокат қызметін жүзеге асырудан алуға байланысты жүргізілген;

2) құжаттамалық расталған;

3) адвокаттың салықтық тізілімдерінде көрсетілген шарттарға сәйкес келгенде қолдануға құқылы.

4. Адвокаттың кәсіби шегерімдеріне:

1) кеңсе тауарларын сатып алуға шығыстар;

2) адвокат қызметін көрсету үшін үй-жайды жалға алу (жалдау) бойынша шығыстар;

3) осы Кодекстің 181-бабының 4-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;

4) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктің, ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;

5) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша қызметкерлердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың есептелген табыстары;

6) осы Кодекстің 100-бабының 14-1-тармағында және 114-бабында көзделген шығыстар;

7) қызметтік іссапар кезіндегі өтемақылар;

8) қызметкерлердің бір жыл ішіндегі орташа тізімдік санына сүйене отырып, бір қызметкерге республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіш шегінде адвокаттар алқасына енгізілетін мүшелік жарналар;

9) осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделмеген, қорғау мен өкілдік етуге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелген шығыстар жатады.

182-3-бап. Кәсіби медиатордың табысы

1. Кәсіби медиатордың салық кезеңі ішіндегі табысы мынадай тәртіппен айқындалады:

«Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіби медиатор қызметін жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) табыстары,

алу


кәсіби медиатордың кәсіби шегерімдері.

2. Кәсіби медиатор осы баптың 3-тармағында көзделген шығыстар бойынша кәсіби шегерімдерді бір мезгілде мынадай:

1) кәсіби медиатор қызметін жүзеге асырудан алуға байланысты жүргізілген;

2) құжаттамалық расталған;

3) кәсіби медиатордың салық тіркелімдерінде көрсетілген шарттарға сәйкес келгенде қолдануға құқылы.

3. Кәсіби медиатордың кәсіби шегерімдеріне:

1) кеңсе тауарларын сатып алуға шығыстар;

2) кәсіби медиатор қызметін көрсету үшін үй-жайды жалға алу (жалдау) бойынша шығыстар;

3) осы Кодекстің 181-бабының 4-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;

4) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктің, ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;

5) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша қызметкерлердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың есептелген табыстары;

6) осы Кодекстің 100-бабының 14-1-тармағында және 114-бабында көзделген шығыстар;

7) қызметтік іссапар кезіндегі өтемақылар;

8) қызметкерлердің бір жыл ішіндегі орташа тізімдік санына сүйене отырып, бір қызметкерге республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіш шегінде кәсіби медиатор ұйымына енгізілетін мүшелік жарналар.»;



  1. 183-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«183-бап. Дара кәсіпкердің табысы

1. Салық кезеңі үшін дара кәсiпкердiң табысы мынадай тәртіппен айқындалады:

осы баптың 1-1-тармағына сәйкес айқындалған дара кәсiпкердiң салық салынатын табысы,

қосу


осы Кодекстiң 224-бабына сәйкес айқындалған шетел көздерінен алынған табыстар,

алу


осы Кодекстiң 133-бабында белгіленген корпоративтiк табыс салығын есептеу мақсатында салық салынатын табысты азайтуды айқындау тәртiбіне ұқсас тәртiппен айқындалған дара кәсiпкердiң салық салынатын табысынын азайту,

алу


осы Кодекстiң 136, 137-баптарында белгіленген, корпоративтiк табыс салығын есептеу мақсатында залалдарды көшіру тәртiбіне ұқсас тәртіппен айқындалған көшіруге жататын залалдар.

2. Салық кезеңі үшін дара кәсiпкердiң салық салынатын табысы мынадай тәртіппен айқындалады:

осы Кодекстiң 85-98-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодекстiң 84-бабында белгіленген, корпоративтiк табыс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық табысты айқындау тәртiбіне ұқсас тәртіппен айқындалған салық кезеңі үшін жиынтығында алынған дара кәсiпкердiң салық салынатын табысы,

алу


осы Кодекстiң 99-бабының 1-тармағында белгіленген корпоративтiк табыс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық табысты түзетулерді айқындау тәртiбіне ұқсас тәртіппен айқындалған салық кезеңі үшін жиынтығында алған дара кәсiпкердiң табысын түзету,

қосу (алу)

осы Кодекстiң 99-бабының 2-тармағында белгіленген корпоративтiк табыс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық табысты түзетулерді айқындау тәртiбіне ұқсас тәртіппен айқындалған салық кезеңі үшін жиынтығында алынған дара кәсiпкердiң табысын түзету,

алу


осы Кодекстiң 100-125-баптарында белгіленген корпоративтiк табыс салығын есептеу мақсатында шегерімдерге жатқызылатын шығыстарды айқындау тәртiбіне ұқсас тәртіппен айқындалған шегерімдер,

қосу (алу)

осы Кодекстiң 132-бабында белгіленген корпоративтiк табыс салығын есептеу мақсатында табыстарды және шегерімдерді түзетуді айқындау тәртiбіне ұқсас тәртіппен айқындалған табыстарды және шегерімдерді түзету.


  1. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкердiң табысы осы Кодекстің 427-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес айқындалады.»;

  1. 184-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«184-бап. Өзге де табыстар

1. Салық төлеушiнiң салық салуға жататын өзге де табыстарына мыналар жатады:

1) осы Кодекстің 184-1-бабында белгіленген тәртіппен айқындалатын, мүлікті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегi көздерден, оның ішінде жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсіпкердің өткізуінен алынған табыстар;

2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, салық агенттерi болып табылмайтын, шет мемлекеттің дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерімен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстары;

3) үй қызметшілерiнiң Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасасқан еңбек шарттары бойынша алынған табыстары;

4) Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілердің еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алынған (алынуға жататын) табыстары;



5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстары;

6) бірлескен қызмет шартына сәйкес шаруа фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) табысында шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) шаруа немесе фермер қожалығы табысындағы үлесі бойынша айқындалатын шаруа немесе фермер қожалығы үшін арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) табысы.



2. Осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасында көрсетiлген табыстарға салық салу осы Кодекстiң 27-тарауында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргiзiледi.

3. Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер осы баптың 1-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша салық кезеңінің ішінде жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді жүргізеді.

Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келушінің еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алуға (ұзартуға) арналған өтінішінде көрсеткен тиісті кезеңнің жұмыстарын орындаудың (қызметтерін көрсетудің) әрбір айы үшін есептеледі.

Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін болатын жері бойынша жүргізеді.

Осы баптың 1-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша салық кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер табыстың салық салынатын сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен жеке табыс салығының сомасын есептеуді жүргізеді.



Табыстың салық салынатын сомасы жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) алынған (алынуға жататын), республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақы мөлшерінің еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңнің жұмыстарын орындаудың (қызметтерін көрсетудің) әрбір айы үшін есептелген сомасына азайтылған табыстар сомасы ретінде айқындалады.

Салық кезеңі ішінде бюджетке Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші төлеген алдын ала төлемдер сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады.

Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып түсу сомасы артық төленген жеке табыс салығының сомасы болып табылмайды және кері қайтарылмайды немесе есепке жатқызылмайды.

Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан аз болған жағдайда, жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі және салық кезеңінің қорытындылары бойынша декларация бойынша жеке табыс салығын төлеуді Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші осы Кодекстің 187-5-бабы 1-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, болатын жері бойынша жүзеге асырады.»;



  1. мынадай мазмұндағы 184-1-баппен толықтырылсын:

«184-1-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден түсетін табысын айқындау тәртібі

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізу кезінде түсетін табысы мүлікті өткізу құны болып табылады.

2. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізу кезінде түсетін табысы мынадай мүлікті:



1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі мүлікке құқықтар және (немесе) ол бойынша мәмілелер шет мемлекеттің құзыретті органында шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес мемлекеттік немесе басқа тіркелуге жататын;

2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі, шет мемлекеттің құзыретті органында шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес мемлекеттік немесе басқа тіркелуге жататын мүлікті өткізу кезінде мүлікті өткізу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырмашылық ретінде айқындалады.

3. Борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған бағалы қағаздарды өткізу кезінде түсетін табысы өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырмашылық ретінде айқындалады.

4. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған борыштық бағалы қағаздарды өткізу кезінде түсетін табысы өткізу күнгі дисконт амортизациясын және (немесе) сыйлықақыны ескере отырып, купон есепке алынбаған өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырмашылық ретінде айқындалады.

5. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған қатысу үлесін өткізу кезінде түсетін табысы өткізу құны мен оны сатып алу (салым) құны арасындағы оң айырмашылық ретінде айқындалады.

6. Осы баптың 2-тармағы ережесі мынадай жағдайларда:

1) жылжымайтын мүлік жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің аумағында болса;

2) жылжымалы мүлікке құқықтар немесе жылжымалы мүлік бойынша мәмілелер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің құзыретті органында тіркелген болса қолданылмайды.

7. Осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарының ережелері, егер осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетілген табыстар жеңілдікті салық салынатын мемлекеттегі көздерден алынса қолданылмайды.

8. Осы баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарының ережелері:

1) мүлікті сатып алу құнын (салым құнын);

2) мүлікті өткізу құнын;

3) мүлікті және (немесе) мүлікке меншік құқығын және (немесе) мүлік бойынша мәмілені шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органының тіркегенін растайтын құжаттар негізінде қолданылады.»;


  1. 185-бапта:

1, 3-тармақтар алып тасталсын;

2-тармақ алып тасталсын;



  1. 186-бап алып тасталсын;

  2. 187-бап алып тасталсын;

  3. мынадай мазмұндағы 21-1-тараумен толықтырылсын:

«21-1-тарау. Жеке тұлғалардың декларациялары

§ 1. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация

187-1-бап. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация

1. Осы бапта аталған тұлғалар, егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгiленбесе, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс ету жылдың алдындағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша толтырады.

2. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс ету жылының 1 қаңтарында:

1) Қазақстан Республикасының кәмелеттік жасқа толған азаматтары немесе оралмандар немесе тұруға ықтиярхаты бар адамдар;

2) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын он сегіз жасқа (кәмелеттік жасқа) толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның заңды өкілдерінің бірі немесе оралман немесе тұруға ықтиярхаты бар адам;

3) осы баптың 4-тармағында айқындалған жағдайда осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген жеке тұлғалар болып табылатын жеке тұлғалар табыс етеді.

3. Осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген адамдар он сегіз жасқа (кәмелеттік жасқа) толмаған адам үшін жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны аталған адамда мына жағдайлардың кез келгені болған кезде табыс етеді:

1) жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс ету жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүліктің, сондай-ақ құқықтары және (немесе) ол бойынша мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркеуге жататын мүліктің (жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлікті қоспағанда) болған;

2) жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс ету жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша тұрғын үй құрылысына, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қатысу үлесі болған;

3) жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс ету жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша банк шоттарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс ету жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданыста болған жалақының 40 еселенген ең төменгі мөлшерінен жиынтықпен асып түсетін ақша сомасы болған;

4) жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс ету жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс ету жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданыста болған жалақының
160 еселенген ең төменгі мөлшерінен асып түсетін басқа адамдардың жеке тұлғаға берешектерінің (дебиторлық берешегі) және жеке тұлғалардың басқа адамдарға берешектерінің (дебиторлық берешегі) сомасы болған.

4. Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделгендерді қоспағанда, осы баптың 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген адамдар жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс ету жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлкі, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлкі болған жағдайда табыс етеді.

Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік мемлекеттің дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің қызметкерлері болып табылатын шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қолданылмайды.

5. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация, мыналарды қоспағанда, бір рет табыс етіледі:

1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген адамдар;

2) Осы Кодекстің 70-бабында көзделген қосымша салық есептілігі.

187-2-бап. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация жасау ерекшеліктері

1. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация мынадай талаптар ескеріле отырып жасалады:

1) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация табыс етілетін жылдың алдындағы жылғы 31 желтоқсанда қолданыста болған ең төменгі жалақының 160 еселенген мөлшері шегінен аспайтын сомада қолма-қол ақша көрсетіледі;

2) банктерге және Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешектерін қоспағанда, дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешектер республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация табыс етілетін жылдың алдындағы жылғы 31 желтоқсанда қолданыста болған ең төменгі жалақының 160 еселенген мөлшеріне тең сомадан асып кеткен жағдайда, міндеттемелердің немесе талаптардың туындауына негіз болып табылатын шарт немесе өзге құжаттар болған кезде көрсетіледі;

2. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация жасау жеке тұлғаның қалауы бойынша мынадай талаптарды ескере отырып басқа да мүлкінің көрсетілуі мүмкін:

1) биологиялық активтерге меншік құқығын растайтын ветеринариялық паспорты немесе өзге де құжаттары болған кезде осындай активтер көрсетіледі;

2) Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасына сәйкес мәдени құндылықтарға осындай мүлікті жатқызу туралы мәдениет саласындағы уәкілетті органның қорытындысы болған кезде мәдени құндылықтар көрсетіледі;

3) қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдар, олардан жасалған зергерлік бұйымдар және құрамында қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттар, сондай-ақ өнер және антиквариат туындылары осы мүліктің бірлігі үшін бағасы (құны) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және активтер мен міндеттемелер туралы декларация табыс етілетін жылдың алдындағы жылғы 31 желтоқсанда қолданыста болған ең төменгі жалақының 160 еселенген мөлшерінен асып кеткен және осындай мүліктің құнын растайтын құжаттар болған жағдайда көрсетіледі;

4) осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көрсетілмеген өзге де мүліктер, осы мүліктің бірлігі үшін бағасы (құны) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және активтер мен міндеттемелер туралы декларация табыс етілетін жылдың алдындағы жылғы 31 желтоқсанда қолданыста болған ең төменгі жалақының 160 еселенген мөлшерінен асып кеткен және осындай мүліктің құнын растайтын құжаттар болған жағдайда көрсетіледі.

187-3-бап. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация табыс ету мерзімдері



Егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына өзгеше белгiленбесе, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация:

1) қағаз жеткізгіште табыс етілген жағдайда – декларация табыс ету бойынша міндеттеме туындаған жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей;

2) электрондық түрде табыс етілген жағдайда – декларацияны табыс ету бойынша міндеттеме туындаған жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей табыс етіледі.

§ 2. Жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларация

187-4-бап. Жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларация

1. Жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларация жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларация табыс етілетін жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың ішінде:

1) Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары, оралмандар немесе тұруға ықтиярхаты бар адамдар;

2) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның заңды өкілдерінің бірі немесе оралман немесе осы баптың


2-тармағында айқындалған жағдайда тұруға ықтиярхаты бар адам;

3) осы баптың 3-тармағында айқындалған жағдайда, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген жеке тұлғалар болып табылатын жеке тұлғалар табыс етеді.

2. Осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген адамдар он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам үшін жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияны осы адамда мынадай жағдайлардың кез-келгенінің бірі болған кезде:

1) есепті салық кезеңінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде, табыстардың мынадай түрлерін:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті;

бюджет қаражаты есебінен төленетін жәрдемақыларды, өтемдерді, стипендияларды;

әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді;

банктердегі және лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдар бойынша сыйақыларды;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде, бюджет қаражаты есебінен төленетін, тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлықақыларды;

«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерлерде, бюджет қаражаты есебінен төленетін білім беру жинақтау салымдары бойынша мемлекет сыйлықақыларын қоспағанда, табыстар алған;

2) мемлекеттік немесе өзге де тiркелуге жататын мүлiктердi, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмiлелері мемлекеттік немесе өзге де тiркелуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде тіркелуге жататын мүлiктерді иеліктен шығарған және (немесе) иемденіп алған және (немесе) тегін алған;

3) тұрғын үй құрылысына, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде қатысу үлесін талап ету құқығын иемденіп алған және (немесе) басқаға берген және (немесе) тегін алған;

4) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсандағы жағдай бойынша банк шоттарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданыста болған, жиынтығында барлық банк салымдары бойынша ең төменгі жалақының 40 еселенген мөлшерінен асып кететін ақша сомалары болған;

5) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған банктердің жекелеген операцияларын жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың берешектерін қоспағанда, есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданыста болған ең төменгі жалақының 160-еселенген мөлшерінен асып кететін басқа адамдардың жеке тұлғаның алдындағы берешегі (дебиторлық берешектері) және (немесе) басқа адамдардың алдында (кредиторлық берешектері) сомасы болған жағдайда табыс етеді.

3. Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделгендерді қоспағанда, осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген адамдар мынадай жағдайда, егер:

1) есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасындағы көздерден жеке тұлға өзі дербес салық салуға жататын табыстар алса;

2) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес декларация табыс ету жөніндегі міндет жүктелген адамдар болып табылса, жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияны табыс етеді.

Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік мемлекеттің дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің қызметкерлері болып табылатын шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қолданылмайды.

Бұл ретте есепті салық кезеңінде алынған, жеке тұлға өзі дербес салық салуға жатқызатын табыстардан жеке табыс салығын төлеу міндеттемесі туындаған жағдайда – мұндай адамдардың жеке табыс салығын төлеуі осы Кодекстің 179-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке тұлға есепті салық кезеңінің ішінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:

1) жеке тұлға:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адам, оларға теңестiрiлген адам, сондай-ақ олардың зайыптары (жұбайлары);

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету бойынша міндет жүктелген адам;

дара кәсіпкер;

жекеше нотариус;

жеке сот орындаушысы;

адвокат;

кәсіби медиатор болып табылмаса;

2) жеке тұлға:

мүліктік табыс;

өзге де табыстар алмаса;

3) жеке тұлғада кез-келген табыс болмаса немесе жеке тұлға табыстарды тек:



төлем көзінен салық салынуға жататын табыстар;

өміріне және денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу;

алименттер түрінде алса;



4) жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға құқығы жоқ немесе жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу құқығын іске асыруды қаламаса;

5) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ оған құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын мүлікті, соның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде сатып алмаса, иеліктен шығармаса, өтеусіз алмаса, жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияны оңайлатылған форматта (жеке тұлғаның табыстары туралы қысқаша декларация) табыс етуге құқылы.

187-5-бап. Жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияны табыс ету мерзімдері

1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы қағаз жеткізгіштегі декларация:

қағаз жеткізгіште табыс еткен жағдайда - есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей;

электрондық түрде табыс еткен жағдайда - есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей табыс етіледі.

2. Осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген табыстарды алған, Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып түскен жағдайда табыс етеді.

Осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген табыстар бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер болатын жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

Бұл ретте, осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген табыстарды салық кезеңі ішінде алған Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыққан жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығатын күніне дейін табыс етіледі.»;



  1. 200-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«200-1-бап. Резидент емес жеке тұлғаның салық салудан босатылатын табыстары»;

  1. 201-баптың 1-тармағы екінші, үшінші, төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«Төлем көзінен салық салуға жататын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді және ұстауды салық агенті резидент емес жеке тұлғаға табыстарды төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді.

Табысты шетелдік валютамен төлеу кезінде төлем көзінен салық салуға жататын табыс мөлшері табыс төленетін күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі.

Резидент емес жеке тұлғаның төлем көзінен салық салуға жататын табыстарынан жеке табыс салығын бюджетке аударуды салық агенті өзі тұрған жері бойынша осы тармаққа сәйкес салықты ұстауға жататын айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жүргізеді.»;

  1. 205-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«205-бап. Жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларация табыс ету

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияны осы Кодекстің 187-5-бабында көзделген мерзімдерде осы Кодекске сәйкес жеке тұлға өзі дербес салық салуға жататын, Қазақстан Республикасында табыстарды көздерден алатын резидент емес жеке тұлға салық төлеушінің болатын (тұрғылықты) жеріндегі салық органына табыс етеді.

Ағымдағы салық кезеңінен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен кірмей ағымдағы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге шыққан жағдайында, резидент емес жеке тұлға жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияны табыс етуге және ағымдағы салық кезеңі ішінде жеке табыс салығын төлеуге құқылы. Бұл ретте жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларация ағымдағы салық кезеңінің басынан бастап, осындай тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге шыққан күнге дейінгі кезеңге табыс етіледі.»;


  1. 221-1-бап алып тасталсын;

  2. 231-баптың 3-тармағы 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«12) дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызмет мақсатында пайдаланбайтын мынадай:

бұрын пайдаланылған жеке заттарды;



мүліктік және өзге де табыстардан жеке табыс салығын есептеу үшін салық салу объектісі болып табылмайтын мүлкін өткізу бойынша айналымы;»;

  1. 357-баптың 2-тармағында:

бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында және 2-тармағында көрсетілген төлеушілер үшін жұмыс берушінің осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағында көрсетілген қызметкер табыстары бойынша шығыстары (оның ішінде жұмыс берушінің осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18) 19), 20) және 21) тармақшаларында көрсетілген қызметкер табыстары бойынша шығыстары), сондай-ақ егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 191-бабының 7-тармағында көрсетілген шетел персоналының табыстары бойынша салық агентінің шығыстары салық салу объектісі болып табылады.



Осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 8), 10), 12), 17), 18), 24), 26), 27), 29), 31), 32), 34), 41) тармақшаларында және 200-1-бабы 1-тармағының
13) тармақшасында
белгіленген табыстар, сондай-ақ:»;

2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

  1. 363-бап мынадай редакцияда жазылсын:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет