665-8-бап. Уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны
665-9-бап. Уәкілетті органға немесе сотқа шағым беру салдары»;
-
12-баптың 1-тармағында:
17) тармақша алып тасталсын;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) қайырымдылық көмек - өтеусіз негізде мыналарға:
жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау түрінде;
олардың жарғылық қызметін қолдау мақсатында коммерциялық емес ұйымдарға;
осы Кодекстің 135-бабы 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін осы ұйымдардың жүзеге асыруы мақсатында, әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға;
осы Кодекстің 135-бабы 3-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келетін әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға берілетін мүлік;»;
мынадай мазмұндағы жаңа 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
«24-1) жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау – республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және жеке тұлғаға осындай беру күніне тиісті қаржылық жылдың басында қолданылатын салық агентімен ең төменгі еңбек ақы төлеу мөлшерінің 55 еселенген шегінде бір жыл үшін қайтарусыз берілетін ақшаны:
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар болып табылатын;
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар болып табылатын;
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар болып табылатын;
жетім балалар болып табылатын;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар болып табылатын;
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес аз қамтылған азаматтар болып табылатын;
Алдағы жылдың ішінде болатын дүлей зілзаладан немесе басқа да төтенше жағдайлардан зардап шегіп қалатындар;
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесіне кіретін ауырулары барлар;
Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары барлар;
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңына сәйкес кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізіміне кіретін аурулары барлар;»;
47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«47) тауарлардың импорты - Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, тауарларды Кеден одағының кеден аумағына әкелу, сондай-ақ тауарларды Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;»;
мынадай мазмұндағы 48)-50) тармақшалармен толықтырылсын:
«48) уәкілетті тұлға – осы Кодекске сәйкес өзінде бар жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өз құзыреті шегінде уәкілетті органға табыс ету бойынша міндет жүктелген адам;
49) салық органдарының Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы (ҚӨО) – уәкілетті органға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеме;
50) аудиттелетін жеке адам – осы Кодекске сәйкес оған қатысты камералдық аудит немесе салықтық тексеру жүргізілетін жеке тұлға.»;
-
13-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын, есепке жатқызылған қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан асып кетуін, жеке тұлғаның жеке табыс салығынан асып кетуін есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды, айыппұлды қайтаруды талап етуге;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
камералдық аудит нәтижелері туралы хабарламаға;
салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға;
салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне;
салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;»;
-
14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) осы Кодекстің 83-1-тарауында көзделген жағдайларда салық қызметі органының талап етуі бойынша мынадай құжаттардың:
медициналық қызметтерді, білім беру қызметін көрсетуге, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге шарттардың;
медициналық қызметтерге және білім беру қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге нақты шығыстарды растайтын құжаттардың;
медициналық қызметтерді, білім беру қызметін алғанын, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын өтегенін растайтын өзге құжаттардың түпнұсқаларын табыс етуге міндетті.
Аталған құжаттар шет тілінде табыс етілген жағдайда нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса беріледі.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген қызметтерге төлеу бойынша қолма-қол жасалмайтын ақшамен төлем жүргізген жағдайда осындай қызметтерді төлеуге нақты шығыстарды растайтын құжат ретінде онда пайдасына осындай шығыстарды төлем жүргізілген тұлғаның атауы мен сәйкестендіру нөмірі болуы шартында мына құжаттардың бірі болып табылады:
банк шотын пайдалана отырып не банк шотын пайдаланбай төлемдер және ақша аударымдары жүзеге асырылған кезде жасалған төлем құжаты (бұдан әрі – төлем құжаты);
төлем карточкасын пайдалана отырып не электрондық терминалдар арқылы төлемдер және ақша аударымдары жүзеге асырылған кезде жасалған чек (бұдан әрі - чек);
банк шоты ақша қозғалысы туралы көшірме жазба (бұдан әрі – көшірме жазба).
Аталған қызметтер Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде алынған және төленген жағдайда чектерде және көшірме жазбаларда пайдасына осындай шығыстарды төлем жүргізілген тұлғаның сәйкестендіру нөмірін көрсету талап етілмейді;»;
-
15-баптың 2-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әрбір жеке тұлға жөнінде төлем көзінен салық салуға жататын табыстардың, сондай-ақ жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу және ұстап қалу бөлігінде осындай табыстар және әлеуметтік салықты, әлеуметтік аударымдарды есептеу бөлігінде қызметкерлерге табыс түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары бойынша міндеттемелердің есебін жүргізуге;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тіркелу есебінде тұрған жері бойынша салық органына осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етуге міндетті;»;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы Кодекстің 162-1-бабында белгіленген нысан бойынша және тәртіппен жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманы тегін беруге міндетті.»;
-
17-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілінің, жеке тұлғаның заңды өкілінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға осы салық төлеушінің (салық агентінің), жеке тұлғаның заңды өкілінің қатысуына байланысты жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) олардың аталған өкілге осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде берген өкілеттіктері шеңберінде салық төлеушінің (салық агентінің), жеке тұлғаның заңды өкілінің іс-әрекеттері (әрекетсіздік) деп танылады.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Жеке тұлғаның заңды өкілінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға осы жеке тұлғаның қатысуына байланысты жасалған іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) жеке тұлғаның заңды өкілінің іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) деп танылады.»;
-
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Салық қызметінің органдары. Кеден органдары. Салық қызметі органдарының басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы. Салық органдарының Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы (ҚӨО)»;
-
19-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) жеке табыс салығы бойынша асып кетуін есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізу мақсатында жеке тұлғадан осы Кодекстің 14-бабы
1-тармағы 2-1) тармақшасында көзделген құжаттарды тапсыруды талап етуге;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) осы Кодекске сәйкес жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация табыс ету міндеті жүктелген жеке тұлғаны салықтық тексеру барысында осы декларацияда көрсетілген мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік туралы мәліметтердің дұрыстығы бөлігінде тексеруді жүзеге асыруға;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық қызметінің органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жүктелген міндеттерді іске асыру мен міндеттер орындауды осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы.
Салық қызметінің органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жүктелген міндеттерді іске асыруды осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық органдарының Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы (ҚӨО) арқылы жүзеге асыруға құқылы.»;
-
20-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуін есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізуге;»;
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың):
камералдық аудит нәтижелері туралы хабарламаға;
салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға;
салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне;
салық қызметінің органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымын осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға;»;
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартуға міндетті;»;
мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
«28) мыналарды:
жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны;
жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияны табыс еткен жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі туралы ақпаратты уәкілетті органның сайтында орналастыруға міндетті.».
-
24-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Уәкілетті мемлекеттік органдар тізбе бойынша жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде уәкілетті органға беруге міндетті.»;
-
мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
«24-1-бап. Уәкілетті органның әскери басқару органдарымен өзара
іс-қимыл жасауы
1. Әскери басқарудың жергілікті органдары мерзімді әскери қызметке шақырылған және мерзімді әскери қызметтен шығарылған жеке тұлғалар туралы мәліметтерді мынадай мерзімдерде:
1) жеке тұлғалар сәуірде-маусымда:
мерзімді әскери қызметке шақырылған;
мерзімді әскери қызметтен шығарылған жылдың 31 шілдесінен кешіктірмей;
2) жеке тұлғалар қазанда-желтоқсанда:
мерзімді әскери қызметке шақырылған;
мерзімді әскери қызметтен шығарылған жылдан кейінгі жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей уәкілетті органға табыс етеді.
2. Қорғаныс саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға әскери басқарудың жергілікті органдарының тізбесін мынадай мерзімдерде:
1) осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген жылдың
1 қаңтарынан кешіктірмей;
2) осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген жылдың
1 шілдесінен кешіктірмей табыс етеді.»;
-
мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:
«25-1-бап. Салық органдарының Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы (ҚӨО)
-
Салық органдарының Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығының (ҚӨО) міндеттері:
1) қағаз тасығышта табыс етілген салық есептілігін электрондық түрге келтіру;
2) салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодексте көзделген мерзімдер мен жағдайларда салық міндеттемесін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау жөніндегі салық қызметі органдарының хабарламаларын шығару және тарату;
3) салық төлеушілерге салық міндеттемесін орындауға байланысты мәселелер бойынша Байланыс орталығы арқылы ақпарат беру болып табылады.
2. Салық органдарының Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығының (ҚӨО) құрылымын, функциялары мен жұмыс тәртібін уәкілетті орган бекітеді.»;
-
31-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адамның және (немесе) іс-әрекетке қабілетсіз адамның салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес заңды өкілдер орындайды.»;
-
46-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен камералдық аудит нәтижелері туралы хабарламаға, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешіміне, сондай-ақ салық қызметінің органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау кезеңінде аяқталған жағдайда талап қою мерзімі өтінішті (шағымды) қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін шағым жасалатын бөлікте ұзартылады.»;
-
55-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының он үшінші абзацы алып тасталсын;
-
56-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы баптың 2-1 және 2-2-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салықтық есепке алу бухгалтерлік есепке алу деректеріне негізделеді. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес салықтық есепке алуды ұйымдастырады және жүргізеді.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар жеке практиканы жүзеге асыру кезінде табыстар мен шығыстарды есепке алу саясаты туралы ережелерді қоса отырып, өзі әзірлеген салықтық есепке алу саясатын бекітеді.»;
6-тармақтың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген дара кәсіпкерлер, сондай-ақ осы баптың 2-2-тармағында көрсетілген адамдар үшін - бастапқы есепке алу құжаттарын;»;
-
63-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық есептілігі - осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес табыс етілетін, салық төлеуші туралы, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды есептеу туралы мәліметтерді қамтитын салық төлеушінің (салық агентінің) құжаты.»;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны, импортталған тауарлар жөніндегі жанама салықтар бойынша декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қоспағанда, салық есептілігі мынадай түрлерге бөлінеді:»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Жеке тұлғаның активтері және міндеттемелері туралы декларация мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы - осындай декларацияны табыс ету бойынша белгіленген міндеттеме бірінші рет туындауына байланысты жеке тұлға табыс ететін жеке тұлғаның активтері және міндеттемелері туралы декларация;
2) кезекті - жеке тұлға жеке тұлғаның активтері және міндеттемелері туралы бастапқы декларацияны табыс еткеннен кейін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жеке тұлға табыс ететін жеке тұлғаның активтері және міндеттемелері туралы декларация;
3) қосымша - осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын бұрын табыс етілген жеке тұлғаның активтері және міндеттемелері туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде жеке тұлға табыс ететін жеке тұлғаның активтері және міндеттемелері туралы декларация;
4) қорытынды – жеке тұлғаның мемлекеттік функцияларды орындауды тоқтатуына байланысты жеке тұлға және оның жұбайы (зайыбы) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табыс ететін жеке тұлғаның активтері және міндеттемелері туралы декларация.»;
-
67-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«67-бап. Салық агенттері табыс ететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
1. Уәкілетті орган жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияның мынадай нысандарын осы декларацияға қосымшалармен бірге бекітеді:
1) салық агенттері, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер болып табылатын салық төлеушілер мен Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды төлеушілер үшін Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларация;
2) салық агенттері, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер болып табылатын салық төлеушілер мен Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды төлеушілер үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларация.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларация:
1) жеке табыс салығы;
міндетті зейнетақы жарналары, оның ішінде өзінің пайдасына;
әлеуметтік салық;
әлеуметтік аударымдар, оның ішінде өзінің пайдасына есептелетін жеке тұлғалардың табыстары;
2) есептелген салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымшалар салық қызметінің органдары салықтық бақылау мақсаты үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
3. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияларға қосымшалардың нысандары:
1) табыс алушы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы – әрбір жеке тұлға бойынша мынадай мәліметтер:
жеке тұлға туралы сәйкестендіру деректері;
төлем көзінен салық салуға жататын есептелген табыс сомасы;
салық салудан босатылатын табыс сомасы;
қолданылған салық шегерімдерінің сомасы;
салық салынатын табыс сомасы;
есептелген жеке табыс салығының сомасы;
төленген табыс сомасы;
төленген табыс сомасының есептелген табыс сомасына үлес салмағы;
ұсталуға жататын жеке табыс салығының сомасы;
аударылған жеке табыс салығының сомасы көрсетіле отырып, жеке табыс салығы сомасының есептелуі, ұсталып қалуы және аударылуы туралы;
2) құрылымдық бөлімшелер бойынша жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың сомаларын есептеу туралы;
3) жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушілердің әлеуметтік салықты есептеуі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
4. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларация мынадай:
1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өздерінен жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары есептелетін және ұсталып қалатын, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар есептелетін табыстары;
2) есептелген әлеуметтік жәрдемақылардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдардың есептелген сомасынан асып түскен сомалары;
3) салық агенті шегерімге жатқызған, жеке табыс салығы есептелетін шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың есепке жазылған, бірақ төленбеген табыстарының сомалары;
4) осы Кодекске немесе халықаралық шарттарға сәйкес есептелген және бюджетке төленуге жататын салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымшалар салық қызметінің органдары салықтық бақылау мақсатында пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
5. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары:
1) табыс алушы болып табылатын әрбір шетелдік және азаматтығы жоқ адам – жеке тұлға бойынша мынадай мәліметтер:
жеке тұлға туралы сәйкестендіру деректері;
төлем көзінен салық салуға жататын есептелген табыс сомасы, оның ішінде халықаралық шарттарға сәйкес;
салық салудан босатылатын табыс сомасы, оның ішінде халықаралық шарттарға сәйкес;
қолданылған салық шегерімдерінің сомасы;
төлем көзінен салық салынатын табыс сомасы;
салық мөлшерлемелері;
есептелген жеке табыс салығының сомасы;
төленген табыс сомасы;
төленген табыс сомасының есептелген табыс сомасына үлес салмағы;
ұстап қалуға жататын жеке табыс салығының сомасы;
аударылған жеке табыс салығының сомасы;
халықаралық шарттардың қолданылуы;
Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыру кезеңі көрсетіле отырып, резиденттер және резидент еместер болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан жеке табыс салығының есептелуі, ұсталып қалуы және аударылуы туралы және жеке табыс және әлеуметтік салықтардың, оның ішінде құрылымдық бөлiмшелер бойынша есептелуі туралы;
2) құрылымдық бөлімшелер бойынша жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар сомаларының есептелуі туралы ақпаратты қамтуы мүмкiн.»;
-
мынадай мазмұндағы 67-1-баппен толықтырылсын:
«67-1-бап. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы, табыстары мен мүлкі туралы салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
1. Уәкілетті орган жеке тұлғалардың декларацияларының мынадай нысандарын осы декларацияларға қосымшалармен бірге бекітеді:
1) жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация;
2) жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларация;
3) жеке тұлғаның табыстары туралы қысқаша декларация.
2. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация осы Кодекстің 187-1-бабында көрсетілген жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде:
1) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүліктің, сондай-ақ оған құқықтар және (немесе) ол бойынша мәмілелер мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүліктің;
2) тұрғын үй құрылысына қатысу үлесінің;
3) банк шоттарындағы ақшаның;
4) қолма-қол ақшаның;
5) Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, басқа адамдардың жеке тұлғаға берешектері (дебиторлық берешегі) және жеке тұлғалардың басқа адамдарға берешектері (дебиторлық берешегі);
6) осы Кодекстің 187-2-бабы 2-тармағында көрсетілген өзге де мүліктің болуы туралы ақпаратты көрсетуіне арналған.
3. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға қосымшалар осы Кодекстің 187-2-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес салықтық бақылау мақсаттары үшін салық қызметінің органдары пайдаланатын осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтер туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамдар мен оларға теңестiрiлген адамдар, сондай-ақ олардың зайыптары (жұбайлары) жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға қосымшаларда осы Кодекстің 67-1-бабының 2-тармағында көрсетілген мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру туралы мәліметтерді де көрсетеді.
5. Жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларация жеке тұлғалардың:
1) төлем көзінен салық салуға жататын табыстар;
2) жеке тұлғаның өзі салық салуына жататын табыстар;
3) салық салудан босатылатын, оның ішінде халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылатын табыстар;
4) шетелдік көздерден алынатын табыстар, жеңілдікпен салық салынатын елдерде тіркелген немесе орналасқан компаниялар пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомалары, төленген шетелдік салық және есепке жатқызу сомалары;
5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған табыстар, оның ішінде жеңілдікпен салық салынатын елде алынған табыстар, шетелдік салықты есепке жатқызу;
6) салық шегерімдері;
7) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ оған құқықтар және (немесе) ол бойынша мәмілелер мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алу және (немесе) иеліктен шығару және (немесе) өтеусіз алу;
8) жеке табыс салығы бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді банк мекемелерінің беруіне жеке тұлғаның келісуін көрсете отырып, осы Кодекстің 156-1-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында айқындалған салық шегерімдерін қолданған жағдайда асып кетуді есепке жатқызу және қайтару жөніндегі талап туралы ақпаратты көрсетуіне арналған.
6. Жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсаты үшін салық қызметінің органдары пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
7. Жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияға қосымшалардың нысандары:
1) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ оған құқықтар және (немесе) ол бойынша мәмілелер мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алу және (немесе) өтеусіз алу;
2) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ оған құқықтар және (немесе) ол бойынша мәмілелер мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде иеліктен шығару;
3) жұмыс берушілер болып табылмайтын заңды тұлғадан немесе дара кәсіпкерден алынған, жеке табыс салығын есептеу төлем көзінен жүргізілген табыстар;
4) шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің өзге де активтерін өткізу;
5) жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданатын дара кәсіпкердің табыстары;
6) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың табыстары;
7) тұрғын үй құрылысындағы үлесті талап ету құқығын беруден түсетін табыстар;
8) салық салудан босатылатын табыстар;
9) салық шегерімдері;
10) Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, басқа адамдардың жеке тұлғаға берешектері (дебиторлық берешегі);
11) арнайы салық режимін қолданатын шаруа фермер қожалығы басшысының (мүшелерінің) табыстарын анықтау үшін мәліметтер;
12) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылатын табыстар;
13) шетелдік көздерден алынатын табыстар, жеңілдікпен салық салынатын елдерде тіркелген немесе орналасқан компаниялар пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомалары, төленген шетелдік салық және есепке жатқызу сомалары;
14) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған табыстар, оның ішінде жеңілдікпен салық салынатын елде алынған табыстар, шетелдік салықты есепке жатқызу туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
8. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамдар мен оларға теңестiрiлген адамдар, сондай-ақ олардың зайыптары (жұбайлары) салық кезеңі ішінде мынадай мүлікті:
1) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын жылжымайтын мүліктің, сондай-ақ құқықтары және (немесе) ол бойынша мәмілелер бойынша мүлікті;
2) мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді;
3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін;
4) бағалы қағаздарды;
5) инвестициялық алтынды;
6) туынды қаржы құралдарын (базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы орындалатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
7) тұрғын үй құрылысындағы қатысу үлесін, оның ішінде Қазақстан Республикасынның шегінен тыс жерлерден аталған мүлікті сатып алған жағдайда жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияда салық заңнамасында белгіленген тәртіпте осы мүлікті сатып алуға жұмсалған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетеді.
Бұл ретте осы мәліметтерді көрсету туралы талап жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияға қосымшада көрсетілуі мүмкін.
9. Жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы қысқаша декларация:
1) кез келген табыстардың жоқ екенін немесе тек:
төлем көзінен салық салуға жататын табыстар;
өмірге және денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу;
алименттер түріндегі табыстарды алғанын;
2) салық шегерімдеріне құқықтардың жоқ екенін немесе оларды, оның ішінде салық агенті қолданған салық шегерімдеріне қосымша қолдануға ниетінің жоқ екенін;
3) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ оған құқықтар және (немесе) ол бойынша мәмілелер мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алмағанын, иеліктен шығармағанын, өтеусіз алмағанын растау туралы ақпаратты көрсетуге арналған.»;
-
68-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 3-1, 3-2 және 3-3-тармақтарында көрсетілген салық есептілігін қоспағанда, салық төлеушілер (салық агенттері) салық есептілігін мынадай тәсілдермен:
1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы қағаз тасығышта – салық органдарының Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы (ҚӨО) арқылы;
2) ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде – салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы табыс етуге құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер патент құнының есептемесін салық органына кез келген мына тәсілдермен:
1) келу тәртібімен қағаз тасығышта;
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен - қағаз тасығышта;
2) ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде – салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы табыс етеді.
3-2. Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алынғаннан кейін олар қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін салық органына өзі келу тәртібімен қағаз тасығышта табыс етеді.
Бұл ретте қосылған құн салығы бойынша салық есептілігі осы Кодексте белгіленген мерзімде осы салық есептілігі табыс етілмеген салық кезеңіне табыс етіледі.
3-3. Уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдарымен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп салық есептілігін табыс етудің ерекше тәртібін және осындай есептілікті табыс ететін адамдардың тізбесін айқындайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салық салу объектілері болмаған кезде, осы Кодекстің 149-бабында, 162-бабының 1-тармағында, 185, 187-3, 187-5, 270, 296, 364 және 437-баптарында көзделген салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігі табыс етілмейді.
Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттеме қосылған құн салығын төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға, сондай-ақ осы баптың 3-2-тармағында көзделген жағдайларда қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғаларға қолданылады.»;
-
69-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мыналарға:
шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, камералдық аудит нәтижелері туралы хабарламаға;
шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметiнiң жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарған шешіміне шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде – шағым жасалатын салық кезеңiнiң табыс етілген салық есептілігiн керi қайтарып алуына жол берiлмейдi.»;
-
70-баптың 5-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мыналарға:
шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, камералдық аудит нәтижелері туралы хабарламаға;
салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде - шағым жасалатын салық кезеңiнiң;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) резидент емес заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын шегерімдерге жатқызу әдісін өзгерту бөлігінде;»;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) жеке тұлғаның декларацияны табыс ету бойынша міндеттеме туындаған жыл басталғанға дейін Қазақстан Республикасында нотариалдық куәландырылған мәмілелер бойынша берешектерден, сондай-ақ сот шешімі бойынша танылған берешектерден басқа, жеке тұлғамен туындаған қатынастар бойынша қалыптасқан жеке тұлғалардың декларацияларында басқа адамдардың жеке тұлғаға берешектерін (дебиторлық берешекті) көрсету бөлігінде тиісті салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.»;
-
72-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Жеке тұлғалардың декларацияларын табыс ету мерзімін ұзарту құқығы салық органына салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы хабарлама жібермей мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне беріледі.
Жеке тұлғалардың декларацияларын әскери қызметшілердің табыс етуі мерзімі жергілікті әскери басқару органынан әскери қызметті өткеру орнына кету туралы бұйрық шығарылған күннен бастап мерзімді қызметті өткеру уақыты кезеңіне ұзартылады.
Әскери қызметшіні әскери бөлімнің жеке құрамының тізімінен шығару туралы бұйрық негізінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісі мәртебесінен айырылған кезде жеке тұлға табыс ету мерзімі ұзартылған жеке тұлғаның декларациясын әскери бөлім тізімдерінен шығару туралы бұйрық шығарылған күннен бастап күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей табыс етеді.»;
-
73-баптың 11-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылатын дара кәсіпкерлерге немесе заңды тұлғаларға;»;
-
77-бапта:
4-1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салуға жататын табыстарын, сондай-ақ жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу және ұстап қалу бөлігінде осындай табыстар және әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар есептеу бөлігінде қызметкерлерге табыс түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары бойынша міндеттемелерді есепке алу бойынша;»;
мынадай мазмұндағы 4-2 және 4-3-тармақтармен толықтырылсын:
«4-2. Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) жеке практикамен айналысудан түсетін табыстарды;
2) осы Кодекстің 182, 182-1, 182-2, 182-3-баптарында көзделген шығыстарды есепке алу бойынша салық тіркелімдерінің нысандарын бекітеді.
4-3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалығы:
1) бірлескен қызмет шартына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) үлестері бойынша бөлумен шаруа немесе фермер қожалығының жалпы табысы;
2) бірлескен қызмет шартына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) үлестері бойынша бөлумен осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 53) тармақшасында белгіленген шекті табыстан аспайтын сомада шаруа немесе фермер қожалығының табысы;
3) бірлескен қызмет шартына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) үлестері бойынша бөлумен осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 53) тармақшасында белгіленген шекті табыс сомасынан шаруа немесе фермер қожалығы табысының асып кетуі бойынша ақпаратты көрсете отырып, шаруа немесе фермер қожалығының табысын есепке алу жөніндегі салық тіркелімін жасайды.»;
-
81-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
-
110-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының 3), 7), 9), 10), 11), 12) және 17) тармақшаларында айқындалған жеке тұлғаларға төлемдер түріндегі салық төлеушінің шығыстары шегерімге жатады.»;
-
153-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының
5) тармақшасында көзделген шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) табысын қоспағанда, осы арнайы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.»;
-
154-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«154-бап. Жекелеген жағдайларда табыстарға салық салудың ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі - резидент шетелдік тұлға) төлем көзінен салық салуға жататын табыстары бойынша жеке табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды, сондай-ақ салық есептілігін табыс етуді салық агенті осы Кодекстің 158-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша осы тарауда, осы Кодекстiң 19-тарауында және 202-бабында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
2. Резидент шетелдік тұлға, жеке тұлға өзі дербес салық салуға жатқызатын табыстары бойынша жеке табыс салығын есептеуді және төлеуді, сондай-ақ салық есептілігін табыс етуді салық агенті осы Кодекстің 158-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша осы Кодекстiң 20, 27-тарауларында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
3. Резидент емес жеке тұлғаның табыстары бойынша жеке табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды, сондай-ақ салық есептілігін табыс етуді осы Кодекстің 158 және 194-баптарында көзделген мөлшерлемелер бойынша осы Кодекстiң 25-тарауында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
4. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимінде қызметтін қолданушы дара кәсіпкердің табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу мен төлеуді, сондай-ақ салық есептілігін табыс етуді осы Кодекстiң 432, 436 және 437-баптарында көзделген мөлшерлемелер бойынша, осы Кодекстің 61-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.»;
-
154-1-бап алып тасталсын;
-
мынадай мазмұндағы 154-2-баппен толықтырылсын:
«15
Достарыңызбен бөлісу: |