Қазақстан республикасының заңЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



бет6/7
Дата20.06.2016
өлшемі0.67 Mb.
#149326
1   2   3   4   5   6   7
- осы Кодексте белгіленген оны табыс ету мерзімінен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей;»;

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде жеке тұлғалар декларацияларының табыс етілмеуі туралы – декларацияны табыс ету жылының 15 шілдесінен кешіктірмей;»;

мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

«8-1) камералдық аудит нәтижелері туралы хабарламаға жеке тұлғаның шағымын қарау қорытындылары туралы – уәкілетті органның шағым бойынша шешім қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;»;



  1. 608-бап мынадай мазмұндағы 1-4-тармақпен толықтырылсын:

«1-4. Осы Кодекстің 626-4-бабының 3-тармағына сәйкес салықтық зерттеу актісі негізінде камералдық аудит аяқталған және салық қызметі органының пошта арқылы тапсырыс хатпен хабарламасымен жіберген, осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген хабарламаны пошта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, мұндай хабарламаны тапсыру күні осы хатты пошта немесе өзге байланыс ұйымының қайтарған күні болып табылады.»;

  1. 610-бапта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, өсімпұл салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдерді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, мерзімі өткен әрбір күн үшін, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің


2,5 еселенген мөлшерінде бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін есепке жазылады.»;

мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:

«14. Өсімпұл салық органдары тиісті салық кезеңі үшін салықтарды төлеу мерзімі басталғаннан кейін есептеген салық сомаларын қайта қарау нәтижесінде қалыптасқан жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы, жер салығы мен көлік құралдары салығы бойынша бересі сомасына есептелмейді.»;


  1. 625-бапта:

4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Тәуекелдерді басқару жүйесі салықтық бақылауды жүзеге асыру үшін, оның ішінде:»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Жеке тұлғаның тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері – осындай тұлғаларды әртүрлі тәуекел дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері өзгерістерінің жай-күйін сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер жиынтығы.»;


  1. 626-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«626-бап. Салық қызметі органдарының тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі іс-қимылдары

Осы Кодекстің 625-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін салық қызметі органдары, соның ішінде, салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігінің деректерін, уәкілетті мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, уәкілетті адамдардан алынған мәліметтерді, салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, сондай-ақ жеке тұлғаларды камералдық бақылау нәтижелерін талдауды да пайдаланады.»;



  1. мынадай мазмұндағы 88-1-тараумен толықтырылсын:

«88-1-тарау. Камералдық аудит

626-1-бап. Камералдық аудит

1. Камералдық аудит – Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке тұлғаның декларациялар табыс ету жөніндегі міндеті белгіленген жеке тұлғаларға салықтық бақылау нысаны.

2. Камералдық аудитті жеке табыс салығы бойынша салық міндеттемесінің туындауына әкелетін жеке тұлға декларацияларында көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дәйектілігін айқындау мақсатында салық қызметі органдары жеке тұлғаға қатысты жүзеге асырады.

3. Осы тараудың әрекеті тиісті салық кезеңі ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған, камералдық аудит жүргізілетін жеке тұлғаға қатысты қолданылмайды.

4. Камералдық аудитті салық қызметі органдары тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қорытындылары бойынша жүзеге асырады.

626-2-бап. Камералдық аудит жүргізу тәртібі және мерзімдері

1. Уәкілетті орган тәуекелдерді басқару жүйесінің қолданылуын ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте жеке тұлғаларға камералдық аудит жүргізу жоспарын бекітеді және салық органдарының назарына жеткізеді.

2. Уәкілетті орган камералдық аудит жүргізу жоспарын бекіткен күннен кейінгі күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде салық қызметі органдары жеке тұлғаға осындай тұлғаға қатысты камералдық аудит жүргізу туралы хабарландыру жібереді немесе табыс етеді. Осы тармақта көрсетілген хабарландыру нысанын уәкілетті орган бекітеді.

3. Хабарландыру жеке тұлғаға тұрғылықты жері бойынша жіберіледі немесе табыс етіледі.

4. Хабарландыру жеке тұлғаға жеке қолын қойдырып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен табыс етілуге тиіс.

Бұл ретте төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жіберілген хабарландыру мынадай жағдайларда:

1) электрондық тәсілмен – хабарландыруды салық қызметі органы веб-қосымшаға жеткізген күннен бастап. Бұл тәсіл осы Кодекстің 572-бабында белгіленген тәртіпте электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген жеке тұлғаларға қолданылады;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы – жеке тұлға пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап жеке тұлғаға табыс етілді деп есептеледі.

5. Хабарландыруда камералдық аудит жүргізу негіздері, қажетті құжаттардың алдын ала тізбесі, оған қатысты камералдық аудит жүргізілетін жеке тұлғаның құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ камералдық аудит жүргізу үшін қажетті басқа да деректер көрсетіледі.

6. Камералдық аудит жүргізу мерзімі тоқтата тұруды есепке алғанда, алпыс жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Осы баптың 2-тармағында көрсетілген хабарлама жеке тұлғаға табыс етілген күн камералдық аудит жүргізудің басталған күні болып табылады.

Осы Кодекстің 626-4-бабының 3-тармағында көрсетілген қорытындыны жеке тұлғаға табыс етілген күн камералдық аудиттің аяқталған күні болып табылады.

7. Камералдық аудит жүргізу мерзімі салық қызметі органының сұрау салу жіберу күні мен:

1) салық қызметі органдарына;

2) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға, мемлекеттік емес ұйымдарға, жергілікті атқарушы органдарға;

3) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің құзыретті органдарына;

4) банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға;

5) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға аталған сұрау салу бойынша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды алу күні арасындағы уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.

Бұл ретте камералдық аудитті жүзеге асыратын салық органы тоқтата тұру немесе қайта бастау күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей жеке тұлғаға осы баптың 4-тармағында көрсетілген тәртіппен осындай камералдық аудитті тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарландыру жіберуге міндетті.

8. Камералдық аудит жүргізу барысында өзіне қатысты камералдық аудит жүргізілетін жеке тұлға осы Кодекстің 626-5-бабында белгіленген тәртіпте :

1) түсініктеме, сондай-ақ шығыс көздерін растайтын құжаттарды табыс етуге;

2) салық міндеттемесін орындауға құқылы.

626-3-бап. Камералдық аудит барысында жеке тұлғаның табысын айқындау

1. Егер салық декларациясында көрсетілген жеке тұлғаның табыстары оның жүргізген, оның ішінде мүлік сатып алуға жүргізген шығыстарына сәйкес келмеген жағдайда салық қызметі органдары жеке табыс салығы мақсаты үшін осы Кодекстің 626-5-бабына сәйкес жанама әдіспен жеке тұлғаның табысын, сондай-ақ осындай табыстан жеке табыс салығының сомасын айқындайды.

2. Осы бапқа сәйкес жеке тұлғаның табысын айқындау үшін салық қызметі органдары жеке тұлға туралы әртүрлі ақпарат көздерінен, оның ішінде:

1) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғаның банк шоттарында ақша қозғалысы туралы үзінді көшірмелерінен;

2) уәкілетті мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы;

3) жеке тұлға табыс еткен салық есептілігі нысандарынан;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлға мәмілелер жасасқан немесе өзара есеп айырысулары бойынша жеке тұлғада дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешек туындаған тұлғаларға қатысты салықтық тексерулер нәтижелері туралы;

5) жеке тұлғаларды камералдық бақылаудың нәтижелерінен алынған мәліметтерді пайдалануға құқылы.

Ақпарат көздері мән-жайларға, өзіне қатысты камералдық аудит жүргізіліп жатқан жеке тұлға қызметінің сипатына және түріне қарай әрбір нақты жағдайда әртүрлі болуы мүмкін.

3. Осы баптың мақсаты үшін салық қызметі органдары:

1) басқа салық қызметі органдарына;

тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға, мемлекеттік емес ұйымдарға, жергілікті атқарушы органдарға;

шет мемлекеттердің құзыретті органдарына;

банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға;

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де тұлғаларға сұрау салулар жіберуге;

2) осы Кодекстің 627-бабы 5-тармағына сәйкес қарсы тексерулер жүргізуге құқылы.

626-4-бап. Камералдық аудит нәтижелері

1. Камералдық аудит нәтижелері бойынша салық қызметі органы камералдық аудит нәтижелері туралы қорытынды жасайды.

Қорытынды жасау тәртібі мен оның нысанын уәкілетті орган бекітеді.

2. Қорытындыда:

1) сәйкестендіру нөмірі;

2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

3) салық қызметі органының атауы;

4) қорытынды күні;

5) оған қатысты камералдық аудит жүргізілген жеке тұлғаның құқықтары мен міндеттері;

6) қорытынды жіберу үшін негіз көрсетілген болуға тиіс.

3. Камералдық аудит нәтижелері туралы қорытындының жеке тұлғаға табыс етілген күні камералдық аудит мерзімінің аяқталған күні болып есептеледі.

Қорытынды табыс етілген (жіберілген) күн деп:

1) жеке қол қойдырып табыс етілген кезде – салық қызметі органдарының камералдық аудит нәтижелері туралы қорытындының данасына алғаны туралы жеке тұлға белгі қойған күн;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілген кезде – жеке тұлға пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күн;

3) тұрғылықты жері бойынша болмауына байланысты жеке тұлғаға қорытындыны табыс ету мүмкін болмаған кезде – осы Кодексте белгіленген тәртіпте салықтық зерттеу жүргізу күні есептеледі. Бұл ретте салықтық зерттеу актісі жасалған күн камералдық аудиттің аяқталған күні болып табылады.

4. Жеке тұлғаға камералдық аудит нәтижелері туралы қорытынды табыс етілгеннен (жіберілгеннен) кейін ол табыс етілген (алған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде:

1) растайтын құжаттарды қоса бере отырып, наразылықты табыс етуге;

2) салық есептілігін табыс ету және жеке табыс салығын төлеу арқылы салық міндеттемесін дербес орындауға құқылы.

5. Салық қызметі органы камералдық аудит нәтижелері туралы қорытындыға жеке тұлғаның наразылығын оны алған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

6. Салық қызметі органы мынадай:

1) камералдық аудит нәтижелері бойынша жеке табыс салығы салынуға тиіс табыс айқындалған;

2) жеке тұлға осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзімдерде салық міндеттемесін орындамаған;

3) салық қызметі органы жеке тұлғаның наразылықтарына келіспеген жағдайларда камералдық аудит нәтижелері туралы хабарламаны ресімдейді.

Осы тармақта көрсетілген хабарлама жеке тұлғаға осы Кодекстің


607-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес табыс етіледі (жіберіледі).

7. Жеке тұлға камералдық аудит нәтижелері туралы хабарламаны, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оған шағымданбаса, ол табыс етілген (оны алған) күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындауға міндетті.

626-5-бап. Жеке тұлғаның табысын айқындаудың жанама әдістерін қолдану

1. Жеке тұлғаларға салықтық бақылау барысында салық қызметі органдары жеке тұлғаның табысын айқындаудың жанама әдістерінің мынадай түрлерін қолданады:



  1. активтердің құн өсімі әдісі салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде жеке тұлғада мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті сатып алуға шығыстары болған жағдайда пайдаланылады.

Бұл әдіс осы тармақшада көрсетілген активтердің өсу құнын белгілі бір кезең үшін жеке тұлғаның декларациясында көрсетілген табыстармен салыстыру жолымен қолданылады;

2) шығындарды есепке алу әдісі салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде осы баптың 1) тармақшасында көрсетілмеген шығыстар жеке тұлғада болған жағдайда пайдаланылады.

Бұл әдіс осы баптың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлғаның шығыстарын жеке тұлғаның декларациясында көрсетілген табыстарымен салыстыру жолымен қолданылады;

3) банк шоттарындағы қаражат қозғалыстарын есепке алу әдісі салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде жеке тұлғаның банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарындағы ақша жинақтары өзгерген жағдайда пайдаланылады.

Бұл әдіс жеке тұлғаның банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарда ақша жинақтарының өзгеруін жеке тұлғаның декларациясында көрсетілген табыстарымен салыстыру жолымен қолданылады.

2. Салықтық бақылау жүргізу кезінде қажет болған жағдайда салық қызметі органдары осы бапта айқындалған әдістер комбинациясын пайдалана алады.

3. Осы бапта айқындалған әдістерді қолдану кезінде салықтық бақылау жүргізу барысында жеке тұлғаның міндеттемелері ескеріледі.

4. Осы бапта көрсетілген әдістермен жеке тұлғаның табыстарын айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;



  1. 627-баптың 5-тармағы 3) тармақшасының бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) қарсы тексеру – салық қызметi органының салық төлеушiмен (салық агентiмен) операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты жүргiзетiн тексеру, салық қызметi органдары аталған салық төлеушiнi тексеру немесе камералдық аудит барысында пайдалану үшiн осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында оған қатысты кешендi, тақырыптық тексеру немесе камералдық аудит жүргiзедi.

Қарсы тексеру кешендi немесе тақырыптық тексеруге, сондай-ақ камералдық аудитке қатысты қосалқы тексеру болып табылады.»;



  1. 643-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Егер жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның салық декларациясында көрсетілген табыстары оның шығыстарына сәйкес келмейтін жағдайда салық қызметі органдары салықтық тексеру барысында жеке табыс салығын есептеу үшін осы Кодекстің


626-5-бабына сәйкес жанама әдіспен табысты айқындайды.»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:



«1-1. Жеке тұлғаның декларациясында көрсетілген:

1) осы Кодекстің 224-бабы 4-тармағына сәйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттегі мүлік туралы;

2) дебитор және (немесе) кредитор болып табылатын жеке тұлға немесе заңды тұлға осы Кодекстің 224-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген жағдайда басқа адамдардың жеке тұлғаға берешектері (дебиторлық берешегі) және жеке тұлғалардың басқа адамдарға берешектері (дебиторлық берешегі) туралы мәліметтер тек шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органы берген растайтын құжаттар болған кезде жеке тұлғаның шығыстарын жүзеге асыруға бағытталған табыстарын растау үшін ескерілуі мүмкін.»;



  1. 657-бапта:

7) тармақшадағы «арқылы салық төлеушілерге (салық агенттеріне) көмек көрсетеді» алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте жеке тұлғалардың декларацияларын салық органдарының мобильдік топтарымен қабылдау арқылы салық төлеушілерге (салық агенттеріне) көмек көрсетеді.

Осы Кодекстің мақсатында салық органдарының мобильдік тобы болып жеке тұлғалардың декларацияларын толтыру бойынша ақыл-кеңес беретін және салық төлеушілердің жекелеген санаттарынан осындай декларацияларды қабылдауды жүзеге асыратын салық органдары қызметкерлерінен құралған жолсапарлық топ табылады.»;



  1. 21-бөлімде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«21-бөлім. Камералдық аудит, салықтық тексеру нәтижелеріне және салық қызметі органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым жасау»;

мынадай мазмұндағы 92-1-тараумен толықтырылсын:

«92-1-тарау. Камералдық аудит нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау тәртібі

665-1-бап. Камералдық аудит нәтижелері туралы хабарламаға жеке тұлғалардың шағымдарын қарайтын органдар

1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес камералдық аудит нәтижелері туралы хабарламаларға жеке тұлғалардың шағымын қарауды уәкілетті орган жүргізеді.

2. Жеке тұлға камералдық аудит нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасауға құқылы.

665-2-бап. Жеке тұлғаның шағым беру тәртібі

1. Жеке тұлғаның камералдық аудит нәтижелері туралы хабарламаға шағымы осы Кодекстің 608-бабына сәйкес жеке тұлғаға хабарлама табыс етiлген күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде уәкілетті органға беріледі.

Бұл ретте жеке тұлға шағымның көшірмесін камералдық аудит жүргізген салық органына жіберуге тиіс.

Уәкілетті органға шағым берген күн деп шағым беру тәсіліне байланысты:

1) өзі келу тәртібімен – уәкілетті орган шағымды алған күн;

2) пошта арқылы – поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгісі қойылған күні болып табылады.

2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда шағым беруші жеке тұлғаның өтініші бойынша шағымды қараушы уәкілетті орган бұл мерзімді қалпына келтіреді.

3. Уәкілетті орган шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында:

1) камералдық аудит жүргізілген жеке тұлғаның уақытша еңбекке жарамсыздығын;

2) осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім ішінде жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында болмауын дәлелді себеп ретінде таниды.

Бұл ретте, жеке тұлға шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке жеке тұлғаның уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңін растайтын немесе жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында болмауын растайтын құжатты қоса беруі тиіс.

4. Шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы жеке тұлғаның өтініші:

осы баптың 3-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген адамның уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңі аяқталған күннен бастап;

осы баптың 3-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген адамның Қазақстан Республикасының аумағына келген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға беріледі.

Жеке тұлға осы тармақта белгіленген мерзімдерді бұзған жағдайда уәкілетті орган өтінішті қараудан бас тартады.

5. Уәкілетті органға шағым берген жеке тұлға осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін оны өзінің жазбаша өтініші негізінде кері қайтарып ала алады. Жеке тұлғаның шағымды кері қайтарып алуы осы баптың


1-тармағында белгіленген мерзімдерді сақтау шартында оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.

665-3-бап. Жеке тұлға шағымының нысаны мен мазмұны

1. Жеке тұлғаның шағымы жазбаша нысанда беріледі.



2. Шағымда:

1) жеке тұлғаның шағымға қол қойған күнi;



2) шағым берген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), оның тұрғылықты жері;

3) жеке сәйкестендіру нөмірі;

4) камералдық аудит жүргізген салық органының атауы;

5) шағым беруші жеке тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдер;

6) қоса берілген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

3. Шағымда дауды шешу үшін маңызы бар өзге мәліметтер де көрсетілуі мүмкін.

4. Шағымға жеке тұлға не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.

5. Шағымға:

1) қорытынды мен хабарламаның көшірмелері;

2) жеке тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;

3) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса беріледі.



665-4-бап. Шағымды қараудан бас тарту

1. Уәкілетті орган:

1) жеке тұлға шағымын осы Кодекстің 665-2-бабының 1-тармағында белгіленген шағымдану мерзімін өткізіп алып берген;

2) жеке тұлға шағымының нысаны мен мазмұны осы Кодекстің


665-3-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

3) жеке тұлға үшін шағымды оның өкілі болып табылмайтын адам берген;

4) жеке тұлға шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап-арыз берген жағдайларда жеке тұлғаның шағымын қараудан бас тартады.

2. Осы баптың 1-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда уәкілетті орган шағым келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жеке тұлғаны шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландырады.

Осы баптың 1-тармағы 4) тармақшасында көзделген жағдайда уәкілетті орган азаматтық іс қозғау туралы сот ұйғарымын салық қызметі органы алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде бас тарту себебiн көрсете отырып, шағымды қараудан бас тарту туралы жеке тұлғаны жазбаша түрде хабардар етеді.

3. Осы баптың 1-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда уәкілетті органның шағымды қараудан бас тартуы, егер жеке тұлға жол берiлген бұзушылықтарды жойса, оны осы Кодекстiң 665-2-бабының
1-тармағында белгiленген мерзiм шегiнде қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.

Осы баптың 1-тармағы 4) тармақшасында көзделген жағдайда жеке тұлғаның уәкілетті органға шағым беруге құқығы жоқ.

665-5-бап. Шағымды қарау тәртібі

1. Осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, жеке тұлғаның шағымы бойынша шағым тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дәлелді шешім шығарылады.



2. Шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 665-7-бабында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұруы мүмкін.

3. Шағым жеке тұлға шағымданған мәселелер шегінде қаралады.

4. Жеке тұлға камералдық аудит барысында табыс етпеген құжаттарды шағым қарауға ұсынған жағдайда, уәкілетті орган шағымды қарау барысында осындай құжаттардың дәйектілігін анықтауға құқылы.



5. Уәкілетті орган жеке тұлғаның шағымын қарау кезінде қажет болған жағдайда:

1) жеке тұлғаға және (немесе) камералдық аудит жүргізген салық органына шағымда жазылған мәселелер бойынша жазбаша нысанда қосымша ақпарат не түсініктеме беру туралы сұрау салу жіберуге;

2) салық қызметі органдарына, мемлекеттік уәкілетті органдарға, жергілікті атқарушы органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің құзыретті органдарына сұрау салу жіберуге;

3) шағымда жазылған мәселелер бойынша жеке тұлғамен кездесу өткізуге;

4) камералдық аудит жүргізуге қатысқан салық қызметі органдарының қызметкерлерінен туындаған мәселелер бойынша қосымша ақпарат және (немесе) түсініктеме сұратуға құқылы.

6. Уәкілетті органның шағымды қарау бойынша өз уәкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысы бар лауазымды адамдарға қандай да бір ықпал етуге тыйым салынады.

665-6-бап. Уәкілетті органға жіберілген шағым бойынша шешім шығару

1. Шағымды қарау аяқталғаннан кейін уәкілетті орган жазбаша нысанда дәлелді шешім шығарады және оны жеке тұлғаға жібереді немесе табыс етеді. Шешімнің көшірмесін камералдық аудит жүргізген салық органына жібереді.

2. Шағымды қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган:

1) шағым жасалған камералдық аудит нәтижелері туралы хабарламаны өзгеріссіз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдыруға;

2) шағым жасалған камералдық аудит нәтижелері туралы хабарламаның толық немесе бір бөлігінде күшін жоюға құқылы.

3. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда камералдық аудит жүргізген салық қызметі органы камералдық аудит нәтижелері туралы хабарламаға жеке тұлғаның шағымын қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны осы Кодекстің 607-бабында белгіленген мерзімде жеке тұлғаға жібереді.

Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған уәкілетті органның шешімін салық органдары орындауға міндетті.

665-7-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру

1. Шағымды қарау мерзімі салық қызметі органдарына, мемлекеттік уәкілетті органдарға, жергілікті атқарушы органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге ұйымдарға, сондай-ақ шет мемлекеттердің құзыретті органдарына сұрау салу жіберілген жағдайда жауап алған күнге дейін тоқтатыла тұрады.



2. Уәкілетті орган тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің тоқтатыла тұратыны туралы жеке тұлғаны жазбаша түрде хабарландырады.

665-8-бап. Уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны

Уәкілетті органның шешімінде:

1) шешім қабылданған күн;

2) шағым берген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

3) жеке сәйкестендіру нөмірі;

4) шағым жасалған камералдық аудит нәтижелері туралы хабарламаның қысқаша мазмұны;

5) шағымның мәні;

6) шағымның қаралуы бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған негіздеме және тұжырым көрсетілуге тиіс.

665-9-бап. Уәкілетті органға немесе сотқа шағым берудің салдары

1. Жеке тұлғаның уәкілетті органға немесе сотқа шағым беруі камералдық аудит нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуын тоқтата тұрады.



2. Уәкілетті органға шағым берілген кезде камералдық аудит нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігін орындау уәкілетті органның жазбаша шешімі шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.

Жеке тұлға сотқа шағым (арыз) берген жағдайда камералдық аудиттің нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы сот актісі заңды күшіне енгізілгенге дейін сот шағымды (арызды) іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап тоқтатыла тұрады.



3. Жеке тұлғаларға камералдық аудит нәтижелері туралы хабарлаудан бас тартылған жағдайда камералдық аудиттің қорытындысы камералдық аудит нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде күшін жоюға жатады.».

  1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат;
    № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж.,
    № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж.,
    № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18,
    72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18,
    21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5,
    43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 17-1-баптың 4-тармағының 3-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-3) табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешектер туралы ақпаратты, сондай-ақ нотариалды куәландырылған немесе салық органы куәландырған салық заңнамасымен белгіленген тәртіпте табыс етілген жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясының көшірмесін уәкілетті органға банктің ірі қатысушысы мәртебесін сатып алу туралы өтінішті тапсырған күннің алдындағы отыз күнтізбелік күн ішінде және нотариалды куәландырылған немесе салық органы куәландырған салық заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде табыс етілген жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияның көшірмесін табыс етуі тиіс.

Бұл ретте, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациядағы мәліметтер жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс ету айының бірінші күніне көрсетіледі.»;

2) 50-бап мынадай мазмұндағы 6-2, 6-3, 6-4-тармақтармен толықтырылсын:

«6-2. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға оның сұрау салуы негізінде мынадай:

1) жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс етуге міндетті жеке тұлғалардың банк шоттарының бар-жоғы, нөмірлері туралы және олардың осы шоттардағы ақшасының қалдықтары туралы;

2) сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс етуге міндетті жеке тұлғаларға берілген кредиттер туралы мәліметтерді табыс етеді.

Осы тармақта көрсетілген мәліметтерді салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған жеке тұлғаларда жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс ету бойынша міндеті туындаған жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша сұратады.

Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сұрау салуына жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс ету бойынша міндеті туындаған жеке тұлғалардың тізімі қоса берілуге тиіс.

6-3. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес аудиттелетін жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, олардың осы шоттардағы ақшасының қалдығы мен қозғалысы туралы, сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, осындай тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтерді банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық қызметі органдарының сұрау салулары бойынша табыс етеді.

6-4. Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеу туралы жеке тұлғаның мәліметтер беру бөлігіндегі Банктік құпия салық қызметі органдарының талаптары негізінде ашылуы мүмкін. Салық қызметі органдарының талаптарын жекелеген банктік операциялар түрлерін жүзеге асыратын банктер немесе ұйымдар жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеу туралы мәліметтерді беруге жеке тұлға (шот иесі) келіскен жағдайда рәсімделеді.

Осы тармақта және осы баптың 6-2, 6-3-тармақтарында көзделген мәліметтер салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша уәкілетті органның келісімімен табыс етіледі.»;

3) 54-1-баптың 1-тармағы 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) табыстар мен мүлкі туралы мәліметтерді, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіпте табыс етілетін жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияның көшірмесін беруге тиіс.».



  1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат, 2000 ж. № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«9-бап. Қаржы бақылау шаралары

  1. Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында осы бапта айқындалған тұлғалар:

  1. жеке тұлғаның міндеттемелері мен активтері туралы декларацияны;

  2. жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияны табыс етеді.

2. Жеке тұлғаның міндеттемелері мен активтері туралы декларацияны мына адамдар тапсырады:

1) Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзі басқарудың сайлау органдарының мүшелігіне кандидаттар, және олардың жұбайлары – кандидат ретінде тіркелгенге дейін.

Бұл ретте, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациядағы мәліметтер ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніндегі жағдай бойынша көрсетіледі;

2) мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша орындау үшін мемлекеттік органға қабылданған адамдар мен олардың жұбайлары – мемлекеттік қызметке қабылданған күнінен бастап он бес жұмыс күнінің ішінде.

Бұл ретте, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациядағы мәліметтер мемлекеттік қызметке қабылданған күніндегі жағдай бойынша көрсетіледі;

3) лауазымды адамдар, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттары, судьялар, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсыратын адамдарды қоспағанда мемлекеттік қызметшiлер және олардың жұбайлары – қызметке тағайындалған (сайланған) күннен бастап он бес жұмыс күнінің ішінде.

Бұл ретте, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациядағы мәліметтер қызметке тағайындалған (сайланған) күндегі жағдай бойынша көрсетіледі;

4) осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың бірінші басшылары, бірінші басшының орынбасарлары қызметке тағайындалған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.

Бұл ретте, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациядағы мәліметтер қызметке тағайындалған күндегі жағдай бойынша көрсетіледі;

5) жергiлiктi өзiн-өзі басқару органдарына сайланғандар және олардың жұбайлары – қызметке тағайындалған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.

Бұл ретте, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациядағы мәліметтер қызметке тағайындалған күндегі жағдай бойынша көрсетіледі;

6) еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражатынан төленетiн жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметшiлері және олардың жұбайлары – қызметке тағайындалған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.

Бұл ретте, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациядағы мәліметтер қызметке тағайындалған күндегі жағдай бойынша көрсетіледі;

7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметкерлері және олардың жұбайлары – қызметке тағайындалған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.

Бұл ретте, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациядағы мәліметтер қызметке тағайындалған күндегі жағдай бойынша көрсетіледі;

8) арнайы мемлекеттік орган қызметкерінің отбасы мүшелері – қызметке тағайындалған (сайланған) күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.

Бұл ретте, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациядағы мәліметтер қызметке тағайындалған (сайланған) күндегі жағдай бойынша көрсетіледі;

Осы тармақшаны қолдану мақсатында арнайы мемлекеттік орган қызметкерінің отбасы мүшелері болып кәмелетке толған балалары мен оның асырауындағы және онымен тұрақты түрде бірге тұратын адамдар танылады.

9) осы тармақтың 3)-8) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік функцияларды орындауын тоқтатқан адамдар және олардың жұбайлары – міндеттерді орындауын тоқтатқан күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.

Бұл ретте, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациядағы мәліметтер міндеттерді орындауын тоқтатқан күндегі жағдай бойынша көрсетіледі.

3. Жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияны мына адамдар тапсырады:

1) лауазымды тұлғалар, Парламент мәжілісінің және мәслихаттың депутаттары, соттар, мемлекеттік қызметкерлер және олардың жұбайлары;

2) осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың бірінші басшылары, бірінші басшысының орынбасарлары және олардың жұбайлары;

3) жергiлiктi өзiн-өзі басқару органдарына сайланғандар және олардың жұбайлары;

4) еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражатынан төленетiн жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында жұмыс істейтін қызметкерлер және олардың жұбайлары;



5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметкерлері және олардың жұбайлары.

4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген адамдар есепті салық кезеңінің ішінде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті және Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрғын үй құрылысына қатысу үлесін сатып алған жағдайда Салық кодексінің 67-1-бабында көзделген мәліметтермен қатар жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияда салық заңнамасында айқындалған тәртіпте аталған мүлікті сатып алуға жұмсалған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетеді.

5. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация салық заңнамасының ережелеріне сәйкес жасалады және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысанда, тәртіпте, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімдерде табыс етіледі.

6. Жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларация салық заңнамасының ережелеріне сәйкес жасалады және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысанда, мерзімдерде және тәртіпте табыс етіледі

7. Осы баптың 2, 3-тармақтарында көрсетілген адамдардың жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны немесе жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияны табыс еткені туралы ақпарат Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіпте уәкілетті органның сайтында орналастырылады.

8. Осы баптың 2-тармағы 1)-8) тармақшаларында және 3-тармағында көрсетілген адамдардың жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны және (немесе) жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияны табыс етпеуі немесе осындай декларацияларда толық емес, дұрыс емес мәлiметтер беруi, егер жасалған әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, адамға тиiстi өкiлеттiктер беруден бас тарту үшiн негiз болып табылады не заңда көзделген тәртiппен тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады.

Осы тармақтың ережелері ол бойынша салық міндеттемесі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес орындалған мүлік бойынша мәліметтер толық емес, дұрыс емес табыс етілген жағдайда қолданылмайды.

9. Осы баптың 8-тармағында аталған әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жауаптылыққа әкеп соғады.

10. Мынадай адамдар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес мемлекеттік саяси лауазымдағы адамдар мен олардың жұбайлары;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес А корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымындағы адамдар мен олардың жұбайлары;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары мен олардың жұбайлары;

4) судьялар мен олардың жұбайлары табыс еткен жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияда және жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілген, осы бапта көзделген мәлiметтер жариялануы тиіс.

Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияда көрсетілген жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар бойынша, заңды тұлғада қатысу үлесі туралы мәліметтер бойынша және табыстарының жалпы сомасы туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен айқындалған мүліктерді сатып алу кезіндегі олардың көздерінен және шығыстары, жеке тұлғаның табыстары мен мүліктері туралы декларацияда және (немесе) жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс еткен жылдан кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей:

1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) тармақшаларында көрсетілген адамдардың – жариялау күніне, қызметкер болып табылатын (табылған), осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) тармақшаларында көрсетілген адамдардың мәліметтері бойынша мемлекеттік органның өздерінің ресми интернет-ресурсында;

2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген адамдардың мәліметтері бойынша - Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органы немесе заң шығару функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғарғы өкілді органының өздерінің ресми интернет-ресурсында;

3) осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген адамдардың мәліметтері бойынша - Қазақстан Республикасының жоғарғы сот органының жергілікті және басқа соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге iстер бойынша өздерінің ресми интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1)-4) тармақшаларында көзделінген адамдардың жариялануға жататын мәліметтері, осы тармақтың екінші бөлігінің 1)-3) тармақшаларында айқындалған мемлекеттік органдармен белгіленген тәртіптегі жұмыс орындары бойынша персоналды басқару қызметтеріне беріледі.

Меншік құқығындағы мүліктердің орналасқан жерінің мекен жайы туралы және кадастрлық нөмірі туралы мәліметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік құпияға жататын мәліметтер жариялауға жатпайды.

11. Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мiндеттердi атқаруға қатысатын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен және мерзiмде мемлекеттік меншiкке байланысты мүлiктiк сипаттағы барлық мәмiлелер мен қаржы қызметi туралы есептi мемлекеттік мүлiкке қатысты меншiк иесiнiң құқықтық өкiлеттiгiн жүзеге асыратын мемлекеттік органға табыс етедi.

12. Салық қызметі органдарына келiп түсетiн, осы бапта көзделген мәлiметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңмен қорғалатын құпия болып табылады. Оларды жария ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

13. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мақсатта және тәртіппен қызметтік және салықтық құпияны құрайтын мәліметтер ұсынылады.».


  1. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж. № 1, 4-құжат):

13-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттiк қызметке алғаш немесе тоқтатылғаннан кейін жаңадан қабылданған адамдар және олардың жұбайлары Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация табыс етуге мiндеттi.».



  1. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 26-бабының 6-тармағы 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді, өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша берешектері туралы ақпаратты, сондай-ақ нотариалды куәландырылған немесе салық органы куәландырған салық заңнамасымен белгіленген тәртіпте табыс етілген жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясының көшірмесін уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін сатып алу туралы өтінішті тапсырған күннің алдындағы отыз күнтізбелік күн ішінде және нотариалды куәландырылған немесе салық органы куәландырған салық заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде табыс етілген жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияның көшірмесін.

Бұл ретте, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациядағы мәліметтер жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс ету айының бірінші күніне көрсетіледі;»;

2) 74-1-баптың 2-тармағы 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіпте табыс етілетін табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді, жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияның көшірмесін қамтитын есептілікті табыс етуге тиіс.».


  1. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 43-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде және (немесе) нақтылы ұстауды есепке алу жүйесінде аудиттелетін жеке тұлғаға қатысты дербес шоттарда эмиссиялық бағалы қағаздардың болуы және олардың иелері туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық қызметі органдарының сұрау салулары бойынша табыс етіледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді табыс ету нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органның келісімімен белгілейді.».

2) 72-1-бабы 6-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді, өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша берешектері туралы ақпаратты, сондай-ақ нотариалды куәландырылған немесе салық органы куәландырған салық заңнамасымен белгіленген тәртіпте табыс етілген жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясының көшірмесін уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін сатып алу туралы өтінішті тапсырған күннің алдындағы отыз күнтізбелік күн ішінде және нотариалды куәландырылған немесе салық органы куәландырған салық заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде табыс етілген жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияның көшірмесін.

Бұл ретте, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациядағы мәліметтер жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс ету айының бірінші күніне көрсетіледі;».


  1. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар):

24-баптың 3-тармағы 6) тармақшасындағы «... берілуге тиіс.» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) салық қызметі органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берілуге тиіс.».



  1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):

13-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Салық бақылауы мақсаттары үшін жеке тұлғалардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.».

  1. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат):

1) 6-бабының 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Құқық қорғау қызметіне алғаш немесе тоқтатылғаннан кейін жаңадан қабылданған адамдар және олардың жұбайлары Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация табыс етуге мiндеттi.»;

2) 16-бабы 1-тармағының 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«16) қызметкерлер және олардың жұбайлары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіпте жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны және (немесе) жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларация табыс етуге мiндеттi.».

  1. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж.
    2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы ):

7-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Арнаулы мемлекеттік органға қызметке тұрған кезде адам және оның отбасы мүшелері (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толған балалары мен оның асырауындағы және онымен үнемі бірге тұратын адамдар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырғандары туралы мәліметтер беруге мiндеттi.».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет