4-2-бап. Жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшері
Дара кәсіпкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеу мақсатында салық салуға жататын табыстың жеке табыс салығы салынбайтын мөлшерін жеке тұлға үшін күнтізбелік жылда республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшері құрайды.»;
-
155-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке тұлғаның:
1) төлем көзінен;
2) жеке тұлғаның өзі дербес салық салуына жататын табыстары жеке табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.».
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақта:
1), 2), 13), 14), 15), 18), 19), 20), 21), 22) және 23) тармақшалар алып тасталсын;
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) мұндай тұлғаға кредит (қарыз) беруден кейін басталған мынадай:
қарыз алушы - жеке тұлға күшiне енген сот шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе күшiне енген сот шешiмi негiзiнде ол қайтыс болды деп жарияланған;
қарыз алушы - жеке тұлғаға I немесе II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы — жеке тұлға қайтыс болған;
асыраушысынан айырылу жағдайларында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы — жеке тұлғада кіріс, жүктілігі мен босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, олар бір жасқа толғанға дейін баланы күтіп-бағуға байланысты, көрсетілген төлемдерден басқа кіріс болмаған жағдайларда;
қарыз алушы - жеке тұлғада және қарыз алушы - жеке тұлғамен бірлесіп банк алдында ортақ және субсидиялық жауаптылықта болатын үшінші тұлғаларда мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе өндіріп алынуы мүмкін кірістер болмаған жағдайда атқарушылық құжатты банкке қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы күшіне енген және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;
«Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ипотекалық шарт жасалған күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен, кепілге берілген мүлікті негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта кепіл мүлікті кепілге берілген мүлкін сатудан кейін өтелмеген кредиттің сомасына сатқан немесе мұндай мүлік кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда кредит (қарыз) жөніндегі азаматтық заңнамаға сәйкес міндеттемелердің тоқтатылуы кезіндегі кіріс.
Осы баптың ережелері:
банк қызметкеріне, банк қызметкерінің жақын туыстарына, банктің өзара байланысты тарапына берілген;
талап ету құқығын беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды;»;
мынадай мазмұндағы 30)-39) тармақшалармен толықтырылсын:
«30) жеке тұлғаларға олардан сатып алынған кәсіпкерлік қызмет мақсатында пайдаланылмайтын, бұрын тұтынылған жеке заттар (мүліктік және өзге де табыстардан жеке табыс салығын есептеу үшін салық салу объектісі болып табылатын мүліктен басқа) үшін төлемдер.
Осы тармақшаның ережелері өткізетін жеке заттарының бұрын қолданыста болғандығын, кәсіпкерлік қызметте пайдаланбайтындығын, мүлік және өзге де жеке табыс салығын есептеуге салық салудың объектісі болып табылмайтындығын көрсеткен өтінішті ұсынған жеке тұлғаға қатысты қолданылады;
31) басқа жерге қызметтiк iссапарды ресiмдей отырып жасалған жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша қызметкердi оқуға, оның бiлiктiлiгiн арттыруға немесе оны қайта даярлауға жіберу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің оқыту, бiлiктiлiкті арттыру немесе қайта даярлау үшін төлеуге нақты жұмсалған шығыстары;
32) шартта белгіленген кезең ішінде – банк пен клиент арасында жасалған шарт бойынша пайызсыз кезеңнің берілуіне байланысты банк қарызы бойынша төлем карточкасын ұстаушы алған сыйақыға үнемнен материалдық пайда;
33) эмитент банк төлем карточкасын пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз төлем жасағаны үшін эмитент банктің қаражаты есебінен төлем карточкасын ұстаушының шотына аударатын сома;
34) жұмыс беруші болып табылмайтын салық агентінен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға немесе оларға теңестірілген адамдарға жол жүруіне және тұруына төлем түріндегі табыстар.
Осы тармақшаның ережелері мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар немесе оларға теңестірілген адамдар мемлекеттік функцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметтік іссапарға жіберілген жағдайда мынадай шарттар орындалған кезде:
жұмыс беруші болып табылмайтын салық агенті есебінен мемлекетішілік және шетелдік сапарларға шақыру салық агентінің қаражаты есебінен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсіби, гуманитарлық іс-шараларға қатысу, оның ішінде осындай салық агентінің жарғылық қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын сапарлар үшін жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келісімімен жүзеге асырылса;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының бұйрығы (өкімі) болса қолданылады;
35) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде:
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін;
санаторлық-курорттық мақсаттағы объектілерде денсаулықты қалпына келтіруді, сауықтыру мен демалуды;
дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды берген кезде алған материалдық пайда.»;
36) Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарынан мүгедектер бюджет қаражаты есебінен алған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны;
37) жұмыс беруші кінәсінан еңбекте мертігу немесе кәсіптік ауру алу салдарынан мүгедек деп танылған қызметшіге жұмыс берушінің өтеусіз берген техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнайы қоғалыс құралдары - Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша;
38) жұмыс беруші кінәсінан еңбекте мертігу немесе кәсіптік ауру алу салдарынан мүгедек деп танылған қызметшіге жұмыс берушінің Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеусіз көрсеткен протездік-ортопедиялық көмек түріндегі қызметтің құны;
39) Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес құпия көмекшілерге төлемдер.»;
-
156-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«156-бап. Салық салудан босатылатын табыстар»;
1-тармақта:
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлемдер (еңбекақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа), оның ішінде:
инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының сомасы мен Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдеріне құқық алушы сатып алған кездегі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинағының сомасы арасындағы айырма түріндегі;
мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелеріне, асырауындағы адамдарға, мұрагерлеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде оны алуға құқығы бар адамдарға өміріне және денсаулығына зиян келтірген кезде;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі көздеген тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзгеше түрде ықпал еткен адамдарға көтермелеу түріндегі;
дүлей апатқа немесе басқа төтенше жағдайларға байланысты залалдарды өтеу түріндегі;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде еңбек шартының қолданысын тоқтатқан кезде төленетін өтемақы төлемдері түріндегі;
универсиада жеңімпаздары мен қатысушыларына және Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелеріне халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде көтермелеу түріндегі төлемдер;»;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша оқыту, бiлiктiлiкті арттыру немесе қайта даярлау жағдайында басқа жерге қызметтiк iссапарын ресiмдемей жүргізілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқытуға, оның бiлiктiлiгiн арттыруға немесе оны қайта даярлауға жiберу бойынша жұмыс берушiнiң шығыстары:
қызметкерді оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе оны қайта даярлау үшін төлеуге нақты жұмсалған шығыстар;
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде қызметкердің тұруына нақты жұмсалған шығыстар;
қызметкер оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, бiлiктiлiктi арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейiн қайтуына жол жүруге нақты жұмсалған шығыстар;
жұмыс берушiнің:
қызметкер Қазақстан Республикасының шегiнде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде - қызметкердің оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерi;
қызметкер Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде – қызметкердің оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерi шегiнде қызметкерге төлеуге тағайындаған ақша сомасы жатады;»;
30), 37), 38) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 43), 44), 45), 46), 47), 48), 49), 50), 51), 52), 53) тармақшалармен толықтырылсын:
«43) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен төленетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақы және өтемақы;
44) моральдық зиянды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу;
45) сақтандырудың мiндеттi түрiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес жұмыс берушiмен жасалған, қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi;
46) сот шешімі бойынша тағайындалатын материалдық залалды, сондай-ақ сот шығыстарын өтеу сомасы;
47) гуманитарлық көмек түрінде алынған мүліктің құны;
48) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiркелуге жататын және меншiк құқығын тiркеу күнінен бастап бір жыл және одан да ұзақ уақыт меншiк құқығында болатын механикалық көлік құралы мен тіркемелерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
49) меншік құқығын тіркеу күнiнен бастап бір жыл және одан да ұзақ уақыт меншік құқығында Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
50) бір жыл және одан да ұзақ уақыт меншік құқығында Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, осы Кодекстің 180-1-бабы
1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
51) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен шығаруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылды және одан да ұзақ уақытты құраса, осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
52) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мұқтаж үшін құнын сатып алынған мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімі;
53) шаруа немесе фермер қожалығының табысындағы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табыс туындайтын жылдың бірінші қаңтарында қолданыста болатын 8000 еселенген ең төменгі жалақы мөлшеріне тең шекті табыс сомасынан асатын шаруа немесе фермер қожалығының басшысының (мүшесінің) үлесі мөлшеріндегі шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалығының басшысының (мүшесінің) табысы.»;
-
мынадай мазмұндағы 156-1, 156-2, 156-3, 156-4, 156-5-баптармен толықтырылсын:
«156-1-бап. Салық шегерімдері
1. Осы Кодекстің 170, 172, 173, және 175-баптарында көрсетілген табыстарды қоспағанда, жеке тұлғаның табысына мынадай түрдегі салық шегерімдері:
1) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналары;
2) осы Кодекстің 156-3 және 156-4-баптарында белгіленген мөлшерде стандартты салық шегерімі қолданылады.
Бұл ретте күнтізбелік жылдың стандартты салық шегерімінің жалпы сомасы:
кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар ата-аналар үшін, – екеуіне де 36 еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінен;
қалған адамдар үшін – 12 еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс;
3) өзге салық шегерімдері қолданылады.
2. Өзге салық шегерімдеріне мыналар:
1) нақты мөлшерде, бірақ күнтізбелік жылға айқындалған 10 еселенген ең төменгі жалақыдан аспайтын мөлшерде оқытуға шығыстар;
2) нақты мөлшерде медицинаға шығыстар. Бұл ретте медицинаға шығыстар түріндегі салық шегерімінің шекті сомасы мен осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 18) тармақшасында көзделген салық салудан босатылатын табыс сомасы жиынтықта күнтізбелік жылға 10 еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс;
3) нақты мөлшерде, бірақ күнтізбелік жылға айқындалған 10 еселенген ең төменгі жалақыдан аспайтын мөлшерде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге шығыстар;
4) нақты мөлшерде ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жеке тұлға өз пайдасына енгізетін ерікті зейнетақы жарналары;
5) нақты мөлшерде жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жеке тұлға өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары жатады.
3. Күнтізбелік жылда қолданылған өзге салық шегерімдерінің жалпы сомасының шекті мөлшері 36 еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.
4. Осы баптың, сондай-ақ осы Кодекстің 156-3 және 156-4-баптарының мақсатында ең төменгі жалақының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық шегерімдері қолданылатын жылдың бірінші қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшеріне тең қолданылады.
156-2-бап. Салық шегерімдерін қолдану тәртібі
1. Салық шегерімдерін күнтізбелік жыл ішінде жұмыс беруші қолданады, ал күнтізбелік жыл өткеннен кейін жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларация ұсыну кезінде жеке тұлға дербес өзі қолданады.
2. Салық шегерімдері осы Кодекстің 156-1-бабы 1-тармағында көрсетілген тәртіппен кезегімен қолданылады.
3. Оқытуға шығыстарға мынадай:
1) Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын білім беру туралы заңнамасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
2) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
3) білім беру ұйымдарында осындай қызмет түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялары бойынша Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын білім беру туралы заңнамасына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру;
4) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру деңгейлері бойынша білім алуға шығыстар жатады.
4. Оқытуға шығыстар түріндегі салық шегерімін:
1) оқуды төлеуге шығыстар бойынша жеке тұлғалар;
2) оқуын төлеуге шығыстар бойынша жиырма бір жасқа толмаған адамның ата-анасының, асырап алушылардың бірі, олардың асырауындағы қорғаншысы, қамқоршысы қолданады.
Жиырма бір жасқа толмаған адам оқуға шығыстар түріндегі салық шегерімін өзі қолданған жағдайда ата-анасы, асырап алушылар, қорғаншысы, қамқоршысы көрсетілген салық шегерімін қолданбайды.
5. Медицинаға шығыстарға:
1) көрсетілетін медициналық қызметтерді;
2) ауырған жағдайда ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге шығыстар жатады.
6. Медицинаға шығыстар түріндегі салық шегерімін:
1) өз пайдасына жүргізілген медицинаға шығыстар бойынша жеке тұлғалар;
2) он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адамның пайдасына жүргізілген медицинаға шығыстар бойынша он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адамның ата-анасының, асырап алушылардың бірі, қорғаншысы, қамқоршысы қолданады.
Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам медицинаға шығыстар түріндегі салық шегерімін өзі қолданған жағдайда көрсетілген салық шегерімдерін ата-анасының, асырап алушылардың бірі, қорғаншысы, қамқоршысы қолданбайды.
7. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде көрсетілген медициналық қызметтер шетел валютасында төленген кезде теңгеге қайта есептеу төлем жасаған күнгі валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып жүзеге асырылады.
8. Өзге салық шегерімдері осы Кодекстің 156-1-бабы 2-тармағында көрсетілген шығыстарды жеке тұлға нақты жүргізген сол күнтізбелік жылда қолданылады.
156-3-бап. Жұмыс берушінің салық шегерімдерін қолдану ерекшеліктері
1. Осы Кодекстің 156-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген салық шегерімін қоспағанда, салық шегерімдеріне құқық жеке тұлға берген салық шегерімдерін қолдану туралы өтініш негізінде қызметкердің табысын есептеудің әрбір айы үшін беріледі.
Салық шегерімдерін қолдануға өтініш нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Бұл ретте салық шегерімдерін қолдануға арналған өтінішке:
1) осы Кодекстің 156-5-бабында көзделген салық шегерімдерін растайтын құжаттар;
2) күнтізбелік жыл ішінде жұмыс беруші өзгерген жағдайда – осы Кодекстің 162-1-бабында белгіленген тәртіпте салық шегерімдері қолданылған күнтізбелік жыл ішінде алдыңғы жұмыс берушілер берген жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтама қоса беріледі.
2. Жұмыс беруші табыс есептеудің әрбір айы үшін стандартты салық шегерімін мынадай мөлшерлерде:
кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар
ата-ананың бірі үшін - ең төменгі жалақының 2 еселенген мөлшерінде;
қалған адамдар үшін - ең төменгі жалақы мөлшерінде қолданады.
3. Жұмыс берушіде осы Кодекстің 156-1-бабы 1-тармағында белгіленген салық шегерімдерін қолданған жағдайда, басқа жұмыс берушіде осындай салық шегерімдерін қайта қолдануға тыйым салынады.
4. Табыстың жеткіліксіздігіне немесе осы Кодекстің 156-бабына сәйкес салық салудан босатылу қолданылуына байланысты салық шегерімі қолданылмаған жағдайда, салық шегерімінің қолданылмаған сомасы қызметкердің салық салынатын табысын азайта отырып, күнтізбелік жыл шегінде кезегімен кейінгі айларға көшіріледі.
Жұмыс берушінің қайта ұйымдастырылуы жағдайын қоспағанда, ол күнтізбелік жыл ішінде өзгерген кезде алдыңғы жұмыс берушіде қалыптасқан салық шегерімінің қолданылмаған сомасы жаңа жұмыс берушіде есептелмейді.
5. Жеке тұлға осы Кодекстің 156-5-бабында көрсетілген растайтын құжаттарды табыс төлеу күнінен кейін табыс еткен жағдайда, жұмыс беруші осы Кодекстің 156-1-бабын 1-тармағында көзделген салық шегерімдерін осындай салық шегерімдерін қолдану үшін негіз бар салық кезеңі ішіндегі табысына қолданады.
6. Егер жеке тұлға күнтізбелік ай ішіндегі күнтізбелік он алты күннен аз уақытта қызметкер болып табылған жағдайда, қызметкердің табысын айқындау кезінде стандартты салық шегерімі мұндай жұмыс берушіде қолданылмайды.
156-4-бап. Дербес салық шегерімдерін жеке тұлғаның өзі қолдануының ерекшеліктері
1. Жеке тұлға күнтізбелік жыл өткен соң жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларациясындағы салық салынатын табысты айқындау кезінде мынадай жағдайларда:
1) күнтізбелік жыл ішінде қызметкердің табысы болмаған кезде;
2) жеке тұлғаның осы Кодекстің 156-1-бабына сәйкес құқығы бар салық шегерімдерінің сомасы қызметкердің табысына жұмыс беруші қолданған салық шегерімдерінің сомасынан асып кеткен кезде;
3) күнтізбелік жыл ішінде осы Кодекстің 177-бабында көзделген, жеке тұлғаның өзі дербес салық салуға жатқызатын табыстарды алған кезде осы Кодекстің 156-1-бабы 1-тармағында көзделген салық шегерімдерін қолдануға құқылы.
2. Стандартты салық шегерімін жеке тұлғаның өзі дербес мынадай мөлшерлерде:
кәмелеттік жасқа толмаған төрт және одан да көп балалары бар
ата-ананың бірі үшін - ең төменгі жалақының 24 еселенген мөлшерінде;
қалған адамдар үшін - ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінде қолданады.
3. Жеке тұлға салық шегерімдерін өзі дербес осы Кодекстің
156-1-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлерден аспайтын, осы Кодекстің 156-3-бабына сәйкес жұмыс беруші қолданған салық шегерімдері сомасына азайтылған сомада қолданады.
156-5-бап. Салық шегерімдерін растайтын құжаттар
1. Балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері кәмелеттік жасқа толмаған төрт және одан да көп балалары бар ата-ананың бірінің стандартты салық шегерімін қолдануы үшін негіз болатын құжаттарға жатады.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие немесе оқыту бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт;
2) Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие немесе оқыту бойынша қызмет көрсету актісі;
3) Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие немесе оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерге төлем жасау фактісін растайтын құжат оқытуға шығыстар түріндегі салық шегерімін қолдану үшін негіз болатын құжаттарға жатады.
3. Мыналар:
1) жазбаша нысанда жасалған жағдайда медициналық қызмет көрсету бағасы бөлек көрсетіле отырып, ақылы медициналық қызмет көрсетуге арналған шарт;
2) ақылы көрсетілген медициналық қызметтер актісі немесе медициналық қызмет көрсету бағасы туралы ақпарат қамтылған үзінді көшірме;
3) осы Кодекстің 156-2-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық шегерімін қолдану кезінде адамның ауырып қалуы жағдайында ерікті сақтандыру бойынша шарты;
4) көрсетілген медициналық қызметтерді немесе ауырған жағдайда ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу фактісін растайтын құжат медицинаға шығыстар түріндегі салық шегерімдерін қолдану үшін негіз болатын құжаттарға жатады.
4. Мыналар:
1) банкпен немесе қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ипотекалық тұрғын үй қарызының шарты;
2) осындай қарыз бойынша сыйақының өтелгенін растайтын құжат ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге шығыстар түріндегі салық шегерімін қолдану үшін негіз болатын құжаттарға жатады.
5. Мыналар:
1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт;
2) ерікті зейнетақы жарналарының төленгенін растайтын құжат жеке тұлғаның өз пайдасына енгізетін ерікті зейнетақы жарналары түріндегі салық шегерімін қолдану үшін негіз болатын құжаттарға жатады.
6. Мыналар:
1) жинақтаушы сақтандыру шарты;
2) сақтандыру сыйлықақыларын төлеу фактісін растайтын құжат жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жеке тұлғаның өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары түріндегі салық шегерімін қолдану үшін негіз болатын құжаттарға жатады.»;
-
157-бап алып тасталсын;
-
159-бап алып тасталсын;
-
мынадай мазмұндағы 159-1-баппен толықтырылсын:
«159-1-бап. Жеке табыс салығы бойынша асып кету
Осы Кодекстің 172 және 173-баптарында көзделген табыстарды қоспағанда, осы Кодекстің 19-тарауында айқындалған төлем көзінен салық салуға жататын табыстардың төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының сомасы мен осы Кодекстің 178-бабында көзделген тәртіппен жеке тұлға өзі дербес салық салуға жатқызатын табыстардан есептелген жеке табыс салығының сомасы арасындағы оң айырма жеке табыс салығы бойынша асып кету болып танылады.»;
-
19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«19-тарау. Төлем көзiнен салық салуға жататын табыстар»;
-
160-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«160-бап. Жалпы ережелер
1. Төлем көзiнен салық салуға жататын табыстарға табыстардың мынадай түрлерi жатады:
1) қызметкердiң табысы;
2) жеке тұлғаның салық агентiнен алатын табысы;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi;
4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс;
5) стипендиялар;
6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген табыстарға осы Кодекстің
177-бабында айқындалған жеке тұлғаның өз бетінше салық салуға тиіс табыстары жатпайды.
3. Қызметкердiң салық салынуға жататын табысына осы баптың
1-тармағы 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетiлген табыстар жатпайды.
4. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын, салық салынуға жататын табысына осы баптың 1-тармағы 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетiлген табыстар жатпайды.
5. Заңды тұлға өз шешiмiмен өзінің құрылымдық бөлiмшесi есептеген (есептеуге жататын), төлеген (төлеуге жататын) төлем көзiнен салық салынуға жататын табыстар бойынша осындай құрылымдық бөлiмшесiн жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару міндеттері бойынша салық агентi деп тануға құқылы.
Бұл ретте заңды тұлғаның шешiмi немесе мұндай шешiмнiң күшiн жою осындай шешiм қабылданған тоқсаннан кейiнгi тоқсаннан бастап күшiне енедi.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлiмше салық агентi деп танылған жағдайда, онда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешiмi осы құрылымдық бөлiмше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлiмше құрылған тоқсаннан кейiнгi тоқсаннан бастап қолданысқа енгiзiледi.
6. Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша салық агенттерi деп танылған құрылымдық бөлiмшелер осы Кодекстiң 12-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн әлеуметтiк салықты дербес төлеушiлер болып танылады.»;
-
мынадай мазмұндағы 160-1-баппен толықтырылсын:
«160-1-бап. Салық және есепті кезеңдерi
1. Салық агенттерiнiң төлем көзiнен салық салынуға жататын табыстардан жеке табыс салығын есептеуi үшiн күнтiзбелiк ай салық кезеңi болып табылады.
2. Осы Кодекстiң 67-бабында көрсетілген салық декларацияларын жасау үшін күнтiзбелiк тоқсан есепті кезең болып табылады.»;
-
161-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«161-бап. Салықты есептеу, ұстау және төлеу
1. Салық агентi төлем көзiнен салық салуға жататын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеудi салық салуға жататын табысты есепке жазу кезiнде жүргiзедi.
2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке табыс салығын ұстауды салық агентi төлем көзiнен салық салуға жататын табысты төлеу күнiнен кешiктiрмей жүргiзедi.
3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық агентi төленген табыстар бойынша жеке табыс салығын аударуды табыс төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк жиырма бес күннен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
4. Салық агентiнiң құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерiнiң табыстары бойынша жеке табыс салығын аудару құрылымдық бөлiмшелердiң орналасқан жерi бойынша тиiстi бюджеттерге жүргiзiледi.
5. Оңайлатылған декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн және шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық агенті осы Кодекстің 438 және
446-баптарында белгіленген мерзімдерде жеке табыс салығын аударуды жүзеге асырады.
6. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстардан салықты есептеудi және ұстауды осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активiнiң эмитентi жүргiзедi.»;
-
162-бапта:
1 және 1-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша осы Кодекстің 67-бабының 2-тармағында көзделген декларация есептік кезеңнен кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірілмей, салық төленетін жердегі салық органдарына табыс етіледі.
Осы Кодекстің 67-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша күнтізбелік жылдың осы Кодекстің 160-1-бабының 2-тармағында белгіленген, соңғы есептік кезеңі үшін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларациясымен бірге табыс етіледі және күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша жасалады.
1-1. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық агенті салық төлеу орны бойынша салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.»;
-
мынадай мазмұндағы 162-1-баппен толықтырылсын:
«162-1-бап. Салық агентінің жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы беру тәртібі
1. Жеке тұлғаға күнтізбелік жыл ішінде төлем көзінен салық салуға жататын табыс есептелген және (немесе) төленген жағдайда, салық агенті жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтама беруге міндетті.
-
Жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтама:
1) төлем көзінен салық салуға жататын есептелген табысының;
2) салық салудан босатылатын табысының;
3) салық салудан босатылатын табысын көшірудің;
4) есептелген міндетті зейнетақы жарналарының;
5) қолданылған салық шегерімдерінің;
6) салық шегерімдерін көшірудің;
7) жеке тұлғаның салық салынатын табысының;
8) есептелген жеке табыс салығының;
9) төленген табыс сомалары туралы ақпаратты қамтуға тиіс.
3. Жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманың нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
4. Жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманы салық агенті осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғаға табыс есептеген және (немесе) төлеген жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей береді.
5. Жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы салық агенті жеке тұлғаға табыс есептеген және (немесе) төлеген күнтізбелік жыл ішінде:
-
қызметкер жұмыстан босатылған жағдайда:
жұмыс берушінің еңбек шартының қолданысын тоқтату туралы актісі шыққан;
әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан босату туралы бұйрық шыққан;
саяси мемлекеттік қызметкерлердің отставкаға шыққан күнінен кешіктірмей;
-
салық агентінен жеке тұлғаның табысы есептелген және (немесе) төленген жағдайда – бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай құжаттардың соңғысы:
орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер туралы акті;
төлем құжаты ресімделген күннен кешіктірмей;
-
зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт қолданысы тоқтатылған жағдайда – осындай шарттың қолданысы тоқтатылған күннен кешіктірмей;
-
дивидендтер, ұтыстар төленген жағдайда – табыс төлеген күннен кешіктірмей;
-
банк салымы шартының қолданысы тоқтатылған немесе оның қолданыс мерзімі өткен жағдайда – осындай шарттың қолданысы тоқтатылған күннен кешіктірмей;
-
стипендия түрінде табыс төлеу жүргізілген оқу аяқталған жағдайда, – білім алушыны (тәрбиеленушіні) оқудан шығарған немесе оның білім алғаны туралы құжат табыс етілген күннен кешіктірмей;
-
жинақтаушы сақтандыру шартының қолданысы тоқтатылған немесе қолданыс мерзімі өткен жағдайда – осындай шарт қолданысы тоқтатылған күннен кешіктірмей береді.
6. Осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайларда жеке тұлға жеке тұлғаға табыс есептелген және (немесе) төленген күнтізбелік жыл өткеннен кейін жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы беру жөніндегі талаппен салық агентіне жүгінуге құқылы, ал салық агенті мұндай анықтаманы жеке тұлға жүгінген күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде беруге міндетті.»;
-
163-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметкердің салық салынатын табысы:
1) осы Кодекстің 156-бабында көзделген салық салудан босатылатын табыстарды;
2) осы бөлімде көзделген жағдайлардағы, тәртіппен және мөлшердегі салық шегерімдерін қоспағанда, жұмыс беруші қызметкерге есепке жазған, салық салуға жататын табыстарының мөлшерінде айқындалады.»;
3-тармақ алып тасталсын;
-
166-бап алып тасталсын;
-
167-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«167-бап. Салықты есептеу және ұстау
Жеке табыс салығының сомасы қызметкердің осы Кодекстің 163-бабына сәйкес айқындалатын, салық салынатын табысының сомасына осы Кодекстің 158-бабы 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледі.»;
-
168-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық агентінен алатын жеке тұлғаның салық салуға жататын табысы, осы Кодекстің 156-бабында көзделген, салық салудан босатылатын табыстарды қоспағанда, салық агентінен алатын жеке тұлғаның салық салуға жататын табысының мөлшерінде айқындалады.»;
2-тармақ алып тасталсын;
-
169-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«169-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаның осы Кодекстің 168-бабына сәйкес айқындалатын, салық агенттерінен алынатын салық салынатын табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабы 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледі.»;
-
170-баптың 2, 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын табыс:
1) осы Кодекстің 156-бабында көзделген салық салудан босатылған табыстарды;
2) мынадай мөлшердегі:
осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша – төлемдерді жүзеге асыру кезеңділігіне қарамастан табысты есепке жазудың әрбір айы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есепке жазу күні қолданыста болған ең төменгі бір жалақы мөлшеріндегі;
осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есепке жазу күні қолданыста болған ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшеріндегі салық шегерімдерін қоспағанда, салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табыс мөлшерінде айқындалады.
3. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын табыс салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табыс мөлшерінде айқындалады.»;
-
171-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«171-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 170-бабына сәйкес айқындалатын, зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын табыстың сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледі.»;
-
172-баптың 1, 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі салық салынатын табыс осы Кодекстің 156-бабында көзделген, салық салудан босатылатын табыстарды қоспағанда, салық агенті дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрінде төлейтін салық салынуға жататын табыс мөлшерінде айқындалады.
Осы бөлімнің мақсаты үшін сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлікпен басқарудан түсетін, сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын заңды тұлғадан алған таза табысы да дивидендтерге жатады.
2. Жеке табыс салығының сомасы дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрінде салық салынатын табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану жолымен есептеледі.»;
-
173-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Стипендия түріндегі салық салынатын табыс осы Кодекстің
156-бабында көзделген, салық салудан босатылатын табыстарды қоспағанда, салық салуға жататын стипендия түріндегі табыс мөлшерінде айқындалады.»;
-
174-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«174-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының сомасы салық салынатын стипендия түріндегі табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабы 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледі.»;
-
175-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салық салынатын табыс:
1) осы Кодекстің 156-бабында көзделген салық салудан босатылатын табыстарды;
2) осы бапта көзделген жағдайлардағы және мөлшердегі салық шегерімдерін қоспағанда, салық салуға жататын жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс мөлшерінде айқындалады.»;
-
176-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«176-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 175-бабына сәйкес айқындалатын, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салық салынатын табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабы 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледі.»;
-
20-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«20-тарау. Жеке тұлғаның өз бетінше салық салуға жатқызатын табыстары»;
-
177-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«177-бап. Жеке тұлғаның өз бетінше салық салуға жатқызатын табыстары
Жеке тұлғаның өз бетінше салық салуға жатқызатын табыстарына табыстардың мынадай түрлері жатады:
1) мүліктік табыс;
2) дара кәсіпкердің табысы;
3) жеке практикамен айналасудан түсетін табыс;
4) өзге де табыстар.
Дара кәсіпкердің жеке практикамен айналысудан түсетін табысы мүліктік табыс болып табылмайды.»;
-
мынадай мазмұндағы 177-1-баппен толықтырылсын:
«177-1-бап. Салық кезеңі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғаның өз бетінше салық салуға жатқызатын табыстарынан жеке табыс салығын есептеу үшін күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.
2. Егер жеке тұлға күнтізбелік жыл басталғаннан кейін дара кәсіпкер ретінде тіркелсе, оның дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік жылдың соңына дейінгі уақыт кезеңі ол үшін бірінші салық кезеңі болып табылады.
3. Егер дара кәсіпкер күнтізбелік жылдың соңына дейін дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шыққан болса, күнтізбелік жыл басталғаннан бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шыққан күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін соңғы салық кезеңі болып табылады.
4. Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін дара кәсіпкер ретінде тіркелген дара кәсіпкер сол жылдың соңына дейін дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шыққан болса, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шыққан күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін салық кезеңі болып табылады.
5. Егер дара кәсіпкер күнтізбелік жыл ішінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырған болса, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде кәсіпкерлік қызмет жүзеге асырылған уақыт кезеңі салық кезеңіне қосылмайды.»;
-
178-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«178-бап. Жеке тұлға өзі дербес салық салуға жатқызатын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу
1. Жеке тұлға өзі дербес салық салуға жатқызатын табыстардан жеке табыс салығын есептеу жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияда жүргізіледі.
2. Жеке тұлғаның өзі дербес салық салуға жатқызатын табыстарынан есептелген жеке табыс салығының сомасы осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалған жеке тұлғаның салық салынатын табысының сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледі.
3. Күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын табысы осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалған жеке тұлғаның салық салынатын табысы мен осы баптыцң 5-тармағына сәйкес айқындалған шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) салық салынатын табысының сомасы ретінде айқындалады.
Егер жеке тұлғаның күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша салық салынатын табысының сомасы теріс мәнге ие болған жағдайда жеке табыс салығын есептеу мақсатында жеке тұлғаның күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша салық салынтын табысының сомасы нөлге тең деп танылады.
4. Жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың, жеке сот орындаушысының, кәсіби медиатордың салық салынатын табысы мынадай тәртіппен айқындалады:
осы Кодекстің 177-бабында көзделген жеке тұлғаның өзі дербес салық салуға жатқызатын табыстары,
қосу
осы Кодекстің 172 және 173-баптарында көзделген табыстарды қоспағанда, төлем көзінен салық салуға жататын, салық агенті есептеген табыстардың сомасы,
алу
осы Кодекстің 156-бабында көзделген, салық салудан босатылған табыстар,
алу
осы бөлімде белгіленген шектерде салық шегерімдері.
Бұл тармақтың ережелері шаруа немесе фермерлік қожалық басшысының (мүшесінің) салық салынатын табысын айқындау кезінде қолданылмайды.
5. Шаруа немесе фермерлік қожалық басшысының (мүшесінің) салық салынатын табысы мынадай тәртіппен айқындалады:
осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген табыстары
алу
осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 53) тармақшасында көзделген салық салудан босатылатын табыстар.
6. Бюджетке төленуге жататын жеке табыс салығының сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
осы баптың 2-тармағында көзделген тәртіппен есептелген жеке табыс салығының сомасы,
алу
осы Кодекстің 163, 168, 170 және 175-баптарында көзделген төлем көзінен салық салуға жататын табыстардан есептелген жеке табыс салығының сомасы,
алу
осы Кодекстің 223-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын жеке табыс салығының сомасы.
7. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес аталған арнаулы салық режимдері шеңберінде салық салынатын табыстары бойынша жеке табыс салығын есептеуді жүргізеді.»;
-
179-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке тұлғаның өз бетінше салық салуға жатқызатын табыстары бойынша жеке табыс салығын дербес төлеуді салық төлеуші салық кезеңінен кейінгі жылдың 25 шілдесінен кешіктірмей, мынадай тәртіппен:
1) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор – орналасқан жері бойынша;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға – тұрғылықты (келген) жері бойынша жүзеге асырады.»;
-
180-баптың 1-тармағы 4) тармақшадағы «табыс жатады.» деген сөздер «табыс» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үй ғимаратындағы үлесті беруден түсетін табыс жатады.»;
-
180-1-бапта:
1-тармақта:
1), 2), 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) меншік құқығындағы тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;
2) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, гараж салу болып табылатын меншік құқығындағы жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
3) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) меншік құқығындағы мемлекеттік тіркелуге жататын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мыналар:
1) сатып алу (салым) бағасы (құны) болған жағдайда - өткізу бағасы (құны) мен сатып алу (салым) бағасы (құны) арасындағы оң айырма осы баптың 1-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс болып табылады. Бұл ретте жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздарды өткізу кезінде сатып алу құны опционның орындалу бағасы мен опционның сыйлықақысы мөлшерінде айқындалады;
2) мүлікті (салымды) сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда – мүлікті өткізу бағасы (құны) осы баптың 1-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Осы баптың мақсатында жарғылық капиталға салымның құны заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, бірақ нақты енгізілген салым мөлшерінен аспайтын құн болып табылады.»;
-
180-2-бапта:
1-тармақта:
1), 2), 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) меншік құқығында болған, тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;
2) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, гараж салу болып табылатын меншік құқығында болған жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
3) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) меншік құқығында болған, мемлекеттік тіркелуге жататын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді;»;
-
мынадай мазмұндағы 180-4-баппен толықтырылсын:
«180-4-бап. Талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті басқаға беруден түсетін табыс
-
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, талап ету құқығының құнымен жеке тұлға осындай құқықты иемденіп алған құн арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түскен табыс болып табылады.
2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, талап ету құқығын басқаға беру құны мен тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлестi талап ету құқығын басқаға беруден түскен табыс болып табылады.
3. Талап ету құқығын басқаға беру құны мен осындай құқықты бұрын иемденіп алған құн арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру жолымен бұрын сатып алынған, тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлестi талап ету құқығын басқаға беруден түскен табыс болып табылады.»;
-
Достарыңызбен бөлісу: |