2-тармақтың бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Экспедитордың салық салынатын айналымы мөлшеріне енгізілетін көліктік экспедиция шарты бойынша сыйақы сомасы шот-фактурада бөлек жазып көрсетілуге тиіс.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда экспедитор шот-фактураны екі дана етiп жазып бередi.
Шот-фактураның бірінші данасы көліктік экспедиция шарты бойынша клиент болып табылатын тарапқа беріледі.
Шот-фактураның екінші данасы экспедиторда қалады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармағымен толықтырылсын:
«3-1. Көліктік экспедиция шарты бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде экпедиторда осындай шарттың шеңберінде көрсетілетін жұмыстарды, қызметтерді тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар, сондай-ақ олардың құны туралы ақпаратты ашып көрсететін құжаттың болуы міндетті.
Бұл ретте мұндай құжат экспедиторда осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап ету мерзімі ішінде сақталады.
Құжатта мынадай ақпараттық деректер:
1) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушының шот-фактурасының реттік нөмірі және жазып берiлген күні;
2) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушы салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
3) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе атауы;
4) егер тасымалдаушы және (немесе) ұсынушы қосылған құн салығын төлеушілер болып табылса, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің сериясы мен нөмірі;
5) жұмыстарды, қызмет көрсетулерді тасымалдаушы және (немесе) ұсынушы жүзеге асыратын, шот-фактурада көрсетілген салық салынатын айналым мөлшеріне қосылатын, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны көрсетілуге тиіс. Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тасымалдаушы және (немесе) ұсынушы жүзеге асыратын жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны бөлек көрсетіледі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Аталған талаптарға сәйкес жазып берілген шот-фактура көліктік экспедиция шарты бойынша клиент болып табылатын тараптың қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуы үшін негіз болып табылады.»;
133) 265-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қосымша шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi жазып бередi және қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда аталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы растайды.»;
134) 266-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«266-бап. Қосылған құн салығын есептеу
1. Қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 268-бабына сәйкес салық салынатын айналым бойынша есептеп шығарылған қосылған құн салығының сомасы мен осы Кодекстің 256-бабына сәйкес есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Бұл ретте:
оң айырма осы Кодексте белгіленген тәртіпте бюджетке төленуге тиіс салық сомасы болып табылады;
теріс айырма есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелетін салық сомасынан асып кетуі болып табылады.»;
135) 267-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«267-бап. Жекелеген жағдайларда қосылған құн салығын төлеу тәртібі
1. Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығын төлеуге құқылы.
2. Осы баптың мақсатына орай ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
1) қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметті қоспағанда, жылдық жиынтық табысының кемінде 90 процентін мына қызмет түрлерін:
ет және ет өнімін өндіруді;
жемістер мен көкөністерді қайта өңдеуді және консервілеуді;
өсімдіктер мен жануарлар майын өндіруді;
сүтті қайта өңдеу мен ірімшік өндіруді;
ұн-жарма өнеркәсібі өнімін өндіруді;
жануарлар үшін дайын жемшөп өндіруді;
нан өндіруді;
балалар тағамын және емдәмдік тағам өнімін өндіруді;
крахмал-cірне өнеркәсібі өнімін өндіруді жүзеге асыру нәтижесінде алынуға жататын (алынған) табыстар құрайтын;
Осы тармақтың 1) тармақшасын қолдану мақсатында қызмет түрлерiн айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен Экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады;
2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қоспағанда, арнаулы салық режимдерін қолданбайтын;
3) акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асырмайтын заңды тұлғалар жатады.
3. Бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығы сомасын айқындау мақсатында осы баптың ережелері қолданылған кезде:
1) есепті салық кезеңінің басына өсу қорытындысымен қалыптасқан есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуі (бұдан әрі – қосылған құн салығы сомасының асып кетуі) болмаған жағдайда – осы Кодекстің 266-бабына сәйкес бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы 70 процентке азайтылады;
2) есепті салық кезеңінің басына өсу қорытындысымен қалыптасқан қосылған құн салығы сомасының асып кетуі болған жағдайда - осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептелген бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы мен осындай қосылған құн салығы сомасының асып кетуі сомасы арасындағы оң айырма 70 процентке азайтуға жатады.
3-1. Осы бапты қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлға осы баптың ережесін күнтізбелік жылға кіретін салық кезеңдерінің барлығына қолдануға міндетті.»;
136) 270-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстің 68-бабында және осы тармақта өзгеше көзделмесе, декларациямен бір мезгілде декларацияға қосымша болып табылатын, салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдері табыс етіледі. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Шот-фактураның нөмірін көрсетуге арналған ұялардың саны электронды түрде мыналарды:
1) есепті салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін (мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары);
2) есепті салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін табыс ету кезінде шектелмейді.
Салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралар шот-фактуралар тізілімінде қағаз жеткізгіште, сол сияқты электронды түрде жазып берілген шот-фактуралар көрсетіледі.
Егер қосылған құн салығын төлеуші:
салық кезеңі ішінде шот-фактураларды тек электронды түрде жазып берген жағдайда салық органдарына салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралар тізілімін табыс етпейді;
салық кезеңі ішінде шот-фактураларды тек электронды түрде алған жағдайда салық органдарына салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралар тізілімін табыс етпейді.»;
137) 271-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығын төлеуші бюджетке төлеуге жататын салықты орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін төлеуге міндетті.»;
138) 273-баптың 5-тармақтың 2)- тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ол бойынша осы Кодекстің 267-бабының ережелерін қолданған салық кезеңдері үшін салық төлеушіге қайтарылмайды.»;
139) 276-6-бапта:
2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің импортталған тауарларды (оның ішінде олардың дайындалғаны туралы шарттар (келісімшарттар) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарларды), сондай-ақ алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын заттар, тауарлар түрінде қарыз беруді көздейтін шарт (келісімшарт) бойынша алынған тауарларды есепке қабылдаған күн салық салынатын импортты жасау күні болып табылады.
Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, осы тараудың мақсаты үшiн:
1) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте осындай тауарларды тану (көрсету) күндерінің неғұрлым ертерегі;
2) Қазақстан Республикасының аумағына мұндай тауарларды әкелу күні импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.
Салық төлеушіде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген күндердің екеуі де болған жағдайда, көрсетілген күндердің неғұрлым кешірегі импортталған тауарларды есепке қойған күн болып табылады.
Осы тармақтың мақсаты үшін:
тауарларды әуе немесе теңіз кемелерімен тасымалдау кезінде - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әуежайға немесе портқа әкелген күн;
тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күн болып табылады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның көшірмесі) негізінде;
тауарларды халықаралық және мемлекетаралық темір жол көлігі қатынасымен тасымалдау кезінде - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекара маңындағы бірiншi өткізу пунктiне (стансасына) әкелген күн;
тауарларды магистральдық құбыржолдары жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша тасымалдау кезінде - тауарларды тапсыру пунктiне әкелген күн айқындалады;
халықаралық почталық жөнелтілімдері бойынша тауарларды жөнелту кезінде – Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында почта штемпелі қойылған күн айқындалады.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу күні туралы мәліметтер болмаған кезде, осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген күн импортталған тауарларды есепке қойған күн болып табылады.
Халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте тауарларды тану (көрсету) болмаған кезде осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген күн импортталған тауарларды есепке қойған күн болып табылады.
Осы тармақтың екінші - жетінші бөліктерінде көрсетілмеген өзге де жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында бухгалтерлік есеп жүргізуді жүзеге асыру міндеті көзделмеген тұлғалар үшін импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн осындай тауарларды алуды (не иеленуді) растайтын құжат жазып берілген күн бойынша айқындалады. Бұл ретте, тауарлардың жеткізілуін растайтын құжаттар болған кезде, тасымалдаушының тауарларды сатып алушыға берген күні импортталған тауарларды есепке алу күні болып танылады.»;
140) 276-8-бапта:
пункты 1 және 2-тармақтарын мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тауарлардың, оның ішінде оларды дайындау жөніндегі шарт (келісімшарт) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері сатып алынған тауарлардың құны негізінде айқындалады.
2. Осы баптың мақсаты үшін сатып алынған тауарлардың құны салық салу мақсатында бағаларды айқындау принциптері негізінде анықталады.
Салық салу мақсатында баға айқындау принципі шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес тауарлар үшін төленуге тиіс мәміле бағасының негізінде сатып алынған тауарлар құнын айқындауды білдіреді.
Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарларда, сондай-ақ басқа да шығыстардан тұрса, сонымен қатар сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа шығыстардың құны бөлек көрсетілген болса, тек сатып алынған тауарлардың құны салық салынатын импорт мөлшері болып табылады.
Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарларда, сондай-ақ басқа да шығыстардан тұрса, сонымен қатар сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа шығыстардың құны бөлек көрсетілмеген болса, аталған шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле құны салық салынатын импорт мөлшері болып табылады.»;
6-тармақтың екінші абзац алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салық қызметi органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемелерінің атқарылуын бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және (немесе) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін түзетуге құқылы.
Бұл ретте салық төлеуші Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жоғарыда көрсетілген тәртіпті және (немесе) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін дербес түзетеді.»;
141) 276-11-бапта:
1-тармақтың 4)-тармақшасының екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша тауарлар экспорты, зат түрінде қарыз беру жағдайында қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ олардың көрсетілген операциялар бойынша алған тауарлардың (жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің) импортын растайтын құжаттардың болуы есепке алынады.»;
2-тармақтың 7)-тармақшасының екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша өңделетін өнімдердің экспорты жағдайында, қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлардың (жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің) импортын растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша өңдеу өнімдерінің экспорты жағдайында, қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлардың (жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің) импортын растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.»;
142) 276-13 баптың 3-тармағын мынадай мазмұндағы 8)-тармақшасымен толықтырылсын:
«8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ашық Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі салық төлеушінің шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын осы Кодекстің 635-бабы 4-тармағында көзделген құжаттар.»;
143) 276-15-бапта:
2-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
«2. Мынадай тауарлардың импорты қосылған құн салығынан босатылады:
1) осы Кодекстiң 255-бабы 1-тармағының 1), 3) - 12) тармақшаларында көзделген тауарлардың импорты.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетiлген, Кеден одағы шеңберiнде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды;
2) шартта (келісімшартта) көзделген кепілдендірілген қызмет көрсету шеңберінде импортталған тауарлар.»;
3-тармақ алып тасталсын;
144) 276-19-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Комиссия (тапсырма) шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде комиссионердің (сенім білдірілген адамның) салық салынатын айналымының мөлшері комиссия (тапсырма) шарты бойынша сыйақы негізінде айқындалады.»;
145) 276-20 -баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация осы Кодекстің 584-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш табыс етілмеген жағдайда, салық органдарына табыс етілмеген деп саналады.
Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш осы Кодекстің 584-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация табыс етілмеген жағдайда, салық органдарына табыс етілмеген деп саналады.»;
146) 276-21-бапта:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеуші Салық кодексінің 276-20-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжатты салық органына:
тауарлар экспорты кезінде тауарлар өткізу бойынша;
алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстар орындалған жағдайда жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап жүз сексен күнтізбелік күн ішінде табыс етуге міндетті.»;
1-тармағының бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеден одағына мүше мемлекеттерге тауарлар экспортын жүзеге асырған немесе алыс-беріс шикізатын өңдеу жұмыстарын орындаған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі осы Кодекстің 276-20-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжатты осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімде қағаз жеткізгіште табыс етпеген кезде, тауарлардың экспорты кезінде тауарларды өткізу бойынша немесе алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша жұмыстарды орындаған жағдайларда жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында белгіленген ставка бойынша қосылған құн салығы салынуға және өткізу бойынша айналым жасау күніне келетін салық кезеңі үшін төлеу мерзімі бойынша бюджетке төлеуге жатады.»;
147) 276-22-бапта:
2-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш қате табыс етілген;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу мынадай әдістердің бірімен жүргізіледі:
1) қате табыс етілген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабынан жойылатын жою әдісі;
2) ауыстыру әдісі, мұнда тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді және жанама салықтарды төлеуді салық төлеуші жаңа өтініш табыс ете отырып бұрын табыс етілген өтінішті кері қайтару жолымен жүргізеді.
Осы тармақтың мақсаты үшін тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш, егер мұндай өтінішті табыс ету міндеттемесі осы Кодексте көзделмеген жағдайда қате табыс етілген деп есептеледі.»;
4-тармақ алып тасталсын;
148) 276-23-бапта:
1-тармақтың бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды тиісінше сапасыз және (немесе) толық жинақталмау себебінен осындай тауарлар әкелінген ай аяқталғанға дейін ішінара қайтару жүзеге асырылған жағдайда, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда, сондай-ақ тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште осындай тауарлар бойынша мәліметтерді көрсету жүргізілмейді.»;
1-тармақтың екінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды тиісінше сапасыз және (немесе) толық жинақталмау себебінен осындай тауарлар әкелінген ай аяқталғанға дейін толық қайтару жүзеге асырылған жағдайда, салық органдарына осындай импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация және осындай тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш табыс етілмейді.»;
2 және 3-тармақтарын мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды, осындай тауарлар әкелінген ай өткеннен кейін қайтарған кезде осындай тауарлар жөніндегі мәліметтер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияда, сондай-ақ тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште көрсетілуге тиіс.
3. Осы баптың мақсаты үшін экспорттаушы салық төлеушінің және импорттаушы салық төлеушінің тиісінше сапасыз және (немесе) толық жинақталмау себебінен қайтаруға жататын импорталған тауарлардың саны туралы мәліметті қамтитын құжатты келісуі Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды тиісінше сапасыз және (немесе) толық жинақталмау себебінен қайтаруды растау болып табылады.»;
149) 280-бапта:
3-тармақтың екінші абзац алып тасталсын;
4-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Достарыңызбен бөлісу: |