Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



бет4/17
Дата30.06.2016
өлшемі3.81 Mb.
#168567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
-бап. Салыќ есебініѕ базалыќ активті жеткізу жолымен атќарылєан кездегі ерекшеліктері

1. Егер туынды ќаржы ќўралы базалыќ активті сатып алу немесе ґткізу мақсатында қолданылса, онда кґрсетілген базалыќ активтерді сатып алу немесе ґткізу нјтижесінде тґлеуге жататын (шеккен) шыєыстар жјне алуєа жататын (алынєан) тґлемдер туынды ќаржы ќўралдары бойынша шыєыстарєа жјне тїсімдерге жатќызылмайды.

2. Осы баптыѕ 1-тармаєында кґрсетілген операциялардыѕ тїсімдері мен шыєыстар салыќ есебі маќсатында осы Кодекстіѕ базалыќ актив үшін белгіленген нормаларына сјйкес ескеріледі.»;

54) мынадай мазмұндағы 130-1-баппен толықтырылсын:



«130-1-бап. Жалпы ережелер

1. Келісімшарт бойынша көзделген өндіру, орнату, құрылыс басталған салық кезеңі шегінде аяқталмаған өндіру, орнату, құрылысқа арналған келісімшарт (шарт) ұзақ мерзімді келісімшарт болып табылады.

2. Салық кезеңі ішінде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша нақты шеккен шығыстар сомасы осы Кодекстіѕ 100 - 125-баптарына сәйкес шегерімдерге жатқызылады.

3. Ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс салық төлеушінің таңдауымен нақты әдіс немесе аяқтау әдісі бойынша айқындалады.

Табыстарды айқындаудың таңдалған әдісі салық есебі саясатында көрсетіледі және келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде өзгеруі мүмкін емес.

4. Салық есебі әрбір ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша жүргізіледі.»;

55) мынадай мазмұндағы 130-2-баппен толықтырылсын:



«130-2-бап. Нақты әдіс қолданылған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, нақты әдіс қолданылған кезде есепті салық кезеңіндегі салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша осындай кезең ішінде шеккен шыєыстар сомасынан кем емес есепті салық кезеңінде алуєа жататын (алынєан) табыс болып табылады.



2. Ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталатын салық кезеңінен басқа, ұзақ мерзімді келісімшарт басталатын салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріндегі салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіпте бір мезгілде мынадай шарттарды саќтаєан кезде айқындалады:

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Ќазаќстан Республикасыныѕ бухгалтерлік есеп жјне ќаржылыќ есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған есепті салық кезеңіндегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс есепті салық кезеңіндегі осындай келісімшарт бойынша шегерімдерге жататын шыєыстар сомасынан асып тїседі;



алдыңғы салық кезеңдеріндегі салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Ќазаќстан Республикасыныѕ бухгалтерлік есеп жјне ќаржылыќ есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес алдыңғы салық кезеңдеріндегі осындай келісімшарт бойынша табыстан асып түседі.

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайда салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс мынадай мәндердің ең азына азайтылған есепті салық кезеңінде алуєа жататын (алынєан) табыс мөлшерінде айқындалады:

алдыңғы салық кезеңдеріндегі салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс пен халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Ќазаќстан Республикасыныѕ бухгалтерлік есеп жјне ќаржылыќ есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған алдыңғы салық кезеңдеріндегі осындай келісімшарт бойынша табыстың арасындағы оң айырмашылық;

халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Ќазаќстан Республикасыныѕ бухгалтерлік есеп жјне ќаржылыќ есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған есепті салық кезеңіндегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс пен есепті салық кезеңіндегі шегерімдерге жататын осындай келісімшарт бойынша шыєыстар сомасы арасындағы оң айырмашылық;

4. Егер ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Ќазаќстан Республикасыныѕ бухгалтерлік есеп жјне ќаржылыќ есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған осындай келісімшарт бойынша табыстан асып түссе, ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталатын салық кезеңінде табысты осындай асып түсу мөлшерінде осы Кодекстің 132-бабы 1-тармағы 7) тармақшасына сәйкес азаю жағына түзету жүргізіледі.»;

56) мынадай мазмұндағы 130-3-баппен толықтырылсын:



«130-3-бап. Аяқтау әдісін қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі

1. Аяқтау әдісін қолданған кезде есепті салық кезеңіндегі салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс мынадай тәртіпте айқындалады:

ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс пен ағымдағы салық кезеңіндегі осындай келісімшарттың орындалу үлесін жалпы есептеу сомасын шығару

минус

ағымдағы салық кезеңіндегі салық салу мақсаттарында осындай ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс.

осындай ұзақ мерзімді келісімшарттың орындалу үлесі мынадай формула бойынша есептеледі:

А/(А+Б), мұндағы

А – алдыңғы және есепті салық кезеңіндегі осы Кодекске сәйкес шегерімдерге жатқызылған ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша шығыстар,

Б - ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша жұмыстарды аяқтау үшін кейінгі салық кезеңдеріндегі жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес шығарылуға тиіс және ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімінде кейінгі салық кезеңдерінде шегерімдерге жататын ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша шығыстар.»;

132-бап. Табыстар мен шегерімдерді түзету


57) 132-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Табыстар немесе шегерімдер мынадай жағдайларда:

1) тауарларды толық немесе ішінара қайтарғанда;

2) мәміленің шарттарын өзгерткенде;

3) өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағаны, өтемақыны өзгерткенде;

4) бағадан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер жасалғанда;

5) шарттың талаптарын негізге ала отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төленуге тиіс сома өзгергенде;

6) ол бойынша табысты түзету осы баптың 2-тармағына сәйкес жүргізілетін талапты есептен шығарғанда;

7) осы Кодекстің 130-2-бабында көзделген келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде салық салу мақсаттарындағы ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыстар халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Ќазаќстан Республикасыныѕ бухгалтерлік есеп жјне ќаржылыќ есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде айқындалған осындай келісімшарт бойынша табыстардан асып түскенде түзетуге жатады. Бұл ретте осындай түзету осындай асып түсу мөлшерінде жүргізіледі.»;



4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, табыстар мен шегерімдерді түзету осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайлар басталған салық кезеңінде жүргізіледі.

Осы баптың 1-тармағы 7) тармақшасына сәйкес табыстар мен шегерімдерді түзету ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталатын салық кезеңінде жүргізіледі.»;

58) 133-бапта:

1-тармақта:

3) тармақша мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:

«Осы тармақшаның ережелері мынадай жағдайларда:

оқыту шығыстары бойынша осы тармақшаның ережелері қолданылған жеке тұлғамен, оны оқыту аяқталған күннен бастап үш ай ішінде, жеке тұлғаның оны оқыту аяқталған салық кезеңін, сондай-ақ кейінгі салық кезеңін қоса алғандағы уақыт кезеңі ішінде оқыту шығыстарын толық немесе ішінара қайтаруы жағдайын қоспағанда, еңбек шарты жасалмаған жағдайда қолданылмайды. Осындай қайтару жағдайында осы тармақшаның ережелері жеке тұлға қайтармаған оқыту шығыстарының сомасы мөлшерінде қолданылмайды;

оқыту шығыстары бойынша осы тармақшаның ережелері қолданылған жеке тұлғамен, осындай тұлғамен еңбек шартын жасасу күнінен бастап үш жыл өткенге дейін, жеке тұлғаның еңбек шарты бұзылған салық кезеңін, сондай-ақ кейінгі салық кезеңін қоса алғандағы уақыт кезеңі ішінде оқыту шығыстарын толық немесе ішінара қайтаруы жағдайын қоспағанда, еңбек шартының бұзылуы жағдайында қолданылмайды. Осындай қайтару жағдайында осы тармақшаның ережелері жеке тұлға қайтармаған оқыту шығыстарының сомасы мөлшерінде қолданылмайды;

жер қойнауын пайдаланушының оқытудың осындай шығыстарына қатысты осы Кодекстің 112-бабының ережелерін қолдануы жағдайында қолданылмайды;»;

2-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) қаржы лизингі бойынша сыйақы, мыналарды:

тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл);

лизингілік төлемдер индексациясына байланысты төлемақыларды қоспағанда;»;

6) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«заңды тұлға активтерi құнында - эмитент немесе онда қатысу үлесi өткiзiлетiн заңды тұлға немесе қатысу үлесi өткiзiлетiн консорциумға қатысушылар активтерi жалпы құнының 50 пайыздан астамы осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi;»;

59) 134-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

«8. Осы баптың ережелері:

осы кодекстің 135-1-бабына сәйкес дербес бiлiм беру ұйымдары;

осы кодекстің 135-бабына сәйкес әлеуметтік сала ұйымдары деп танылатын коммерциялыќ емес ўйымдарєа қолданылмайды.»;

60) 135-1-бапта:

1-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) коммерциялық емес білім беру ұйымы бір мезгілде мынадай шарттарды саќтаєан кезде:

Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкіметі ќўрєан;

жоєары басќару органы Ќазаќстан Республикасыныѕ заѕдарына сјйкес ќўрылєан Жоєары ќамќоршылыќ кеѕес болып табылатын;

Ќазаќстан Республикасыныѕ заѕдарымен белгіленген мынадай білім беру деѕгейлері бойынша:

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп;

негізгі мектеп;

жоєары мектеп;

орта білімнен кейінгі білім беру;

жоєары білім;

жоєары оќу орнынан кейінгі білім беру;

ќосымша білім беру бойынша білім беру ќызметініѕ бір немесе бірнеше тїрін жїзеге асыратын коммерциялыќ емес білім беру ўйымы;»;

4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

4) осы тармаќтыѕ 3) тармаќшасында көрсетілген ўйымды ќоспаєанда, егер бiр мезгiлде мынадай талаптарєа сәйкес келсе:

осындай ўйымныѕ дауыс беретін акцияларыныѕ (ќатысу їлестерiнiѕ) 50 жјне одан да кґп пайызы осы тармаќтыѕ 2) жјне 3) тармаќшаларында көрсетілген тўлєаларєа тиесiлi болатын немесе осы тармаќтыѕ 2) тармаќшасында көрсетілген тўлєалар єана ќўрєан коммерциялыќ емес ўйым болып табылатын;

осындай ўйымныѕ ґтеусiз алынєан мїлiк жјне депозиттер бойынша сыйаќылары тїрiндегi табыстарын ескере отырып, жылдыќ жиынтыќ табысында алєан табыстарыныѕ кемiнде 90 пайызын ќызметтіѕ мынадай бір немесе бірнеше тїрін жүзеге асырудан алынған табыстар құрайды:

медициналық қызметтер көрсету (косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтерді қоспағанда);

Ќазаќстан Республикасыныѕ заѕдарында белгіленген білім берудің мынадай деѕгейлері бойынша білім беру қызметі:

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп;

негізгі мектеп;

жоєары мектеп;

орта білімнен кейінгі білім беру;

жоєары білім;

жоєары оќу орнынан кейінгі білім беру;

ќосымша білім беру;

ғылым саласындағы қызмет, атап айтқанда:

ғылым-техникалық, инновациялық қызмет, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса алғандағы ғылыми-зерттеу қызметі;

осы тармақшада көрсетілген қызмет түрлері бойынша консультациялық қызметтер көрсету.

Осы тармақшаның мақсаттары үшін қызметтің жоғарыда көрсетілген түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар болып осы тармақшада көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған және оған бағытталған құрылтайшыдан түсетін түсімдер де танылады;

5) осы тармаќтыѕ 3) тармаќшасында көрсетілген ўйымды ќоспаєанда, егер бiр мезгiлде мынадай талаптарєа сай келетiн:

осындай ўйымныѕ дауыс беретін акцияларыныѕ (ќатысу їлестерiнiѕ) 50 жјне одан да кґп пайызы осы тармаќтыѕ 2) жјне 3) тармаќшаларында аталєан тўлєаларєа тиесiлi болатын немесе осы тармаќтыѕ 2) тармаќшасында аталєан тўлєалар єана ќўрєан коммерциялыќ емес ўйым болып табылатын;

есепті салық кезеңі ішіндегі осындай ұйымның табысы ғылым саласындағы қызметтің мынадай бір немесе бірнеше түрлерін жүзеге асыру жағдайында салық салудан босатылады:

ғылыми-техникалық;

инновациялық;

іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса алғандағы ғылыми-зерттеу қызметі.

Қызметтің жүзеге асырылатын түрлерін осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген ғылым саласындағы қызмет түрлеріне жатқызу ғылым саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның қорытындысымен расталады.

Осы тармақша, егер ұйымдар ќызметтіѕ мынадай бір немесе бірнеше тїрін жүзеге асыратын болса, оларға қолданылмайды:

медициналық қызметтер көрсету (косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтерді қоспағанда);

Ќазаќстан Республикасыныѕ заѕдарында белгіленген білім берудің мынадай деѕгейлері бойынша білім беру қызметі:

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп;

негізгі мектеп;

жоєары мектеп;

орта білімнен кейінгі білім беру;

жоєары білім;

жоєары оќу орнынан кейінгі білім беру;

ќосымша білім беру;

қызметтің осы түрлері бойынша консультациялық қызметтер көрсету.»;

61) 136-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Туынды қаржы құралы бойынша залал шығыстардың осы Кодекстiң 127, 128-баптарына сәйкес айқындалатын түсiмдерден асып түсуi ретінде айқындалады.

Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, туынды қаржы құралы бойынша залал құқықтардың орындалуы, мерзімінен бұрын немесе өзге де тоқтатылу күніне, сонымен қатар туынды қаржы құралы бойынша талаптар туынды қаржы құралымен бұрын жасалған мәміле бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара өтейтін туынды қаржы құралымен мәміле жасалған күнге танылады.

Своп бойынша, сондай-ақ мөлшері бағаның, валюта бағамының, пайыздық ставкалардың, индекстер мен осындай туынды қаржы құралымен белгіленген көрсеткіштің өзгеруіне байланысты, орындалуы қаржы құралының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін, қолданылу мерзімі ол жасалған күннен бастап он екі айдан асатын өзге де туынды қаржы құралы бойынша залал осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген асып түсу пайда болатын әрбір салық кезеңінде танылады.

Бұл ретте осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралы бойынша залал осы Кодекстің 137-бабы 8-тармағында белгіленген тәртіпте ауыстырылады.

Хеджирлеу мақсатында пайдаланылатын туынды қаржы құралы бойынша залал осы Кодекстің 129-бабына сәйкес ескеріледі.»;

62) 137-бапта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзуден туындаған залалдар заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар есебінен өтеледі. Осы тармақ бір мезгілде мынадай:



акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

эмитент заңды тұлғаның немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

эмитент заңды тұлға немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан астамы осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша залалдар осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша табыс есебінен өтеледі.

Егер осындай залалдар орын алған кезеңiнде өтеле алмайтын болса, онда олар, қоса алғанда келесі он жылға ауыстырылуы және осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша табыстар есебiнен өтелуі мүмкін.»;

63) 141-бап мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:

«4-2. Салық төлеуші алдыңғы салық кезеңі ішіндегі корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғанға дейінгі кезеңде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын қосымша есептеуді мынадай жағдайларда ұсынуға құқылы:



корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғанға дейінгі кезеңде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының бұрын ұсынылған есептеуіне сомалар өзгерген кезде – ағымдағы салық кезеңінің 20 қаңтарын қоса алғанға дейін;

осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағы 7) тармақшасында көзделген хабарламаның негізінде осындай хабарламада көрсетілген соманың мөлшерінде, - осы Кодекстің 608-бабы 2-тармағында белгіленген мерзімдерде.»;

64) 150-бапта:

1 және 2 баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы бапты ќолдану маќсаттары їшін бiр мезгiлде мынадай талаптарєа сай келетiн:

1) арнайы экономикалыќ аймаќтыѕ аумаєындаєы салыќ органында орналасќан жері бойынша салыќ тґлеуші ретінде тiркелген болса;

Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің мақсаттары үшін қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйым бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға болып табылады:

1) заңды тұлғаның орналасқан жері арнайы экономикалық аймақтың аумағы болып табылады;

1-1) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалыќ аймаќтар туралы заңнамасына сәйкес заңды тұлға арнайы экономикалыќ аймаќтың қатысушысы болып табылады;

2) заңды тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тысқары жерлерде құрылымдық бөлiмшелерi жоқ;

3) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылатын заңды тұлға үшін мынадай шарттар сақталған жағдайда , - жылдық жиынтық табысының кемiнде 70 пайызын өзi өндiрген тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетуді өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстар құрайды:

өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер көрсету осы Кодекстiң 151-4-бабында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру нәтижелері болып табылады;

тауарларды өндіру мен өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы жүзеге асырады;



4) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағынан басқа арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылатын заңды тұлға үшін мынадай шарттар сақталған жағдайда,- заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 пайызын өзi өндiрген тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетуді өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстар құрайды:

өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер көрсету арнайы экономикалық аймақ қатысушысының арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлерiн жүзеге асыру нәтижелері болып табылады;

тауарларды өндіру мен өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы жүзеге асырады.

Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.



2. Осы Кодекстің маќсаттары їшін «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ бiр мезгiлде мынадай талаптарєа сай келетiн заңды тұлға танылады:

1) заңды тұлға орналасќан жері бойынша салыќ тґлеуші ретінде тiркелген болса;



2) заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi жоқ;

3) мынадай шарттар сақталған жағдайда заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының кемiнде 70 пайызын өзi өндiрген тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетуді өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстар құрайды:

өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер көрсету осы Кодекстiң 151-4-бабында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру нәтижелері болып табылады;

тауарларды өндіру мен өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы жүзеге асырады.

Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасында көрсетiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

Осы тармақта көрсетілген заңды тұлғалар тізбесі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі мен тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен бірге бекітіледі.

Осындай тізбені қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;

65) 151-1-бапта:

1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құруға сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:»;

2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады.

Осы тармақтың ережелері жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханалар, емханалар, балабақшалар, мұражайлар, театрлар, жоғары және орта оқу орындары, оқушылар сарайлары, спорт кешендерінің құрылысы мен оларды пайдалануға беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылмайды.»;

66) 151-2-бапта:

баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«151-2-бап. Қызметін «Ұлттық индустриалдық мұнай-химия  технопаркі» арнайы экономикалық аймағының, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу;

1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын құруға сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:»;

2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қызметін «Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде:»;

1) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады.»;

67) 151-3-бапта:

1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:»;

2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады.»;

68) 151-4-бапта:

1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:»;

2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:



«2. Осы Кодекстiң 150-бабының 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:»;

3-бапта:


1) тармақша алып тасталсын;

3) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

«4. Бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады.

бюджетке төленуге тиіс әлеуметтік салық сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 359-бабына сәйкес есептелген әлеуметтік салық сомасы бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде 100 пайызға азайтылады:

жеңілдікті қолданудың ең ұзақ кезеңі - қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйым ретінде тіркелген күннен бастап 5 жыл;

корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңі ішінде қызметкерлерге еңбекақы төлеу шығыстары жылдық жиынтық табыстың кемінде 50 пайызын құрайды;

корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңі ішінде қызметкерлерге еңбекақы төлеу шығыстарының 90 пайызын қызметкерлерге - Қазақстан Республикасының резиденттеріне еңбекақы төлеу шығыстары құрайды.»;

71) 151-5-бапта:

1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құруға сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:»;

2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады.»;

72) 151-6-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құруға сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:

мынадай талаптарды сақтаған жағдайда туристер орналасатын орындар, санаториялық және сауықтыру объектілерін салу және пайдалануға беру:



салынып жатқан және пайдалануға берілетін объектілер ойын бизнесімен байланысты емес;

құрылыс пен пайдалануға беру жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылса;

туристік қызмет көрсету.»;

2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады.»;

73) 154-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі – резидент шетелдік тұлға) табыстарынан төлем көзінен жеке табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды, сондай-ақ салық есептілігін табыс етуді салық агенті осы Кодекстің 158-бабында көзделген ставкалар бойынша осы тарауда, осы Кодекстiң 19-тарауында және 202-бабында белгiленген тәртіппен жүргізеді

Төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу кезінде осы тарауға және осы Кодекстің 19-тарауына сәйкес осы Кодекстің 166-бабында көзделген салық шегерімдері қолданылады.»;

74) 155-бапта:

3-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтiк, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді оқыту, оның біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегі:

осы Кодекстің 101-бабының 1), 2) және  4) тармақшаларында белгіленген;

Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапар бойынша - іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезеңі ішінде әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге іссапар бойынша - іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезеңі ішінде - іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;»

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) мұндай жұмыстың әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердiң далалық үлесі;»;

26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«26) егер мұндай тауардың бір бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тауарды беру күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда жарнама мақсатына орай өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны;»;

75) 156-бапта:

1-тармақта:

7) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«эмитент заңды тұлға немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының осындай өткiзу күнiне 50 пайыздан көп емес жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатындар (болып табылатын) тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi.»;

13) тармақшада:

жетінші және сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«"мүгедек бала" деген санаты бар адам он сегіз жасқа толғанға дейін - мұндай адамның ата-анасының бірінің, қамқоршысының, асыраушысының;

"бала кезінен мүгедек" деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына - оның ата-анасының бірінің, қамқоршысының, асыраушысының.»;

мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

«осы тармақшаның ережесі қамқоршыға және асыраушыға мұқтаж тұлғаның қамқоршысы және асыраушысы болып табылатын тиісті білім беру ұйымдары, медициналық білім беру ұйымдары, халықтың әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшілігінің қызметкерлеріне қатысты мұндай ұйымдармен еңбек қатынасында болуына байланысты қолданылмайды;»;

15) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«эмитент заңды тұлға немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының осындай өткiзу күнiне 50 пайыздан көп емес жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатындар (болып табылатын) тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi;»;

18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«18) күнтізбелік жыл iшiнде әрбiр төлем түрi бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 8 еселенген мөлшері шегiнде медициналық қызмет көрсетулерге (халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы заңнамаға сәйкес көрсетілетін косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеу үшiн, бала туылған кездегі, жерлеуге арналған төлемдер.

Көрсетілген табыстар медициналық қызмет көрсетулерді (халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы заңнамаға сәйкес көрсетілетін косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) алуды және оларды төлеуге жұмсалған нақты шығыстарды растайтын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, қайтыс болғаны туралы анықтама және қайтыс болғаны туралы куәлік болғанда салық салудан босатылады.»;

24) тармақшаның сегізінші және тоғызыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«қызметкер Қазақстан Республикасының шегiнде оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде – қызметкердің оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерi;


     қызметкер Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде - қызметкердің оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерi шегiнде қызметкерге төлеуге тағайындаған ақша сомасы жатады;»;     

мынадай мазмұндағы 27-1), 27-2) және 27-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«27-1) Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және білім беру ұйымдарында оқитындарға мұндай ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мөлшерлерде төлейтін Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы стипендиялар мен Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиялары;

27-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын және білім беру ұйымдарында оқитындарға мұндай ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мөлшерлерде төлейтін мемлекеттік атаулы стипендиялар;

27-3) оқытуды ұйымдастырумен және Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурсы жеңімпаздарының тағылымдамадан өтуімен байланысты шығыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мөлшерлерде төлеуге арналған төлемдер;»;

41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«41) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында аталған дербес бiлiм беру ұйымының:

мұндай дербес білім беру ұйымдарының қызметкерлері;

мұндай дербес білім беру ұйымдарының жұмыстарын орындауға, қызметін көрсету жөніндегі Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын тұлға;

мұндай дербес білім беру ұйымдарының жұмыстарын орындайтын, қызметін көрсететін және мұндай жұмыстарды тікелей орындайтын және мұндай қызмет көрсететін резидент емес заңды тұлға қызметкері болып табылатын резидент шетелдiк тұлға алған Қазақстан Республикасынан тыс жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын жерге дейін және қайтар жолында тұруға, медициналық сақтандыруға, әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстары түрiндегi материалдық пайда

3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаның осы бапта белгіленген шектерде осындай түзетудің мөлшерін көрсете отырып, салық салуға жататын табыстарға түзетулерді қолдануға өтінішінің;»;

76) 162-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы кодекстің 67-бабының 2-тармағында көзделген Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, салық төленетін жердегі салық органдарына табыс етеді

77) 163-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе салық салуға жататын қызметкерлердің жұмыс беруші есептеген Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің бухгалтерлік есебінде шығыстар (шығындар) ретінде танылған:

1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес нысанда қызметкердің меншігіне беруі тиіс ақша;

2) осы Кодекстің 164-бабана сәйкес қызметкердің заттай нысандағы табыстары;

3) осы Кодекстің 165-бабана сәйкес қызметкердің материалдық пайда түріндегі табыстары болып табылады.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:



«2-1. Шетел валютасында алынған (алуға жататын) қызметкердің табысын салық агенті Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңгеге мұндай табыстарды есептеу күніне нарықтық айырбас бағамын қолдана отырып қайта есептейді.»;

78) 164-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«164-бап. Қызметкердiң заттай нысандағы табысы

1. Қызметкердiң салық салуға жататын, заттай нысандағы табысы:

1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің қызметкердің меншігіне беруге жататын тауарлардың, бағалы қағаздардың құны, қатысу үлесі және өзге мүлкі. Мұндай мүліктің құны қосылған құн салығына тиісті сомаларды және акциздерді ескере отырып мүліктің баланстық құны мөлшерінде айқындалады;



2) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына жұмыстарды орындауы, қызмет көрсетуі. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтің құны қосылған құн салығына тиісті сомаларды және акциздерді ескере отырып мұндай жұмыстарды орындаумен, қызмет көрсетумен байланысты келтірілген жұмыс берушінің шығыстары мөлшерінде айқындалады;

3) жұмыс берушіден өтеусіз негізде алынған мүліктің құны. қызметкердің жұмыс берушіден өтеусіз негізде алған орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтің құны мұндай жұмыстарды орындаумен, қызмет көрсетумен байланысты келтірілген жұмыс берушінің шығыстар мөлшерінде айқындалады;

4) қызметкер үшiншi тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын жұмыс берушiнiң немесе үшінші тұлғаның төлеуi болып табылады.»;

79) 165-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«165-бап. Қызметкердiң материалдық пайда түрiндегi табысы

Қызметкердiң салық салуға жататын, материалдық пайда нысандағы табысы:

1) қызметкерге тауарларды, жұмыстарды, қызметерді өткізу кезінде – қызметкерге өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу бағасы немесе олардың өзiндiк құны арасындағы терiс айырма;

2) қызметкердiң қарызының сомасын есептен шығару кезінде – жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша қызметкердiң оның алдындағы қарызының немесе мiндеттемесiнiң сомасын есептен шығару;

3) қызметкермен жасалған сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасын төлеу кезінде – жұмыс берушiнің өз қызметкерлерiнің сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге жұмсаған шығыстары;

4) қызметкерге – шығындарын өтеу кезінде қызметкердің жұмыс берушiнің қызметiне байланысты емес шығындарын өтеуге жұмыс берушiнің жұмсаған шығыстары болып табылады.»;

80) 166-бапта:

1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) осы баптың 6-тармағында белгіленген мөлшерде және шарттарда медициналық қызметтерге (халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы заңнамаға сәйкес көрсетілетін косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар.»;

6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) қызметкер медициналық қызметтер (халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы заңнамаға сәйкес көрсетілетін косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) алғанын және оларды төлеуге арналған нақты шығыстарды растайтын құжаттарды табыс етсе, салық төлеушіге осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасында белгіленген салық шегерімін жасау құқығы беріледі.»;

81) 168-бапта:

1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жеке тұлғаларға табыстар төлемдері, оның ішінде:

жеке тұлғаның үшiншi тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын салық агентінің жеке тұлғаға немесе үшінші тұлғаға тауарлардың, орындалған жұмыстардың көрсетілген қызметтердің құнын төлеуі;



берешекті өтеу есебінен және (немесе) өтеусіз негізде жүргізілген жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету;

борышты кешіру;

мәміле талаптарының өзгеруіне байланысты тұрақсыздық айыбын қоспағанда борышкерге талаптар мөлшерін азайту;

репо операциясы бойынша сыйақы төлеу жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салуға жататын табысы болып табылады»;

мынадай мазмұндағы 1-1тармақпен толықтырылсын:

«1-1.Салық агентінен шетел валютасында алынған (алуға жататын) жеке тұлғаның табысын салық агенті Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңгеге мұндай табыстарды есептеу күніне нарықтық айырбас бағамын қолдана отырып қайта есептейді.»;
82) 172-бап мынадай редакцияда жазылсын:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет