Қазақстан Республикасының Заңы Бағалы қағаздар рыногы туралы



бет2/14
Дата29.02.2016
өлшемі1.09 Mb.
#29649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

5-1-бап. Білікті инвесторлар

1. Осы баптың 2-тармағында аталған тұлғалар, сондай-ақ осы бапта белгіленген тәртіппен білікті инвесторлар деп танылған тұлғалар білікті инвесторлар болып табылады.

2. Мыналар білікті инвесторлар болып табылады:

1) қаржы ұйымдары;

2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес уәкілетті органның тиісті лицензиясын алмастан бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

3) ұлттық холдинг, ұлттық басқарушы холдинг;

4) халықаралық қаржы ұйымдары.

3. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар осы баптың 2-тармағында аталмаған дара және институционалдық инвесторларды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және шарттармен білікті инвесторлар деп тануы мүмкін.

4. Өзін білікті инвестор деп тануға өтініш берген тұлға өзі туралы берген ақпараттың дәйектілігі үшін жауапты болады.

Өзі берген дәйексіз ақпараттың негізінде тұлғаны білікті инвестор деп тану оның мүддесін көздейтін және оның есебінен жасалған мәмілелердің жарамсыздығына негіз болып табылмайды.

5. Тұлға бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының бір түріне немесе бірнеше түріне, білікті инвесторларға арналған қызметтердің бір түріне немесе бірнеше түріне қатысты білікті инвестор болып танылуы мүмкін.

6. Тек қана білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

7. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген, білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушы:

1) білікті инвесторды бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының немесе көрсетілетін қызметтердің қандай түрлеріне қатысты оның білікті инвестор деп танылғаны туралы хабардар етуге;

2) білікті инвестор деп танылған тұлғадан оны білікті инвестор деп тану үшін сәйкес болуы қажет талаптардың сақталуын растауды талап етуге және көрсетілген талаптардың сақталуына тұрақты түрде тексеруді жүзеге асыруға;

3) өзі білікті инвесторлар деп таныған тұлғалардың тізілімін жүргізуге міндетті.

8. Білікті инвесторды білікті инвесторлар тізілімінен шығару ол білікті инвесторлар тізіліміне енгізілу шарттарына сай келмеген жағдайда жүзеге асырылады.

 

2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу



 

6-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмi

1. Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзудiң талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.

2. Шығарылымы жойылған немесе Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiне олар туралы мәлiметтер енгiзiлмеген эмиссиялық бағалы қағаздар бағалы қағаздар рыногында мәмiлелердiң объeктici бола алмайды.

07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Тiркелген эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерi туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiне уәкiлеттi органның тиiстi шешiм қабылдаған күнiнен бастап бiр күн iшiнде енгiзедi.

 

7-бап. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару



1. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың, оларды тiркеудiң, орналастырудың, айналысқа жiберудiң және өтеудiң талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

2. Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн беру тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.

 

8-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу



1. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеудi уәкiлеттi орган осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген талаппен және тәртiппен жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу:

1) табыс етiлген құжаттардың және олардың сараптамасының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн қарауды;

2) эмиссиялық бағалы қағаздарға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудi және Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiне олар және эмитент туралы мәлiметтер енгізудi;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 3) тармақшасы өзгертілді

3) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды және эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiн (айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын мерзiммен облигациялар шығаруды қоспағанда) мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктер берудi қамтиды.

07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Инвестициялық пай қорларының пайларын шығаруды мемлекеттік тiркеудiң шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының жеке заң актiсiмен айқындалады.

3. Уәкiлеттi орган мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы құжаттарды олар мемлекеттік тiркеуге табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қарайды.

Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеуге қосымша құжаттар табыс етiлген жағдайда уәкiлеттi орган құжаттарды қарау мерзiмiн күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.

4. Эмитент пен оның лауазымды адамдары уәкiлеттi органға мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеуге табыс етiлген құжаттарда дәйектемесiз мәлiметтер бергенi үшiн, сондай-ақ құжаттарды табыс ету мерзiмiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

5. Уәкiлеттi органның мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды мақсатқа сай еместiк желеуiмен мемлекеттік тiркеуден бас тартуға құқығы жоқ.

 

9-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi



1. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнде:

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)

1) эмитент, оның орналасқан жері және қызмет түрлерi туралы;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2) тармақшасы өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2) эмитенттің жарғылық капиталындағы үлестің он және одан да көп процентіне иелік ететін ірі акционерлері және (немесе) қатысушылары туралы;

3) басшы қызметкерлер, олардың лауазымдары туралы соңғы үш жылдағы мәлiметтер, сондай-ақ эмитенттiң орналастырылған акцияларының оларға тиесiлi саны (жарғылық капиталындағы үлестерiнiң мөлшерi) туралы мәлiметтер көрсетiле отырып, эмитент органдарының құрылымы туралы;

4) баланстық құны көрсетiле отырып, эмитенттiң активтерi туралы, эмитенттiң өзi өндiретiн немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) жалпы құнының бес және одан да көп процентiн құрайтын көлемдегi тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтердi) тұтынушылары және жеткiзiп берушiлерi туралы;

2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды



4-1) эмитенттің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын, сондай-ақ әрбір активтің құны мен тиісті шарттардың қолданысы аяқталған күні көрсетіліп, сенімгерлікпен басқаруға берілген активтердің жалпы көлемінің кемінде он пайызын құрайтын эмитенттің активтері туралы;

2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды

4-2) облигацияларды қамтамасыз ету туралы (қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда);

5) эмитенттiң мүлкiн бағалау туралы (қамтамасыз етiлген облигациялар шығарған кезде);

6) кредиторлардың (дебиторлардың) тiзбесi көрсетiле отырып, эмитент активтерiнiң баланстық құнының бес және одан да көп процентiн құрайтын кредиторлық және дебиторлық берешектер, оларды өтеу мерзiмдерi туралы;

7) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаларды қоспағанда, эмитенттiң аффилиирленген тұлғалары туралы;



2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 8) тармақшасы өзгертілді (бұр. ред. қара)

8) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны, олардың түрi, төлеу тәсiлдерi, бағалы қағаздар бойынша кiрiс алу, оның iшiнде облигациялардың нақтылы құны, олардың айналыс мерзiмi және өтелу тәртібі туралы;

9) бағалы қағаздарды (айырбасталатын бағалы қағаздар шығарған кезде) айырбастау тәртібі туралы;

2005.21.04. № 46-III ҚР Заңымен 10) тармақша толықтырылды; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 10) тармақша жаңа редакцияда

10) облигацияларды ұстаушылардың өкiлi туралы;

2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды

10-1) облигациялық қарыздың нысаналы мақсаты туралы;

11) төлем агентi туралы;



2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

11-1) эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының (мұндай ұйыммен шарт жасасу міндеті осы Заңның талаптарында көзделген жағдайда) ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйым туралы мәліметтер болуға тиіс.

12) 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)

1-1. Арнайы қаржы компаниясы жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамаға сәйкес шығаратын облигациялар шығару проспектісіне қойылатын қосымша талаптар Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасымен белгіленеді.

2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен бап 1-2-тармақпен толықтырылды

1-2. Ислам бағалы қағаздары проспектісіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісі исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңеспен келісілуге тиіс.

Эмитенттің ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларының құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіретін жағдайларда ислам бағалы қағаздарын шығарудың, орналастырудың, айналымға енгізудің және өтеудің шығарылым проспектісінде белгіленген талаптарын өзгертуге құқығы жоқ.

2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)



2. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң ажырамас бөлiгi мыналар болып табылады:

1) эмитенттің соңғы екi қаржы жылындағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептiлiгінің көшірмелері, сондай-ақ эмитенттің (жаңадан құрылған эмитенттердi қоспағанда) аудиторлық есептерінің және есепке алу саясатының көшірмелері;

2) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеуге құжаттар беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептiлiгінің көшірмелері.

Аяқталған қаржы жылының қаржылық есептiлiгiнiң аудиторлық есебi болмаған жағдайда ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап 1 маусым аралығы кезеңінде эмитент уәкiлеттi органға аяқталған соңғы жылдың алдындағы екi жылдың қаржылық есептiлiгiн және аталған кезеңдегi қаржылық есептiлiгiнiң аудиторлық есебiн ұсынады. Эмитент аяқталған қаржы жылының аудиторлық есебі мен қаржылық есептілігін жылдық қаржылық есептілік бекітілген күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынады.

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2-1 тармақпен толықтырылды



2-1. Тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң талап етiлетiн ең төмен рейтингi бар эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң мазмұнына қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган белгiлейдi.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды

2-2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа:

1) қоғамның ұйымдастырылмаған рынокта акцияларды сатып алу кезiнде олардың құнын айқындау әдiстемесi және қоғамның таза табысын бөлу тәртібі акциялар шығару проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады;

2) облигациялар шығару проспектісінің ажырамас бөлігі мыналар болып табылады:

облигацияларды ұстаушылардың өкілімен жасалған шарттар көшірмелері;

облигацияларды ұйымдастырылған рынокта орналастыруды жоспарлаушы эмитенттер үшін эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері (мұндай ұйымдармен шарт жасасу міндеті осы Заң талаптарында көзделген жағдайда);

жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған эмитенттер үшін эмитенттің табысын оған қатысушылар арасында бөлу тәртібі.

3. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң құрылымы және оны жасау мен ресiмдеу тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.



2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен  (бұр.ред. қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Эмитент осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 4-1), 4-2), 8), 9), 10), 10-1), 11) және 11-1) тармақшаларында көрсетілген және (немесе) осы баптың 2-2-тармағының 1) тармақшасында және 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген құжаттардағы мәліметтер өзгерген жағдайда, эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен тіркеу үшін олар туындаған (эмитенттің тиісті органдары шешім қабылдаған) күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органға беруге міндетті. Уәкілетті орган жарияланған акциялардың саны ұлғайған және (немесе) жарияланған акциялардың түрі өзгерген не облигациялардың саны кеміген кезде жарияланған акциялар (облигациялар) шығарылымының мемлекеттік тіркеу куәлігін ауыстырады. Уәкілетті орган жарияланған акцияларды (облигацияларды) шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуді не жарияланған акциялар (облигациялар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыруды күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырады.

2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақпен толықтырылды

4-1. Осы баптың 1-тармағының 4-2), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген облигациялар шығару проспектісіндегі мәліметтерді өзгертуді мынадай шарттар сақталған кезде:

1) эмитент сатып алған облигацияларды қоспағанда, орналастырылған облигациялардың жалпы санының кемінде сексен бес пайызын иеленген ұстаушылар осы шешім үшін дауыс берген;

2) эмитент сатып алған облигацияларды қоспағанда, облигацияларды ұстаушылардың құрамында осы шығарылым облигацияларының он пайызынан астамын иеленген екі және одан да көп адам болған жағдайда, шығарылым шарттарын өзгерту үшін осындай облигацияларды ұстаушылардың жалпы санының жетпіс бес және одан да көп пайызы дауыс берген жағдайда, облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы шешімінің негізінде эмитент жүзеге асырады.

Осы тармақтың талабы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымдарына немесе банк конгломератына бас ұйым ретінде кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарға олар қайта құрылымдауды жүргізген кезде қолданылмайды.

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен  (бұр.ред. қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Осы баптың 1, 2 және 2-2-тармақтарында белгiленген эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiне қойылатын талаптар агенттiк облигацияларын, айналым мерзiмi он екі айдан аспайтын облигациялар, облигациялық бағдарламалар және облигациялық бағдарламалар шегiнде шығарылатын облигациялар шығару проспектiсiне, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарын шығару проспектілеріне қолданылмайды.

6. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi уәкiлеттi органға мемлекеттік тiлде және орыс тілінде табыс етiледi.

 

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен  10-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)



10-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды (бағалы қағаздарды шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды) мемлекеттік тiркеуден бас тарту және олардың шығарылуын мемлекеттік тiркеудi тоқтата тұру

07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Эмитент шығару құжаттарын мемлекеттік тiркеуге табыс ету талаптары мен тәртібін бұзған және құжаттарды қарау процесiнде олардың Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды (бағалы қағаздарды шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды) мемлекеттік тiркеуден бас тартуға құқылы.

2. Егер табыс етiлген құжаттарды қарау процесiнде эмитент пен оның қызметi туралы қосымша мәлiметтер алу қажеттiгi туындаса, уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды (бағалы қағаздарды шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды) мемлекеттік тiркеудi тоқтата тұруға құқылы.

Уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды (бағалы қағаздарды шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды) мемлекеттік тiркеудi эмитент қосымша мәлiметтердi табыс еткен күннен бастап қайта жаңғыртады.

3. Эмитент уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды (бағалы қағаздарды шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды) мемлекеттік тiркеуден бас тарту туралы шешiмiне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

 

11-бап. Жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу



2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу туралы шешiмдi акционерлік қоғамның құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшысы) немесе акционерлердiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционер) қабылдайды.

Акционерлік қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеуге арналған құжаттарды:

1) оны заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркеген күннен бастап;

2) жарияланған акциялар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы сот шешiмi негiзiнде жарияланған акциялар шығарылымы жойылған жағдайда акционерлердiң жалпы жиналысы жарияланған акциялар шығарылымын тiркеу туралы шешiм қабылдаған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде ұсынуға мiндеттi.

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-1 тармақпен толықтырылды

1-1. Уәкiлеттi орган акционерлік қоғам заңды тұлға ретiнде тiркелген күннен бастап не сот шешiмi негiзiнде акционерлік қоғамның жарияланған акциялар шығарылымы жойылған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеуден өткізуге құқылы емес.

Уәкiлеттi орган:

1) акционерлік қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркелген күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн акционерлік қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеуден өткізу үшiн құжаттарды бермеген;

2) акционерлік қоғам заңды тұлға ретiнде тiркелген күннен бастап не соттың шешiмi негiзiнде акционерлік қоғамның жарияланған акциялар шығарылымы жойылған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн уәкiлеттi орган жарияланған акциялар шығарылымын тiркемеген жағдайларда акционерлік қоғамды тарату не қайта ұйымдастыру мақсатында сотқа жүгiнуге құқылы.

2. Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) немесе акционерлердiң жалпы жиналысының (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционердiң) жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу туралы шешiмiнде:

1) эмитенттiң атауы және оның орналасқан жерi көрсетiле отырып, құрылтай жиналысының (акционерлердiң жалпы жиналысының) өткiзiлетiн орны мен күні;

2) құрылтай жиналысына қатысқан құрылтайшылардың тiзiмi немесе акционерлік қоғамның акционерлердiң жалпы жиналысына табыс етiлген дауыс берушi акцияларының саны туралы мәлiметтер;

07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

3) акциялардың түрлерi және олардың жалпы саны;

4) құрылтайшылар арасында орналастырылатын акциялардың саны және олардың акцияларды төлеу тәртібі;

5) құрылтайшылар арасында орналастырылатын акциялардың нақтылы құны қамтылуға тиiс.

Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының ережелерi жалғыз құрылтайшы құрған акционерлік қоғамға және дауыс беретiн барлық акциялары бip акционерге тиесiлi акционерлік қоғамға қатысты қолданылмайды.

3. Жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу акционерлік қоғам табыс еткен мынадай құжаттар:

1) еркiн нысанда жазылған өтiнiш;

2) құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшы шешiмiнiң) жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу туралы немесе акционерлердiң жалпы жиналысының (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционер шешiмiнiң) жарияланған акцияларды шығару проспектiсiне өзгерістердi тiркеу туралы хаттамасының көшiрмесi;

3) акционерлік қоғам жарғысының көшiрмесi;

4) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

5) 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

6) акциялар шығару проспектiсiнiң екi данасы;

7) акционерлік қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын жарияланған акциялар төленгенiн растайтын құжаттар негiзiнде жүзеге асырылады.

4. Табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеудi акцияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрiн (ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн) беру және акционерлік қоғамға жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк пен жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу туралы уәкiлеттi орган белгi соққан акциялар шығару проспектiсiнiң бiр данасын беру (жiберу) арқылы жүзеге асырады.

07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

5. Жарияланған акцияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрiн (ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн) беру тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi. Барлық жарияланған бiр түрдегі акциялардың бiрыңғай ұлттық бiрдейлендiру нөмiрi болады.

6. Тiркеушi акционерлік қоғам құрылтайшыларының (жалғыз құрылтайшысының) акциялар жөніндегі құқықтарын тiркеудi жарияланған акциялар шығару мемлекеттік тiркелгеннен кейiн жүзеге асырады.

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



7. Уәкiлеттi орган қоғам құрылтайшыларының акцияларды төлеу жөніндегі міндеттемелерінің орындалғанын растайтын жарияланған акцияларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті бекiткеннен кейiн акционерлік қоғам жарияланған акциялардың санын ұлғайту туралы шешiм қабылдауға құқылы.

 

12-бап. Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу



1. Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн эмитент уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:

1) еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;

2) эмиссиялық органның облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесiнде эмитент алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялардың шығарылу көлемi, саны мен түрi, облигациялардың нақтылы құны, облигациялар ұстаушылардың құқықтары туралы мәлiметтер бар облигациялар шығару туралы шешiмiнiң көшiрмесiн;

3) облигациялар шығару проспектiсiнiң (облигациялық бағдарлама проспектiсiнiң) екi данасын;

4) жарғының көшiрмесiн;

5) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

6) 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2005.21.04. № 46-III ҚР Заңымен; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара)  7) тармақша өзгертілді



7) инфрақұрылымдық, сондай-ақ банк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген облигациялар шығарылған жағдайда эмитенттiң мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) эмитенттің облигациялар шығару проспектісінде қор биржасының сауда жүйесінде осы облигациялардың айналымы көзделген жағдайда эмитенттің және ол шығаратын облигациялардың қор биржасының тізіміне эмитент облигацияларын енгізуге және олардың тізімде болуына қойылатын талаптарға сай келуі туралы қор биржасының қорытындысын, сондай-ақ қор биржасының листинг комиссиясының эмитенттің бағалы қағаздар шығару проспектісіне инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша шектеулерді енгізу жөніндегі ұсынымдарын;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

8) егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы жиналысының алдын ала шешiмiнсiз облигациялар шығаруды жүзеге асыру мүмкiн болмаса, акционерлердiң (қатысушылардың) жалпы жиналысы хаттамасының көшiрмесiн (хаттаманың үзiндiсiн) және акционерлердiң (қатысушылардың) облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама жарияланған бұқаралық ақпарат құралы беттерiнiң көшiрмесiн табыс етуге мiндеттi.

2. Облигацияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрiн берудiң және мемлекеттік емес облигацияларды мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк берудiң талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi. Облигациялық бағдарлама шегiнде облигацияларды әрбiр шығарудың өз ұлттық бiрдейлендiру нөмiрi болады.

2005.21.04. № 46-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Құрылтайшылар (бірден-бір құрылтайшы) жарғылық капиталды төлегеннен кейін эмитент мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынуға құқылы.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



4. Микроқаржы ұйымдарының, кредиттік серіктестіктердің, өзара сақтандыру қоғамдарының және ломбардтардың мемлекеттік емес облигациялар шығаруға құқығы жоқ.

 

13-бап. Облигациялық бағдарламаны және облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеудiң ерекшелiктерi



1. Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тiркеудi уәкiлеттi орган облигациялық бағдарлама проспектiсiн алған күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде жүзеге асырады.

Облигациялық бағдарлама проспектiсiнiң және облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығарудың құрылымы мен мазмұны, сондай-ақ оларды ресiмдеу тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.

Облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялардың алғашқы шығарылуын мемлекеттік тiркеу эмитенттiң тiлегi бойынша осы облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тiркеумен бiр мезгiлде жүзеге асырылуы мүмкiн.

2. Тiркелген облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн уәкiлеттi органға эмитент табыс еткен құжаттарды уәкiлеттi орган олар табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде қарауға тиiс.

3. Эмитент және облигациялық бағдарламаны немесе облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн эмитент табыс еткен құжаттар осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкiлеттi орган осындай мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырады және эмитентке облигациялық бағдарламаның немесе облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығарудың мемлекеттік тiркелгенi туралы куәлiк бередi.

4. Эмитент және облигациялық бағдарламаны немесе облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн эмитент табыс еткен құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда уәкiлеттi орган эмитентке мемлекеттік тiркеуден бас тарту себебiн дәлелдей отырып жiбередi.

Эмитент мемлекеттік тiркеуден бас тарту себептерiн жойғаннан кейiн уәкiлеттi орган құжаттарды қарауды осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.

2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Уәкiлеттi орган мынадай жағдайда, егер:

1) қор биржасында осы облигациялық бағдарлама шегiнде шығарылған облигациялар бойынша сауда-саттық тоқтатыла тұрса;

2) осы облигациялық бағдарлама шегiнде шығарылған облигацияларға делистинг жүргiзiлсе;

3) облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу нәтижесiнде айналыстағы облигациялар шығарылымының жалпы сомасы осындай облигациялық бағдарламаның тiркелген көлемiнен асып кетсе;

4) облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттар табыс етiлген күнi эмитент осы Заңның 14-бабының 1-тармағында белгiленген талаптарға сай келмесе, эмитентке облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеуден бас тартуға құқылы.

Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымына немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға олар қайта құрылымдауды жүргізген кезде қолданылмайды.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды



6. Эмитенттің облигациялық бағдарлама шегiнде құрылымы бойынша әртүрлі облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқығы бар.

 

3-тарау. Облигациялар шығару мен олардың айналысының ерекше талаптары



 

14-бап. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)



 

07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.21.04. № 46-III ҚР Заңымен ; 2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет