107-бап. Уәкiлеттi органның ақпарат алу құқығы
Уәкiлеттi органға жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ ақша-кредит статистикасын қалыптастыру, экономикалық ахуалды талдау мақсатында ол өз құзыретi шегінде эмитенттен, лицензиаттан және өзiн-өзi реттейтiн ұйымнан, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалардан қажеттi (оның iшiнде бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын) ақпаратты алады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, алынған мәлiметтер жария етуге жатпайды.
Осы Заңда белгiленген жарияланған акциялар шығарылымын тiркеу мерзiмдерiнiң сақталуын бақылау мақсатында әдiлет органдары уәкiлеттi органға оның сұрау салуы бойынша акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында тiркелген заңды тұлғалар туралы ақпарат ұсынады.
20-тарау. Бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін бақылау
108-бап. Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң қызметiн тексеру
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Уәкілетті орган эмитенттердің, лицензиаттардың, орталық депозитарийдің, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметін лицензиясыз жүзеге асыратын өзін-өзі реттейтін ұйымдардың және заңды тұлғалардың қызметін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
2. 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Тексеруге:
1) инвесторлардың өтiнiш жасауы;
2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың өтiнiш жасауы;
3) бағалы қағаздар рыногының және өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың кәсiби қатысушыларының өтiнiш жасауы;
4) тексерудiң жүргiзiлгенi туралы немесе уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң тексеруге қатысқаны туралы сот ұйғарымы, прокурордың немесе анықтау және алдын ала тергеу органының қаулысы;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есептіліктi қарау және бекіту үшiн эмитент табыс еткен құжаттарды қарау процесiнде құжаттардағы немесе мәлiметтердегi ақпараттың уәкiлеттi орган анықтаған сәйкессiздiктерi;
6) лицензиаттардың қызметi туралы есептердi қарау процесiнде уәкiлеттi орган анықтаған сәйкессiздiктер;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
7) бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау, инсайдерлік ақпаратты, сондай-ақ коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны пайдалана отырып, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау туралы мәлiметтердiң болуы;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасы заңдарын бұзуының уәкiлеттi органға мәлiм болған өзге де фактілері негiздеме болып табылады.
4. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
109-бап. 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
110-бап. Эмитенттiң қызметiн бақылау
Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу процесінде бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган эмитентке мынадай мәселелер:
1) эмитент органының эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару немесе орналастыру, опциондар жасасу туралы қабылдаған шешiмдерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына және эмитенттің жарғысына сәйкестiгi;
2) эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiс төлеуi және эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектілерiне сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар алдындағы өзге де мiндеттемелерiн орындауы;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды және оларды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есептердi табыс ету;
4) уәкiлеттi органға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға өз қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратты табыс ету жөніндегі талаптарды орындау;
5) Қазақстан Республикасы заңдарының iрi мәмiлелер және мүдделiлiк бар мәмiлелер жасасу туралы талаптарын орындау;
6) шығарылуы жойылған, эмитент ерiктi түрде қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, бастапқы инвестицияларды қайтару кезiнде бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн сақтау;
7) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8) бұқаралық ақпарат құралдарында эмитенттiң қызметi туралы мәлiметтер жариялау мәселелерi бойынша тексеру жүргiзуге құқылы.
111-бап. Лицензиаттың қызметiн бақылау
Уәкiлеттi орган бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн лицензиатқа мынадай мәселелер:
1) бағалы қағаздар рыногында жүзеге асырылатын қызметтiң Қазақстан Республикасының заңдарына, өзiн-өзi реттейтiн ұйымның және лицензиаттың iшкi құжаттарына сәйкестiгі;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыру процесiнде клиенттердiң құқықтары мен мүдделерін сақтау;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) лицензиаттың қаржылық тұрақтылығының пруденциялық нормативтерін және өзге де көрсеткіштерін немесе өлшемдерін (нормативтерін) сақтау;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) ерiктi түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен бап 5) тармақшамен толықтырылды
5) лицензияны ерікті түрде қайтаруына байланысты лицензияның қолданылуын тоқтату мәселелері бойынша тексеру жүргізуге құқылы.
112-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметiн бақылау
Өзiн-өзi реттейтiн ұйымға қатысты бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган:
1) өзін-өзi реттейтiн ұйымның қызметi туралы, сондай-ақ оның мүшелерiнiң қызметi туралы ақпарат табыс етудi талап етуге;
2) өзiн-өзi реттейтiн ұйымға орындалуы мiндеттi ұйғарымдар жiберуге және олардың орындалуы туралы есеп табыс етудi талап етуге құқылы.
21-тарау. Қорытынды ережелер
113-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 113-1-баппен толықтырылды
113-1-бап. Акциялар эмиссиясы осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тiркелген акционерлік қоғамдарда акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп не акциялар эмиссиясы жасалмады деп танудың салдарлары
1. Акциялар эмиссиясы осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тiркелген акционерлік қоғамдарда акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп таныған жағдайда осы акционерлік қоғам акцияларының барлық эмиссиясы жойылуға тиiс.
2. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қоғамның акциялар эмиссиясы жасалмады деп танылған жағдайда қоғам акцияларының эмиссиясы жасалмады деп тану туралы шешiм негiзiнде бұл эмиссия жойылуға тиiс.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 113-2-баппен толықтырылды
113-2-бап. Нақтылы ұстаушының клиенттері туралы ақпаратты ашу
Нақтылы ұстаушы «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдардың мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған нақтылы ұстау туралы шартқа сәйкес нақтылы ұстаушыға өзі туралы мәліметтерді ашуға құқық бермеген клиенттің орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі тиісті қосалқы шотын ашу үшін міндетті түрде қажет болатын деректемелерін оларды орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі тиісті қосалқы шотта көрсету үшін орталық депозитарийге ұсынуға міндетті.
114-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Осы Заңның 22-бабы 1-тармағының екінші бөлігі 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 5, 52-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 15-16, 238-құжат; 2003 жылғы 23 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2003 жылғы 21 мамырда «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне бағалы қағаздар рыногы және акционерлік қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2003 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне ипотекалық кредиттеу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы);
2) «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы» 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 5, 53-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 17-18, 224-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 238-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; 2003 жылғы 23 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2003 жылғы 21 мамырда «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне бағалы қағаздар рыногы және акционерлік қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы).
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2008 жылғы шілдедегі 2-і.
№ 461-II
Достарыңызбен бөлісу: |