Қазақстан Республикасының Заңы Бағалы қағаздар рыногы туралы



бет8/14
Дата29.02.2016
өлшемі1.09 Mb.
#29649
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

53-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға шектеулер және тыйым салу

1. Мынадай жағдайларды:

1) өз мұқтаждығы үшін сатып алынған мүлікті жалға беруді қоса алғанда, өз мүлкіне билік етуді;

2) бағалы қағаздар рыногындағы қызметпен байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді;

3) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет мәселелері жөніндегі арнайы әдебиеттерді ақпарат жеткізгіштердің кез келген түрлерінде өткізуді;

4) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет саласында мамандардың біліктілігін арттыру бойынша оқытуды ұйымдастыруды;

5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген өзге де жағдайларды қоспағанда, лицензиат қаржы рыногындағы қызметке жатпайтын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқылы емес.

2. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бағалы қағаздар рыногындағы қызметi Қазақстан Республикасының аталған ұйымдардың қызметiн реттейтiн заңнамалық актiлерiнiң талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады.

 

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 53-1-баппен толықтырылды 



53-1-бап. Шындыққа сай келмейтін жарнамаға тыйым салу

1. Лицензиатқа жарнама жарияланған күні шындыққа сай келмейтін қызметін жарнамалауға тыйым салынады.

2. Уәкілетті орган лицензиаттан шындыққа сай келмейтін жарнамаға өзгерістер енгізуді, оның тоқтатылуын немесе оны теріске шығаруды жариялауды талап етуге құқылы.

Осы талаптар уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда уәкілетті орган жарнамадағы мәліметтердің шындыққа сай келмейтіндігі туралы ақпаратты жариялауға не мұндай жарнаманы жариялаған лицензиат есебінен оларды нақтылауға құқылы.

3. Бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар ұсынатын қызметтерді жарнамалаушы ретінде мына тұлғаларға:



уәкілетті органның бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға;

лицензиаттардың қызметкерлері болып табылмайтын және лицензиаттар уәкілеттік бермеген жеке тұлғаларға әрекет етуге тыйым салынады.

 

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 54-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



54-бап. Өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)



1. Мыналар:

1) өтініш берушінің (лицензиаттың) басқару органының бірінші басшысы мен мүшелері;

2) өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органының бірінші басшысы (трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) мен мүшелері;

3) трансфер-агенттің бас бухгалтерін қоспағанда, бас бухгалтер;

4) өтініш берушінің (лицензиаттың) оқшауланған бөлімшелерінің бірінші басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыратын бір немесе бірнеше құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн үйлестiрудi және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және клиенттермен жасалған шарттарда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген әртүрлі есептілік нысандарын қоса алғанда, клиенттермен жасалатын кез келген шарттарға, клиенттерге және (немесе) уәкілетті органға берілетін ақпаратқа, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушы клиенттердің шоттарындағы активтердің қозғалысы мен қалдығының салыстырып тексерілгенін растайтын құжаттарға қол қою құқығы бар өзге де басшылары өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлері болып танылады.

2. Мыналар:



1) жоғары білімі жоқ;

2) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)



3) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген жұмыс стажы және (немесе) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету саласындағы жұмыс стажы жоқ;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) мінсіз іскерлік беделі жоқ;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен  (бұр.ред. қара) 5) тармақша өзгертілді



5) уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымы басқару органының бірінші басшысы,  атқарушы органының бірінші басшысы (тіркеушінің атқарушы органының, трансфер-агенттің функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және оның орынбасары, бас бухгалтері , ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, ірі қатысушысы-заңды тұлғасының бірінші басшысы болған адамдар өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)

6) лицензиаттың не өзге де қаржы қызметтерін көрсететін қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымында болған кезеңінде осы адамды басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарылып алынған адамдар өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)



3. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және қызметін жүзеге асыратын өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органы мүшелерінің саны үш адамнан кем болмауға тиіс.

4. Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 1) тармақша өзгертілді

1) өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органының бірінші басшысы (тіркеушінің атқарушы органының, трансфер-агенттің функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға), бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде үш жыл;

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара);2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 2) тармақша өзгертілді

2) өтініш берушінің (лицензиаттың) басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде екі жыл;

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)

3) өзге де басшы қызметкерлер лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде бір жыл жұмыс стажы болуы қажет.

Басқару органы мүшелерінің, сондай-ақ тек қана өтініш берушінің (лицензиаттың) қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін атқарушы органының мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.

Осы тармақта айқындалған жұмыс стажына қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді) 5-тармақ өзгертілді



5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім ішінде атқаруға құқылы.

Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық пакеті уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, өтініш беруші (лицензиат) осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

Уәкілетті органның келісімінсіз өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерінің міндеттерін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша болмаған адамды ауыстыруға) тыйым салынады.

6. Өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

7. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы өтініш берушідегі (лицензиаттағы) өзге лауазымға ауыстырған жағдайда, бұл адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол лауазымнан босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, осы өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)

8. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, осы адам уәкілетті органның оны өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындала (сайлана) алады.

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды

8-1. Уәкілетті орган осы бапта көрсетілген тұлғаларды өтініш берушінің (лицензиаттың) аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы.

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді);2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 9-тармақ өзгертілді



9. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін:

1) келісім беруге негіз болған дәйектемесіз мәліметтер анықталған;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)

2) уәкілетті органның басшы қызметкерге және (немесе) осы басшы қызметкер тиісті қызметті атқаратын (соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде атқарған) лицензиатқа санкцияларды жүйелі түрде (соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) қолдануы;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды

3) уәкілетті орган осы бапта көрсетілген тұлғаларды өтініш берушінің (лицензиаттың) аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету;

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен тармақ 4) тармақшамен толықтырылды (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді)

4) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.

Уәкілетті органның лицензиаттың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімін қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге де қаржы ұйымдарында бұрын берілген келісімді (келісімдерді) қайтарып алуға негіз болып табылады.

Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алған жағдайда, өтініш беруші (лицензиат) ол адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 10- тармақпен толықтырылды



10. 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр. ред. қара)

2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 11- тармақпен толықтырылды

11. 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр. ред. қара)

 

55-бап. Ұйымдық құрылымға қойылатын талаптар



1. Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға екi және одан да көп лицензиясы бар лицензиаттың ұйымдық құрылымы қызметтiң әр түрi бойынша жекелеген бөлiмшелерден тұруға тиiс.

2. Лицензиаттың бiр бөлiмше қызметкерлерiнiң функциялары мен мiндеттерiн орындауды екiншi бөлiмшенiң қызметкерлерiне жүктеуге құқығы жоқ.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарын қолдану ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.

 

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 56-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 56-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 56-бап жаңа редакцияада (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 56-бап өзгертілді



56-бап. Жосықсыз іс-қимылға тыйым салу. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау

1. Бағалы қағаздар нарығы субъектілеріне:

1) бағалы қағаздар нарығының басқа субъектілеріне олардың бағалы қағаздар нарығындағы іс-қимылын өзгерту мақсатында кез келген нысанда ықпал етуге;

2) бағалы қағаздар нарығында қалыптасатын жағдайға ықпал ету мақсатында дәйексіз мәліметтер таратуға;

3) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында мәмілелер жасасуға тыйым салынады.

Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған мәмілені жасасуға қатысқан тұлғалар осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген жауаптылықта болады.

Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілені сот мүдделі тұлғалардың талап-арызы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.

2. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәмілені бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тануды уәкілетті орган сауда жүйесінде осы мәміле жасалған, бағалы қағаздармен мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған қор биржасы сараптама комитетінің (бұдан әрі осы бапта - сараптама комитеті) қорытындысын қарау қорытындылары бойынша жүзеге асырады.

3. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелері бойынша сараптамалық қорытындыны дайындау үшін қор биржасы сараптама комитетін құрады.

Сараптама комитеті қор биржасының директорлар кеңесінің мүшелерінен, уәкілетті органның өкілдерінен, қор биржасының қызметкерлерінен және комитетте жұмыс істеуге қажетті кәсіби білімі бар өзге де сарапшылардан тұрады.

Қор биржасының атқарушы органының басшысы сараптама комитетінің төрағасы бола алмайды.

4. Сараптама комитетін жасақтау және оның жұмыс жасау тәртібі, сондай-ақ оның сандық құрамы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.

5. Айла-шарғы жасау мақсатында бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді анықтау тұрғысынан мониторинг жүргізуге және талдауға мынадай талаптардың кез келгеніне сәйкес келетін мәмілелер:



1) бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері бес жұмыс күні ішінде жасалған, олардың орындалуы осы мәмілелер тараптарындағы осындай бағалы қағаздар санының елеулі өзгеруіне алып келмеген мәмілелер (мәмілелер тараптарындағы бағалы қағаздардың бастапқы санының он және одан да көп процентке айырмашылығы бағалы қағаздар санының елеулі өзгеруі деп танылады);

2) клиент екі немесе одан да көп брокерге беретін бір шығарылымдағы бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға қарсы бұйрықтардың негізінде жасалған бір не бірнеше мәміле;

3) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған, бағалы қағаздар нарығында осындай мәміле жасалғанға дейін қалыптасқан осы бағалы қағаздардың бағаларынан елеулі айырмашылығы бар алдын ала келісілген баға бойынша жасалған мәміле;

4) инсайдерлік ақпаратты пайдаланып жасалған мәміле;

5) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған, сұраныстың және (немесе) ұсыныстың объективті арақатынасы нәтижесінде белгіленген бағалы қағаздар бағасынан жоғары немесе төмен баға белгілеуге және (немесе) ұстауға немесе бағалы қағазбен сауда-саттық көрінісін жасауға бағытталған мәміле;

6) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған, сараптама комитеті айқындаған қосымша талаптарға сәйкес келетін өзге де мәмілелер жатқызылады.

6. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танудың тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді

7. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәмілелерді бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тануды уәкілетті орган бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің ұсынған құжаттарын талдау не бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін тексеру нәтижелері бойынша жүзеге асырады.

8. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.



 

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 56-1-баппен толықтырылды; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 56-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)



56-1-бап. Инсайдерлiк ақпаратқа билiк етудi және оны пайдалануды шектеу

1. Эмитенттің ішкі құжаттарында:

1) инсайдерлікке жататын ақпарат тізбесі;

2) инсайдерлік ақпаратты ашып көрсету тәртібі мен мерзімдері;

3) инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату және инсайдерлердің мұндай ақпаратты заңсыз пайдалану мүмкіндігіне жол бермеу үшін ішкі бақылау қағидалары;

4) инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар тұлғалардың тізімін жүргізу, сайма-сай қалпында ұстау, сондай-ақ оларды тізімнен шығару тәртібі;

5) тұлғаларды осы баптың 5-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тізімге енгізген (тізімнен шығарған) жағдайларда оларға хабарлама жіберу, сондай-ақ осы баптың 5-тармағының 5) тармақшасында белгіленген жағдайда тұлғаларға хабарлау тәртібі мен мерзімдері;

6) осы баптың 3-тармағының 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың эмитентке өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне қарай эмитенттің инсайдерлік ақпаратына қолжетімділігі бар өз қызметкерлері туралы ақпарат беру тәртібі мен мерзімдері;

7) эмитентке инсайдерлік ақпаратқа билік етуге және оны пайдалануға бақылауды жүзеге асыруына мүмкіндік беретін өзге де ережелер белгіленеді.

Эмитенттің осы тармақта көрсетілген ішкі құжаттарын (осы бапта бұдан әрі - ішкі бақылау қағидалары) эмитенттің басқару органы бекітуге тиіс.

2. Мыналар инсайдерлік ақпаратқа жатпайды:

1) инвестициялық шешімдер қабылдау және (немесе) бағалы қағаздармен (туынды қаржы құралдарымен) операцияларды жүзеге асыру туралы ұсынымдар немесе ұсыныстар әзірлеу мақсатында жасалған бағалы қағаз (туынды қаржы құралы) құнына, эмитенттің мүліктік жағдайына қатысты зерттеуді, болжауды және бағалауды қоса алғанда, жалпыға қолжетімді мәліметтер негізінде әзірленген ақпарат;

2) бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған ақпарат;

3) дерек көзі беймәлім, қалың қауымға таралатын, расталмаған ақпарат, сондай-ақ эмитенттің ағымдағы немесе жоспарланған қызметіне қатысты болжамдар.

3. Мына адамдар инсайдерлер болып танылады:

1) өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар эмитент қызметкерлері;

2) эмитенттің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленуіне, пайдалануына және (немесе) оларға билік етуіне қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар адамдар;

3) аудиторлық ұйым, бағалаушы, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар және талаптарында инсайдерлік ақпаратты ашып көрсету көзделіп жасалған (оның ішінде ауызша) шартқа сәйкес эмитентке қызметтер көрсететін басқа да адамдар;

4) эмитент шығарған (берген) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) оның тізіміне енгізілген сауда-саттықты ұйымдастырушы;

5) қор биржасы директорлар кеңесінің, қор биржасы листинг комиссиясының және бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді айлы-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған, сауда жүйесінде эмитенттің бағалы қағаздарымен мәмілелер жасалатын қор биржасы сараптама комитетінің мүшелері;

6) бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша өздеріне берілген функцияларға қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар мемлекеттік қызметшілер;

7) мүшелері эмитенттер болып табылатын қоғамдық бірлестіктер мен өзін-өзі реттейтін ұйымдар және осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, өздеріне берілген өкілеттіктерге қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар ұйымдар;

8) осы тармақтың 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында көрсетілген ұйымдардың өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар қызметкерлері;

9) осы тармақтың 1) - 8) тармақшаларында аталған адамдардан инсайдерлік ақпаратты алған адамдар.

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)



4. Мыналарға:

1) бағалы қағаздармен (туынды қаржы құралдарымен) мәмілелер жасаған кезде инсайдерлік ақпаратты пайдалануға;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, инсайдерлік ақпаратты үшінші бір адамдарға беруге немесе үшінші бір адамдар үшін қолжетімді етуге;

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)

3) инсайдерлік ақпаратқа негізделген, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау туралы ұсынымдарды үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.

5. Эмитент мынадай іс-шараларды жүргізу арқылы:

1) оның қызметіне қатысты болатын және жалпыға бірдей қолжетімді болып табылмайтын ақпаратты, егер салдарына байланысты эмитенттің мүліктік және қаржылық жағдайы үшін бұл ақпараттың осы эмитент шығарған (берген) бағалы қағаздардың (туынды қаржы құралдарының) құнына әсер етуге ықпалы болса, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және шарттарда ашып көрсету;

2) ішкі бақылау қағидаларын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ эмитенттің және оның қызметкерлерінің осы қағидалардың талаптарын орындауына бақылауды жүзеге асыру;

3) міндетіне эмитенттің және оның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының және ішкі бақылау қағидаларының талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асыру кіретін құрылымдық бөлімше құру не лауазымды адамды тағайындау;

4) эмитенттің инсайдерлік ақпаратына қолжетімділігі бар, осы баптың 3-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған адамдар тізімін жүргізу және сайма-сай қалпында ұстау;

5) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген тізімге енгізілген адамдарға олардың тізімге (тізімнен) енгізілгені (шығарылғаны) туралы хабарлама жіберу, аталған адамдарға инсайдерлік ақпаратқа билік ету және оны пайдалану бөлігінде осы Заң мен ішкі бақылау қағидаларының талаптарын хабарлау;

6) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген тізімге енгізілген адамдардың тізімін уәкілетті органға оның талап етуі бойынша табыс ету;

7) ішкі бақылау қағидаларында көзделген өзге де іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, алайда олармен шектелмей, эмитент және ол шығарған (берген) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) туралы инсайдерлік ақпаратқа билік еткені және оны пайдаланғаны үшін бақылауды қамтамасыз етуге міндетті.

6. Осы баптың 3-тармағының 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар:

1) осы заңды тұлғалар оларға қатысты инсайдерлер деп танылған, өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне қарай эмитенттердің инсайдерлік ақпаратына қолжетімділігі бар өз қызметкерлерінің тізімін жүргізуге;

2) осы заңды тұлғалар оларға қатысты инсайдерлер деп танылған, инсайдерлік ақпаратты пайдалануға тыйым салу бөлігінде осы Заңның және ішкі бақылау қағидаларының талаптары туралы өз қызметкерлеріне хабарлауға;

3) осы заңды тұлғалар оларға қатысты инсайдерлер деп танылған эмитенттерді өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне қарай эмитенттердің инсайдерлік ақпаратына қолжетімділігі бар өз қызметкерлері туралы ішкі бақылау қағидаларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде хабарлауға міндетті.

 

10-тарау. Бағалы қағаздарын нақтылы ұстау



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет