Ќазаќстан Ресубликасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі



бет12/13
Дата23.02.2024
өлшемі198.14 Kb.
#493031
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
stud.kz-67926

Кестелеу аралығын белгiлермен толықтыру.
1.Кестелеу аралығына белгiлер қойылуға тиiстi абзацтарды белгiлеймiз.
2.Формат-Кестелеу (табуляция) немесе Абзац…сұхбат терезесiндегi Кестелеу… командасын таңдаймыз.
3.Кестелеудiң орналасуы (Позиции табуляции) тобынан қажеттi шаманы енгiземiз немесе тiзiмнен таңдаймыз.
4.Туралау (Выравнивания) тобынан кестелеу аралығы енгiзiлiп отырған мәтiн үшiн қажеттi түзетудiң бiрiн таңдаймыз.
5.Толтыру (Заполнить) тобынан қажеттi толтыру элементiн таңдағаннан кейiн Орналастыру (Установить) батырмасында тышқанды шертемiз.

Маркерлеу және нөмiрлеу




Бiрнеше бөлiмдерден, тараулардан тұратын құжаттарды көркемдеу барысында тiзiмдердi таңбалау және нөмiрлеу қажеттiгi туады.
Маркерлер мен нөмiрлердi Формат – Тiзiм (Список) немесе құжаттың жанама менюiндегi Тiзiм…командасын таңдағанда ашылған сұхбат терезесiнiң көқмегiмен қоюға болады. Бұл сұхбат терезесi Маркерленген, Нөмiрленген, Көп деңгейлi астарлы беттерiнен тұрады.
Тiзiм сұхбат терезесiнiң көмегiмен таңбаны өзгерту мүмкiндiгi бар. Қажеттi таңбаны таңдағаннан кейiн ´згерту батырмасын шертсек, төменгi сатылы сұхбат терезесi ашылады.
Маркер – таңбаны таңдау арқылы өзгерiстуге болатын Символ…сұхбат терезесi ашылады.
Қарiп…таңбаланатын абзац қарпiн форматтау мүмкiндiгiн беретiн сұхбат терезесi ашылады.
Нөмiрленген астарлы бетте тiзiмдi нөмiрлеу форматын таңдау және өзгерту мүмкiндiгi бар. Бұл астарлы бетте өзгерту… батырмасын шерткенде төменгi сатылы сұхбат терезесi ашылады. Нөмiрлеудiң форматын, қандай нөмiрден бастау, нөмiрдiң қойылатын орнын (оң, сол жақтан, ортада), шегiнiс аралығын, қарiп форматын таңдауға болады.

Кесте құру және онымен жұмыс.


        1. Кестелер тақырыбын құру. Ұяшықтарды бiрiктiру және бөлу




Тақырыпты тiкелей кестеде орналастыру керек болса, бiр қатардың бiрнеше ұяшықтарын бiрiктiру қажет. Осыған ұқсас әрекеттi ұзын мәтiндi кестенiң бiр қатарында пайдалануға тура келедi. Word –та бiр-бiрiне жақын орналасқан торлары бiр торға бiрiктiруге болады. Мұнда олардың iшiндегi мәлiметтер де бiр ұяшықтың iшiне бiрiктiрiледi.
Бiр қатарда бiр-бiрiне жақын орналасқан бiрнеше торларды бiрiктiру үшiн:

  • бiрiктiрiлген ұяларды белгiлеп аламыз;

  • Кесте-ұяшықтарды бiрiктiру (таблица-Объединить ячейки) командасын орындаймыз. Нәтижесiнде белгiленiп алынған ұялар бiрiктiрледi. Қажет болса ұя iшiндегi мәлiметтердi бөлек форматтауға болады.

Бiрнеше торларды саймандар тақтасының көмегiмен де орындау мүмкiндiгi бар. Ол үшiн:
1.Кестелер және шекаралар батырмасын шертiп, экранға Кестелер және шекаралар саймандар тақтасын шығару.
2. Өшiргiш (Ластик) батырмасын шертiп, өшiргiшке айналған курсорды кестенiң керек емес сызығына орналастырып, сонан соң тышқан батырмасын ұстаулы күйiнде жылжыта отырып өшiрiп тастаймыз.
Б iрнеше торларды жылдам бiрiктiру үшiн оларды белгiлеп алып, ұяларды бiрiктiру (Обьеденить ячейки) батырмасын шертсе де болады.


          1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет