Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жiбек жолы және ортағасырлық Қазақстан. - Алматы: «Қазақстан», 1992. – 208 б.
2. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5 томдар. - Алматы. 1996-2010.
3. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. / ред. басқ. Қ.С. Қаражан. – Алматы. 2011. – 376 б.
4. Қинаятұлы З. Шыңғыс хан және Қазақ мемлекеті. Т. 1: Шыңғыс хан.:- Алматы, «Арда», 2008.- 430 б.
5. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия . Т. 1-4. /Бас ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998-2002; «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия. Т. 5-10. /Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы. 2003-2007.
6. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Оқулық. – Алматы: «Кітап», 2012. – 312 б.
7. Нұғман Б.Ғ. Ұлы дала өркениеті. ҚарМТУ. - 2009. - 92 б.
8. Нұғман Б.Ғ. Қазақстан тарихы (Он бес дәріс). ҚарМТУ. - 2010. - 149 б.
Интернет-ресурстары
http://www/tarihibilim.kz
http://www.e-history.kz
Рефераттар тақырыптары:
1. «Мұңғыл» атауының шығу тегі.
2. Алтын Орданың әлсіреуі және ыдырауы бойынша сыртқы және ішкі факторлар кешені.
№ 5 тапсырма. Қазақ халқының құрылуы. Қазақ хандығы XV - XVIІІ ғ. басында. Қазақтардың XІV - XVIІІ ғғ. басындағы мәдениеті
Жоспар:
1. XІV - XVIІІ ғғ. басындағы қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті.
2. Қазақ қоғамында батырлар мен билер ықпалының артуы. Қазақ билері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
Әдістемелік нұсқау: ХV-XVIII ғ. басы көшпелі өркениеті жалпы дағдарыс кешенін өткізгенімен, Қазақ хандығы оның соңғы демі, серпілісі болды. Қазақ халқы көшпелі мәдениет үлгілер мұрасын сақтап, оның заңды жалғасы және заман талабына сай дамып қалыптасқан түрі болды. Мемлекеттік құрылымдарының сипаты қоғамда орын алған әлеуметтік-саяси қатынастарға байланысты болды. Оның негізгі мазмұнына генеалогия және тектік баған мәні салынды. Дәстүрлі түрде деңгейлер келесі түсініктермен белгіленді: «аталас-ата баласы», «жеті ата», «жұрт», «Ел» - ол әлеуеттілікті (социум) білдірді. Қоғамдық өмір саласында орын алған феноменалды салт жораларды талдау арқылы мәдениеттің даму ерешелігін түсіну, сипатын ашу.
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетіндегі жәдігерлер, ауызша-вербальды мұрасы, қала мен даланың өзара байланысы, жыр мен шежіре орны, жазбаша тарихнама (Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Қасымұлы Жалайыри), оның тарихи маңызы атты тарихи алғышарттарын зерделеу және оны хаттау. Қазақ мемлекеттілігінде батыр және би институттарының рөлі жайлы тарихи маңызын көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |