Әдістемелік нұсқау: Б.з.б. І мыңжылдық кезеңінде Еуразияның аумағында этномәдени бірлестік қалыптасты, ол эволюциялық даму үдерісіне негіз және ұйтқы болатын феноменалды өркениеттіліктің өрлеу ошағы болды. Адам болмысының бірлесуі мен ұйымдасуы формалары – Көшпелі өркениеттің негізгі құрылғылары ретінде тарихи даму жолдарын айқындайтын жоба-жоспарлары негізделді. Кешенді шаруашылықтың дамуы материалдық игіліктерді өндіру, үлестірілу және тұтыну өлшемдері әлеуеттік салада – мүдделердің, саяси салада – билікті алу, жүзеге асыру және ұстап қалу, рухани салада – құндылықтарды бағалау мен жобалау құрылымдары неғұрлым берік иерархиялық бірлестік - ежелгі мемлекеттіліктің формалары құрыла бастады. Адамның жаратылысы мәселесі монотеистік идеологияда көрініс тапты, әлеует бітімінде кісілік мәні бар «тектілік» негізделді. Адамдық қасиеті бар Құдірет киесін топшылап, дүниетанымдық бітім көзқарасын түзеді.
Аталған жағдайларды ескере отырып, даму моделін аша алатын әрбір элементтерін белгілеу үстінде, мәдени ырғақтарының сипатын келтіру және прото түріктердің өркениеттік типі ретінде (Сақ, Массагет, Савромат, Сармат, Ғұн, Үйсін, Қаңлы) мәдени ошағын қалыптастырудағы рөлін көрсету. Экономикалық салада сауда-саттықтың көрсеткіші ретінде ерекше ұйымдасқан Ұлы Жібек жолы торабының атқарған рөлі мен маңызы жайлы ақпаратты дайындау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Атлас истории Казахстана. Ч.1: С древнейших времен до ХІV в. – Астана: Акрол, 2000.
2. Әбжанов Х. Қазақстан: тарих, тіл, ұлт. - Астана, «Ана тіл - Ата тарих», 2007. -272 б.; Соныкі. Әбжанов Х.,Кенжебаев Ғ. Тәуелсіз Қазақстан: жоғары білім, ғылым, саясат. -Алматы, Баспалар үйі, 2009.- 310 б.
3. Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жiбек жолы және ортағасырлық Қазақстан. - Алматы: «Қазақстан», 1992. – 208 б.
4. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5 томдар. - Алматы. 1996-2010.
5. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. / ред. басқ. Қ.С. Қаражан. – Алматы. 2011. – 376 б.
6. Қазақ мемлекеттiлiгiнiң тарихы (ежелгi және ортағасырлық кезең) / ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi; Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты.- Алматы: «Адамар» ЖШС, 2007.- 431 б.
7. Қазақстан тарихы мен мәдениетінің үлкен атласы. Алматы: «АБДИ Компани» акционерлік қоғамы, 2010. - 542 б.
8. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Оқулық. – Алматы: «Кітап», 2012. – 312 б.
9. Нұғман Б.Ғ. Ұлы дала өркениеті. ҚарМТУ. -2009. - 92 б.
10. Нұғман Б.Ғ. Қазақстан тарихы (Он бес дәріс). ҚарМТУ. -2010. - 149 б.
Достарыңызбен бөлісу: |