Әдістемелік нұсқау: XVIII ғ. ІІ ширегі - ХХғ. басы - Қазақ хандығындағы Жүздік жүйе конфедерация ағымына түсіп, қоғам өмірінің сипаты - перифериялық күйді кешеді. Біртіндеп Ресей патшалығына ену ағымы бастау алады, соның салдары 1868-1917 жж. Қазақстан Ресей империясының құрамына кіреді: Дәл осы уақыт дәуірі (Зар заман) - деградация және пролетаризация күйін кешеді, саяси тәуелсіздігін жоғалтады. Енді Ұлы Дала көшпенділері қазақ халқы өзіндік шаруашылық тұрмыстары мен қоғамдық өмірлерін өзгертуге тура келеді.
Аталған белгілерді ескере отырып, тарихи кең мағлұматтар арқылы талдап, жаңа заман жағдайына қатысты, яғни өтпелі кезеңінде өрбіген мәдени-құрылымдық өзгерістерді ағартушылардың еңбегінде көрініс тапқан толғаулары арқылы зерделеу және оны хаттау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5 томдар. - Алматы. 1996-2010.
2. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. / ред. басқ. Қ.С. Қаражан. – Алматы. 2011. – 376 б.
3. Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының күшеюі (ХV ғ.соңы – ХVІ ғ. алғашқы ширектері). – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2015. – 176 бет.
4. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. - Алматы, 2004. – 80 б.
5. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. – Алматы: «Ел-шежіре», 2007. 4-ші Т: Қазақ сьездері. Құжаттар мен материалдар жинағы. Сәуір 1917 ж. – желтоқсан 1919 ж. - 352 б.
6. Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. Т.1. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005-240 б.
7. Нар заман мен зар заман поэзиясы: Асан қайғыдан Кердері Әбубәкірге дейін. Жыр-толғаулар / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы. – Алматы: «Раритет», 2007. - 376 б.
8. Нұғман Б.Ғ. Қазақстан тарихы (Он бес дәріс). - Қарағанды. ҚарМТУ. -2010. - 149 б.
Интернет-ресурстары
http://www/tarihibilim.kz
http://www.e-history.kz
Рефераттар тақырыптары:
1. ХІХ ғ. ІІ жартысында ғылыми қоғамдар мен оқу-ағарту мекемелердің дамуы.
2. Алғашқы мерзімді басылымдар.
№ 7 тапсырма. Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі. Қазақстан мәдениеті (XVIII – ХХ ғ. басы)
Жоспар:
1. Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Жаяу Мұса Байжанұлының музыкалық шығармашылығы.
2. «Зар-заман» мектебінің поэзиясындағы наразылық және діни- эсхатологиялық идеялар мен мотивтер: Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір Кердері.
Достарыңызбен бөлісу: |