Қазақстан тарихы кафедрасы «Қазақстан тарихы» пәні бойынша соөЖ сабақтарына арналған Әдістемелік нұСҚаулар



бет10/17
Дата27.03.2023
өлшемі63.7 Kb.
#471231
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Әдіс.Нұс. ҚТ СРСП 21.11.22 (1)

Әдістемелік нұсқау: ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басы қазақ халқының ұлттық санасының күрт өсуінің уақыты болды, бұл қоғамдық-саяси өмірдің белсендірілуінен, мәдени ырғақтың, ұлттық тілдің, әдебиет пен баспасөздің орнығуы мен дамуынан, реформаторлық қозғалыстардың (джадиды), жаңа идеологиялық тұжырымдамаларының (пантюркизм, панисламизм, пантуранизм) таралуынан көрінді. ХХ ғасырдың басына қарай қазақтардың мәдени және әлеуметтік-саяси шоғырлануы мен ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына шешуші ықпал еткен факторлар: жалпыресейлік сұлба бойынша басқару жүйесін бір ізге келтіру; орталықтандыру процестерін күшейту; сауатты және қазақ элитасының білімді топтарының қалыптасуы; қарқынды қоныс аудару саясатының нәтижесінде халық жағдайының нашарлауы; жер пайдаланудың дәстүрлі жүйесінің бұзылуы; жерлердің тартып алынуы. Бұл қоғамның ойшыл бөлігінің экономикалық, саяси, мәдени, оның ішінде діни құқықтары саласындағы төзуге болмайтын жағдайларды ұғынуын тездетті. Қазақ қоғамында орын алған әлеуметтік-саяси, шаруашылық-мәдени күйзелістің себеп-салдарын, туындау жақтарын ашу.
Ұлттық тарихи сананы қалыптастыруда ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында орын алған қоғамдық-саяси қозғалыс тарихының бағдары - ұлттық езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін қалпына келтіру және отаршылдық билікті жою арқылы ұлттық дербестікке қол жеткізу - жалпыұлттық саяси күрес қызметінің басты мақсаты болды. Аталған белгілерге қарасты баға бере алатындай объективті тұжырымды ұсына білу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Алаш қозғалысы: Құжаттар мен материалдар жинағы: сәуір 1920-1928 жж. /Бас ред.: Қойгелдиев М.Қ.; Жауапты құраст.: Грибанова Е. М., Жағыпаров Н. Р. – Алматы: Ел-шежіре, 2007. – 304 б.
2. Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. 1905 – 1917 жж. -Т. 1. – Алматы: 2004-2007. I-IV Т.
3. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5 томдар. - Алматы. 1996-2010.
4. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. / ред. басқ. Қ.С. Қаражан. – Алматы. 2011. – 376 б.
5. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. Бірінші том, Өнделіп, толықтырылган екінші басылымы. - Алматы: «Мектеп», 2008. - 480 б.
6. Нұрпейіс К. Алаш һәм Алашорда. - Алматы: «Ататек», 1995. – 256 б.
7. Нұрпейіс К. Алаш ақиқаты. - Алматы: «Ақ Арыс», 2010.- 424 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет