«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 7-сынып



бет5/10
Дата20.05.2024
өлшемі235.88 Kb.
#501501
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1 ОШ ТЖБ Қазақстан тарихы 7 сынып 2023 ж каз (1)

II тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма саны*

Тапсырма
*

Тапсырманың түрі

Орындалу уақыты, мин

Балл*

Бөлімге берілетін балл саны

XVIII
ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті

7.2.2.1 халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері
туындыларының тарихи
дереккөзі ретінде құндылығын бағалау;



Қолдану



1



1



ТЖ



10



5



5

Отарлау және ұлт-азаттық күрес

7.3.1.5 халықтың отаршылдыққа
қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау; (Сырым Датұлы)

Білу және түсіну





1



2



КТБ



6



5



20

7.3.1.4 Патша үкіметі
реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық
өзгерістерді түсіндіру;

Жоғары ойлау дағдылары





1



3



ҚЖ



11



7

7.3.1.5 қазақ халықының
отаршылдыққа қарсы ұлт- азаттық
күресінің себеп-салдарын анықтау; (Исатай
Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы)

Білу және түсіну

1

4

КТБ

6

5

7.3.1.6 ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру (Кенесары Қасымұлы)

Жоғары ойлау дағдылары



1



5



ТЖ



12



3

БАРЛЫҒЫ:




5

-

-

45

25

25

Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары



  1. Берілген өлең жолдарын пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.



Берілген өлең жолдарының авторы кім?




Хан Абылай атандың, Дүниеден шықпай мініңіз

Берілген өлеңнің негізгі идеясы қандай?




Алтын тақтың үстінде
Үш жүздің басын құрадың, Жетім менен жесірге, Ешбір жаман қылмадың.
Әділдікпен жүрдіңіз, Әдепті іске кірдіңіз.
Арманың бар ма, хан ием...

Ханның ел басқарудағы ерекшеліктерін қалай жырлайды? Нақты дәлел
келтір




Ақын-жыраулар қоғамда қандай рөл атқарды?




Ақын-жыраулардың шығармаларының бүгінгі күндегі маңызы қандай?




[5]



  1. Сырым Датұлы бастаған көтерілісі бойынша берілген оқиғаларды уақыт сызығына хронологиялық реттілікпен дұрыс орналастырыңыз.




  1. Көтерілісшілерге қарсы генерал-майор Смирнов басқарған 237 казак, 2432 башқұрттан құралған әскерін жіберді.

  2. Патша өкіметі қазақ руларының Жайық өзеніне және Жайық қалашығына жақын маңда көшіп-қонуына тиым салатын заң қабылдады.

  3. Орал казак әскерлерінің Жайықтың ішкі жағына көшіп барған Кіші жүз шаруаларынан 4000-нан астам жылқыны тартып, айдап кетуі көтеріліске түрткі болды.

  4. Көтерілісшілерді талқандау үшін Орал казак әскерлерінің басшысы Колпаков пен Понамарев 1250 қарулы казак әскерімен шықты.

  5. Сұлтан Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті.

[5]

  1. 1822 жылғы және 1824 жылғы реформалардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын талдап, осы реформалардың салдары туралы қорытынды жасаңыз.



1822 жылғы реформа

Ұқсастықтары

1824 жылғы реформа

1.


2

1.


2.

1.


2.

Қорытынды:

[7]

  1. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы көтерілісіне қатысты берілген жылдарды ақпаратпен дұрыс сәйкестендіріңіз.






Мерзімдер



Оқиғалар

1

1834 жыл

А

Орынбор губернаторы көтеріліс басшылары И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлын тұтқындауға бұйрық берді

2

1837 жылы тамыз

В

Елде жұт болып, халық кедейшілікке ұшырады, бұл көтерілістің басталуына түрткі болды

3

1837 жылы 15 қазан

С

И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлының соңынан ерген көтерілісшілер Теректіқұм деп аталатын жайлауға топталды

4

1838 жылы 12 шілде

D

М. Өтемісұлы қолдаушыларымен Бөкей Ордасына жасырын қайта оралады, бірақ жалдамалы кісі
өлтірушілер Махамбетті жасырын түрде айуандықпен өлтіреді

5

1839 жыл

E

Ақбұлақ өзені жағалауында көтерілісшілер күтпеген жерде Геке әскерімен кездесіп қалды. Әскер күші жағынан тең емес осы шайқаста көптеген сарбаздар және көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы қаза тапты. Кейін көтеріліс одан әрі дамымай, сарбаздар жан-жаққа бытырап кетті.




1

2

3

4

5
















[5]

  1. Кестедегі сұрақтарға сәйкес Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске баға беріңіз.



Нақты сол уақытта Кенесары Қасымұлы
бастаған көтеріліс қаншалықты маңызды болды?




Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің ерекшелігі




Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс бүгінгі
күнде қаншалықты маңызды?




[3]
Балл қою кестесі




Жауаптары

Балл

Қосымша ақпарат

1

Берілген өлең жолдарының авторы кім?

Бұхар жырау

5

Басқа да дұрыс жауаптар
қабылданады

Берілген өлеңнің негізгі идеясы қандай?

Абылай ханның әділдігі мен ел басқарудағы принциптерін жырлайды

Ханның ел басқарудағы ерекшеліктерін қалай жырлайды? Нақты дәлел келтір

Үш жүздің басын құрадың, Жетім менен жесірге, Ешбір жаман қылмадың.

Ақын-жыраулар қоғамда қандай рөл атқарды?

Халықтың мұң-мұқтажын айтып, ханға кеңес берді

Ақын-жыраулардың
шығармаларының бүгінгі күндегі маңызы қандай?

Ақын-жыраулардың
шығармалары арқылы біз сол кездегі қоғамдағы өзгерістерді біле аламыз.

2

  1. 1742 жылы 19 қазанда патша өкіметі қазақ руларының Жайық өзеніне және Жайық қалашығына жақын маңда көшіп-қонуына тиым салатын заң қабылдады.

  2. 1782-1783 жылдары Орал казак әскерлерінің Жайықтың ішкі жағына көшіп барған Кіші жүз шаруаларынан 4000-нан астам жылқыны тартып, айдап кетуі көтеріліске түрткі болды.

  3. 1785 жылы 17 ақпанда көтерілісшілерге қарсы

генерал-майор Смирнов басқарған 237 казак, 2432 башқұрттан құралған әскерін жіберді.

  1. 1787 жылдың наурызында көтерілісшілерді талқандау үшін Орал казак әскерлерінің басшысы Колпаков пен Понамарев 1250 қарулы казак әскерімен шықты.

  2. 1797 жылы сұлтан Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті.

5

Әр оқиғаны дұрыс
орналастырғаны үшін 1 балл
беріледі

3

1822 жылғы реформа

Ұқсастықтары

1824 жылғы реформа

7

Басқа да дұрыс жауаптар
қабылданады

  1. Орта жүзде хандық билік жойылды

  2. Орта жүз Округ-Болыс-

Ауыл әкімшілік бірліктерге
бөлінді

  1. Үш сатылы

басқару жүйесі орнатылды.

  1. Хандық билік жойылды

  1. Кіші жүзде хандық билік жойылды

  2. Кіші жүз үш бөлікке бөлінді

Қорытынды: Орта жүз бен Кіші жүзде хандық билік жойылып, Ресей империясының аймақтағы ықпалы күшейді. Дәстүрлі билік жүйесі жойылғаннан кейін қазақ
халқы отаршыл мемлекеттің басқару жүйесіне көшіп, өз тәуелсіздігінен айырылған болатын

4

1-В
2-А
3-С
4-Е
5-D

5

Әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі

5

Нақты сол уақытта Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қаншалықты маңызды болды?

Көтеріліс отаршыл үкіметтің жергілікті халық мүддесін аяқасты еткен саясатына қазақ көтерілісшіліерінің қолын біріктірді. Көтеріліс бірнеше бағытта болғандықтан, Кенесары көрші мемлекеттердің қазақ жеріне деген ықпалын
төмендетті

3

Басқа да дұрыс жауаптар
қабылданады

Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің ерекшелігі

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгелге дерлік катысты. Бұл күрестің кең қанат жайып, бүкілхалықтық сипат алуы, Кенесары күресінің өзіне тән саяси ерекшелігі.

Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс бүгінгі күнде қаншалықты маңызды?

Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс бүгінгі ұрпақ үшін ұлы патриоттық рухтың көрінісі бола алды. Бүгінгі ұрпақ өзінің елі үшін, жері үшін аянбай күрескен Кенесарыны мәңгі есінде
сақтайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет