«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 7-сынып



бет9/10
Дата20.05.2024
өлшемі235.88 Kb.
#501501
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1 ОШ ТЖБ Қазақстан тарихы 7 сынып 2023 ж каз (1)

Мәліметтер

Ақиқат/ Жалған

1

XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ балаларының басым бөлігі зайырлы гимназияларда оқыды




2

Патша үкіметі аймақта мұсылман мектептерінің ашылуына жол бермеуге тырысты және бұны қатан бақылауға алды




3

Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі мешіттерде оқыту татар медреселерінің үлгісі бойынша жүргізілді




4

Жәдитшілер халықты «еуропалық оқу жүйесінде» оқытуды қалады




5

1841 жылы Жәнгір хан мектеп ашты, онда ислам дінінің тарихы, орыс тілі, арифметика, география, тарих оқытылды




[5]

  1. Кестеде көрсетілген әр тұжырым бойынша бір дәйек пен дәлел келтіріңіз.



Тұжырым

Дәйек

Дәлел

1

Ы. Алтынсарин қазақ елінің оқу-ағарту ісінің кәсіби дамуына сара жол салған тарихи тұлға





2

Ы. Алтынсарин өлкеде әйелдерге білім берудің негізін қалады





3

Ы. Алтынсарин
«Ұстаздардың ұстазы»







[6]

  1. Абай Құнанбаев қызметінің әр бағыты бойынша мәтіннен дәлелдер келтіріңіз.

Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау етеді. Терең философиялық ойға толы оның өлеңдері езгі мен надандыққа қарсы күреске шақырады. Жаңа заман ақыны ретінде Абай қазақ әдебиетінде поэма жанрының орнығуына ықпал етті. Оның поэмаларының мазмұны (“Масғұд”, “Ескендір”) шығыс классикалық әдебиетінің мәнерімен ерекшклкнеді. Ол өзінің шығармашылығында қара сөзге ерекше мән берген. Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Сонымен қатар Абай өз шығармаларында («Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба») қазақ жастарын білім және ғылым жолына шақырады.
Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге композитор. Халық арасынан шыққан таланттарды танып, олардың еңбегін таратушы болды. Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» т. б. әндері халық жүрегінен жылы орын алған.
Абай Құнанбайұлы ел басқару ісінен де тыс болған жоқ. Ол 1875-1878 жж. Қоныркөше еліне болыс болды. Бұл жылдары өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең ұстауға бар күшін салып, халыққа адал қызмет етті. Абай ауқатты отбасынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын жоқтады.
https://abaialemi.kz/kz/page/view?id=1 https://abai.kz/post/78 сайттарынан алынған







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет