Қазақстан тарихы


Соғыс қимылдарының басталуы. Қазақ жасақтарының басында 1773-1776жж. қозғалысқа қатысушы байбақты руынан шыққан Батыр Сырым Датұлы тұрды. 1785ж. қарай оның жасақтарында 6 мыңнан аса адам болды



бет8/13
Дата29.02.2016
өлшемі1.17 Mb.
#34149
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Соғыс қимылдарының басталуы. Қазақ жасақтарының басында 1773-1776жж. қозғалысқа қатысушы байбақты руынан шыққан Батыр Сырым Датұлы тұрды. 1785ж. қарай оның жасақтарында 6 мыңнан аса адам болды.


Патша үкіметі көтерілісшілер шоғырланған ауданға жазалаушы отрядтар жіберді. 1785ж. ақпанының ортасында Сырым Датұлының жасақтары жазалаушылармен тікелей кездеспеудің амалымен күрестің партизандық тәсілдерін пайдаланды және кішігірім отрядтармен Антонов форпостына (бекінісіне), Сахарный қамалына және т.б. бірқатар бекіністерге шабуыл жасайды. Қарулы қарсылыққа кездеспеген жазалаушы отрядтар бейбіт қазақ ауылдарын тонап қырғынға салды. Бұл жағдай ауыл тұрғындарын қарулы көтеріліске шығуға итермеледі. Сөйтіп, 1785ж. жазында Кіші жүздің негізгі бөлігі соғыс жалынына оранды. Осындай жағдайда, Нұралы ханының билігінің анық дағдарысқа ұшырағанын көріп, патша үкіметі көтеріліске шыққандардың ағамандарымен келіссөздер бастауға кірісті.

1785ж. күзде ағамандар съезі болып өтті, онда патша әкімшілігіне үндеу қабылданды.

Көтерілісшілер мынадай талаптар қойды, қазақтарға Жайық пен Еділ арасындағы жерді қайтарып берілсін. Орал казактарының Қазақ даласына шапқыншылықтары тоқтатылсын, Нұралы ханның қолынан билік тартып алынсын.

1786ж. сәуірінде Нұралы хан Орынборға қашты, ол маусымда ІІ Екатеринаның жарлығы бойынша өкіметтен тайдырылды, Уфаға жіберілді, ол сол жерде 1790ж. қайтыс болады. Орыс үкіметі қалыптасқан жағдайды даладағы хандық билікті жою үшін пайдаланып қалуға тырысты. Генерал-губернатор Игельстром Кіші жүзді басқарудың жобасын ұсынды, ол бойынша бүкіл территория үш бөлікке бөлініп, оларды билеуші-сұлтандар басқаруға тиіс болды. Оларға шекаралық әкімшілік жолақы төлеп тұрады. Жүзді басқару “Шекаралық соттың” қолына беріледі. Сотқа әкімшілік органдар — “расправалар” бағынады. Алайда басқарудың жаңа жүйесі қолайлы болмай шықты. “Шекаралық сот” билік жүргізе алмады, даладағы бүкіл билік ру ағамандарының қолына жинақталды. Ресей қазақ даласын бақылаудан айрылып қалайын деп отырғанын сезе отырып, хан өкіметін және бұрынғы басқару жүйесін қалпына келтіруге бел буды. Орал казактарының қазақ даласына шапқыншылығы қайта басталды. 1790ж. жазда атаман Донсков 1500 адамнан тұратын отрядымен 225 үйді қиратты, 150 адам өліп, 57 адам тұтқынға әкетілді. Мұндай шапқыншылықтар жиі-жиі болып тұрды. Қазақтардың өзін-өзі қорғауды ұйымдастыруға талпынысы далаға жаңа жазалаушы экспедиция жіберуге сылтау болды.



Соғыстың аяқталуы. 1790ж. күзде қазақтар Семекенің ұлы халық арасында ықпалды Есімді сұлтанды хан жариялады. Патша әкімшілігі бұл сайлауды мойындамай, бұрынғы хан Нұралының інісі Ералының кандидатурасын бекітуге ұсынды. 1791ж. тамызда Ералыны “сайлау” орнына әскер тапсырылды. Осындай жағдайда Кіші жүздің ханы сайланды. Сырым Датұлы Ресейдің жаңа қолшоқпарына қарсы батыл күрес жүргізді. Бұл уақытта ол енді хандық өкіметті жою идеясынан бас тартып, хан билігін шектеп отыратын кеңес құруды жақтады. Есім қайтыс болғаннан кейін әкесі Хиуаны билеп отырған Абылайхан сұлтан хан тағына отыруға үміттенді. Абылайханды қолдай отырып, Сырым Хиуамен және Бұқарамен, ал олар арқылы сол кезде Ресеймен соғысып жатқан Түркиямен (1787—1791) белсенді түрде жақындаса бастады.

1792ж. жазда соғыс қимылдары Кіші жүздің барлық территориясын қамтыды. Сырымның жасақтары бекіністі шекаралық шептіқ әскери құрылыстарына ғана емес, сондай-ақ көтерілісшілерді сатып кеткен билері мен ағамандар ауылдарына да шабуыл жасап отырды. 1792ж. күзінде Сырымның Илецк қалашығына жасаған шабуылы сәтсіз аяқталды, осыдан кейін қозғалыс партизан соғысы түрінде жалғасады. Қазақтардың ұсақ жасақтары үкіметтің жазалаушы отрядтарымен күресті. 1794ж. жазда Ералы хан қайтыс болады, патша үкіметі жаңа ханды тағайындауға ұзақ уақыт батылы бармайды. Тек екі жылдан кейін ғана, аз ғана билердің қатысуымен Кіші жүздің ханы болып Нұралы ханның ұлы Есім сұлтан жарияланды. Жаңа хан өзінің отаршылардың адал құлы екенін бірден-ақ көрсетті, ал бірнеше жазалаушы экспедициялар ұйымдастыра отырып, қазақ жасақтарының басшыларын тұтқынға алды.

1797ж. көктемде Сырым жасақтарының бірі хан ауылына шабуыл жасап, оның қорғаушыларын қуып тастады. Есімнің өзі өлтірілді. Осыдан кейін отаршыл әкімшілік көтерілісшілердің бірқатар талаптарына көніп, далада ру шонжарларынан тұратын хан кеңесін құрды.

Кеңестің басшысы Айшуақ сұлтан болды. 1797ж. тамызда Кеңестің бірінші мәжілісі өтті, оған 7 мыңдық жасағымен бірге Сырым да келді. Ресей өкілдері қазақтар жағының шарттарына келіскеннен кейін, Сырым соғыстың аяқталғаны жөнінде және өзінің Кеңестің құрамына кіретіні жөнінде жариялады. Сонымен қазақ халқының тарихындағы тағы бір ірі ұлттық қозғалыс — 14 жылға созылған отаршылыққа қарсы соғыс аяқталды. Оның тарихи маңызы зор болды, өйткені соғыстың нәтижесінде қазақтар Жайық пен Еділ арасындағы жерге қайта қоныстануға мүмкіндік алды, сондай-ақ Орал казактарының қазақ даласына шапқыншылықтары тоқтатылды. Патша үкіметінің даладағы хандық билікті жетілдіруге мәжбүр болуының да айтарлықтай маңызы болды. XVIIIғ. аяғындағы азаттық соғыстардағы төгілген қазақ халқының қаны Ресейдің Қазақстандағы отарлаушылық тәбетін біраз болса да бәсеңдетуге мәжбүр етті.


1. Тест

1. Абылай ханның шын есімі

А) Әбілмансұр Уалиұлы

В) Әбілпайыз

С) Әбілмамбет

Д) Әбілхайыр

Е) Әбілазиз

2. Абылай ханның өмір сүрген жылдары

А) 1711-1781ж.ж

В) 1771-1781 ж.ж.

С) 1775-1781ж.ж.

Д) 1776-1786 ж.ж.

Е) 1778-1788 ж.ж

3. Абылай хан неше жасында жетім қалды?

А) 13

В) 15


С) 14

Д) 10


Е) 11

4. абылай хан қай жылдары Қытайдың билігін мойындады?

А) 1757-60 ж.ж

В) 1757-61 ж.ж.

С) 1758-68 ж.ж

Д) 1753-56 ж.ж

Е) 1754-55 ж.ж

5. Абылай сұлтан ірі қолды басқарып Жоңғарияға шабуыл жасады

А) 1753ж

В) 1757ж


С) 1758ж

Д)1754ж


Е)1755ж

2. Бақылау сұрақтары

1. Абылай ханның лақап аты?

2. Абылай ханның мақсаты?

3. абылай қай жылы дүние салды?



3. Үй тапсырмасы

Абылай хан туралы тереңірек түсіну.


Пайдалынған әдебиеттер:

1.Народно-освободительное движение казахов в 1836-1838 гг. /Документы,

материалы, статьи/ - А., 1992.

2.Национально-освободительная борьба казахского народа под предводительством Кенесары Касымова. Сборник документов.

- Алматы, 1996.

3.АничковИ. Жанқожа Нұрмұхамедұлы. - А., 1991.

4.Ахмет Сұлтан Кенесарыұлы. Кенесары және Сыздық Сүлтандар.

- Алматы, 1992.

5.Бекмаханов Е.Б. Казахстан в 20-40 годы ХІХ века. - А., 1992.

Сабақтың тақырыбы: Бөкей хандығы (1801-1845ж.ж.)

Сабақтың жоспары:1. Бөкей хандығының құрылуы

2. Бөкей хандығындағы көтерілістер

3. Исатай мен Махамбеттің жүргізген саясаты

Сабақтың мақсаты:Бөкей хан тұсындағы көтерілістердің шығу себептерін тереңірек түсіндіру.

Сабақтың мазмұны: Патша шенеуніктерінің және олардың итаршылары - Жәңгірхан туыстарының үздіксіз көрсеткен қысымы Бөкей хандығы қазақтарының стихиялы наразылығының күшеюіне алып келді, бұл наразылық 1837ж. қарулы көтеріліске ұласты, оны батырлар — Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы және сұлтан Қайыпқали Есімұлы басқарды.

Көтерілісшілердің бірнеше жасақтардан тұратын ірі күші жолай хан шенеуніктерінің үйлерін қирата отырып Жәңгір ордасына жақындап қалды. Күзде Хан ордасын қоршау басталды. Орыс бекіністерінен, Астрахан, Орал және Орынбордан көтерілісті басу үшін әскер шықты. 30 қазанда Исатай қоршауды алып, шегінуге мәжбүр болды. Алайда ол ізіне түскен орыс әскерлерінен құтылып кете алмады. 15 қазанда Тас-төбе шатқалында жазалаушылармен шайқас болып, ол қазақтардың жеңілісімен аяқталды.

Желтоқсанда Исатай мен Махамбет аз ғана жасақпен шекаралық шепті бұзып өтіп, Кіші жүз жеріне кетіп қалды. Жоламанмен және Қайыпқалимен байланыса отырып, олар жаңадан әскер жинай бастады. 1838ж. Кіші жүздің мәслихатында Хиуамен одақ құрып, Ресейге қарсы “ғазауат” соғысын жариялауға шешім қабылданды. 1838ж. аяғына қарай қазақ жасақтарының саны 2 мыңдай адамнан тұрды.

Қайыпқали, Исатай және Махамбеттердің әскери дайындықтарына үлкен маңыз бере отырып, олардың Кенесарымен бірігуінен қорқып, патша үкіметі подполковник Геке басқарған арнайы әскер жасақтады. Соңғы шайқас Илецк қорғанысы ауданында өтті. Қайыпқали сұлтан құғыншылардан қашып кете алды, ал Исатай қаза тапты. Осыдан кейін көпшілік батырлар Жоламан мен Кенесарыға қосылды, ал Махамбет Хиуаға барып, сол жерде Қайыпқалимен бірге Бөкей хандығында жаңа көтеріліс дайындай бастады.

Сонымен, 1824—1837жж. алғашқы кезеңінде халық-азаттық соғысы оқшау әскери көтерілістер сипатында болды. Кіші жүздегі мұндай көтерілістерді Жоламан Тіленшіұлы, Бөкей хандығында — Исатай мен Махамбет, Орта жүзде — сұлтан Саржан Қасымұлы басқарды. Тек қозғалыс басшылығына сұлтан Кенесары Қасымұлы келгеннен кейін ғана қазақтардың бөлшектенген күштері біріктіріледі, соғыс жаңа кезеңге өтеді.

 Есет батыр және Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісі. 50-жылдардың ортасы — 60 жылдардың басында қазақтардың отаршылдыққа қарсы соғысы жаңа күшпен лап ете түсті. Арал маңы ауданында қазақ жасақтарына Есет батыр, Сырдарияның төменгі ағысы ауданында — Жанқожа Нұрмұхамедұлы басшылық етті. Біріккен қоқан-қазақ әскери Жетісудағы орыстарға қарсы белсенді соғыс қимылдарын қайта жүргізді.

1853ж. мамырда орыс әскерлерінің Ақмешітке жорық жасауына байланысты және жүк пен әскерді Сырдарияға жеткізуге байланысты қазақтардың түйелері тәркілене бастады. Отаршыл өкіметтің бұл әрекеттері шекті руының қазақтарының Есет батырдың жетекшілігімен көтеріліске шығуына түрткі болды. 1854ж. 3 ақпанда қазақтарға қарсы барон Крангельдің отряды жіберілді, алайда ол табысқа жетпеді.

1855ж. қазақ даласына Қырым соғысындағы жеңіліс туралы хабар жетті, сөйтіп орыстарға қарсы қозғалыс күшейе түсті. Маусымда Есет жасақтары билеуші сұлтан Жанторыннің әскерлерін талқандады, сұлтанның өзі өлтірілді, онымен еріп жүрген казак отряды шекаралық шепке шегінін кетті.

Қазақтармен күресуге шамасы жетпейтінін білген отаршылдар өкіметі жекелеген ағамандар мен сұлтандарды сатып ала бастады, орыстарға қарсы қозғалысты бөлшектеуге тырысып, қазақ руларының арасына ірткі сала бастады. Сонымен, бір мезгілде қазақ ауылдарын аяусыз тонаушылыққа ұшыратқан жазалаушы экспедициялар ұйымдастырылды. Әсіресе Михайловтың, Кузьминский және Дерышевтің отрядтары аса қатыгездікпен әрекет етті. 1856ж. жазда қоныстарға тағы да жазалаушы экспедиция лап қойды. 1858ж. қыркүйекте Саян мекенінде Есеттің жасағы біржола жеңілді, ал оның тірі қалғандары Жанқожа батырға барып қосылды.

Кенесары ханның серіктерінің бірі-Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастапқыда Ресеймен күресті тоқтатқан еді. Алайда Сырдарияның төменгі ағысына бекіністер салынғаннан кейін және казактардың отарлауы басталуымен, қарт батыр орыс әскерлеріне қарсы соғыс қимылдарын қайта бастады. 1856ж. желтоқсанында Жанқожа батырдың жасағында Ресейдің отаршыл саясатына наразы 1500 қазақ болды. Желтоқсанның аяғында қазақтар Қазалы фортын қоршауға алып, Хиуамен және Есет батыр жасақтарымен бірлесіп қимылдау жөнінде келіссөздер бастады.

1856ж. желтоқсанда Ақмешіттен генерал-майор Фитингофт бастаған жазалаушы экспедиция шықты 1856ж. қаңтарда өткен шешуші шайқасты қазақтар жеңіліске ұшырап, Хиуа хандығының территориясына шегінуге мәжбүр болды

4. Саржанның қайтыс болуы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысын аз ғана уақытқа тоқтатты. 1837ж. жазында-ақ Саржанның інісі Кенесары басқарған жаңа, анағұрлым қуатты қозғалыс басталды.

Кенесарының өзі отаршыл өкімет тарапынан әлденеше рет қуғынға ұшырайды. Кенесары бастапқыда өз әкесі Қасымның, ал кейін ағасы Саржанның басшылығы астында шайқасады. 23 жасар Кенесарының Саржан жасағының қатарында болғаны туралы мәлімет 1825 жылға жатады. Қазақ жасақтарының жетекшісі ретінде ол тек өз әкесі мен ағасының өлімінен кейін ғана белгілі болды.

Ұлт-азаттық қозғалысын басқара отырып, Кенесары, “бір діндегі” ортаазиялық хандықтардан сүйеніш іздеген өз ағайындарының саясатынан бас тартады. Ол екі майданда — патшалық Ресейге қарсы және ортаазиялық хандықтарға соның ішінде ең алдымен, қазақ халқының бір бөлігін езіп — жаншып отырған Қоқанға қарсы күрес жүргізуге бел буады. Тікелей қарулы көтеріліске шықпас бұрын, Орта жүз жерлеріндегі басқару жүйесін Сібір өкіметіне жолданған хаттар арқылы алып тастауға әрекет жасалды, бірақ бұл хаттарға еш жауап қайтарылмады.

1837ж. көктемде, Кенесары аз ғана жасақпен Ақмола округінің территориясына келеді. Қазақтар жаппай оның туының астына жиналып жатты. Жекелеген жасақтардың Кенесарының жақын туыстары — Наурызбай, Әбілғазы, Әлжан, Бопай-Ханым және қара халықтан шыққан батырлар — Ағыбай, Жанайдар, Иман Дулатұлы, Жоламан

Тіленшіұлы, Бұқарбайлар басқарды. Оған қоса, Кенесары жасақтарында көптеген қашқын орыс солдаттары, айдаудағы поляктар, башқұрттар да болды. Башқұрттар мен орыстар зеңбіректер соғып, қару-жарақ жасады, қазақ жауынгерлерін жаяу жүріп соғысуға үйретті. Қансып жүрген орыс солдатының бірі (аты-жөні белгісіз) Кенесарының жеке хатшысы қызметін атқарды. Бұған қоса, алғашқы кезеңде орысқа қызмет етіп жүрген сұлтандар мен билердің бір бөлігі, кейбірі өз мүдделерін көздеп, кейбірі Кенесарыдан қорыққанынан оған келіп қосылды.

 Қазақ әскерінің табыстары. 1837ж. жазда Чириковтың жазалаушы отряды талқандалды, сөйтіп Ақмола, Көкшетау, Қарқаралы және Баянауыл округтері Кенесарының билігіне қарады. Көктемде ол Батыс-сібір губернаторы Горчаковқа Ресей өкіметінің саясатына қарсы арнайы наразылық хатпен елшілік жібереді.

Өз хатында Кенесары қазақ жерлеріндегі бекініс пункттерін жоюды, тартып алынған жайылымдарды қайтаруды талап етті. Егер бұл талаптар орындалмаса соғысты ары қарай жалғастыра беремін”, – деді. Сұлтан өкілдері хатты Горчаковқа табыс ете алмады. Омбыға бара жатқан жолда олар қолға түсіп, сотқа тапсырылды. Ресеймен арадағы келіссөздердің үзілуі, Кенесарыны белсенді әрекеттерді қайта бастауға мәжбүр етті.

 Қазақ мемлекетінің қалпына келтірілуі. 1840ж. бастап қазақ мемлекетілігінің қайта тууымен байланысты азаттық соғысының жаңа кезеңі басталады. Қазақ руларының кеңесі 1841ж. қыркүйекте Кенесарыны қалпына келтірілген қазақ мемлекетінің ханы етіп сайлауымен аяқталды. Кенесары хан өкіметті орталықтандыруды күшейту және күресті одан әрі жалғастыру үшін қажет берік тіл жасауға бағытталған бірқатар әкімшілік және сот реформаларын жүргізді. Ханның жанында хан кеңесі жұмыс істеді, оған ханның жақын серіктері кірді. Салық жинауға, әскери дайындыққа және дипломатиялық (елшілік) істерге жауап беретін мекемелер ұйымдастырылды.

Ханның ерекше көмекшілері — жасауылдар әр түрлі руларға бекітіліп берілді және хан бұйрықтарының орындалуын қадағалауға тиіс болды. Тек Кенесарыдан рұқсат алған билер ғана сот жүргізе алды. Хандықтың барлық көшпелі “ұшұр” салығы белгіленді. Кенесарыға бағынған қазақ рулары орыс және қоқан қазынасына өтелетін салықтан босатылды. Хан өз армиясын да реформалады. Оның тұсында қазақтарда артиллерия пайда болды, қазақтар жаяу жүріп соғысуды игере бастады. Тұтқынға түскен және қашқын солдаттар мен офицерлерден Кенесары орыс тактикасының негіздерін үйренді. Ол бірінші болып ерекшелік белгісін және ерекше түскен жауынгерлерді марапаттау жүйесін енгізді. Хан 20 мың адамнан тұратын тәртіпті, жақсы үйретілген, жұмылған атты әскер құра алды.

 1841—1844жж. соғыс қимылдары. Ресеймен арадағы күрестегі қысқа ғана үзілісті пайдаланып Кенесары Ұлы жүздің руларын азат ету үшін Қоқанмен соғысқа кірісті. 1841ж. қыркүйекте оның әскерлері Созақ, Жаңақорған, Жүлек және Ақмешіт қалаларын алды. Алайда 1842ж. орыс үкіметімен болған уақытша бітім бұзылды. Сотанков басқорған Сібір отряды Кенесары ауылдарына шабуыл жасап, қыруар мал мен тұтқындарды айдап әкетті, тұтқындардың арасында Кенесарының әйелі де бар еді.

Даладағы соғыс қимылдары 1843ж. тамызда қайта басталды. Подполковник Бизановтың басшылығындағы 5000 адамдық отряд Сахарный бекінісінен, басқа отрядтар Омбы, Петропавл және Қарқаралы бекіністерінен соғысқа шықты. Тобыл өзені жағынан патша өкіметіне берілген қазақтардан тұратын сұлтан Ахмет Жантөріннің отряды шықты. Епті айла-шарғылармен Кенесары ұрыстарда Бизановтың отрядын әбден қалжыратты, сөйтіп оны 1843ж. Орскіге шегінуге мәжбүр етті. Қалған отрядтар да күзгі суықтың басталуымен даланы тастап бекіністерге оралуға мәжбүр болды.

1845ж. күзде орыс әскерлері мен патша өкіметіне берілген аға сұлтандардың жасақтары Кенесары ауылдарына жаңадан шабуыл бастады. Көп шығынға ұшырай отырып, қазақтар Торғай даласын тастап, Сарысу мен Шу өзендерінің ауданына шегінуге мәжбүр болды.

Оңтүстікке шегіне отырып, хан орыс әскерлерімен күресті тоқтатпады, алайда негізгі күштер Қоқанмен соғысқа жіберілді. Батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлымен біріге отырып, Кенесары Қоқан өкіметінің қол астындағы қазақ руларын азат ете бастады. Бұқара мен Қоқанның одағы және генерал-майор Вишневскийдің “жазалаушы отряды” 1846ж. басында Кенесарының шегініп, Іле сағасындағы Қамал түбегіне бекінуіне мәжбүр етті. 1846ж. қыста Кенесары жасақтары Іле өзенімен Алатау мақайындайы Ұлы жүздің қоныстарына келді. Кенесары қырғыз манаптарын Ресей мен Қоқанға қарсы бірігіп күресуге шақырды. Алайда манат Ормон басқарған қырғыздар оның ұсынысын қабылдамады, және Кенесарыға қараған ауылдарға шапқынқыншылық жорықтар бастады. Ішкі майданда бірдей — Қоқан әскерлеріне, қырғыздарға және Жетісуда әрекет етіп жатқан Жемчужников отрядына қарсы ауыл соғысы басталды.

 Кенесарының опат болуы. 1846—1847жж. аралығында Кенесары бүкіл Ұлы жүз қазақтарының күшін біріктіріп, Маркс бекінісін алды, Шу өзенінде бекініс тұрғыза бастады. 1846ж. күзде қырғыздармен уақытша бітім жасалды, алайда көп ұзамай қоқандықтардың арандатуымен қырғыздар қазақ батыры Саурықты өлтірді, сөйтіп соғыс қайта басталды.

1847ж. Кенесары жасақтары қырғыз жерлеріне кірді. Бұл жерде қазақ әскерлері орасан зор қиындықтарға кездесті. Жергілікті халықтың дұшпандық қатынасы, қырғыздардың, қоқандықтармен орыс отрядтарының бірлескен қимылдары қазақтардың жеңілісін алдын ала анықтап берді. Кенесарының соңғы шайқасы Бішкекке жақын жердегі Кеклі тауларында болды. Қазақтарды қоқан және қырғыз жасақтары қоршап алды, ұрыста ханның інісі — Наурызбай батыр қаза тапты, Кенесарының өзі тұтқынға түсіп қалды. Дарға асылар алдында ол қырғыз манаптарын араздықты қойып, ортақ жаумен күресу үшін күштерді біріктіруге шақырды, алайда бұл жолы да манаптар оның ұсынысын қабыл алмады.

Батыс-Сібір генерал-губернаторы Горчаков соғыста көзге түскен барлық қырғыздарды марапаттады, ал Кенесарыны өлтірген манап Қалиғұлы Әлібекұлына алғыс беріп, күміс медальмен марапаттады. Шайқастарда қаза болған қазақ жігіттерінің бастары Қоқан ханына сый ретінде жіберілді. Ханның кегін алу үшін Ұлы жүз қазақтары Қырғызстанға бір қатар жорықтар жасады және бірнеше манаптар аяусыз жазаланды.



1.)Тест

1. Махамбет Өтемісұлы қай жылдары өмір сүрді?

А) 1804-1846 ж.ж

В) 1791-1838 ж.ж

С) 1836-1938ж.ж.

Д) 1837-1897 ж.ж

Е) 1805-1846ж.ж

2. Кенесарының соңғы шайқасы өткен жер?

А) 1837 ж Тастөбеде

В) 1857 ж Арықбалықта

С) 1838 ж Ақбұлақта

Д) 1847 ж. Майтөбеде

Е) 1869 ж. Жамасайда

3. патшаны қолдайшылардың ұйымдастыруымен Н.Өтемісұлы өлтірілді?

А) 1838ж

В)1842ж


С)1846ж

Д)1848ж


Е)1849ж

4. 1837 ж хан сарайын қоршауға алғандағы көтерілісшілердің саны

А) 10 мың

В) 5 мың


С) 2 мың

Д) 3 мың


Е) 7 мың

5. Ішкі Орданы құру туралы жарлыққа қол қойған орыс патшасы

А) І Александр

В) ІІ Екатерина

С) ІІ Александр

Д) І Николай

Е) І Павел

2. Бақылау сұрақтары

1. Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі

2. Көтеріліске түрткі болған оқиға

3. Көтеріліс басшылары



3. Үй тапсырмасы

Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісінің маңызын, айырмашылықтарын салыстыру.



Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Ресей империясы құрамында

(XIX ғ. II-жартысынан 1917 жылғы қазан

төңкерісіне дейін)

Сабақтың жоспары: 1. Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі және

дамуы


2. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан

3. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс



Сабақтың мақсаты: Қазақстан аумағындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің негізгі мазмұнын және мәнін ашу.

Сабақтың міндеті: Бірінші дуниежүзілік соғыстың Қазақстан экономикасына әсері. Салық мөлшерінің, түрлі міндеткерліктердің өсуі. Ауыл шаруашылығының құлдырауы, егістік көлемінің, мал басының кеміп кетуі. Әлеуметтік қайшылықтардың өсуі. Патша өкіметінің аграрлық саясатына наразылықтың күшеюі. Қазақ ауылы мен европалық қоныстанушылар бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. Солдаттар арасында соғысқа қарсы бас көтерулер. Қалалар мен өндіріс орындарындағы ереуілдер. Қазақстан облыстарында төтенше-әскери жағдайдың енгізілуі.

1916 жылғы көтерілістің алғышарттары мен сипаты. Көтерілістің қозғаушы күштері мен басталуы. Қазақ жастарының тылдағы жұмыстарға алынуы. Қазақ зиялыларының тылдағы жұмысшылардың арасындағы қызметі.



Сабақтың мазмұны: Қазақстанды түпкілікті отарлаудан кейін Ресей оның қазба байлықтарын интенсивті түрде игере басталды. Пайдалы қазба байлықтарын іздеу жедел жүргізіле бастады. Орыс капиталистері өз капиталдарын сала бастады. Әсіресе тау-кен өнеркәсібі игеруге капиталдарын жұмсау күшті жүргізілді. Ауылшаруашылық өнімдерін алғашқы өңдеу заводтарын дамыту одан әрі жүргізілді. Реформадан кейінгі Ресейде капитализмнің дамуы тау-кен өндірісін дамытумен тығыз байланысты болды. Қаржы министрлігіне қарасты тау-кен бөлімдері құрылды.

Алдау-арбау жолдары арқылы және жалған құжаттар арқылы орыс кәсіпкерлері қазақтардан өте бай кен орындарын жалға және сатып алды. Мысалы, ХІХ ғасырдың 50-жылдарында қазақ байлары орыс көпесі Ушаковқа Қарағанды көмір орнын 255 сомға орыс көпесі Ушаковқа, Саранск көмір орнын — 144 сомға, Жезқазған мыс кенін — 100 сомға сатып жіберді. Бұл кен орындарын орыс капиталистері аяусыз және айуандықпен пайдаланды. Бұлардың негізінде Спасско-Воскресенск және Успенск мыс рудниктері құрылды. Бұл өндіріс мекемелерінің өндірістік күші мардымсыз болды.

Тау-кен өнеркәсібі, негізінен, Қазақстанның орталық және шығыс облыстарында шоғырланды. Қазақстанда 80-жылдардың басында металл және көмір өндіру 50-жылдармен салыстырғанда бірнеше рет өсті. Әсіресе бұл өсу Қарағанды кенінде Успенск мыс руднигінде, Спасск мыс қорыту заводында жақсы байқалды. ХІХ ғасырдың соңында-ақ Қазақстан Орал мен Кавказдан кейінгі Ресейдің негізгі мыс өндіру ауданы болды.

Тау-кен өнеркәсібінің пайдалы саласы алтын өндіру болып табылды, әсіресе бұм сала ХІХ ғ. 70—80 жылдарында қатты дамыды. 1882—1892 жылдар аралығында алтын өндіру 13,31 пұттан 23,38 пұтқа дейін өсті. Алтын өндірушілер өздерін уақытша қожайындармыз деп есептеді. Олар аз уақыттың ішінде көбірек пайда табуға ұмтылды. Бай кен орындары тез сарқылды және тасталды.

Қазақстанда орыс капиталы негізінде ірі тау-кен өнеркәсібін құрудың бірінші талпынысы 90-жылдардың соңында болды. 1899 жылы Воскресенск тау-кен өндірісі қоғамы құрылды. Бұл акционерлік қоғам Павлодардан Балқашқа дейінгі тас көмір, мыс, күміс-қорғасын бар зор даланы жалға алды. 90-жылдарға сонымен қатар Ембіде алғашқы мұнай компанияларының пайда болуы келеді.

ХІХ-ғасырдың аяғында ескі тау-кен өнеркәсібін екінші орынға ығыстырған ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу өнеркәсібі де дамыды.

Ауылшаруашылық шикізаттарын өңдейтін кәсіпорындардың көпшілігі майда болды, техникасы өте нашар дамыды. Бұл кәсіпорындарда, негізінен, жұмысшылар саны 5—10 адамнан Аспады. Бірақ кәсіпорындар саны көбейе берді, сонымен бірге мұнда жұмыс жасайтын адам саны да және өнім өндіру де арта түсті. Толық емес есепке қарағанда, 1886 жылы Қазақстан территориясында ауылшаруашылық шикізаттарын өңдейтін 1028 шағын кәсіпорын болса, онда 1895 жылы олардың 2124 болды, ал жұмысшылар саны 3432-ден 5493-ке өсті.

ХІХ ғасырдың соңында Қазақстанда өнеркәсіп Орталық Ресейдің капиталистік өнеркәсібіне қарағанда анағұрлым баяу өсті. Қазақстанның ірі кәсіпорындары жергілікті кіші өнеркәсіп негізінде емес, сырттан капитал алып келу негізінде өркендеді. Патшалық отарлау саясаты Қазақстанды шикізат қоры ретінде ғана дамытып, өлкенің өнеркәсібін мәңгілік артта қалуына әкелді. Мұның бәрі техникалық прогресті тежеді, жұмысшыларды ауыр жағдайға душар етті.

 2. 1914 жылдың жазында басталған Бірінші дүниежүзілік соғыс патшалық Ресейдің экономикалық және техникалық жағынан әлсіздігін бірден көрсетті. Орыс әскерлерінің жекелеген жеңістері майдандағы жалпы жағдайды түзей алмады, сондықтан Ресей 1915—1916 жылдары өзінің батыс иеліктерінің көп бөлігінен айрылды.

Майдандағы сәтсіздіктер жаңа адам және материалдық ресурстарды талап етті. Жұмысшы күшінің жетіспеушілігі көптеген шаруашылық салаларында дағдарыс туғызды. Соғыс жылдарында Қазақстан экономикасы да ауыр зардап шекті. Салықтар 3—4 есеге, жекелеген жағдайларда 15 есеге артты. Арнайы әскери салық енгізілді. Отаршыл аппарат бөлімдерінің бәрінде қызмет бабын теріс пайдаланып, қиянат жасаушылық жалғаса берді. Тікелей және жанама салықтардан басқа, әртүрлі “құрбандықтар” жиналып, осының есебінен қазақтардан мал мен киіз үйлер жиналды. Соғыстың 3 жылында тек Түркістан өлкесінен 70 мың бас жылқы, 12,7 мың түйе, 13 мыңнан аса киіз үй алынды.

Қазақстан территориясы арқылы майданған аттанған әскерлерге қазақтар нан, ет, мал және киіз үйлерді тегін беруге міндетті болды. Қазақ шаруашылығы миллиондаған соммен есептелетін, зор зардап шекті. Өңделетін жерлердің ауданы қазақтарда да, қоныс аударушыларда да күрт кеміп, осының нәтижесінде нан бағасы күрт өсті.1915 жылдың аяғына қарай қазақтардың наразылығы күшейе түсті. Көптеген болыстар салық төлеуден бас тартты, “ерікті құрбандықтан” бас тарту оқиғалары жиілеп және осының негізінде жергілікті әкімшілікпен қақтығыс көбейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет