Қазақстан тарихы



бет9/13
Дата29.02.2016
өлшемі1.17 Mb.
#34149
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

3. Қазақтардың тікелей соғысқа қатысуы туралы сұрақ 1915 жылы туды. Қазақ интеллигенциясы “Қазақ” газеті арқылы қазақтарды атты әскер бөлімдерінде әскери күш ретінде қолдануды ұсынды. Бұнымен 2 мақсат көзделді: біріншіден, қоныс аударушылардан қазақ жерлерін сақтап қалу; екіншіден, тәуелсіз Қазақстан армиясын құру жағдайында әскери ұрыстарда шыныққан және үйренген тәжірибелі кадрлар тәрбиелеу. Сонымен қатар, тек осы жол арқылы ғана қазақтар отаршылдармен күресу үшін қажет қару ала алды.

Бірақ орыс өкіметі “сенімсіз” қазақтарды қаруландыруға ұмтылмады. Мұның орнына Ресейдің орыс емес тұрғындарын тыл жұмыстарына пайдалану шешілді.

1916 жылы 25 июньде 18—43 жас аралығындағы орыс емес халықтардың еркектерін окоп қазу және тыл жұмысына алу туралы указ шықты. Барлығы, жобамен есептеу бойынша, 390 мың адам мобилизациялау керек болды.

Бұл указ қазақ даласын өте ауыр жағдайға душар етті. Бұл науқан егін жинау, малды қыстауға көшіру, шөп жинау уақытына дәл келді. Еңбекке жарамды еркектерді мобилизациялау онсыз да қоныс аударушыларға тартылып әперілген жерлер салдарынан құладыған дала экономикасын өте ауыр жағдайға алып келді. Шынтуайтқа келгенде, қалған қазақтар 1916—1917 жылдық қысында, аштық өлімге итермеленді.



Қазақтарды тыл жұмысына шақыру қазақтар Орта Азияның басқа халықтарының күшті көтеріліске шығыуына себеп болды. Көтерілістің ауқымынан қорыққан патша үкіметі 20 июльде шақырудың егін жинау уақытынан кейін болатынын, ал 30 июльден — 15 сентябрьге дейін кейін қалдырылатын хабарлады. Бірақ қазақтардың отаршылдыққа қарсы көтерілісінің отын басу мүмкін болмады.

1). Тест

1. 1917 ж қазақтардан жиналатын шаңырақ салығының мөлшері

А) 200 мың сом

В) 300 мың сом

С) 400 мың сом

Д) 600 мың сом

Е) 1млн. 200 мың сом

2. «Тағы соғыс» мақаланың авторы

А) А.Байтұрсынов

В) Т.Рысқұлов

С) А.Бөкейханов

Д) М.Дулатұлы

Е)С.сейфуллин

3. А Иманов бастаған қай ұрыс жеңіліспен аяқталған?

А) Шошқалы қопа

В) Күйік қоба

С) доғал-үрпек

Д) Татыр

Е)Торғай

4. 1916 ж тамызда 5 мыңнан астам көтерілісші жазалау отрядын талқандап қай жәрмеңкені басып алды?

А) Тоқмақты

В) Қарқара

С) Мойынқұм

Д) Шу


Е) Ыстықкөл

5. Көтеріліс жасаған ауылдардың 238 мыңнан астам халқы Қытайға ауып кетуге мәжбүр болған өңір

А) Жетісу

В) Торғай

С) Лепсі

Д) Жаркент

Е) Верный

2. Бақылау сұрақтары

1. Ә.Бөкейхановтың шығармасы

2. Жетісудағы көтеріліс

3.Торғайдағы көтерілістің жеңілуі



3. Үй тапсырмасы

Қазақстандағы 1916 ж ұлт-азаттық қозғалыстың шығу себебі.


Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Ә.Бөкейханов. Шығармалар. - А., 1994.

2.Есмағамбетов К.Л. Что писали о нас на Западе? - А., 1992.

3.Казахстан в начале XX века: методология, историография, источниковедение: Сб.статей. - А., 1993.

4.Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. - А., 1995.

Сабақтың тақырыбы: Ресейдегі Ақпан және Қазақ төңкерістері.

Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.

Сабақтың жоспары: 1.Қазақстан Ақпан буржуазиялық-демократиялық

революциясына кейінгі жылдары.

2. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы.

3. Қазақстандағы Азамат соғысы.

4.Қазақ автономиясының құрылуы.

Сабақтың мақсаты: Қазақстанда Кеңес өкіметі орнатылғаннан кейінгі саяси-әкімшілік өзгерістрді көрсету.

Сабақтың міндеті: Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы. Қазақстандағы саяси биліктің өзгеруі. Қазақ қоғамының саяси өзгерістерге қатынасы.

Уақытша өкімет және Қазақстандағы ұлт мәселесі. Патша өкіметінің құлауы және ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері. Қазақ комитеттерінің құрылуы және олардың қоғамдық саяси қызметі. Қазақ комитеттері - қазақ халқының мемлекеттік тәуелсіздікке ұмтылысының көрінісі.

1917-жылғы жаздағы дағдарыс. Шілдедегі жалпы қазақ съезі. Алаш ұлттық-саяси партиясының құрылуы. Ә.Бөкейханов - партия лидері. Алаш партиясының бағдарламасы. Алаш және большевиктер. Бүкіл Ресейлік Құрылтай жиналысына сайлау. Алаш партиясының жетістіктері.

Алашорда және Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметтерінің құрылуының тарихи маңызы.Кеңес үкіметінің алғашқы шаралары.

Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару үшін революциялық Комитеттің құрылуы, оның құрамы. Қазревкомның мақсаты мен міндеттері. Алашорда үкіметінің жойылуы. Орталық биліктің "Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық республикасын" құру туралы шешімі (1920 ж. 26 тамыз). Кеңестердің Бүкілқазақстандық бірінші Құрылтайы (1920 ж., 4-12 қазан). Қырғыз (Қазақ) АССР-нің құрылуы.

Сабақтың мазмұны: 1917 жылдың ақпанында Ресейде патшаны құлатқан буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Петроградтағы ақпан оқиғасы туралы жаңалық Қазақстанға тез жетті. Наурыз айының басында Қазақстанның барлық ірі қалалары мен теміржол стансаларында патшаның құлауын қолдаған жұмысшылар мен басқа еңбекшілердің ірі митингтері мен демонстрациялары болып өтті.

Ақпан революциясынан кейінгі алғашқы уақытта өлкенің еңбекші халқы Уақытша үкіметке сеніммен қарар, оның халыққа бейбіт өмір, шаруаларға жер, жұмысшыларға 8-сағаттың жұмыс күнін беретініне сенді. Жұмысшылардың едәуір бөлігі Уақытша үкіметке үмітпен қарап, олардың бір бөлігі Уақытша үкіметтің органдарында — азаматтық және атқарушы комитеттерінде мүше болды. Теміржол жұмысшылары арасында соғыста жеңіс, ал жергілікті жерде бостандық деген ой-пиғылдар үстем болды. Бірақ наурыз айындағы демонстрациялар мен митингтер қалалар мен теміржол стансаларында жұмысшы депутаттары Кеңестерін құрудың бастамасы болды. Осылай, 1—3 наурызда Орынборда, Ташкентте, Омбыда Кеңестерге сайлау өткізіліп, алғашқы жиналыстары болып өтті. 1917 жылдың наурызында жұмысшы депутаттары Кеңестері Перовскіде, Қазалыда, Шалқарда, Ақтөбеде, Оралда, Петропавловскіде және басқа қалаларда пайда болды. Теміржолшылар Кеңес құрудың бастаушылары болып және осы Кеңестердің революциялық элементтерін құрады. Мысалы, Ақтөбе жұмысшы депутаттары Кеңесі өзінің құрылуын хабарлай келіп, теміржолшылар кеңестің атқару ұйымында “саналы, қажетті құрамдық элемент” болып табылады деп атап өтті.

Жұмысшылар депутаттары Кеңесінің көпшілігі жуық арада солдат депутаттары Кеңестерімен бірікті. Осылай Петропавлда, Семейде, Перовскіде және басқа қалаларда болды. Қазалы стансасында әуелден біріккен Кеңес — Жұмысшы, солдат депутаттары Кеңесі құрылды.

Ақпан революциясының ең басты ерекшелігі сонда — елде қос билік пайда болды — буржуазиялық Уақытша Укімет және жұмысшы, солдат депутаттары Кеңесі Буржуазияның орталық және шет аймақтарда саяси билік органдарын құруда Мемлекеттік Дума, қалалық думалар және жергілікті комитеттер роль атқарды. Уақытша үкімет биліктен әскери губернаторларды, генерал-губернатор мен чиновниктерді босатты. Олардың орнына облыс комиссарлары, азаматтық атқару комитеттері, коалициялық комитеттер және т.б. құрылды. Болыстықтарда, ауыл және селоларда сол болыс, ауыл старшындары, село старосталары мен атамандары сол күйінде қалдырылды.

Уақытша Үкімет облыс басшылығында бұрынғы патша чиновниктері — отаршылдары қалдырды, сонымен қатар қазақ ұмыттық интеллигенция өкілдеріне сайлады. Мысалы, А.Бөкейханов Торғай облысының уақытша Үкіметі комиссары болып, М.Тынышпаев — Жетісу облысы комиссары болып тағайындалды.

 2. Кеңес өкіметінің орнауы. Петроградтағы Октябрь қарулы көтерілісінің жеңісі, орталықта Кеңес өкіметінің орнауы, сонымен қатар Қазақстанмен іргелес жатқан Ташкент, Омбы, Орынбор және Астрахань ірі қалар Қазақстанда Советтердің билікті қолына алуына шешуші маңыз атқарды. Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы төрт айға созылды — 1917 жылдың аяғынан 1918 жылдың наурызына дейін. Бұл процесс әлеуметтік-экономикалық, өлкедегі мәдени дамудың артта қалуына байланысты және жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың әлсіздігі ұлтаралық қатынастармен байланысты қиындықтарымен шиеленісті. Өлкедегі Кеңес өкіметінің жеңісіндегі шешуші ролді негізінен жергілікті горнизондардың солдаттары мен Ақпан революциясынан кейін Қазақстанға оралған бұрынғы майданға қатысқандар Кеңес өкіметінің оларға бейбітшілік пен, шаруаларға жер беруіне уәде еткіндігінен туындаған мүдделілік негізінде болды. Орал, Жетісу, Сібір және Орынбор казак әскерлерінің үкіметі мен Қазақстанның әртүрлі қалаларына құлатылған Уақытша үкіметтің жақтастарының қарсыласуына байланысты жағдай шиеленісе түсті.

Сырдария, Ақмола және Бөкей Ордасынның көпшілік аудандарында негізгі күш большевиктерде болғандықтан, Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмады, бұл жерлерде Кеңес өкіметі бейбіт түрде — Советтердің жұмысшыларды, кедей шаруаларды жаулап алуы негізінде жүрді.

Уақытша үкіметтің жақтаушыларының негізгі күштері сақталған Торғай, Орал, Семей және Жетісу облысының кейбір жерлерінде жағдай өзгеше болды. Уездік қалалар облыс орталықтары мен көптеген аудандарда кеңес өкіметі Уақытша Үкіметтің жергілікті органдары, олардың одақтастарының қарсыласу күштерін қызыл әскер отрядтарының күшімен жеңді.

1917 жылдың қазанның соңынан 1918ж. наурызы аралығында Қазақстанның ірі жергілікті жерлері мен ірі қалаларында Кеңес өкіметі орнады. Қазақстанның негізгі тобы ауыл мен селоларда Кеңес өкіметін орнату процесі азамат соғысы басталған уақытқа дейін созылды. Бұл істе белсенді қызмет атқарғандар А.Жангельдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Б.Серікбаев, А.Майкөтов, И.Дубинин, К.Шугаев, Я.Ушинов, С.Шиллинг, А.Иманов, Т.Рысқұлов, П.Виноградов, Т.Бокин, Л.Хмелев. Т.Өтепов, А.Розыбақиев және т.б.

 3. Қазақстандағы Азамат соғысы. Жұмысшы-шаруалар Кеңестерінің орталық пен жер-жердегі өкіметті басып алуы алғашқы күндерден бастап-ақ, құлатылған топтардың қарулы қарсылығын тудырды. Азамат соғысы өкімет үшін күрестің жалғасы болды, сол себепті де революция мен азамат соғысы арасында ешбір дәл шекара болған емес.

Қазақстандағы азамат соғысының алғашқы ошақтарының бірі 1917ж. қарашасында Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда қалыптасты, онда Орынбор казактары әскерінің атаманы Дутов совет өкіметін құлатып, Кеңестердің Бүкілшілік съезінің делегаты С.Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқынға алды. Кеңес өкіметімен күресудің қарулы орталығы Жетісуда да болды, 1917ж. 1(14) қарашада Жетісу казактары әскерінің кеңесі Әскери үкімет дегенді ұйымдастырады. Верныйға (қазіргі Алматы) Кеңес үкіметіне қарсы күресу мақсатымен ақгвардия офицерлері мен юнкерлер жиналды.

1917ж. қарашада революцияға қарсы ошақ Оралда құрылады. Мұнда құрылған облыстың әскери үкіметі ұзамай жергілікті Кеңесті таратып, өкіметті басып алады. Бұл әскери биліктер Қазақстандағы революцияға қарсы ақгвардияшылар қозғалысының басты күші болды. Олар ақгвардияшыл офицерлерге, казак станицалары мен келімсектер селоларының бай-кулак элементеріне сүйенді, олар және жергілікті кадет әсерлер мен меньшевиктерден, Алаш, Шора-Ислами партиялары басшыларынан, тағы басқа бірқатар партиялар мен саяси қозғалыстар тарапынан қолдау тапты.

Кеңес өкіметін құлату үшін ел ішіндегі ақгвардияшылармен бірігіп алған империалистік мемлекеттердің белсенділік көрсетуіне байланысты 1918ж. жазда азамат соғысы кең ауқымға жайылды. Олардың ең басты күші Чехославак корпусы болды, ол революцияға дейін Австро-Венгрияның тұтқын солдаттары — чехтар мен словактар қатарынан құрылған еді. Осы корпустың бөлімдері революцияға қарсы ішкі күштермен бірлесіп Ақмола, Петропавл, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алды, 1918ж. 11 маусымда Семейдегі кеңес өкіметі құлатылды. Осы жылдың жазында ақгвардияшылар Орал, Ақмола, Семей облыстарын, Торғай облысының көп жерін қамтып алып, біртіндеп Семей облысы жағынан Жетісуға басып кіреді. Ақгвардияшылар басып алған аудандарда кеңес өкіметін партизандық түрде жүргізілді. Жетісуда келімсек-шаруалар селоларының тобы, Черкасск селосын орталыққа айналдырып, қорғанысқа көшеді.

1918ж. жазында кеңес өкіметі Жетісу мен Сырдария облыстарының көпшілік бөлігінде, Торғай облысының оңтүстік аудандары мен Бөкей Ордасының кейбір жерлерінде ғана сақталып қалды.

Антакта елдері үкіметтерінің қолдауымен Чехословак корпусы көмектесіп, Самарада — әсер-ақгвардияшыл үкімет — Камуч құрылтай Колчак басқарған Сібірдің ақгвардияшыл үкіметі орнайды. 1918ж. қаңтарда қуылған атаман Дутов, 1918ж. 3 шілдесінде тағы да бүлік шығарып, Орынборды алады да, кеңестік Түркістанды Орталық Россиядан бөліп тастайды.

4. Қазақ автономиясының құрылуы. Қызыл Армияның жеңістері мен Қазақстан территориясына өз бақылауын жүргізу Кеңестік Россия алдына, Қазақ өлкесінде басқаруды жөндеу мақсатын іске асыруға бағыттады. Осы мақсатпен, сонымен қатар Қазақстан Советтерінің құрылтай съезін дайындау үшін, 1919ж. 10 шілдесінде РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің жарлығы бойынша Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі Революциялық Комитет (Ревком) С.Пестковскийдің басшылығымен құрылды. Оның құрамына Ә.Жангельдин, М.Тұнғаншин, С.Меңдешев, Б.Қаратаев және біраз уақыт оларға қарсы бағытта болған А.Байтұрсынов, Б.Қаролдин және т.б. енді. Қазревком Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарының территориясында енгізілуі тиіс болғанымен, азамат соғысының қиыншылықтарына байланысты Ақмола мен Семей облыстары негізінен Сібір ревкомының басшылығында болды, ал Қостанай уезі мен Торғай облысы — Челябинск аудандық басқармасына қарады. 1919ж. қыркүйек айынан бастап Қостанай Челябинск губерниясының құрамына енді. Сібір ревкомы мен Қазақ ревкомы арасында бұл территориялардың, қазақ жерінің қай ревкомның құрамына енуі жайлы көптеген шиеленістер мен тартыстар туып отырды. Тек орталық билік өкіметінің араласуы нәтижесінде және ұлттық шеткі аймақтардың алшақтауынан қорыққандықтан ғана, 1920 жылы Ақмола мен Семей облыстары және Қостанай уезі Қазақстанға қайтарылды, бірақ негізінен бұл жерлер тек 1921 жылы ғана Қазақстан жеріне қосылды. Бұл процесс ревком қызметінің маңызды міндеті болашақ қазақ автономиясының формасы мен оның құрамына кіретін территория мәселесін шешумен қатар шиеленісті түрде жүріп отырды.

Қазревком автономия құру ісімен қатар Қызыл Армия қазақ бөлімдерін құру ісін және армияны азық-түлікпен жабдықтау жұмыстарын атқарды. Білім, шаруашылықты қалпына келтіру, және сот ісін жұмыстарына да ревком қатысып отырды. Яғни, Қазақ өлкесін басқаруда революциялық комитет Орал мен Торғай облыстарының территориясында жоғарғы әскери және азаматтық билік орнатты.

1919ж. аяғынан — 1920ж. басы аралығында Қазақ кеңес автономиясын құру ісіне дайындық жүріп жатты. 1920ж. қаңтар айының басында Ақтөбеде Түркістан мен Сібірдің қазақ аудандарының депутаттарының қатынасуымен бірінші өлкелік кеңестік конференция өткізілді. 1920ж. тамыз айының басында Халық Комиссариатының ұлттар ісі жанында Қазревком, Сібірревком мен ТүрОАК өкілдерінің қатысуымен өткен отырыста қаралған негізгі мәселе Ақмола мен Семей облыстарын Қазақстанға қайтару ісі толығымен шешілді. 1920ж. 17 тамызда РКФСР халық комиссарлары Кеңесі Қырғыз (қазақ) кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы Декреттің жобасын қарап, 26 тамызда бұл декрет қабылданып, іске кірісті.

1920ж. 4—12 қазан аралығында Орынборда Қазақстан Кеңесінің Құрылтай съезі өтті. Орталық Атқару комитетіне басшы етіп С.Меңдешевты, Халық Комиссарлары Кеңесіне басшы етіп. Радус-Зеньковичті сайлады. Ресей құрамында, астанасы Орынбор қаласы болған Қазақ автономиясы жарияланды. 1920ж. қыркүйек айында осы жағдайға байланысты Орынбор губерниясы ҚАССР құрамына кірді.



1.) Тест

1. 1917 ж 22 қарашада Қоқан қаласында бүкіл Түркістандық төтенше ІҮ съезді кім ашқан?

А) М.А.Фольбаум

В) А.Байтұрсынов

С) Ә.Бөкейханов

Д) М.Шоқай

Е) Т.Рысқұлов

2. «Жас қазақ» ұйымы қай қалада жұмыс істеген?

А) Верный

В) Мерке


С) Семей

Д) Ақмола

Е) петропавл

3. «Жер бүкіл халықтың меншігі» деген ұранды қай ұйым айтқан?

А) эсер

В) Алаш


С) Кадет

Д) Қара жұмысшылар одағы

Е)Жас қазақ

4. Мұсылман жұмысшылар депутаттарының кеңесі қай қалада құрылды?

А) Верный

В) Орынбор

С) Қоқан

Д)Бішкек


Е) Ташкент

5. «Жас арбакештер» одағы құрылған қала?

А) Верный

В)Мерке


С) Семей

Д) Ақмола

Е)Петропавл

2. Бақылау сұрақтары

1. Ақпан төңкерісінің алғы шарттары

2. уақытша үкімет шаралары

3 Алаш партиясы



3. Үй тапсырмасы

Қазақ өлкесіндегі 1917 ж құрылған саяси партьиялар мен ағымдар туралы оқу.


Пайдалынған әдебиеттер:

Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. - М., 1994.

Бөкейханов Ә. Шығармалар. - А., 1994.

Елеуов Т. Установление и упрочение Советской власти в Казахстане. - А., 1961.

Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. - А., 1995.

Нұрпейсов К. Алаш һәм Алашорда. - А., 1995.

История Казахстана: белые пятна. - А., 1991.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің

қалыптасу кезеңінде (1918-1939 жж.)

Сабақтың жоспары: 1.Қазақ АССР-дағы Кеңестік мемлекеттік құрылыс

және байлардың шаруашылықтарын тәркілеу.

2. Қазақстандағы индустрияландыруға көшу және

бірінші бес жылдық (1928-1932ж.ж).

3. Қазақстанда күштеп ұжымдастыру саясаты, халық

қасіреті


Сабақтың мақсаты:Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңіндерінің мәнін көрсету.

Сабақтың міндеті: Ф.И.Голощекиннің Қазақстандағы партия ұйымының басшылығына тағайындалуы (1925-1933ж.ж.). "Кіші Октябрь" идеясы, комитетінің V-конференциясының шешімі (1925, желтоқсан), оның отарлық мазмүны.

Ф.Голощекиннің Алаштық интеллигенцияға шабуылы. 1927-жылдың соңында басталған сот. процестері. Алаш қозғалысы басшыларын репрессиялау саясаты (1927-1932).

Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу. Жаппай ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны. Ел көлемінде заңсыздықтың кең орын алуы. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылық жүйесінің күйреуі.

Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы. 1929-1931 ж.ж. Қазақстандағы көтерілістер. Олардың себебі, қозғаушы күштері, барысы және күшпен басылуы. Боскыншылық. Шет елге ауа көшулер. Босқындардың қайғылы тағдыры.

1931-1933 ж.ж. аштық. "Бесеудің хаты". Т.Рысқұловтың И.Сталинге жолдаған хаты. Демографиялық апат және оның салдары.

Қазақстанды "индустрияландыру" саясаты.



Сабақтың мазмұны: Қазақстанда ірі байларды тәркілеу мәселесі 1923ж. наурыз айында облыстық ІІІ партия конференциясында қойылды. Алайда ол кезде экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға бағытталған жаңа экономикалық саясат стратегиясы коммунистерді тежеп ұстап тұрды. Алдағы экономикалық аласапран мен идеологиялық догманың біреуін таңдауға тура келді. 20жж. дағдарыстан күйзелген жүйе біріншісін таңдап алды. 1927ж. қараша айында Қазақстанның IV партия конференциясы байларды экспроприациалау идеясына қайта оралды, “олардан мал мен құрал-жабдықтың бір бөлігін тартып алуды мүмкін” деп есептеді, жергілікті партиялық “теорияшылдардың” пікірінше, бұл — “ауылды орташаландыруға және оның өндіргіш күштерін дамытуға апарып жеткізуге, сөйтіп пролетариаттың ауыл еңбекшілерімен одақ құруы линиясын бұрынғыдан бетер бекітуге тиіс” болды.

1927ж. желтоқсан айында Республика өкіметінің жоғарғы буындарында ірі байлар шаруашылығын тәркіге салу жөніндегі заң жобасын әзірлеу үшін комиссия құрылды. 1928ж. наурыз айында Қазақстан өлкелік Комитетінің Бюросы заң жобасын бірнеше рет қарап, нақтылай түсті және онымен бірге БК(б)П ОК мен БОАК-ты таныстырды. Осы жылы тамыз айында Өлкелік Комитет науқанға тікелей басшылық ететін комиссияны құрды. Комиссия төрағасы болып Е.Ерназаров тағайындалды, оның құрамына О.Исаев, Н.Нұрмақов, Ғ.Тоғжанов, О.Жандосов және басқалар кірді. 1928ж. 27 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде тәркілеу жөніндегі Заң жобасы қабылданып, жарлық қаулы түріндегі құжатқа айналды. Республика округтерінде тәркілеуді өткізу жөніндегі өкілдер тағайындалды. Ауылдарға тікелей мыңнан аса өкілдер жіберілді, демеу комиссияларында 4700 адам жұмыс атқарды.

Қаулыға сәйкес Республика бойынша көшпелі аудандарда 400-ден аса малы бар (ірі қараға шаққанда) жартылай көшпелі аудандарда 300 және отырықшы аудандарда 150 аса малы бар шаруашылықты тәркіге салу белгіленді. Науқанды 1928ж. 1 қарашасында аяқтау жоспарланды (кейін ол 10 күнге ұзартылды).

Науқан қорытындысы туралы құжаттарда, іс жүзінде 696 шаруашылық тәркіге салынды, оның 619 тұрған округтерінен тыс жерге жер аударылды. Олардан ірі қара малға шаққанда 145 мыңдай мал тартып алынды.

Алайда жарияланған статистикалық құжаттарды талдаған кезде, тәркіленіп алынып “тең” бөліске түскен мал саны, шаруашылықты бір қалыпты жүргізу тұрғысынан қараған кезде, кедей жарлылардың шаруашылығын көтермелеуге жетпеді. Мысалы, Қарқаралы округінде тәркіленген малды 198 малсыз шаруашылық, қарауында 1-ден 5-ке дейін малы бар 1374 және қолдарында 6—7-ден малы бар 27 шаруашылық алды. Шамамен есептегеннің өзінде, бұл шаруашылықтардың халыққа ең аз мөлшермен алғанда, барлығы 12.139 мал қажет еді. Ал, оларға барлығы 2065 мал ғана берілді, яғни 5 мың мал жетпей қалған. Қызылорда округінде жетпеген мал саны 9 мың бас болды. Басқа округтерде де жағдай тура осындай болды.

Бұл санақ тек бір нәрсені байқатады: шаруашылықтардың кейбір бөлігінде шаруаны жүргізуге қажетті мал саны ең төменгі мөлшердің өзіне де жетпеді. Қарауына бірнеше мал тиген осындай шаруашылықтар қауымға кіргенде тепе-тең жағдайда болғандықтан, өзінің әлеуметтік жағдайын жақсарту үмітінен айырылды, “ұзамай тәркіден алған малы сатылды, не сойылды”, қағаз жүзінде мұндай шаруашылық орташа деп есептелсе де, шындығында бұрынғыша қауымның кіріптар мүшесі болып қала берді, сөйтіп енді басқа деңгейде қаналатын болды. Уақытында Т.Рысқұлов нұсқау беруші орындар назарын осы жағдайға аударған болатын.

Тәркілеу тек оң іс деп танылды, себебі қаулы бойынша, ол ауылды “қансорғыш-қанаушылардан” азат ету мақсатын көздеді деп көрсетті. Бірақ, тәркілеуді өткізу барысында қол үшін берушілер комиссиясы дейтіндер жиі-жиі жазылған нұсқаулар шегінен шығып кете берді, сөйтіп қауымдық кооперациядан тыс күн көре алмайтын, қарауында 300—400 қоралы қойы бар, орта дәулетті адамдарды да есепке алды. Тап күресі мен әлеуметтік әділет үшін күресушілерге бұл мал соншалықты байлық болып көрінді, оны тез арада тәркіге салып, қолма-қол жарлы-кедейлерге берілуі қажет деп санады.

Осындай “ауыл байларын” жойып, мал-мүлкінен айыру салдарынан көптеген қауымдастықтар өндіріс құралдарын ұдайы өндіруге және малды жинастырып, керекті өнімді өндіруге міндетті түрде қажет малдан айрылып қалды да, ұзамай мүшелері жалаңаш-жалпы жарлылар қатарын толықтырды. Ал, өте байлар малы тартылып алынып, кезінде өздеріне сауынға берген малы тәркіге тағы да түсіп азып-тозды. Барлығының нәтижесі бірдей болды.



2. Қазақстан ұжымдастыруда негізінен 1932ж. көктемінде (көшпелі және жартылай көшпелі аудандардан басқасы) аяқтауға тиісті аймақтық топқа жатқызылды. Республикалық партия, кеңес орындарында осы тым қысқа мерзімнің өзі қайткен күнде де “секіріп өтілуге тиіс” кедергі ретінде қабылданды.

Мұның соңы тез арада қоғам денінің процент қуалаушылық дертіне шалдығып, жазылмайтын дертіне ұрындырды. Аудандар мен округтер жеңіске жеткені жайлы, жарысқа түсіп, газеттер “колхоз майданынан” күн сайы түскен ақпараттар беруге үлгермей жатты.

Егер 1928ж. Қазақстанда барлық шаруашылықтың 20% ғана ұжымдастырылса, 1930 сәуіріне дейін 50,5%, ал 1931ж. қазан айында 65% жуығы ұжымдастырылды. 1931ж. Күздің басында республикада барлық үйлер 70% тен 100% дейін ұжымдасу ісімен қамтыған 78 аудан (барлығы 122) болды.

Ұжымдастырудың төтенше сипаты осы шара бай-кулакты құртудың мемлекеттік бағытын жүзеге асыру кең жайылған жерде өте күшпен жүргізілді. Жергілікті орындарға жеткізілген нұсқауларда жойылуға тиісті бай-кулактар шаңырақтары барлық шаруашылықтың жалпы санының 3—5% аспауы керек деген жағдай ерекше ескертілді. Осы себептерге байланысты тәркіге салынғандар саны кез келген жерде ең жоғарғы көрсеткішке “жеткізеді”.

Қазақстандағы бай-кулактарды тәркілеу мөлшері дәл, толық айту қиын, тек 1930—1931жж. республикадан тыс жерге бай кулак деп “жер аударылып” жіберілген шаруалар саны 6,765 адамға жетті. Ондаған мың шаруа жайы тұрған округтен республика ішіндегі басқа жерге көтерілді. Сонымен қатар Қазақстан аумағы елдің басқа аудандарынан жіберілген ондаған мың шаруа үшін “ауып келетін” жері болды. Республикаға 46091 отбасы, яғни 180015 адам ауып келіп қоныстанды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет