80-жылдардың екінші жартысы –90-жырдардың басы Кеңестік Социалистік Республика Одағы деп аталған бір кездегі алып державаның құлауымен есте қалды. Оның сынықтарының үстінде Тәуелсіздік Мемлекет Достастық құрылды. Бір кездері бір үйге сыйған он бес одақтық республиканың әрқайсысы өздеріне “ұлттық пәтерлер” алды. Бұл уақыт күрделі саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге толы болды. Бұл уақытта ұлттық тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендік кезек күттірмейтін мәселеге айналды.
1985ж. КСРО-да қоғамды демократияландырудың белгісі ретінде түсіндірілетін “қайта құру”, “жариялылық”, “жеделдету” және “қоғамдық жаңаруға” бағыт жарияланды. Бұл белгілі бір дәрежеде халықтардың қоғамдық та, ұлттық сана- сезімдеріне нұқсан келген еді.
Кеңестік держава алып күші бар және тоғызы жеткен әкімшіл-әміршіл жүйенің кең қолданылуымен унитарлы мемлекетке айналды. Мұндай жағдайларда жаңа одақтық келісім, республикалар мен орталық қатынастардың принципиалды жаңа негіздерін жасау қажеттігі туындады. 1990ж. сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі “КСР Одағы, одақтық және автономиялық республикалардың экономикалық қарым-қатынастарының негізі туралы” және “Одақтық республиканың КСРО құрамына шығуына байланысты мәселелердің шешілу тәртібі туралы” заңдар қабылданды. Артынша осыған байланысты оқиғалар қауырт өріс алды: Балтық жағалауы республикалары, олардың соңын ала Грузия мемлекеттік тәуелсіздік және КСРО құрамынан шығу туралы шешім қабылдады. Оқиғаның одан әрі өріс алуына РСФСР Жоғарғы Кеңесінің егемендік туралы деклорация қабылдауы да үлкенықпал етті.
1990ж 25 қазанда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі “ҚазКСР-ңмемлекеттік егемендігі туралы деклорациясын қабылдады. Онда былай делінген:”Қазақстан Кеңестік Социалистік Республика басқа республикалармен егемен республикалар одағына бірігетін, олармен келісім-шарт негізінде қарым-қатынас орнататын және Одақ құрамынан өз еркімен шығуға құқығы бар егемен мемлекет”. Бұл ұлт аралық қатынас саласында кезек күттірмейтін шешімдерге байланысты жаңа одақтық келісім шарттарды жедел қарастырып, қабылдауды талап еткен жаңа ахуал туғызды.
Көпұлтты мемлекет халықтары арасындағы принципиалды қатынастар негіздеріне байланысты мәселелер бойынша екі негізгі бағыт айқындалды.
Алғашқы ұстаным бойынша федерация өкілеттіктерді республикалар мен одақ арасына бөлу негізінде құрылуы қажет, ал одақтық республика өзінің егемендік құқықтарының бір бөлігін орталыққа жібереді. Бұл пікір негізінен шектеулі егемендік теориясынан туындаған және бұған себеп қалыптасқан ортақ халық шаруашылығы комплексін сақтап қалу қажеттілігі және бүкіл әлемде жүріп жатқан обьективті интеграциялық процестер болды.
Елді жаңарту жолы жөніндегі екінші ұстанымның мәні мынада болды: егемендік әрбір халықтың табиғи және ажырамас құқығы. Егемен мемлекет ретінде Республика орталыққа ешқандай өкілеттік жібермейді, ал өзі орталық билік қызметіне әртүрлі жолдар арқылы тікелей ат салысады. Орталықтың өзі қаламайтын шешімдеріне бөгет болу үшін оның өз конституциялық мүмкіндіктері болуы тиіс. Мұндай көзқарас өмірлік маңызы бар жалпы одақтық шаруашылық құрылымдардың, транспорттық, энергетикалық және басқа да бірқатар жүйелердің тұтастығын сақтап қалу қажеттілігінен туындаған еді. Бұған қоса мұндай көзқарас демократизм принцптеріне жауап берді және ұлтаралық қатынастардағы шиеленіскен тұстарды жоюға жағдай жасай отырып, одақтық мемлекеттің беріктігіне негіз бола алатын еді.
1990-1991жж. өн бойында, елде КСРО-ның болашағы жайында мәселе талқыланып жатқанда Қазақстан жаңарған федерация және республикалардың егемендігі принцптерінің негізінде Одақтың сақталып қалуын жақтады. Н. Ә.Назарбаев конфедеративтік құрылым орнату жөнінде ұсыныс тастайды. Алайда елде кеңестік ұлы державаның “тас-талқан” күйреуіне алып келген орталықтан безу тенденциясы басым болды. 1991ж. 8 желроқсанда Беловежскіде Тәуелсіздік Мемлекет Достастық құру туралы келісім шартқа қол қойылып,КСРО мемлекеттік құрылым ретінде өмір сүруін тоқтатты. Бұл оқиға ХХ-ғ. соңындағы тағы бір үлкен құбылыс болды. Адамзат тарихындағы мемлекеттік жүйеніңосы тәрізді моделі 73 жыл өмір сүріп, тарих беттерінде мәңгі сақталу құқығына ие болды. КСРО тарихы жайында жазылып келген және әлі де көп жазылатын болады. Бүгінгі күндері бұрынғы кеңестік үшін маңызды нәрсе КСРО-ның ыдырау себептерін түсіндіру, бұған болашақ перспективалар мен табыстарды көру көп байланысты. “ХХI-ғ.табалдырығында" еңбегінде Н.Ә. Назарбаев мұның себептерін түсіндіріп өтеді: “КСРО-ның ыдырау себептерін әрқалай түсіндіру қай жағынан алсақ та екі айқын позицияларға келіп тіреледі.
Мемлекеттік билік жүйесі мен ел экономикасының бірден құлау процесі Қазақстанда саяси және экономикалық өмірді тұрақтандыруға жол ашатын президенттік басқаруды енгізуге қажеттілікті тудырды. 1990ж. 24-сәуірде республика Жоғарғы Кеңесі Қазақстан КСР Президент қызметін бекітті. Парламент сессиясындағы жасырын дауыс берудің нәтижесінде президент болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Президенттің Семей полигонындағы ядролық сынақтарға тиым салу туралы, Ұлы Отан ср\оғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар әлеуметтік қорғау мен көмек шаралары туралы жарлықтары Қазақстандағы демократиялық қайта қалыптастырулардың көрсеткіштері болды. 1986жылғы 17-18 желтоқсандағы Алматыда орын алған оқиғаларға байланысты жағдайларға қорытынды баға беру жөнінде арнайы комиссия құрылды
№29. Лекция тақырыбы: ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ
ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ.
Қарастырылатын мәселелер:
-
КСРО-ғы экономикалық дағдарыс Н.Ә.Назарбаевтың тұңғыш ел президенті болып сайлануы.
-
КСРО-ң құлауы Қазақстан Республикасының мелекеттік тәуелсіздікті жариялау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Ашимбаев Т.Е. Экономика Казахстана на пути к рынку. - А., 1994.
-
Конституционный закон "О государственной независимости Республики
Казахстан". От 16 декабря 1991 г.
-
Конституция Республики Казахстан. - А., 1995.
-
Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. - А., 1992.
-
Назарбаев Н. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. Қазақстан Республикасы президентінің баяндамаларынан, сөйлеген сөздері мен мақалаларынан.
- А., 1996.
-
Первый президент Республики Казахстан Н.А.Назарбаев: хроника деятельности. - А., 1993.
-
Назарбаев Н.А. Евразийский Союз: идеи, практика, перспективы. 1994-1997. - А., 1997.
-
Назарбаев Н. Қазақстан - 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан, 1997, 11 қазан.
-
Назарбаев Н.А. Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын
//Егемен Қазақстан, 1998, 16 қаңтар.
Мақсаты: XX ғасырдың соңындағы КСРО-дағы саяси дағдарыс және оның Қазақстанға тигізген әсерін талдау.
Тірек ұғымдары: Әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің дағдарысы. Орталықтың ұлт саясатына наразылықтың күшеюі. Вильнюс, Рига, Баку, Тбилиси оқиғалары. Жаңа Одақтық шартқа даярлық. 1991 жылғы тамыздағы бүлік. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет (ГКЧП). Кеңестер одағының ыдырауы. Беловежье кездесуі. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентін сайлау (1991, желтоқсан). Н.Назарбаев - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Республика парламентінің 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" заңы. Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік символдары жөнінде заңдардың қабылдануы. Кеңестердің таратылуы.
Ішкі саяси жағдай. Ұлтаралық жарасымдылық пен саяси тұрақтылық үшін күрес. Тілдер туралы Заңнын қабылдануы. Ұлттық-мәдени орталықтардың құрылуы. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы (1992, қазан). Қазақстан халықтарының Құрылтайы (1992, желтоқсан). Қоғамның идеялық ауызбірлігі - Қазақстанның үдемелі дамуының алғы шарты.
Қазақстан Коммунистік партиясының бұрынғы ауқымдағы өз қызметін тоқтатуы. Саяси аренада жаңа саяси партиялардың (Қазақстан Социалистік партиясы, Қазақстанның Халық Конгресі, т.б.) және қоғамдық қозғалыстардың ("Азат", "Желтоқсан", т.б.) пайда болуы.
Қарулы Күштерді жаңа талапқа сай қайта құру. Қазақстан Республикасының қуатты әрі тиімді әскерін, әскери-әуе және соғыс-теңіз күштерін құруға бағытталған шаралар.
1. 80-жылдардың екінші жартысы — 90-жылдардың басы Кеңестік Социалистік Республика Одағы деп аталған бір кездегі алып державаның құлауымен есте қалды. Оның сынықтарының үстінде Тәуелсіздік Мемлекет Достастық құрылды. Бір кездері бір үйге сыйған он бес одақтық республиканың әрқайсысы өздеріне “ұлттық пәтерлер” алды. Бұл уақыт күрделі саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге толы болды. Бұл уақытта ұлттық тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендік кезек күттірмейтін мәселеге айналды.
1985ж. КСРО-да қоғамды демократияландырудың белгісі ретінде түсіндірілетін “қайта құру”, “жариялылық”, “жеделдету” және “қоғамдық жаңаруға” бағыт жарияланды. Бұл белгілі бір дәрежеде халықтардың ұлттық сана-сезімнің оянуына жағдай жасады. Өйткені кеңестік билік жылдарында Кеңес Одағы құрамына кірген халықтардың қоғамдық та, ұлттық сана-сезімдеріне нұқсан келген еді.
Кеңестік держава алып күші бар және тозығы жеткен әкімшіл-әміршіл жүйенің кең қолданылуымен унитарлы мемлекетке айналды. Мұндай жағдайларда жаңа одақтық келісім, республикалар мен орталық қатынастарының принципиалды жаңа негіздерін жасау қажеттігі туындады. 1990ж. сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі “КСР Одағы, одақтық және автономиялық республикалардың экономикалық қарым-қатынастарының негізі туралы” және “Одақтық республиканың КСРО құрамынан шығуына байланысты мәселелердің шешілу тәртібі туралы” заңдар қабылданды. Артынша осыған байланысты оқиғалар қауырт өріс алды: Балтық жағалауы республикалары, олардың соңын ала Грузия мемлекеттік тәуелсіздік және КСРО құрамынан шығу туралы шешім қабылдады. Оқиғаның одан әрі өріс алуына РСФСР Жоғарғы Кеңесінің егемендік туралы декларация қабылдауы да үлкен ықпал етті.
1990ж. 25 қазанда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі “ҚазКСР-ң мемлекеттік егемендігі туралы декларациясын қабылдады. Онда былай делінген: “Қазақстан Кеңестік Социалистік Республика басқа республикалармен егемен республикалар одағына бірігетін, олармен келісімшарт негізінде қарым-қатынас орнататын және Одақ құрамынан өз еркімен шығуға құқығы бар егемен мемлекет”. Бұл ұлтаралық қатынас саласында кезек күттірмейтін шешімдерге байланысты жаңа одақтық келісімшарттарды жедел қарастырып, қабылдауды талап еткен жаңа ахуал туғызды.
Көпұлтты мемлекет халықтары арасындағы принципиалды қатынастар негіздеріне байланысты мәселелер бойынша екі негізгі бағыт айқындалды.
Алғашқы ұстаным бойынша федерация өкілеттіктерді республикалар мен одақ арасына бөлу негізінде құрылуы қажет, ал одақтық республика өзінің егемендік құқықтарының бір бөлігін орталыққа жібереді. Бұл пікір негізінен шектеулі егемендік теориясынан туындаған және бұған себеп қалыптасқан ортақ халық шаруашылығы комплексін сақтап қалу қажеттілігі және бүкіл әлемде жүріп жатқан объективті интеграциялық процестер болды.
Елді жаңарту жолы жөніндегі екінші ұстанымның мәні мынада болды: егемендік әрбір халықтың табиғи және ажырамас құқығы. Егемен мемлекет ретінде Республика орталыққа ешқандай өкілеттік жібермейді, ал өзі орталық билік қызметіне әртүрлі жолдар арқылы тікелей атсалысады. Орталықтың өзі қаламайтын шешімдеріне бөгет болу үшін оның өз конституциялық мүмкіндіктері болуы тиіс. Мұндай көзқарас өмірлік маңызы бар жалпы одақтық шаруашылық құрылымдардың, транспорттық, энергетикалық және басқа да бірқатар жүйелердің тұтастығын сақтап қалу қажеттілігінен туындаған еді. Бұған қоса мұндай көзқарас демократизм принциптеріне жауап берді және ұлтаралық қатынастардағы шиеленіскен тұстарды жоюға жағдай жасай отырып, одақтық мемлекеттің беріктігіне негіз бола алатын еді.
1990-1991жж. өн бойында, елде КСРО-ның болашағы жайында мәселе талқыланып жатқанда Қазақстан жаңарған федерация және республикалардың егемендігі принциптерінің негізінде Одақтың сақталып қалуын жақтады. Н.Ә.Назарбаев конфедеративтік құрылым орнату жөнінде ұсыныс тастайды. Алайда елде кеңестік ұлы державаның “тас-талқан” күйреуіне алып келген орталықтан безу тенденциясы басым болды. 1991ж. 8 желтоқсанда Беловежскіде Тәуелсіздік Мемлекет Достастық құру туралы келісімшартқа қол қойылып, КСРО мемлекеттік құрылым ретінде өмір сүруін тоқтатты. Бұл оқиға ХХ-ғ. соқындағы тағы бір үлкен құбылыс болды. Адамзат тарихындағы мемлекеттік жүйенің осы тәрізді моделі жетпіс үш жыл өмір сүріп, тарих беттерінде мәңгі сақталу құқығына ие болды. КСРО тарихы жайында жазылып келген және әлі де көп жазылатын болады. Бүгінгі күндері бұрығы кеңестік кеңістік үшін маңызды нәрсе КСРО-ның ыдырау себептерін түсіндіру, бұған болашақ перспективалар мен табыстарды көру көп байланысты. “ХХІ-ғ. табалдырығында” еңбегінде Н.Ә.Назарбаев мұның себептерін түсіндіріп өтеді: “КСРО-ның ыдырау себептерін әрқалай түсіндіру қай жағынан алсақ та екі айқын позицияларға келіп тіреледі. Олардың алғашқысы бойынша КСРО-ның ыдырауы-сыртқы және ішкі күштердің өздерінің идеологиялық және геосаяси бәсекелестерін саналы түрде жоюы. Екінші позицияның пікірінше ол субъективті және объективті себептердің әсерінсіз дәл осы жылдары өтуі тиіс болған математикалық орын алмауы мүмкін емес процесс. Әрине бұл ең көрнекті пікірлер, бірақ олар қазіргі күндегі бұрынғы кеңестік кеңістікке деген көзқарастардың сипатын беретін саяси ойлардың екі ағымын айқын көрсетіп отыр. КСРО-ның ыдырауын Кеңес Одағы позицияларының бәрінен бұрын ақпараттық және мағыналық соғыс барысында біртіндеп әлсіреу процесі ретінде қарастыратын авторлардың пікірлері біршама айқындалған және шындыққа жанасады.
Мемлекеттік билік жүйесі мен ел экономикасының бірден құлау процесі Қазақстанда саяси және экономикалық өмірді тұрақтандыруға жол ашатын президенттік басқаруды енгізуге қажеттілікті, тудырды. 1990ж. 24-сәуірде республика Жоғарғы Кеңесі Қазақстан КСР Президент қызметін бекітті. Парламент сессиясындағы жасырын дауыс берудің нәтижесінде президент болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Президенттің Семей полигонындағы ядролық сынақтарға тиым салу туралы, ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар әлеуметтік қорғау мен көмек шаралары туралы Жарлықтары Қазақстандағы демократиялық қайта қалыптастырулардың көрсеткіштері болды. 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Алматыда орын алған оқиғаларға байланысты жағдайларға қорытынды баға беру жөнінде арнайы комиссия құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |